37) Конфуций ілімінің пайда болуын зерттеңіз.
Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы – Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін жапон қоғамының ұлттық жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-ологиялық қондырғысы болып қалыптасты.
Конфуций ілімін уағыздаушы Хаттари Унакитидің пайымдауынша: «Конфуций – шығыс данышпаны. Дегенмен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философқа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқулық, таптырмас тәжірибе мектебі». Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген басылымдармен танысқанымызда білгеніміз: жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп, Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік), тіл, саясат, әдебиет.
Қызыл көзді қызғаныш, көреалмаушылық – барлық халықта бар қасірет қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет қызметшісі болып жұмыс істеп жүрген Конфуций қаскөйлік интригалар салдарынан қызметінен кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған синто, буддизм діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Өз идеясын еш жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр болды. Конфуцийдің ең басты 72 шәкірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасынан шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», – деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадат-ханаға айналып, рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ оның есімі, идеясы басшылық-қа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кезде ол «Он мың ұрпақтың ұстазы», – деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қатарына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады. Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» бо- лып екіге бөлінеді, кішілер- дің үлкендерге құрметі – тә-рбиенің ең басты іргетасы, басқару – түзету деген сөз. Конфуции ілімі бойынша қо-ғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», – деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», – деп жауап қайтарған.
Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын «Шуцзин (тарих кітабы), «Шицзин» (әндер мен гимндер кітабы), «Лицзин» (рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (музыка туралы кітап), «Ицзин» (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Кон-фуций. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның
жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен ай-қындалады. Конфуцийдің ой- пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған. … Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған».
Достарыңызбен бөлісу: |