М.Тынышбаев студент кезінде түрлі тарихи жағдайлардың куəсі болады. Сондықтан ол патша
үкіметінің боданындағы туған халқының тағдыр тауқыметін өткір тілмен айтып, баспасөз беттерінде
жиі-жиі мақалалар жазады. Патша үкіметінің үні саналатын Санкт-Петербургтегi «Ведомости»
газетінің 1905 жылғы № 75-ші санында жарияланған «Қазақ даласындағы көшпелі ел тұрмысының
мұқтаждығы туралы» деген мақаласында Мұхамеджан Тынышбайұлы Ресейдің орталық
аудандарынан сахараның шұрайлы, нулы-сулы жерлеріне жаппай қоныс аударушы орыс
мұжықтарының жергілікті көшпелі халықтың шаруашылығына нұқсан келтіріп, əлеуметтік тұрмыс-
тіршілігін күрт төмендетіп жібергендігін, санақшы-ғалым Щербина экспедициясының зерттеу
мəліметтеріндегі қате тұжырымдармен келісуге мүлдем болмайтындығын сынай отырып, өз пікірін
тəптіштеп дəлелдейді. Көшпелі халықты күшпен отырықшыландырып, «мəдениетке үйретудің»
нəтижесі зиянды зардаптарға əкеліп соғатынын жəне ондай қисынсыз тəжірибенің тарихта аз
қайталанбайтындығына көңіл аударады. Дер кезінде Ресейдің ішкі губернияларынан қоныс
аударушылардың тасқынын тоқтатпайынша отарлау жүйесінің толқыны көшпелілерді жуып-шайып,
таяу жылдардың əлетінде башқұрт халқына туған күннің бейбітшіл, меймандос қазақ елінің басына
да төнері сөзсіздігін тілге тиек етеді ол [5; 20].
Мұхамеджан институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы Төңкеріске қатысады. Сол
жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда «Қазақтар жəне азаттық қозғалысы» деген
тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш
жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай
келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады жəне басқарудың əскери жүйесінен
азаматтық жүйеге көшуді талап етеді: «... Орыс өкіметінің көзіне қазақтар адам болып көрінбейді,
өмір сүруге хұқысы жоқ əлдебір зиянды мақұлық боп елестейді, сондықтан олар бізге қатыгездіктің,
айуандықтың сан түрін істеп бағуда. Халық қорқып-үркіп əбден запыс болған, құлақ естімеген
жантүршігерлік зорлық-зомбылық пен езгінің астында азап шегуде.
Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы ...
Серия «Филология». № 3(75)/2014
45
Генерал-губернаторлар өз хұқықтарын артығымен пайдаланады жəне еш жазықсыз таңдаулы
адамдар Сібір итжеккеніне айдалуда. Орын алған бір масқара факті — адам кейпіндегі хайуан
генерал Сухотиннің бұйрығы бойынша екі кінəсіз қазақтың айдалуы, тіпті Плевенің де ашу-ызасын
тудырды. Оның өлімі ана екі бейбақтың туған елге қайтып оралуына кедергі келтірді.
Қала абақтылары қашанда əкімдердің бұйрығымен отырғызылған, еш жазығы жоқ қазақтарға
лық толып тұрады; бастықпен кездескенде бөркін алмаған бейбақ абақтыдан қашса да құтылмайды...
Əкімшілік нұсқаулар мен заңдар арқылы қазақ бастықтың рұқсатынсыз тырп ете алмайтын күйге
түсірілген. Қазақтардың ең қарапайым адамдық құқылары тəрк етілген, халықтың өмірі мен ар-
ұжданына түгелдей əкімшілік қожа. Мешіттер мен медреселердің жабылуы, діни кітаптарға тыйым
салынып кəмпескеленуі, қазақ тілінде інжіл таратылуы, оны қабылдамағандар Сібірге айдалады деп
қорқыту, қазақ балаларын миссионерлік мектептерде шоқындыру, арызды қазақ тілінде беруге
тыйым салу, шоқындыруға көнбеген қазақ əйелін ұрып соққыға жығу, жеке адамды жəне оның ар-
намысын аяққа басып қорлаудың басқа да толып жатқан дөрекі түрлері — осының бəрі, мырзалар,
ХІХ ғасырда жəне XX жүз жылдықтың басында, адам да, құдай да ұмытқан алыстағы мешеу аймақта
деп бүгінгі күнге дейін орын алып отыр. Мұны ұлы Ресей державасының надан діни жəне бишігеш
үкіметі басқаларға қарсы жариялаған крест жорығы демеске шара жоқ.
Орыс бодандығын қабылдағаннан бері қазақтардың бір де бір жарқын, қуанышты күні, бір де бір
бақытты минөті болған емес!
Үкімет тарапынан болып отырған қысым мен қуғын-сүргін қазақтардың саяси құқықтары мен
дін бостандығын ғана мойындамаумен шектеліп қоймай, экономикалық өмір саласында одан асқан
кеселдер келтіруде.
Өзінің климат жəне топырақ жағдайлары бойынша қазақ даласы мал шаруашылығына неғұрлым
икемді, бірақ олар мүмкін болған жерлерде егіншілікпен ежелден айналысып келеді.
Мысалы, Орал облысында астық өсіру табысты болғаны сонша, жылына жан басына шамамен
15 пұттан айналған. Ақтөбе мен Қостанай уйездерінде — 13 пұттан. Семейде — 6 пұт қана, Жетісуда —
4,5 пұтқа жуық. Статистика топырақ жағдайына байланысты егіншілік нашар дамыған жерлерде мал
көп, ал астықты өңірлерде керісінше екендігін растайды.
Жиырма жыл бұрын жергілікті əкімгер генералдар, Як. Полферовтің бейнелеп айтқанындай,
«атойлап ұран шақырды» жəне қазақ даласын баса-көктеп қоныстану туралы баяндамалар бірінен соң
бірі түсе бастады. Губернаторлардың сұрауы бойынша переселендерге ғажайып бай өлкеге əйтеуір
ағылып келуі үшін толып жатқан жеңілдіктер берілді; ұзамай-ақ дала жолдарында қоныстануға
қолайлы жер іздеген сансыз көп қарашекпендер керуендері шұбырды... Үкімет жаңа учаскелерді
барған сайын көптен тартып ала берді, түземдік халық іс жүзінде жайылым мен егіншілікке жарамды
жерлерінен айрылды. Қарашекпендер қайтып кетіп жатты, алқаптар босап қалды, бірақ жерді кесіп
алу жалғаса берді. Қазақтардың тынысы тарылды: жер үшін дау-жанжал, талас-төбелес жəне кісі
өлтіру басталды. Қазақтарды мал шаруашылығынан егіншілікке көшпейді деп айыптады; бірақ
олардың қарауына қалдырылған қу тандыр дала мен құмдарда адам түгіл аң да тұрмас еді. Енді
жайылымдық шұрайлы жерлер қатты қысқарды, қазақтар малды қоңайту үшін көшіп-қонып жүретін
əдетін ұмытуға мəжбүр болды. Қыста ығын паналап мал тебіндейтін жерлер тартылып алынған.
Қысқа шөп қорын дайындайтын шабындығы жəне жоқ. Даладағы қарлы боран, көктайғақ, жұт...
малдың өлім-жетімі жиіледі. Егіншілікпен шұғылданатын жер қалмаған. Қазір қазақ халқының
неліктен түгел кедейленіп жатқаны жəне бақытсыздығы өзінен бір кем емес башқұрт көршілерінің
жаппай ашаршылыққа ұшырап қырылу тарихын қайталауға жақын арада мəжбүр болатындығы
осыдан-ақ түсінікті.
Бүкіл қазақ халқын жаппай құқықсыз дала пролетариатының күйіне душар еткізген үкімет
саясатының жалпы жəне қысқаша сиқы міне осындай» [6].
Жас саясатшының өз баяндамасында патша əкімшілігінің қол астына қараған шет аймақтардағы
халықтарға жасап отырған озбырлық, адам төзгісіз сасық саясатын батыл əшкерелеуі атақты
«Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы — халық деген қазақ азаматтарының əр жерде
жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді.
Жалпы, М.Тынышбаев 1905–1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне
белсене араласқан. Ол осы жылдары баспасөз беттерінде отарлық билікті сынайтын мақалаларымен
көріне бастаған. Сонымен бірге М.Тынышбаев патшалық билікке қарсы оппозициядағы Ресейдің
түрлі саяси партияларының қатарында (кадеттер, эсерлер партиялары), түрікшілдік жəне
Р.С.Каренов
46
Вестник Карагандинского университета
мұсылмандық козғалыстарға қатысқан. Осыдан барып М.Тынышбайұлының нағыз ұлтжанды азамат
болғанын аңғару қиын емес.
Мұхамеджан Тынышбаев — 1916 жыл оқиғасын терең жəне
тура түсінген қазақ оқығандарының бірі
М.Тынышбайұлы бірінші жиһангерлік соғыс өрті тұтанған дүрбелең жылдары қолына қалам
алып, «Соғысушы патшалар əскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол хəм Еуропа соғысы», «Соғыс
кемелері һəм мина», т.б. көсемсөз мақалаларын жазып, соғысқа араласқан ірі-ірі мемлекеттердің
қару-жарағын, əскер санын, соғыс өнерінің жаңа сатыға көтерілген сапалық мүмкіндіктерін, қорғаныс
қабілетінің деңгейін «Қазақ» үнқағазында бедерлеп отырады. Осы уақытта ол ел бастайтын
көсемінен, сөз бастайтын шешенінен, ту ұстап, тұлпар мінген батырынан айырылған, жауынгерлік өр
рухы жасып, азаматтық сана-сезімі кеміген қиын шақта қамсыз, жайбарақат жатқан жұртына,
қорғансыз қалың халқына айнала қоршаған аждаhа, аузын арандай ашқан арыстандарға жемтік
болып, жұтылып кетпеу жағын көп болып ойлап, толғанудың, түйсінудің мезгілі жеткендігін
мегзеген сияқты көрінеді. Міне, осындай қилы кезеңде қазақты желіктіріп, құтыртып отырғандардың
бірі деген сенімсіздікпен Мұхамеджанның үстінен Верный окружной соты прокурорының
бұйыруымен іс қозғалады. Осыған байланысты ол сотқа жазған жауабының түсініктемесін жоғары
мəртебелі Түркістан генерал-губернаторына жолдап, көшірмесін тергеушіге береді. Бұл құжатта
Мұхаң орыс үкіметі тарапынан жергілікті халыққа жасап келген жүгенсіздігі мен бассыздық іс-
əрекеттерінің 1916 жыл оқиғасының шығуына əкеліп соққан қысқаша тарихын өзі куə болған
айғақтар мен дəйектемелер арқылы дəлелдеп, баян етеді [5; 20, 21].
М.Тынышбаев 1916 жылғы 25 маусым Жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын
(Жетісудағы қанды қырғынды, халықтың Қытай асуын) күні бұрын-ақ болжап, көтерілісті
болдырмауға тырысты. Кейін осы көтерілістің зардабын жою ісіне белсене атсалысты.
Ол 1916 жылғы көтерілістің ең басты себебі — жер мəселесі болып табылатындығын, оны
туындатқан отарлық биліктің əділетсіз саясаты екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдеп, босқындыққа
ұшыраған халық жайында тарихқа өте құнды деректер жазып қалдырды [2; 28, 29].
М.Тынышбайұлы 1917 жылы Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша комиссары
кызметінде жүргенде босқынға ұшыраған қырғыз бен қазақтың жоғын жоқтаушылардың бірі болды.
«Қазақ» газеті 1917 жылғы тамыздың 11-індегі нөмірінде оның Петроградқа үкімет орындарынан
босқындарға ақшалай жəрдем сұрай барып 5 миллион сом алып қайтқанын жазды.
М.Тынышбайұлы мен «Қазақ» газетінің əрекеттері белгілі дəрежеде Құлжа каласында Садық
Ювашев бастаған 38 адамнан тұрған «Босқын қырғыздарға жəрдем комитетінің» құрылуына себепші
болады. Комитет Ресей мұсылмандарына қайырылып, түскен жəрдем арнайы дəптерге тіркеліп, оның
жұмсалуы туралы комитет басшылары «Қазақ» жəне «Уақыт» газеттері арқылы есеп беріп тұруға
міндетті болды [7].
Ел басына күн туған алмағайып заманда бас сауғалап, шекара асып, Қытайға босқан қазақ-
қырғыздардың саны туралы да мəліметті Тынышбаев қалдырғанын айта кету лазым: «Қазақтың» 237-
ші нөмірінде Қытайға босқан қырғыз-қазақтың саны 164 мың, қырылғаны 83 мың, Қытайда қалғаны
12 мың деп көрсетіліп еді» [8; 5].
Мұхамеджан «Қазақ» үнқағазының (газетінің) 1917 жылғы 6 желтоқсанындағы № 254 санында
(«Босқын қырғыз-қазақ жайы» атты мақаласында): «44 болыс елде 47 мың 759 түтін бар, сонан
қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95200 жан», — дегенді жазады [8; 5].
Бұл цифрлар небір қыл көпірлерден əупірімдеп өткен қазақ халқының демографиялық өсу
деңгейінің тарихын зерттеуге бүгінгі таңда ауадай қажет-ақ құнды деректер.
М.Тынышбаевтың ғылыми еңбектерінің ұлттық
мүдде тұрғысында жазылуымен сипатталуы
Мұхамеджан 1920 жылы 1 қазанда Ташкент қаласында ашылған Қазақ халық ағарту
институтына қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңірді. Ол
институт үшін ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырды жəне осы оқу орнында білім
алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ жастарын жинады. Институтқа шақырылған
Тынышбайұлы математика, физика, химия, түркі халықтары тарихи пəндерінен дəріс оқыды.
Сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Ол орыс география қоғамының Түркістан
бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының «Талап» ұйымының мүшесі болды [9; 614].
Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы ...
Серия «Филология». № 3(75)/2014
47
Бір жолы Мұхамеджанның қолына А.П.Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі
түседі. Көкірегі көмбе, білімпаз жан осы кітаптағы ұлтының намысына тиетін пікірлерге қарсы сын
жазып, академик В.В.Бартольдке жібереді. Ғұлама ғалым Тынышбайұлына қатты риза болып, қазақ
халқының тарихын жазуға кеңес береді, ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректер мен
материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады [5; 21–22].
Қазаққа азаттық əпермек болған, бірақ онысынан түк шықпайтынына көзі жеткен Мұхамеджан
өмірінің соңғы жылдарында бар күш-жігерін халықтың тарихи санасын қалыптастыруға жұмсайды.
Халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғылыми
тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазады. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі,
қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына əсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі
түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге атақты ғалымның еңбектеріндегі «Қырғыз-қазақ
руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ» этнонимі туралы», «Алтын Орданың
күйреуі жəне Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» секілді, тағы басқа
тақырыптағы еңбектері дəлел бола алады. Қазақ тарихының көне дəуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа
заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мəселелерді кеңінен қамтуға талпынысы
М.Тынышбаевтың өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады. Оның еңбектері
ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін
сол ұлттың тілін, салт-дəстүрін, мəдениетін жетік меңгеру керек деген принципті берік ұстанды жəне
бұл принципті өзге зерттеушілердің ұстануын талап етті [9; 614].
М.Тынышбайұлы жаңа ғылыми деректерге сүйене отырып, қазақ халқының тамыры тереңде
жатқанын дəлелдеді. Сондықтан да орыс ғалымы В.Осадчий: «Мұхамеджан өзінің демократиялық
идеяларын іске асырып, өз халқын бақытты еткісі келді. Оған бұл жолда ғылым, ақыл, сенім күш
беріп тұрды. Ол шынайы əділдікке, жамандықты жақсылық жеңген таңның ататынына кəміл сенген
еді», — деп жазды «Великий творец добра и света» деген кітабында.
Тарихшы-ғалымның белгілі еңбектері кезінде жеке кітап болып, кейде жоғарыдағы қоғамның
жинақтарында басылып шығып тұрған. Қашанда болсын жаңа істің жанынан табылып, жауапты
жұмыстарды басқару оның пешенесіне жазылған тағдыры іспеттес қызық жайлар сияқты.
Ұлт зиялысының қазақ ру-тайпаларының
тарихын зерттеуге үлес қосуы
Талай ғасырдың аумалы-төкпелі оқиғаларын басынан кешірген қазақ халқының тарихын зерттеу
үшін алдымен қазақ рулары мен тайпаларының тарихын білу керек. Ал отар елдің тарихын
отарлаушы халық жазады демекші, кешегі кеңестік дəуірде тарихымызды басқа елдің тарихшылары,
шенеуніктері жазған болатын. Ал халқымыздың өз ішінен шыққан зиялы азаматтарымыз тарих,
мəдениет жəне т.б. тақырыптарға еңбектер жазып, зерттеулер жүргізгендігі үшін қудаланды. Ата-
бабасының тарихын, шежіресін жастайынан үйренген зиялы азаматтарымыз еңбектерінің өте құнды
екендігі мəлім.
Қазақ тарихына, мəдениетіне, оның ішінде шежіреге қатысты еңбектер жазған зиялылар —
Шоқан Уəлиханов, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Əлихан Бөкейханов, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Мұстафа
Шоқай. Сөз жоқ, қазақ зерттеушілерінің арасынан ру-тайпалардың тарихын зерттеуге үлкен үлес
қосқандардың бірі — Мұхамеджан Тынышбаев. Ол — қазақ тарихының, соның ішінде этникалық
мəселелерді зерделеген бірнеше зерттеудің авторы. Өзі кəсіпқой тарихшы болмаса да туған елінің
өткеніне, шығу тегіне, ру-тайпалық құрылымына үлкен мəн беріп, жиған-тергендерін хатқа түсіріп,
ой-тұжырымдарын жазып кеткен.
Совет кезеңінде жарық көріп, шежіре мəселесін арнайы қозғаған ғылыми зерттеулердің ішінде
Мұхамеджан Тынышбайұлының «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» (Материалы к
истории киргиз-казахского народа) деген 1925 жылы Ташкентте басылған еңбегі айрықша сүбелі [10].
Автор орысша жазылған бұл еңбегінде қазақ шежіресі, қазақтардың қайдан шыққаны жəне Қазақ
хандығының құрылуы, қазақтардың 1917 жылға дейінгі саны туралы майын тамыза əңгімелеген
ғылыми қисындылықтарымен, арғы-бергі тарихты терең зерделеуімен тəнті етеді.
Тарихшы-ғалым өз ізденістерін жүргізуде орыс зерттеушілерінің, соның ішінде В.В.Вельяминов-
Зерновтың, А.И.Левшиннің, Н.А.Аристовтың еңбектеріне сүйенді. Осы зерттеушілердің
шығармаларындағы ой-тұжырымдарға сын көзбен қарап, кемшіліктері мен олқылықтарын ашып
көрсеткен. Ғылыми талдаудың негізінде салмақты да салиқалы пікір танытқан: «Қазақ халқының
тарихы жөнінде мейлінше көп жазылды. Алайда тек Вельяминов-Зернов пен Левшиннің зерттеулерін
Р.С.Каренов
48
Вестник Карагандинского университета
ғана тыңғылықты дүние деп есептеуге болады. Қалған авторлар əдетте солардағы мағлұматтарды
пайдаланады да жаңадан ештеңе қоса қоймайды. Бұлардың арасында қазақ жəне басқа да түрік
халықтарының тайпалық құрамы туралы жан-жақты жəне қызғылықты зерттеулері бар Аристовтың
жөні бөлек. Авторлар əдетте сан қилы түп деректерден тек «қазақ» деген сөзді ғана іздеп жəне бұл
негізгі тайпа, əр кезеңде соған əр түрлі түркі-монғол тайпалары қосылып отырған деп санады. Алайда
қазіргі қазақ руларының арасынан қайсысы бұрынғы қазақтардың ұрпағы болып табылады деген
мəселеге ешкім бас қатырған да емес. Аристов қазақтардың қазіргі тайпалық құрамын талдағанда
жекелеген рулардың өткендігі өмірі туралы тек жол-жөнекей ғана еске алады. Жалпы, қазақтың əрбір
руының шежіресін алдын ала зерттеп алмай жəне олардың қай уақытта басқа қай ру-тайпалармен
қарым-қатынас жасағанын анықтамай тұрып, қазақ халқының тарихи тағдырының тұтас бейнесін көз
алдыңа келтіру мүмкін емес. Сондықтан біз жекелеген рулардың шежіресін хронологиялық тəртіппен
қысқаша мазмұндауды мақсат еттік» [11].
Жетісулық ғалым зерттеуінде қазақты құраған рулар мен тайпалардың тарихына жеке-жеке
тоқталып, олардың əрқайсысының шежіре-кестесін, ұрандарын анықтап жазады. Еңбектен мынадай
жолдарды оқимыз: «Қазақтардың үш жүзден құрылғаны мəлім: Ұлы, Орта жəне Кіші жүздер.
Ұлы жүзді құрайтындар: а) Үйсін (тармақтары — Дулат, Албан, Суан, Сарыүйсін), оған
қосылғандар: Шапырашты, Ошақты, Ысты жəне Сіргелі; ə) Жалайыр; б) Қаңлы, оған Шанышқылы
қосылған.
Орта жүзді құрайтындар: а) Арғын; ə) Найман; б) Қыпшақ; в) Қоңырат; г) Уақ; д) Керей.
Кіші жүзді құрайтындар: Алшын, ол үш топтан тұрады: а) Байұлы (адай, беріш, алтын, жаппас,
есентемір, таз, байбақты, тана, масқар, алаша, қызылқұрт, шеркеш жəне ысық); ə) Əлімұлы (əлім,
шөмекей, немесе шөмен, жəне кете); б) Жетіру (табын, тама, жағалбайлы, телеу, кердері, керейт жəне
рамадан) [11; 9].
Автор жүздердің шығуы ерте кездермен, дəлірек айтсақ, Алтын Орда кезеңіне сəйкес келетіндігі
туралы пікір білдіреді. Осыған орай өз ойын былайша түйіндейді: «... Наймандардың Шайбақтар
қарамағына өтуі 1320–1330 жылдары шамасы болуы ықтимал, яғни Хайду хан өлген соң бірнеше
жыл өткеннен кейін. Шамасы, бұл Үгедей мен Шағатай ұрпақтарының өзара қырқысы кезінде болған
сияқты. Жошы ұлысының (Алтын Орда) Батыс бөлігін Батудың ұрпақтары, Шығыс бөлігін Семей
облысы мен Балқаш көлімен, Қаратауға дейінгі аралықты (Ақ Орда) Орда-Еженнің ұрпақтары, ал
орта бөлігін, Арал немесе Көк теңізден солтүстікке дейінгі аралықты (Көк Орда) Шайбақтың
ұрпақтары биледі десек, онда наймандар шамасы қазіргі Атбасар, Ырғыз үйездерін мекендеп,
Əмудария мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген хорезмдік ұйғырлармен көрші тұрса керек»
[12; 5–6].
Əрбір жүздің ру-тайпалық баянында Мұхамеджанның өзінің тайпасы Наймандар туралы
біршама жазылған. Ғалымның Наймандар жөнінде берген мəліметтері тайпаның тарихын терең
зерттеуге мұрындық болады. Тарихи деректерге негізделіп баяндалған Наймандар жайлы жазбасында
автор оларды моңғол текті тайпалардың қатарына жатқызады: «VIII ғасырдағы қытай деректерінде
Наймандар Байқал көлінің оңтүстігін мекендеген тайпа ретінде аталады. Олар 850 жылдары бір жағы
Орхон өзенінің жоғары сағасынан Тарым алабына дейін жəне екінші жағы Қара Ертіске дейінгі жерді
алып жатты. Наймандар орналасқан географиялық жағдайдың өзі олардың үнемі монғолдармен бірге
тұрғандығын байқатады. Олардың батысын мекендеген арғындардың өзін ғалымдар монғолдарға
жатқызса, онда Наймандарды монғол тайпасына жатқызу көңілге қонымдырақ саналады» [12; 5].
М.Тынышбаев орта ғасырларда Наймандардың ұлыстардың қоғамдық өмірінде айтарлықтай
орын алғандығын Əбілғазының, Мұхамед Салихтың, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дəлелдейді.
Өз ойын автор: «Аттай 100 жыл бойы (1500-ден 1600-ге дейін, тіпті 1625 жылға дейін) Марыдан
Балқашқа дейінгі Сырдың төменгі ағысында жəне одан да арғы елдің өмірінде наймандар ірі саяси
рөл атқарады. Шамасы, олар басқа да ру-тайпалардан сан жағынан көптігіне арқа сүйесе керек» [12; 6],
— деп қорытындылаған. Наймандардың қоғамдық өмірдегі белсенділіктері мен елеулі рөлін олардың
санының өзгелерден басым тұруымен түсіндірген.
Қазақ хандығының құрамына енгеннен кейінгі наймандардың көші-қон аймағын ғалым: «1680
жылдары Наймандар бір жағы Қаратаудан, Əулиеата тауынан Ташкентке дейінгі, екінші жағы Арыс
өзенінің Сырдарияға құйғанына дейінгі жерді алып жатты. Біраз бөлігі Сырдарияның сол жағалауын
мекен етті» [6, 7], — деп көрсеткен. Наймандардың орналасқан аумағын айқындауда тарихшылар
М.Тынышбаевтың осы пайымдауын басшылыққа алады.
Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы ...
Серия «Филология». № 3(75)/2014
49
Мұхамеджан ХVIII–ХIХ ғасырлардағы Наймандардың ата қоныстарын көрсете отырып,
олардың Семей, Жетісу өңіріне көшіп кеткендеріне назар аударады. «1758–1760 жылдары Наймандар
Қарқаралы үйезіндегі Тоқырауын өзенінен бастап, Алтай мен Жоңғар Алатауына дейінгі аумақты
алып жатты; соңғы жылжу 1810 жылы шамасына сəйкес келіп, осы кезде Наймандар Қарқаралы үйезі
мен Шыңғыстауды тастап, оңтүстік-шығысқа жылжыды» [12; 7], — деп жазғаны айтқан ойымызды
бекіте түседі.
М.Тынышбаев Қазақ хандығының құрылған уақытын 1456 жыл деп санайды. Осындай
тұжырымға келуде ғалым Мұхамед Хайдардың «Тарих-и Рашидиіне» сүйенеді. Тарихшы хандықтың
күшейген кезін 1465 жыл деп есептейді. Сөзіміз дəлелді болу үшін Мұхамеджанның жазғанын
келтірейік: «... Өзбек ханы Əбілқайыр өлген соң (1465 жыл шамасы) Жəнібек өз Арғындарымен
Еділдің төменгі сағасына кетіп, сонда тұрақты ордасы Астраханды салған десек, біз қателеспейміз»
[13].
Кейбір тарихшылар осы көрсетілген уақытты Қазақ хандығының күшейген емес, құрылған
жылы деп қабылдайды. Өкінішке орай, Қазақ хандығының құрылу уақыты тарихнамада даулы мəселе
болып табылады. Өйткені зерттеушілер Қазақ мемлекеттігінің құрылған уақытына келгенде əр түрлі
көзқарас танытады. Осыған орай, Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы ғылымда ортақ
тұжырым əлі қалыптаспаған [14].
М.Тынышбайұлының қазақ халқының тарихына арнаған белгілі еңбегінде келтірілген жаңаша
пікірлерді қазіргі тарихнамадағы зерттеулер дəлелдеп жатыр. Əрине, кез келген ғылыми еңбектегі
сияқты оның үстірт пікірлері де жоқ емес, оны ғылыми сүзгіден өткізу қазіргі тарихшылар алдында
тұрған міндеттердің бірі. Тарихи білімі болмағанымен, оның жоғары білімді адам ретінде жалпы
ғылыми əдістерді терең меңгергенін көруге болады. Тарих ғылымында қолданылатын жүйелік
талдау, салыстырмалық, тарихилық болжам жасау, оны тексеру сияқты ғылыми əдістер қолданылған.
Автордың сол кезде жасаған тұжырымдарына қазіргі зерттеушілердің көбі сілтеме жасайды.
М.Тынышбаевтың əмбебап ғалым ретінде тарих, археология, этнография
мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасуы
М.Тынышбайұлы əмбебап ғалым ретінде сан-салалы өлкетанушылық еңбектер жазған. Ол қазақ
шежіресін зерттеумен қатар, қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің тарихына
арналған «Ақтабан шұбырынды» атты шығармасын, «Көксу үйіндісі жəне Баласағын қаласы»,
«Сырдария жəне Жетісу губерниясындағы қалалардың, бекініс, қорғандардың іздері», Ежелгі
Иланбалық (Іле Балық) қаласының орны туралы» деп аталған өлкетанушылық мазмұндағы
еңбектерін жазып, жариялаған.
Айта кетерлік жайт, М.Тынышбаевтың тарихшы ретінде білгірлігі оның «Отзыв о труде
А.П.Чулошникова по истории казак-киргизского народа» [15] атты еңбегінен айқын көрінеді. Ол
мұнда аталған тарихшының қазақ халқын құраған «қоңырат», «жалайыр», «найман», «керей»
руларының тағдырындағы Шыңғысхан рөлі туралы көзқарастарындағы қателіктерді орынды
байқаған. Мысалы, мұнда М.Тынышбаев деректер негізінде қоңырат руының Шыңғысханға шеше
жағынан туыстығын, ал Шыңғысханды керей тайпасынан шықты деген А.П.Чулошников
көзқарасының тарихи деректер тұрғысынан негізсіздігін, сондай-ақ аталған тарихшының
Шыңғыстың наймандармен одақ жасағаны туралы көзқарасының да қателігін атап көрсеткен.
Ғұлама ғалым «Ақтабан шұбырынды (қазақтардың азапты босулары мен айбынды жеңістері)»
атты еңбегінде [16] үш жүздің «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары бас қосқандығын
айта келіп, ынтымақтастықтың арқасында Аңырақай шайқасында қазақтардың жеңіске жеткендігін
баса көрсетеді: «Ə.Диваев келтірген екінші аңыз бойынша, қалмақ қырылған жеңістен соң соғыс тағы
да 3–4 жылға созылады. Бұл екінші ұрыста да қалмақтар орасан жеңіліске ұшырап, сол ұрыс болған
жер (қалмақты аңыратқан соң) «Аңырақай» аталып кетеді. «Ақсақалдардың айтуынша, — дейді
Диваев, — «Аңырақай» Арал теңізінің солтүстігіндегі таудың Алакөл жағында жатқан «Итішпес»
көлінің жанындағы жер».
Аңырақай жеңісі туралы аңыз Пішпек, Алматы уезінің қазақтары арасында да сақталған. Бірақ,
бұл аңыз бойынша, «Аңырақай» Диваев көрсеткен жақта емес. Балқаштың оңтүстікке сұғынған
айдынынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жердегі «Итішпес» Алакөлдің қасында. Енді осы
Алакөл шығанағының оңтүстігінде «Əбілқайыр», «Сұңғайты» таулары, «Ақсүйексай», атақты
«Хантау» созылып жатыр. Осы тауларда «Үлкенордақонған» жəне «Кішіордақонған» шатқалдары
бар (екі орданың хандарының шатырлары тұрған жер).
Р.С.Каренов
50
Вестник Карагандинского университета
Бізде бұл кезеңді қамтитын бұлардан басқа аңыздар жоқ. Бірақ бізге ендігі жерде шатқалдардың
географиялық аттары көмекке келеді. Көшпелілердің, əсіресе қазақтар мен қырғыздардың,
шатқалдарға, сонда өткен үлкен оқиғаларға байланысты ат беріп отыратын ерекше қасиеті бар.
Осы ретте, біріншіден, Шымкенттен батысқа қарай 30 шақырым, «Бадам» станциясынан 5
шақырым жердегі Ордабасы атты кішкене таудың маңызы зор.
Екіншіден, Боралдай жəне Қошқарата өзендерінің бас жағындағы (Əулиеата жəне Шымкент
уездерінің шекарасында) Арқарлы тауда «Үлкенордақонған», «Кішіордақонған» деген екі шатқал
бар. Яғни, бұл аттар екінші рет бір өңірден қатар (бір-бірінен 5–4 шақырымда) кездеседі.
Үшіншіден, Əулиеатаның шығысындағы, Ақыртөбе жəне Подгорный станцияларының қарсы
алдында «Сұңғайты», «Əбілқайыр» деген екі сай бар.
Шабуылға шыққан үш топтың кездесуі, біздіңше, Ордабасы тауында өтті. Алатау мен Қаратау
қоршаған, Арыс пен Бадам өзендері өтетін түйетайлы жазық таулы-тасты, кезектескен кішкене
жоталары бірте-бірте ойлы-қырлы далаға айналады. Аса биік болмаса да Ордабасы тауынан сол
маңайдың бəрі алақанға салғандай көрініп тұрады. Арыстанды əйтпесе Шаян (90–100 шақырым)
ойпаттарынан көтерілгенде көзге бірден осы Ордабасы шоқысы шалынады. Енді бұған Ордабасының
қасынан Бадам өзені ағып өтетінін, сол жерлердің қалың шөбін, көгалдай кілемін, Ордабасының
артындағы (батысы мен оңтүстікке қарай) көп сайларға қазақтардың қалың қолы жасырылуы
мүмкіндігін қоссақ — бұл жерде қазақтардың негізгі күші жиылған бас қосыны болғаны өзінен-өзі
түсінікті. Осы жерде қазақтардың өзара ант берісіп, бас қолбасы етіп Əбілқайыр ханды сайлағанына,
халық дəстүрі бойынша іс оңға басу үшін құрбандыққа ақбозаттың шалынғанына біз тіпті сенімдіміз
(Левшин кітабы, 11, 71-б.).
Келесі тарихи жер — Боралдай мен Қошқарата өзендерінің жоғарғы ағысында, бір-бірінен 3–4
шақырым жерде тұрған. Үш жүздің бас ханының жəне Кіші жүз ханының қосындарының орындары,
Үш жүздің Бас ханы болып Тəуке ханның ұлы Болат хан есептелсе, «Үлкенордақонған» — соның
қосыны тұрған жер. Кіші хан Əбілқайыр болатын, ол барлық қазақ əскеріне қолбасшылық етті.
«Кішіордақонған» — соның қосыны тұрған жер. Əрине, бейбіт жылдары кең жер мен дербестікті
сүйетін хандардың қосымдары бұлайша бір-біріне жақын қонбайтынын да ескерту қажет. Оларды
былай қойып, өріс кең жағдайда байлардың өздері бір-бірінен алыс отыруды ұнататын əдеті.
Қазақ əскерлерінің одан əрі шығысқа қозғалуының ізін Подгорное поселкесі қарсысындағы
«Əбілқайыр сайы» атты мекен атынан көреміз. Жергілікті ботбайлар (дулат руына жататын)
ертеректе осы жерге Əбілқайыр атты бір хан аялдағанын айтады.
Əдетте қазақтар «Əбілқайыр» есіміне міндетті түрде «Сұңғайты» деген жер атын қосақтайды.
Осы екі ат Подгорное поселкесі жанында жəне Балқаш көлінің оңтүстігінде бірдей кездеседі. Бірақ
«Сұңғайты» сөзінің қандай мағынасы бар, оны халық аңызын жадында сақтап жеткізуші
ақсақалдардың бірде-біреуі түсіндіріп бере алмады.
Ақырында Балқаштың оңтүстігіндегі жерлердің де географиялық аттарымен, халық жадында
сақталуымен қазақтардың ұлы жеңісті жорығына қатыстылығы соншалық, бұл жерде де бір уақытта
Бас хан Болат пен Кіші хан Əбілқайыр қосындары аялдағанына күмəн қалмайды.
Аталған тарихи оқиғаның барысын осылайша анықтай отырып, ұлы «Аңырақай» жеңісінен кейін
қалмақтардың Іле өзенінен құлдай шығысқа қарай қашқанын айтуға болады» [16].
Қорыта келе айтарымыз, М.Тынышбаевтың қазақ тарихына қатысты еңбектерінің ғылыми
құндылығы қазірге дейін еш мəнін жойған жоқ. Кəсіби тарихшы болмағанына қарамастан, оның
зерттеулеріндегі ғылыми білім деңгейі қазіргі кездегі көптеген зерттеулерден анағұрлым жоғары.
