37 Конфуций ілімінің пайда болуын зерттеңіз


) Ежелгі Қытай мәдениетінің ерекшелік себептерін түсіндіріңіз



бет2/4
Дата27.02.2023
өлшемі38,24 Kb.
#70324
1   2   3   4
Байланысты:
джт 37,38,39,40.41

38) Ежелгі Қытай мәдениетінің ерекшелік себептерін түсіндіріңіз.
Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды. Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі (мысалы, Египетте). Бірақ, Қытайда Ұлы Құдай Шандиді өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған. Сондықтан да болар, Қытай халқының тұрмыс-тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу Шанди Құдайға табынуымен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге байланысты, кейіннен, яғни Чжоу династиясы кезеңінде (б.з.б. XI) Шанди құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты. Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал Қытай империясы Аспан аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бұл атақ пен Қытай елінің бұл аты XX ғасырға дейін сақталып отыр. Қытайлықтардың ел билеушілерін осыншама дәріптеп, оларға жоғары атақ бергеніне қарағанда, олар ел басшылары құдайлармен генетикалық байланыста деп түсінгендігін айқын аңғаруға болады. Чжоу дәуірінен бастап Аспан қытайлықтардың басты құдайына айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды. Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшылдарды жарылқап, ал мейірімсіз қатыгез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық және т,б, ұғымдар Аспанның космостық күштер жайында былай деп мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардан жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін болсам, автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді». Бұл мәселе төңірегінде көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген Батыс Еуропалық ғалым М. Карьер былай деп жазады: «Әрине, қытайлықтардың еуропалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын ғана көздеді, сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес». Мұндай үзілді-кесілді айтылған пікірлер бізді мынандай ойға жетелейді: білім дегеніміздің өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін болса білімнің өзі қытай мәдениетінде қандай орын алған? Осы орайда, білімнің қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы тексерілген, ғасырлар ағымында ой елегінен өткізілген өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып табылатындығын ешкім де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін «білім жүйесі» мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен тығыз байланысты болады. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа мәденинеттерді қалай бағалауымыз керек? Бұл жайында В.М.Алексеев былай деп жазды: «Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес, мәселе сол мәдениетті жасаушы қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің әсеріміз, ой-пікіріміз қытайлықтардың өздері рахаттанып, ал біздердің таң қалған сәтімізден басталады» (Попов Е.В. Введение в культурологию. М., 1995. С.153).
Білім туралы конфуцийлік ілім әлеуметтік-өнегелілік мәлелерге арналған. Конфуций үшін «білу» - ол адамдарды танып -білу болып танылады. Бір ғажабы, қытай халқының ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне қармастан табиғатты танып-білу конфуцийді онша қызықтырмаған. Шындығында да, қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т.б. білген. Одан кейін олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген. Бірақ Конфуций ғылыми-техникалық білім өте қауіпті, ол адамдардың рухани жетілуіне кедергі жасайды деп түсінген. Ұлы ғұлама өз шәкірттеріне «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін-адам» деп қайталауды өте жақсы көрген. Конфуций адам бойындағы қателік-кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген қателіктерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ақылды адамның өзін де ақымаққа айналдырып жібереді деп есептеп, бұл ойын былай деп тұжырымдаған: «Сіз канонның үш жүз өлеңін жатқа айтуыңыз ғажап емес, бірақ сіз мемлекет сеніп тапсырған тиісті қызметіңізді ойдағыдай атқара алмасаңыз қаншама ғұлама болсаңыз да сіздің білімділігіңізден не пайда?»
Конфуций үшін тәжірибе ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар болып саналады. Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер - халықтан алшақтамауында, халық қалай өмір сүрсе, дәл солай тіршілік жасауында, қоғамдық салт-дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, өмірден моральдық жағынан қанағат алуды басты орынға қоюында. Демек, Конфуций үшін де салт-жоралар адам тіршілігінің, оның қоғамдық қызметінің негізі, адамгершілік қасиеттердің басты өлшемі, адамның белгілі бір ортада өзін-өзі ұстай білуі жөнінде «Әңгімелер мен ой толғаулары» атты еңбегінде мынандай ақыл кеңестер береді: «Қай ортада отырсаң да өзіңді құрметті қонақтарды қабылдап отырғандай ұстауға дағдылан. Қызмет бабында да өзіңді салтанатты құрбандықтарға басшылық жасап отырған адамдай сезін. Осы айтылған өмірлік қағидаларды мүлтіксіз орындағанда отбасына ғана емес, сонымен бірге мемлекет мүддесіне ешқандей нұқсан келтірмейсің».
Конфуций ілімі бойынша, салт-жораларды қатаң сақтаушы адамдар өзін қоршаған барлық адамдармен де татулық қарым-қатынаста өмір сүреді. Салт-жораларды сақтауда, әсіресе адам бойындағы «ұстамдылық» қасиетке айрықша мән-мағына берілді, өйткені ұлы ойшылдың пайымдауынша, ұстамдылық-өмір сүрудің негізгі шарты болып саналады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттер аясында саналылық пен ақылдылық және парыз бен қарызға да ерекше мән берілді. Осы сияқты адамгершілік қасиеттерді аяққа таптаған адамдарды қытайша «сөйлейтін жануар» деп атаған. Демек, Конфуций үшін адамгершілік - адамның мәдениеттілігінің ғана емес, сонымен бірге адам бойындағы бүкіл ізгілік қасиеттердің басты өлшемі болып саналады. Адамгершілік - адамның өз-өзіне жол табуы, ал ол жолды әрбір адам өзі таңдауы қажет. Ұлы данадан «даналық дегеніміз не?» деп сұрағанда ол «даналық дегеніміз - халықтың болшағы мен игілігі үшін аянбай қызмет ету және рухтарды қастерлей білу» деп жауап берген екен. Ал «құдайлар мен ата-бабалар рухына қалай қызмет ету керек» деген сұраққа «сен адамға қалай қызмет етуді білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет жасамақсың» деген жауап алынған екен. Рухтардың бар екендігін мойындай отырып, Конфуций салт-жоралардың тәрбиелік және адамгершілік жақтарына баса назар аударады. Ендеше, оған діннен гөрі этиканың өте жақын болғандығы даусыз. Осы орайда: «Ұлы дана дінге деген көзқарасын айқындап, неге белгілемеген» деген орынды сұрақ туады. Оның сыры - Конфуций ілімінің бүркенші дін болуында, бұл адамның өмірлік принциптерін діни тұрғыдан қарастырады, сол арқылы адамгершілік және моральдық құндылықтарды қалыптастырады. Конфуций іліміндегі адамның моральдық қасиеттері мәдениет түрінде көрініс тапқан. Өзін қоршаған ортаның қаталдығы мен зұлымдықтары жағдайында, басына қаншама тауқымет түсіп қиналса да ұлы уағызгер ешбір мойымаған, тіпті өмірінің сын сағаттарында да өзін-өзі ұстай білген. Ол мұндай сәттерде Көк тәңірінің құдіретіне қатты сеніп: «Көк менің қазаға ұшырауыма жол беруі мүмкін емес» деп қайталауды жақсы көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет