А.Байтурсынов — мастер поэтического слова
и переводческого дела
В статье показана роль Ахмета Байтурсынова как непревзойденного мастера перевода. В книге
«Қырық мысал» дан авторский перевод на родной язык басен великого русского баснописца
И.А.Крылова. Кроме того, А.Байтурсынов открыл для казахских читателей малоизвестные стихи рус-
ских поэтов С.Я.Надсона и Ю.В.Жадовской. В творчестве, как в переводной литературе, так и в своих
произведениях, А.Байтурсынов бичевал несправедливость, жестокость, тупость и другие человеческие
пороки. Как поэт А.Байтурсынов воспевал идеи торжества свободы и справедливости.
R.S.Karenov
A.Baytursynov — the master of the poetic wordand
the translation business
It is stated that Ahmet Baitursynov was a past master of the translation business. It is noted that the first thing
he translated into the native language of most of the fables of the great Russian writer Ivan Krylov and pub-
lished them in the book «Kyryk cape» («Forty fables»). It is proved that in his work Baitursynov ridiculed
and castigated the injustice, cruelty, greed, greed, stupidity, and other human vices of many of his contempo-
raries. Describes how masterfully he turned a little-known Russian poetry and poets S.Ya.Nadsona
Yu.V.Zhadovskoy. Highlights the remarkable poetry A.Baitursynov, which was riddled with ideas triumph of
freedom and justice, the fight against autocracy, the construction of a new democratic society.
Көркем шығармадағы «мінез» бен «жағдай» ...
Серия «Филология». № 3(71)/2013
59
ƏОЖ 894.342–2
Ж.А.Рүстемова, Қ.М.Шəкірова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: rustemova66@mail.ru)
Көркем шығармадағы «мінез» бен «жағдай» мəселесі
Мақалада көркем шығармадағы «мінез» бен «жағдай» ұғымдарының мəні мен қызметі жəне олардың
өзара ара қатынасы қарастырылды. «Мінез» бен «жағдайдың» өнерде бейнеленуі зерделеніп, олардың
тұтас жүйе екендігі аталып көрсетілді. «Жағдайдың» көркемдік-эстетикалық ерекшелігі толық
айқындала қоймаған əдеби категория ретіндегі сипаты анықталып, мағыналық ара-жігін ажыратуға
қатысты пайымдаулар жасалды. «Мінездің» «жағдайды» өзгертетін ықпалы жəне «мінез» бен
«жағдай» байланысы көркем шығармадағы шындықты танудың, игерудің нəтижесі ретінде көрсетілді.
Кілт сөздер: көркем шығарма, мінез, жағдай, мінез мəселесі, ұлттық əдебиет, тартыс, ұлттық проза,
драматургия жанры, драматизм табиғаты.
Қазіргі əдебиеттану ғылымында мінез мəселесі объективті өмірдегі əр түрлі жағдайлардың адам
өміріне жасаған моральдік, рухани қысымына деген қарсылығымен де көрінген. Бұл көзқарас
біршама еңбектерде арнайы зерттеу нысанасына алынған. Бірақ мінез бен жағдайдың арасындағы
байланыс əлі күнге дейін арнайы қарастырылмаған. Ішінара атап айтқанда, ұлттық əдебиетімізде
М.Əуезов, Н.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, А.Нағыметов, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Т.Есембеков,
Е.Адаева т.б. сияқты ғалымдар, ал орыс əдебиеттану ғылымында Л.И.Тимофеев, А.Н.Иезуитов,
Д.Тамарченко, Е.Хализов, В.Петров, Д.Крамарска, Л.Лавров, Ю.Борев сияқты ғалымдар көркем
шығарманың концепциясы тұтас алғанда «характер мен жағдайдың» байланысына қатысты екендігін
атап көрсеткен. Бір назар аударатын мəселе — əр түрлі əдеби-эстетикалық бағыттардың өкілдері
мінез бен жағдайдың өнерде бейнеленуін зерттей келе, олардың жеке-жеке ұғым емес, тұтас жүйе
екендігін атап көрсетуі.
«Жағдай» — сөз өнері ғылымында көп ретте көркемдік-эстетикалық ерекшелігі толық
айқындала қоймаған əдеби категория. Табиғаты күрделі, қызметі сан қырлы ұғым. Көбіне жағдайды
нақты қоғамдық ортамен ғана байланыстыру басым, оның көркем шығармадағы өзіне тəн
спецификасы идея, тартыс, орта сияқты негіздерге байланысты. «Жағдай» ұғымы көркем шығармада
автордың сол қоғамдық ортаның талап-тілегі бойынша қалыптасатын болғандықтан, сол қоғамдық-
əлеуметтік кезеңге тəн қасиеттерді өз бойына жинақтауы тиіс. Бірақ бұл көзқарас көркем
шығарманың тұтас болмысын аша алмайды. Сондықтан қоғамдық жағдайды сөз еткенде алдымен
оның көркем шығармадағы көркемдік-эстетикалық ерекшелігін ескеру əдебиеттану ғылымы үшін ең
маңызды көрсеткіш болғаны тиімді.
Қазақ көркем прозасы өз даму тарихында күрделі өзгерістерді басынан кешіргені белгілі.
Қоғамдық жағдайлардың жиі ауысып отыруы ұлттық əдебиетіміздің сапалық өлшемдерінің
тұрақсыздануымен, əр түрлі күштердің үнемі əсер етіп отырғандығымен де байланысты. Өткен ғасыр
көркем прозасы өзінің астарына «мəңгілік тақырыптар» деп аталып жүрген (өмір, өлім, жақсылық,
жамандық, жалғыздық, жатсыну) сияқты жағдай тудыратын ұғымдарды тұмшаламай, олардың адамға
қаншалықты қайшылықты əсер ететінін де таразылап берді. Сондықтан да мына өмірде, қоғамда,
табиғатта үстемдік етуші тəртіп пе болмаса, хаос па дейтін мəңгілік сұраққа жауап іздеу əлі де
жалғасуда. Өмірдегі кейбір мағынасы тұрақты ұғымдардын мысалы, жақсылықтың жамандыққа,
дұрыстың бұрысқа айналып кетуі адамды тығырыққа тіреді. Кейде дəл осы тығырыққа тірелу қарама-
қайшылықты өмірді танудың жаңа жағдайларын ұсынып отырды. Ол жағдайлардың өзі де сол
идеологиялық жүйенің жасап беретін парыз, намыс, міндет, құндылық деген ұғымдарының желісіне
байлаулы екенін айта кету керек. Осы негізде үнемі қарама-қайшылықтағы қоғамдық жағдайлардың
көркем əдебиеттегі мінездің бейнеленуін көркемдік эстетикалық тұрғыдан зерттеу қызық əрі
маңызды болуда. Прозалық туындылар əлем мен адамның арасындағы күрделі драмалық
қақтығыстардың əр қилы жағдайлардағы көркемдік шешімін ұсынуда. Осы жайларды ескере отырып,
көркем шығармадағы «жағдай» ұғымының мəні мен қызметінің қаншалықты ауқымды екенін
бажайлауға болады.
Жағдай ұғымы өмірде соншалықты жиі қолданылатындықтан, оның мағыналық ара-жігін
ажырату да күрделі болып отыр. Өйткені жағдай ұғымының астарына қоғамдық жағдай, əлеуметтік
Ж.А.Рүстемова, Қ.М.Шəкірова
60
Вестник Карагандинского университета
жағдай, психологиялық жағдай, тұрмыстық, тарихи-философиялық жағдай деген ұғымдар біте
қайнасып кеткен. Аталмыш ұғым туралы философиядағы «табиғат заңдарын білгеннен кейін адамдар
өз іс-əрекетіне қолайлы жағдайлар жасап, қолайсыздарын жояды. Жағдай құбылыстар мен
процестерге ықпал жасай отырып, өзі де солардың ықпалына ұшырайды. Мəселен, адамдардың
материалдық жəне рухани өмірінің белгілі бір жағдайында пайда болған қандай да болмасын
жағдайдың өзін одан əрі түбірімен өзгертеді» делінген пікірге назар аударуға болады.
Шығармада мінез бен жағдайдың ара қатынасын гармониялық түрде бейнелеу мəселесі күн
тəртібіне бүгін ғана қойылып отырған жоқ. Өйткені көркем əдебиеттің негізгі нысанасы — адам
өмірінің ақиқатын мүмкіндігінше толық, əсерлі етіп таныту. Осы орайда авторлардың ұнамды деген
кейіпкердің басына барлық жақсылықты жиып беріп, кіршіксіз періште еткен кездері болған. Ал
сынайтын адамына жамандық атаулыны төндіреді. Бұндай тəсілмен көркем туындының қадірі, əсері
артпаса керек. Қайта бұл қаламгерлердің өмір байланыстарын терең зерттемей, үстірт
жазғандарының айғағы деген пікір көркем шығармадағы жағдай ұғымының табиғатын жете меңгеру
— мінездің жетілу процесін, өсу бағытын айқындайтынына мысал.
Көркем шығарма нақты бір ортадан тысқары тұрып жазылмайтындықтан, сол ортаға тəн
ерекшеліктер туынды идеясына сай мінездің бойына жинақталатыны жөнінде Н.Ғабдуллиннің
«Уақыт сыры» атты еңбегінде «Адам мінездерін жағдай жасайды. Сондықтан көркем шығармада
геройдың мінездерін беталды ойша қарастыруға болмайды. Автор адам мінездеріндегі кездейсоқ
жайларды теріп немесе кейіпкердің сырт бітімін күлкілі етіп көрсетумен адам мінездерін жасай
алмайды, бұл үшін өмір шындығына терең бойлап, белгілі бір əлеуметтік ортаға тəн сипаттарды
жинақтап, образ арқылы көрсету керек» [1] деген пікіріне назар аудару қажет сияқты. Сонымен қатар
Р.Бердібай: «Көркем əдебиет қаһармандарының жасалу шарттылығы — аса күрделі теориялық
мəселелердің бірі. Шығармада тұлғалардың толысып шығуын көптеген тəсіл-амалдар шешеді» деген
пікір мінез жасау бір ғана жолмен шешілмейтінін ескертеді. Ғалымның мінез жасау үшін жазушыға
қажетті теориялық білімнің бірі жағдайды жан-жақты таныту керектігі туралы тұжырымдары көңілге
қонымды. Ол аталмыш еңбегінде «характердің жетілу процесін, өсу бағытын белгілейтін — жағдай»
[2] деп орынды пікір айтқан.
«Қазақ романдарында осы жағдайға көп мəн бермейтіндіктен, көркемдік талап орындалмайды.
Оқырманды иландырмайтын, сендірмейтін туындылардың басты кемшілігі автордың жағдайды тани
алмауынан, суреттеп бере алмағандығынан шығып жататына назар аудартады» [3]. Мінездің негізгі
əлеуметтік əрекетіне түрткі болған жағдайды толық аша білу — көркем туындының негізгі шарты
деген көзқарасты қолдау қажет. Жағдай көркем шығармада нақты бір сəт (ситуация) арқылы да
көрінуі мүмкін. Н.Драгомирецкая бұл жөнінде: «Характер мен оның даму логикасын анықтайтын
нақты тарихи сəт сол мінездің ашылуына қатысы бар жағдайды да анықтайды. Демек, мінез бен
жағдай байланысы — көркем шығармадағы шындықты танудың, игерудің нəтижесі» [4], — дейді.
Жағдай ұғымын түсіну үшін оның астарындағы мінездің ашылуына тікелей қатысты компоненттерді
(тартыс, сəт, оқиға) білу шарт.
Көркем туындыда мінез бен жағдайдың тоғысар бір жері — тартыс. Жағдай мен мінездің түйісу
тұсы қақтығыс, перипетия десек, тартыс үстінде мінез де, жағдай да дамитыны белгілі. Тартыс
барысында оқырман да мінезді жан-жақты тани алады. Сонымен бірге сан қилы қақтығыс арқылы
автор да адам болмысының мағыналық қабаттарын аша алады, оған қоса тартыс көркем мəтіндегі
мінездерді топтау, даралау, жинақтау қызметін атқарады деп жүрген пікір орынды сияқты. Тартыс
үстінде жағдайлар жиі өзгереді, перипетиялық іс-əрекет барысында адамның бұрын байқала бермеген
қырларын көрсету үшін жазушылар жағдайдың сипатын ауыстырып отырады, яғни коллизия мен
перипетияларды дамыту, оларды жаңаша құрастыру арқылы объективтік жəне субъективтік
жағдайлардың тарихи-əлеуметтік астарына үңілу мүмкін болатынын білетін қаламгерлер аз болмаған,
олардың жетістіктері де баршылық.
Тартыс шығармадағы бүкіл оқиға мен мінездің дамуын қозғалысқа келтіретін негізгі күш деп
тану артық емес. Тартыс адамның сын сəтте көрінетін ішкі рухани-адамгершілік сапасын, бойындағы
көмескі, кейде мəн беріле бермейтін белгілерін жинастырып мінездің ашылуына септігін тигізетін
қасиетке де ие. Осы орайда сөзіміз дəлелді болу үшін мына бір пікірді келтіру орынды сияқты:
«тартыс» (латынша conflictus — қақтығыс, айқас, кейде colliso — ала ауыздық, талас) — өмірдегі
қайшылықтардың өнерде көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тəн
əр түрлі көзқарастағы, идеядағы, сенімдегі, нанымдағы, іс-əрекеттегі мақсат-мүддеге кереғар
құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі [5].
Көркем шығармадағы «мінез» бен «жағдай» ...
Серия «Филология». № 3(71)/2013
61
Адамды қозғалысқа, алға ұмтылуға бастайтын идеяға тікелей қатысы бар жағдай мінезге өзінше
талап қояды, өзі онда ерекше көрініс табады, сол арқылы кейіпкердің əлі ашыла қоймаған, жасырын
сырларын ашуға көмектеседі. Көркем шығармада жағдай қаһарманның іс-əрекетінің себеп-салдарын
ашу үшін ғана жасалмайды. Ол белгілі бір туындыда сөз болып отырған құбылыстардың объективтік
заңдылықтарын да ашуға мүдделі. Реализмнің заңдылықтарын анықтауда «типтік жағдайдағы типтік
мінез» ұғымын қалыптастырған Ф.Энгельс өзінің шығармалар жинағында: «Əдеби туынды көркемдік
жетістіктің шыңына шығу үшін онда əрбір бейне — тип, сонымен қатар толыққанды қалыптасқан
тұлға болуы шарт» [6], — дейді. Бұл жерде өнердегі жағдай ұғымының мəні сан қырлы, көп қабатты
екендігіне ғана мəн берілген. Сонымен қатар мінез бен жағдайдың арасындағы диалектикалық
байланысты аша отырып, ойшылдың «мінез жағдайға, жағдай характерге бағынышты» деген ойына,
пікіріне түсіністікпен қарау керек, өйткені тарихи болмысты біржақты мансұқтағаннан ешкім абырой
тапқан емес.
Ұлттық əдебиеттің тарихи дамуынан көрініс беретін адамның рухани өмірдегі əр түрлі драмалық
дағдарысқа ұшырап отырған өзгерістері əдеби үрдістегі өзгермелі жағдай ұғымының аясында
талданғаны жөн. «Эстетикаға кіріспе» еңбегінде Ю.Борев: «Суреткердің шеберлігіне бағынбайтын,
одан тəуелсіз адам характері мен жағдайдың болатындығы дау туғызбайтын жайт. Характер мен
жағдайдың өнердегі байланысы өмірдегі шындықты танытудың нəтижесі» [7], — дейді.
Шығармадағы қаһарманның мінез-құлқын кеңінен көрсетуде жағдаймен қатар авторлық
идеяның, тақырыптың, тартыстың, сюжеттің, сəттің (ситуация), коллизия, перипетия, драматизм
сияқты ұғымдардың қызметі ерекше. Əдебиеттану ғылымында көркем туындыны талдау барысында
бұл ұғымдардың қатынасы аралас-құралас зерттеліп жүргені белгілі. Негізгі себеп əр ұғымның мəнін,
көркем шығармадағы эстетикалық табиғаты мен өзіндік орнын дұрыс тани, талдай білмеуден дер
едік.
Көркем əдебиеттегі əр түрлі қоғамдық-əлеуметтік, қарама-қайшылықты жағдайлардың мəнін
ашуда кейіпкерді өмір сүретін ортасымен бірге алып жəне сол жайды автордың өзінше түсініп,
қабылдау шешімімен байланыстыра қарастыру — өнімді тəсіл. Өйткені жазушының көркем шығарма
тудыру процесінде жағдайларға деген өзіндік қызығушылығы, сезімімен бірге алдын ала дайындаған
өзіндік ұстанымы болатыны белгілі. Сондықтан өмірдегі күрделі жағдай арқылы өнерде бейнеленуі
де өте күрделі процесс. Ол көркем шығармадағы тұлғаның таңдауында шыңдалумен оған автордың
белсенді əсер етуімен байланысты. Өмірдегі қарама-қайшылықтың ашылуына эстетикалық күш-қуат
беретіні белгілі. Ол жөнінде Х.Редеккер былай дейді: «Өмірдегі объективті шындықтың көркем
туындыдағы эстетикалық бағытталуы — жазушылардың алдындағы күрделі мəселелердің бірі. Бұл
мəселелерді зерттеуде əр түрлі əдіс-тəсілдерді, негізгі факторларды жете меңгеру əдебиеттану
ғылымының жаңа сапаға көтерілуі болар еді» [8].
Сол себепті жағдайдың өнердегі қалыптасуын анықтауда оған ықпал ететін əр түрлі объективті
жəне субъективті факторлардың əсерін саралау өте маңызды. Тек сол объективті жəне субъективті
факторлардың тоғысқан жерінде ғана өмірдегі тартыстың өнердегі эстетикалық құндылығы туады.
«Қазіргі əдебиеттану ғылымында өнердегі тартысты эстетикалық категория ретінде бағалауға негіз
бар ма?» деген сұрақ төңірегінде таластар жүріп жатыр. Кейбір ғалымдар: «Тартысты өз алдына жеке
категория ретінде зерттеу артық нəрсе. Өйткені тартыс пен сюжет кейіпкердің характерін ашуда бір
бірімен өте тығыз байланысты. Ол екеуін мінезден жеке қарастыру дұрыс емес» [9] деген пікір
айтады. Бұған жақын пікірлер ұлттық əдебиеттануда да кездеседі. Осы арада «өнердегі өмірлік
тартыс — көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, көген арқау, керек десеңіз,
күллі өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жұлын, жүйке. Олай болса, əдеби шығармадағы табиғи
тартыс оның сюжеті мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күш екені өзінен-өзі
түсінікті» [10; 83] деген пікірге мəн беру дұрыс сияқты.
Сонымен қатар өмірдегі жағдай мен өнердегі тартыстың арасындағы алшақтық жөніндегі
айтылған мына бір пікірлер назар аударарлық: «Өнердегі тартысты жағдай, біріншіден, адамтану
мəселесіне негізделген. Сондықтан оның өмірлік-танымдық жағы көркем шығарма идеясына
негізделген. Екіншіден, өмірлік тартыс белгілі бір адамдар тобы арасында ғана болса, ал өнердегі
тартыс адамзаттың қаламгердің мықтылығы көркем туынды жазу кезінде өмірдегі тартыспен
байланысы бар жағдайларды дəл тауып, көркемдік шешім ұсына білуінде» [10; 83].
Автордың алға қойған мақсаты кейде тəжірибе жасау алаңы сияқты. Ол өмірдегі жағдайды дəл
сол күйінде қайталамай, жаңа көркемдік жағдай ұсынады. Сонымен қатар өмірдегі шындық əр кезде
жазушының ұстанымымен сəйкес келе бермейтіні де бар ғой.
Ж.А.Рүстемова, Қ.М.Шəкірова
62
Вестник Карагандинского университета
Тартыс табиғатын оның басталуы, аяқталуы, айырылуына қатысты айқындауда бірізділік бар,
болмыстың өнердегі тартыс дəрежесіне жетілуі үшін əр түрлі авторлық өңдеуден өтетіндігі жөнінде
айтылған мына пікірге де назар аудару орынды сияқты: «Көркем шығарманың драмалық сипаты
бастау алу үшін өз кезегінде белгілі бір сатылардан өтеді. Қарапайым «айырмашылық» қарама-
қайшылыққа ауып, ол жағдай дəрежесіне көтеріледі. Жағдай белгілі бір сəт (ситуация) əсер еткенде
айқындала түседі. Коллизия (ала ауыздық, талас) — белгілі бір нақты сəтте дамитын қарама-
қайшылықтың ашылу формасы. Ал драматизм болса, осы ұғымдардың барлығын біріктіріп көркемдік
дəреже бере алатын негізгі күш [11; 41]. Өз кезегінде бұл ұғымдар драматизм табиғатын ашатын
оның ең бір негізгі көріну түрлері ретінде айқындалады. Соңғы кездегі ғылыми-теориялық
еңбектерден драматизмнің мағынасын «тəртіп параметрі» тұрғысынан бағалау көрініс беретінін
байқауға болады. Драматизмді əдеби тектермен өзара байланыста қарастырып, олардың бір-біріне
тигізер ықпалы, көркемдік ауыс-түйістері сөз етіліп, осы құбылыстың белсенді мүшесі драматизм
ұғымының табиғаты жайында талқыланған ғылыми еңбектер де бар [11].
Мінез бен жағдайдың байланысу деңгейлерін зерделегенде оған əдеби процестің қаншалықты
əсері болғанын анықтау қажет, өйткені бұл байланыстардың əдебиеттану ғылымындағы өзіндік
орнын нақтылайтыны белгілі.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы əлеуметтік-қоғамдық жағдайдың əдеби үдеріске əсері
айтарлықтай болды. Ғасырдың алғашқы жылдары қазақ прозасында негізінен мінез бен жағдайдың
байланысының мынадай түрлері байқалады:
а) қалыптаса бастаған жағдайды өздері өзгертуге мүдделі жігерлі мінездер (мысалы, ауылды
сауаттандыру, колхоздастыру т.б.);
ə) Қазан төңкерісінен кейінгі орнаған кеңестік жаңа жағдайларды қабылдағысы, өзінің бұрынғы
мұратына адал, көзқарастарын өзгерткісі келмейтін бейнелер;
б) кейбір шығармаларда қалыптасқан жағдай мінездерге пəрменді əсер ете алмайтын
болғандықтан, бұл ретте мінезді жан-жақты ашу үшін жасанды жағдайлар жасылынды.
«Жағдай дегеніміз — адамның сезімдері, ойы, іс-əрекетімен бірге өзі өмір сүріп отырған ортаның
барлық саяси, экономикалық, экологиялық сипаттарын өз бойына сіңірген тарихи ортасы», — дейді
А.Иезуитов [12].
«Адам мінездерін жағдай жасайды. Сондықтан көркем шығармада геройдың мінездерін беталды
ойша қарастыруға болмайды. Автор адам мінездеріндегі кездейсоқ жайларды теріп, немесе
кейіпкердің сырт бітімін күлкілі етіп көрсетумен адам мінездерін жасай алмайды, бұл үшін өмір
шындығына терең бойлап белгілі бір əлеуметтік ортаға тəн сипаттарды жинақтап, образ арқылы
көрсету керек», — деген Н.Ғабдуллин пікірі жанды [13].
Көркем туындыда қаһарман жасау — аса күрделі теориялық негіздемелерге арқа сүйейтін үрдіс.
Тұлға жасау, бейне ашу, мінез болмысын көрсету толып жатқан көркемдік тəсіл-амал арқылы жүзеге
асырылады. Көркем туындыда мінез бен жағдайдың тоғысар жері — тартыс. Тартыс — шығармадағы
бүкіл оқиға мен мінездің дамуын қозғалысқа келтіретін негізгі күш. Тартыста негізгі өлшем мінездің
қоғамдық бейнесін анықтайтын ішкі рухани сапасына байланысты. Тартыс сын сəтте көрінетін ішкі
рухани адамгершілік сапасын, бойындағы көмескі, кейде мəн беріле бермейтін белгілерін
жинастырып, мінездің ашылуына септігін тигізетін қасиетке де ие.
Жағдай тартыстың объективті заңдылығын анықтауда елеулі орын алады. Шығарма
қаһарманының мінез-құлқын ашуда жағдайдың, тартыстың, сюжеттің, сəттің, коллизия, драматизм
ұғымдары елеулі жүк көтереді. Əдебиет зерттеу еңбектерде бұл ұғымдардың ара-жігін ашып
қарастыру жағы кемшін.
Өмірдегі тартыстың өнерде көрсетілуі — аса күрделі шығармашылық процесс. Жекелеген
зерттеушілер тартыс категориясын көркемдік таным тұрғысынан зерделеуге қатысты мынадай ойлар
айтады: «... тартысты өз алдына жеке категория ретінде зерттеу — артық нəрсе. Өйткені тартыс пен
сюжет кейіпкердің характерін ашуда бір-бірімен де тығыз байланысты. Ол екеуін мінезден жеке
қарастыру дұрыс емес» [14].
Əдеби шығармадағы тартыстың сюжет пен құрылымға қозғаушы күш мəнінде əсер етеді.
Өмірдегі тартыс пен өнердегі тартыстың өзіндік қырлары туралы айтатын болсақ, өнердегі тартыстың
тəрбиелік, адам болмысына бойлау міндеті бар. Өнердегі тартыс өмірдегі тартыстың мəнін,
мағынасын ашуға бағытталады. «Көркем шығарманың драмалық сипаты бастау алу үшін, өз
кезегінде белгілі бір сатылардан өтеді. Қарапайым «различие» қарама-қайшылыққа ауып, ол жағдай
дəрежесіне көтеріледі.
Көркем шығармадағы «мінез» бен «жағдай» ...
Серия «Филология». № 3(71)/2013
63
Əдебиеттану, əдебиет теориясында мінездің жағдайды өзгертетін ықпалы айтылады. Расында да
жағдайды туғызатын — адам мінезі. Ал жағдай өз тарапынан мінезді ашады, көрсетеді. Бұл өзара
сабақтас тіршілік иірімдерін көркемдік кеңістікте, соның ішінде драматургия жанрында көрсетудің
өзіндік шарттары бар.
Драмалық туындыда жағдай мінез арақатынасы ширыға түсіп, ықшам, жедел көрсетіледі. Пьеса
барысында жағдай туғызған мінез-құлық кереғарлықтары тұтас көрініс табады. Яғни тартыс
шарықтау шегіне, шешіміне жетеді. ХХ ғасырда қазақ əдебиеті көркемдік дамуда əр қилы кезеңдерді
өткерді. Қоғамдық-əлеуметтік ауытқулар мен ауысулар адам мінезіне жаңа сапалар дарытып отырды.
Тіршілік жағдайлары да өзгеріске түсті. Осыған орай тақырыптық туындылар өндіріс, ауыл
тұрмысын бейнелеген шығармалар жазылды.
50–60-жылдарда əдебиетте адамгершілік иірімдеріне тартқан шығармалар туып жатты. Қазақы
болмыстың қаймағы бұзылмағанымен, заман лебі шарпыған ауыл өмірі ондаған туындылардың
арқауына айналды.
Жалпы əдебиеттану, өнертану ауқымында «характер мен тартыс» мəселесі — көп зерттелген
жайдың бірі. Сонда негізінен тартыс жағдайдан туады деген тоқтам айтылады. 50–60-жылдардағы
адам мен табиғат арасы, үдей түскен əлеуметтік, адамдық қайшылықтар мінезге трагедиялық ахуал
дарытқаны айтылады.
Сəттер жиынтығы мінезді тұтас бейне деп танытуға, оны əдеби органикалық бірлік есебінде
қабылдауға түрткі болады, мұнда ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті адамды қалыптастырушы,
бағыттаушы əлеуметтік жағдайлар — тұрмыс əрекеттері мен еңбекке, өмірлік мұрат-мақсатқа,
идеялық ықпал етуге арқа сүйеді. Əдеби бейнені жасайтын көркем шығарма кейіпкерінің ерік, жігері,
құлшыныс, құштарлығы, елігу мен шабыт сияқты күрделі құбылыстардың тоғысуы. Автор
идеясының тартыс, мінез мəселесінде өзіндік орны бар.
Ұлттық прозада, драматургия жанрында жағдай мен мінездің қалыптасқан тұрақты
байланыстары туралы айтылады. Мəселен, ХХ ғасырдағы күрделі қоғамдық-əлеуметтік төңкерістер
адамның мінез-құлқының өзгеруіне жаңа жағдайлар жасады. Көркем шығармада тұлға тұғырында
бейнеленген кейіпкерлер жағдайды өзгертуде ықпалды жəне соған құлықты болды. Өзіне қалаған,
қолайлы жағдай жасау үшін əрекет етті. Өмірлік жағдайларды қабылдамай, қарсылық білдірген
мінездер туа бастады. Мінез бен жағдай арақатысында өзара бейімдеу, ықпалдасу, синхронды өзгеру
үрдісі байқалды.