Өйткені тарихи еңбектің қандай формада (əңгіме, баяндау, трактат, академиялық монография)
жазылуы маңызды емес, ондағы ғылыми жаңалық деңгейі жəне оны дəлелдеу аппараттарының болуы
ғана шарт. Сондықтан кезінде еңбектері баспасөзде көп жарияланған В.В.Бартольд, Г.Е.Грумм-
Гржимайло,
А.Н.Самойлович
жəне
басқа
да
белгілі
шығыстанушылар
Мұхамеджан
Тынышбайұлының зерттеулеріне жиі-жиі жүгініп отырған.
М.Тынышбайұлының Голощекинмен кездесуі
1925 жылы Қазақстанға саяси жетекші болып Ф.И.Голощекин келді. Ол келген бетте өзіне қарсы
шыққан, айдауына жүрмеген қызметкерлерді шетке шығара бастады. Голощекинмен істесе алмаған
С.Қожанов, С.Сəдуақасов, Н.Нұрмақов, Ə.Əлібеков жəне басқалары Қазақстаннан кетіп қалды.
Орталық атком төрағасы жұмысшыдан жоғарылатылған Жалау Мыңбаев бір беткей қайсар адам
болатын, Голощекин айдауында жүрмеген соң оны да қуды. Оның орнына Шымкент маңында
Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы ...
Серия «Филология». № 3(75)/2014
51
болыстық партия комитетінің хатшысы болып жүрген момын шаруа Елтай Ерназаровты əкеліп қойды
[17].
Голощекин келе сала өзінше жаңа теория ашып, Қазан төңкерісі Қазақстанға соқпай бір бүйір
өтіп кеткен, Қазақстан еңбекші бұқарасы оның жемісін татпаған, сондықтан мұнда революцияны
қайталап «Кіші Қазан» науқанын өткізу керек деп, 1927 жылы егістік, шабындық жерлерді қайта
бөлу, 1928 жылы «жартылай феодал байлардың» мал-мүлкін кəмпескелеу науқанын жүргізді. Осы
науқандардың ізін ала 1929 жылы «құлақтарды топ ретінде жою негізінде елді жаппай
колхоздастыру» науқаны басталып кетті. Егер де «Кіші Қазан» төңкерісін қалай жасауға болатынын
Қазақстан мысалымен дəлелдесе, Голощекиннің абыройы артып, мерейі тасыйтын еді. Сондықтан да
ол осы ойын сынақтан өткізу үшін өзінің басты қарсыластарының бірі — Мұхамеджан
Тынышбаевпен оңаша сөйлескісі келді.
Сонау зұлмат жылдары халқымыздың біртуар азаматы М.Тынышбаевтың Голощекинге қарсы
қалай күрескені жайлы жазушы Бек Тоғысбаев көркем шығарма жазып, көзі тірісінде «Парасат»
журналының редакциясына əкеліп тапсырған екен. Осы орайда белгілі жазушының төмендегі
əңгімесіне тоқтала кетсек, артық болмас: «Алаш» партиясының негізін салушылардың бірі, жоғары
білімді темір жол инженері, бұрынғы Мемлекеттік дума депутаты, Уақытша Үкіметтің Түркістандағы
төтенше өкілі, жас жағынан да өзімен тұрғылас адамды асықпай тыңдағысы келген. Онымен
дайындықсыз, жеңіл-желпі сөйлесуге болмайтынын да сезетін. Соңғы жылдары осы Қызылорданы
астанаға айналдыру үшін негізгі құрылыстарды басқарып жүргенін білетіндіктен, онымен ресми
сөйлесуге толық хақысы бар екенін де ұмытпаған.
Мұхамеджан Тынышбаев Филипп Голощекинді сыртынан жақсы білетін. Николай патшаны
қанша жек көрсе де, Голощекин бастаған қызылдардың оны күллі семьясымен қырып тастағанын
жауыздық деп есептейтін. Оған қоса капиталистерді, помещик-кулактарды, интеллигенцияны
қудалап-қорлауда сұмдық қатыгездік көрсеткен Филипп Исаевич Қазақстанда да ешкімді
жарылқамайды деп есептейтін. Дегенмен алдын бір көріп, сөз төркінін аңғарғысы келген.
Мұхамеджан салдырған, дария жағасындағы тоғай ішінде айналасы ағашпен қоршалған, іші-
сыртына күзет қойылған жеке үйде жалғыз тұратын Голощекин оған пар ат жеккен пəуеске жіберген
екен, тамақ əзірленгенше екеуі Сыр жағасында батар күннің қызылына, толқып аққан дария суына
қарап ойланып тұрды да, əңгімені алыстан орағытты. Голощекин жасы өзімен қарайлас болса да,
Тынышбаевқа «сіз» деп сөйледі.
– Мен сіздің Верный гимназиясын алтын медальмен бітіріп, генерал-губернатордың арқасында
Петербургтағы темір жол қатынасы институтын бітіргеніңізді, Мемлекеттік думаға депутат болып
сайланғаныңызды, Россиядағы, Орта Азиядағы темір жолдарды салуға қатынасқаныңызды, қазіргі
уақытта астана құрылысын басқарып жүргеніңізді жақсы білемін. Бұрынғы Ақмешіт-Перовскийді
өзгертіп Қызылорда деп атапсыздар, атына заты сай ма?
– Күні кешегі астанамыз Орынбор ұлан-байтақ қазақ өлкесінен шалғайда жатыр. Сыр бойы —
қалың қазақтың іші жəне ең бастысы, Москва мен Ташкент ортасындағы темір жол торабындағы
қала. Бұрынғы Ақмешіттің орны əзірше астана болуға жарайды деп есептеймін.
Ашығын айтқанда, бұл жер маған ұнамайды. Күні ыстық, жері шаң, айнала — құм, тозаң.
Оның үстіне солтүстік, шығыс, орталық Қазақстаннан алыс жатыр.
Басқа өлкелерге əзірше қолайлы қатынас жолы жоқ. Егер Жетісу темір жолы салынып,
Түркістан мен Сібір өлкесі жалғасса, астананы басқа қалаға көшіру қиын болмас.
Бəрібаев пен Жандосов бұрынғы Верный, қазіргі Алматыны, атай береді.
Алматы — Верныйдан бұрынғы тарихи атау. Ол ежелгі Үйсін хандарының, Моғолстан
мемлекеті астанасының орнында тұр.
Айтпақшы, сіз тарихшысыз ғой. Мен кейбір еңбектеріңізбен таныспын. Қазақтардың арғы тегі
монғол екені рас па?
Қазіргі қазақ халқының құрамында аздаған монғол элементтері бар. Бірақ тұтастай алғанда
қазақ — түркі тектес Ғұн, Сақ деген ежелгі империялардың мұрагері. Тіліміз, тұрмысымыз, салт-
дəстүрлеріміз солардан қалған. Қазіргі өзбек, татар, башқұрт, əзербайжан, түрікмен, қырғыз,
Қырымдағы, Кавказдағы біраз халықтардың шығу тегі бір.
Осман түріктері де сіздермен туыса ма? — деп, Голощекин біле тұра əдейі сұрады.
Р.С.Каренов
52
Вестник Карагандинского университета
Арғы түбіміз бір. Бəріміз — Ұлы Түрік қағанатынан тараймыз. Шыңғыс хан империясы
құрылмай тұрғанда, қазіргі Түркиядағылар батысқа қарай осы біз жағасында тұрған Сырдария мен
Əмудария арасынан қоныс аударған.
Византияның, Арменияның жерін жаулап алған деңіз... Түркістан өлкесінің тарихымен ептеп
таныспын.
Əлі де тереңірек біле түссем деймін. Керекті кітаптар жөнінде көмектесер деп сенемін, — деп
Голощекин сыпайы сөйледі. — Ал енді... төтелей сұрақ қойсам айып етпессіз... Сіз совет өкіметіне
неге қарсысыз? Еңбекші халықтың қамын ойлаған өкіметке қалайша ішіңіз бұрмайды?
Мен халық қамын ойлайтын өкіметке қарсы емеспін. Совет өкіметінің бостандық, теңдік деген
сөздері ұнайды.
Еңбекші халықты оқыту, білім беру бағытын жоғары бағалаймын. Қалалар тұрғызу, автомобиль,
темір жолдар салу, электр, телефон-телеграф жүйелерін дамыту жоспарын дұрыс көремін. Маған тек
кейбір саяси науқандар ұнамайды.
Мысалы?
Байларды, капиталистерді жоямын дейсіздер. Совет өкіметіне қарсы қолдарына қару алып
күрескендер жойылды, ал енді бейбіт еңбекке жұмылып жүргендерге тиісудің керегі не? Елдің эко-
номикасын дамытатын солар емес пе?
Мұныңызға келіспеймін, — деді Голощекин даусын қатқылдау шығарып. — Мұныңыз тап
тартысы туралы Лениннің теориясына қайшы...
«Тап тартысы» деген ойдан шығарылған, өмірде жоқ теория.
Неге жоқ дейсіз? Бай-капиталистердің өз мақсаты, пролетариат пен кедейлердің өз мақсаттары
бар. Яғни күрес содан туады.
Мемлекет, билік бар жағдайда қайшылыққа, күреске жол бермеуге болады. Ол үшін экономи-
каны дамытып, халықтың тұрмысын жақсарту керек.
Жарайды, бұл жөнінде пікіріміз үйлеспей-ақ қойсын... Жүріңіз, тамақ даяр болған тəрізді.
Голощекин негізгі ойын кейінге шегеріп, дəм үстінде халықтың салт-тұрмысы, əдет-ғұрпы
жайында сұрастырып отырды. Сібірдегі азғантай ұлттардың салт-дəстүрінен хабардар екен, соны
қазақтармен қалай байланыстыруға болатынын да білгісі келген. Тынышбаевтың бұл төңіректе де
білімдарлығына, бəрін біріне-бірін байланыстыра, терең талдайтынына таң қалған. Ол тіпті дүние
жүзі халықтарының құралуы, қалыптасуы жайында төгіле баяндады. Халық пен ұлттың бір ғасырда,
тіпті бірер жүз жылдарда қалыптаспайтынын, оған əр түрлі саяси, тарихи, əскери-соғыс оқиғалары
əсер ететіні жайында ғылыми дəлелдер, мысалдар келтірді. Бұл жөнінде жеке қайраткерлердің, мыса-
лы Цезарьдың, Аттиланың, Шыңғыс ханның, Əмір Темірдің, Ұлы Моғолдардың, Наполеонның, ұлы
Петр мен Екатерина Екіншінің, Лениннің тарихта қандай рольдер атқарғаны жайында айтқаны
құлағына жағып отыр. Кіші Октябрь төңкерісін жасаса, Қазақстан тарихында, жалпы көшпенділер
өмірін өзгертуге өзінің қандай роль атқарып, атын алтын əріппен жазылатыны жайында да қиялдап
қояды.
Қазақ мыңдаған жылдар бойы бір шеті отырықшы, бір бөлігі көшпенді болып өмір сүруге
мəжбүр болған, — деді Тынышбаев. — Мысалы, осы Сырдарияның, Шу, Іле, Талас, Қаратал, Лепсі,
Ертіс, Жайық өзендерінің жағаларында үлкенді-кішілі қалалар салынған. Бірақ солардың бəрін жан-
жақтан анталаған жаулар жойып отырған. Қазіргі қазақ жерін, Орталық Азияны ертеден-ақ қытайлар
əлденеше рет шауып, қиратып кеткен. Тек араб, парсылардың ғана қарсы жорығы бетін қайтарған.
Біздің даламыз қайта бас көтеріп келе жатқанда қалаларымызды қалмақ-ойраттар ойрандап кетті.
Шыңғыс хан ше? — деп сөзін бөлді Голощекин.
Шыңғыс ханның мақсаты — түркі халықтарын билеп, оны қанап отырған парсы-тəжіктерді
талқандап қуу болған. Мұхаммед-шах сауда-саттық жасайық деп жіберген елшілерін түгел өлтіріп,
керуендерін тонаған. Бəріне Хорезм шахы кінəлі...
Татар-монғолдар дүние жүзінің талай елдерін жаулап алды емес пе?
Біріншіден, Шыңғыс ханның əскерінде монғолдар өте аз болған. Оның əскері негізінен кейін
қазақ, өзбек халқын құраған ірі тайпалар, ұйғырлар, татарлар, қырғыздар, түркі тілді Сібір
халықтарынан құралған. Шыңғыс ханның өз руы Тайшуыт, ол Қияттан тарайды. Бұлардың бəрі түрік
тілді Күн империясының — қытайлар Хун, Еуропа Гұн деп атаған ұлы мемлекеттің, одан кейінгі Ұлы
Түрік қағанатының мұрагерлері еді. Күн империясы шығыста Хинган тауынан, батыста Дунайға
Алаштың Мұхамеджан Тынышбайұлы ...
Серия «Филология». № 3(75)/2014
53
дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты алып жатқан. Шыңғыс хан жəне оның мұрагерлері сол империяны
қалпына келтірді.
Ал Россия, Қытай, Вьетнам, Корея, Персия сияқты елдерді де бағындырғаны қалай?
Ол елдердің ешқайсына Шыңғыс хан барған емес. Ол соғыстарды жан-жақтағы елдерді ты-
ныштандырып, алым-салық алу үшін оның ұрпақтары жүргізді. Ал Алтын орда Еділ жағасына орнап,
Россияны екі жүз жылдан астам уақыт сыртқы жаулардан қорғап тұрды.
Голощекин іштей «мынау нағыз пантюркист екен!» — деп қорытты. Мұның көзін ертерек құрту
керек деп түйіп, бірақ асықпауды жөн көрді. Керекті адамдарға тапсырма беріп, фактілер, дəлелдер
жинау керек...» [18].
Шынында қара тізімге алып, əр қадамын қалтқысыз баққан қызыл жендеттер
М.Тынышбайұлына халқының тарихын жазуға мүмкіндік бермей, 1930 жылы 3 тамызда қамауға
алып, Ресейдің қара топырақты аймағына (қазіргі Воронеж облысы) бес жылға жер аударады.
Айдауда жүрген кезінде М.Тынышбаев Мəскеу — Донбасс темір жолын жобалау бөлімінде жұмыс
істейді. Содан кесілген мерзімін өтеп елге оралады. Бірақ ұзамай, ол 1937 жылдың қараша айында
қайтадан тұтқындалып, көп кешікпей Ташкент түрмесінде атылады [3; 98].