Жалпы қазақ əдебиетінің қай жанрындағы туындының да болмысын тартыстың мінез бен
жағдайға қатысы туралы іргелі, күрделі зерттеулер жоқтың қасы. 50–60-жылдары қазақ прозасында
мінездің өмірлік, əлеуметтік жағдайларға іштей қарсылығы айқын көрсетіліп, жазыла бастады. Əдеби
туындыда характер белсенділігі арта түсті, автор идеясына мінез бойындағы ынсап пен ындынның
арақатынасы мазмұн болды. Замана бағытындағы күрделі адамгершілік меже, биік моральдік сапа
мінез дамуы үшін өнімді жағдай жасағанмен, өмір ағысы, тіршілік ақиқаты адам жанын
кереғарлықтармен қаумалады. Осы кезең қаламгерлері тұрмыс пен болмысты əр қырында тануға,
ашуға, адамның өзіндік ұстанымын айқындай түсуге ден қойды. Экстремалды сəттер, рухани
дағдарысқа, əлеуметтік қарама-қайшылықтарға толы жағдайдағы мінездің ішкі бұлқынысы мен
сыртқы іс-əрекетіне, имплициттік, эксплициттік сырларына үңілу арқылы қаламгерлер бейне ашуда
тың көркемдік барлауларға барып отырды.
ХХ ғасырдағы қазақ прозалық туындыларының ендігі бір парасында мінез жылжымалы,
өзгермелі, ауыспалы жағдайларға əсер етеді. Күнделікті күйбең тіршілік, дағдылы ортада мінездің
ішкі сырын, жасырын арманын, құпия мақсатын ашып көрсету мүмкін бола бермегендіктен,
қаламгерлер адамды кездейсоқ сəт, парадокске толы оқиғаға араластыра отырып, оның басты
қасиеттерін, басым өмірлік ұстаным мен дүниетанымының терең қабаттарын ашуды авторлық
мақсатқа айналдырады, яғни басты көркемдік нысана — жағдай арқылы мінездің болмысын анықтау,
айқындау. Бұл тұрғыдан келгенде, мəселенің екінші қыры — бағыттау жайы бас көтереді. Өмірлік
ситуациялар ашылуының арғы астарында тəрбиелеу, бағыттау мүддесі бар.
Əдебиеттер тізімі
1 Қирабаев С. Шындық жəне шығарма. — Алматы: Жалын, 1981. — 65-б.
2 Кəкішұлы Т. Қазақ əдеби сынының тарихы. — Алматы: Санат, 1994. — 89-б.
Ж.А.Рүстемова, Қ.М.Шəкірова
64
Вестник Карагандинского университета
3 Жаксылыков А.Ж. Образы. Мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литерату-
ры. Типология, эстетика, генезис / Под ред. З.Кабдулова. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1999. — С. 86.
4 Əбдезұлы Қ. Əдебиет жəне өнер. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2002. — 56-б.
5 Əшімбаев С. Парасатқа құштарлық. — Алматы: Жазушы, 1993. — 42-б.
6 Серікқалиев З. Алтын жамбы. — Алматы: Өнер, 2001. — 10-б.
7 Чуковский К. Высокое искусство. — М.: Сов. писатель, 1988. — С. 28.
8 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. — Л.: Худ. лит., 1940. — С. 112.
9 Воронов В.И. Художественная концепция. — М.: Сов. писатель, 1984. — С. 61.
10 Крамов И.Н. В поисках сущности. — Алматы: Жазушы, 1980. — 310 с.
11 Ысқақұлы Д. Сынсонар. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1994. — 240 б.
12 Иезуитов А. Проблемы характера в современной советской прозе. — М., 1976. — С. 32.
13 Ғабдуллин Н. Замандас келбеті. — Алматы: Жазушы, 1972. — 65-б.
14 Есембеков Т. Əдеби талдауға кіріспе. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1991. — 161-б.
Ж.А.Рустемова, К.М.Шакирова
Достарыңызбен бөлісу: |