Қызы Фатимаға айтқанындай: «Мен өмірімде адал еңбек етуден танған жоқпын. Бар мақсатым
халқымды оятып, жарқын өмірге бастау» еді дегендей, М.Тынышбаев халқының есінде осындай
сипатта қала бермекші.
Түйін
Кеңес үкіметі М.Тынышбаевты ғана қуғындаумен шектелген жоқ. Оның балаларын, туыстарын,
жерлестерін, тіпті М.Тынышбаевты өмірі көрмеген адамдарды да қуғын-сүргінге салды. Мəселен,
оның 1921 жылы тырысқақ ауруынан қайтыс болған алғашқы зайыбы Гүлбаһрам Шəлімбековадан
туған тұңғышы Ескендір Тынышбаев Алаш Орда «тапсырмасын орындаушы» деген айыппен 10
жылға сотталды. М.Тынышбаевтың осы зайыбынан көрген қыздары Фатанад-бану (Фатима) мен
Динарзада да зұлмат жылдардың зұлымдығын көп көрді [2; 31, 32].
Ескендір Мұхамеджанұлы ұзақ өмір сүрді. Ол қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор жəне
деректі фильмдер режиссері болды. Бұл күндері ортамызда жоқ. Ғалымның бірлі-жарым шағын
рецензиялары, мақалалары ұзақ жылдар бойы осы Ескендір Тынышбаевтың қолында сақталып
келген. Олар: «Следы древних городов, крепостей, курганов в Сыр-Дарьинской и Джетысуйской
губерниях» [19]; «О местонахождении древнего города Илан-Балыка (Или-Балыка)» [20]; «Предания
о казахском хане Тауке и батыре его Алдыяре» [21].
Мұхаңның Əмина Шайхалиевадан 1933 жылы туған Дəулет деген ұлы — бұл күндері үлкен
ғалым, техника ғылымдарының докторы, аса ірі химик. Көптеген жылдар нағашы атасының
фамилиясын алып шалғайдағы Башқұртстанның астанасы — Уфа қаласында еңбек етті. Соңғы
жылдары атажұртқа оралған Дəулет Мұхамеджанұлы Шайхали-Тынышбаев Алматыдағы Қазақстан-
Британ университетінде ұстаздық қызмет атқаруда.
«Ата-анамның отбасылық өмірі көпке созылған жоқ. Ол кісілер 1930 жылдың сəуір айында
үйленді. Мен туғанда əкем түрмеде екен, — деп еске алады Мұхамеджанның ұлы Дəулет. — Маған
анамның фамилиясын беруін жəне анамның атасының есімін беруін аманат етіпті. Ол кісі мені
осылай аман алып қалғысы келген шығар. Содан кейін бізді Воронеж облысына жер аударды. Ол
жерде төрт жылдай болдық. Əкем өте қатаң əрі қиын жағдайда күн кешті. Анам болса қолда бар
заттарын сатып, азық-ауқатты əзер табатын.
Дəулеттің ұлы — Асқар ғалым-математик. Ол кезінде Мəскеуде кандидаттық, ал 2004 жылы
Канадада докторлық диссертациялар қорғаған. 1996–1999 жылдары Канада мен Америка Құрама
Штаттарында ғылыми зерттеулермен айналысқан. Ол қазір əкесі Дəулет сияқты Алматыдағы
Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры болып еңбек етуде.
Тек елімізде жүзеге асырылып жатқан оң саясат шапағаты арқасында М.Тынышбайұлының
Алматы қаласындағы тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылды. Қазақ көлік жəне коммуникация
академиясына (сонда 2000 жылы ескерткіш-бюст орнатылған), көшеге, Алматы облысы Сарқант
ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі беріліп, Сарқант қаласында оның ескерткіші қойылды.
Осы ғана көңілге медеу, болашаққа сенім туғызады.
Иə, халқы үшін жанын құрбан еткен қазақта Мұхамеджан Тынышбаевтай есіл ерлеріміз аз емес.
Ал, сол Алаш арыстарының ерлігіне бас иіп, олардың еңбегін кеңінен насихаттау — бүгінгі ұрпақтың
парызы!
Р.С.Каренов
54
Вестник Карагандинского университета
Əдебиеттер тізімі
1 Садықбай Ж. Мұхаметжан Тынышпаев // Қазақ. — 2010. — 27 тамыз. — № 34–35 (495–496). — 8-б.
2 Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы. (Кеңес дəуірі жəне тəуелсіз Қазақстан): Оқулық. — Алматы: «Дəуір» ЖШС РПБК,
2012. — 512 б.
3 Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — 1-к. / Деректерді жинақ., баспаға ұсынғ.: Ə.Көпіш,
Г.Мұзафарова. — Алматы: Өнер, 2011. — 95, 96-б.
4 Жетісу. Энциклопедия. — Алматы: Арыс, 2004. — 596-б.
5 Қызыл қырғын / Құраст. Қ.Қасенов, Ə.Төреханов. — Алматы: Қазақстан, 1994. — 80 б.
6 Тынышбаев М. Қазақтар жəне азаттық қозғалысы (Автономшылар одағының 1-ші Съезінде 1905 жылғы 19 қарашада
оқылған баяндама) // Жұлдыз. — 2003. — № 4. — 201–203-б.
7 Қойгелдиев М. Алтынның сынығы // Ана тілі. — 1991. — 1 тамыз. — 5-б.
8 Тынышбайұлы М. Босқын қырғыз-қазақ жайы // Ана тілі. — 1991. 1 тамыз. — 5-б.
9 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. —8-т. / Бас ред. Б.Аяған. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2006. — 704 б.
10 Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа / История казахского народа: Учеб. пособие. — Алма-
ты: Санат, 2002. — С. 66–152.
11 Тынышбаев М. Қазақ тарихына материалдар: Қазақ руларының шежіресі / Орысш. ауд. Ə.Салықбай // Қазақ тарихы.
— 2009. — № 5 (98). — 9–11-б.
12 Тынышбаев М. Қазақ тарихына материалдар: Қазақ руларының шежіресі (жалғасы) / Орысш. ауд. Ə.Жұмабекұлы //
Қазақ тарихы. — 2010. — № 2 (101). — 5–7-б.
13 Тынышбаев М. Қазақ тарихына материалдар: Қазақ руларының шежіресі (жалғасы) / Орысш. ауд. Ə.Салықбай // Қазақ
тарихы. — 2009. — № 6(99). — 3–7-б.
14 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман. — X-т. — 2-к. — Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2008. — 240-б.
15 Тынышпаев М. Отзыв о труде А.П.Чулошникова по истории казак-киргизского народа / История казахского народа:
Учеб. пособие. — Алматы: Санат, 2002. — С. 49–66.
16 Тынышбайұлы М. Ақтабан-шұбырынды. (Қазақтардың азапты босулары жəне айбынды жеңістері) // Ана тілі. — 1990.
— 3 мамыр. — 4–5-б.
17 Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда: Естеліктер мен тарихи деректер. — Алматы: Жалын, 1996. — 68-б.
18 Тоғысбайұлы Б. Тынышбаев пен Голощекин (хикая) // Парасат. — 2007. — № 4. — 24–28-б.
19 Тынышпаев М. Следы древних городов, крепостей, курганов в Сыр-Дарьинской и Джетысуйской губерниях / История
казахского народа: Учеб. пособие. — Алматы: Санат, 2002. — С. 197–200.
20 Тынышпаев М. О местонахождении древнего города Илан-Балыка (Или-Балыка) / История казахского народа: Учеб.
пособие. — Алматы: Санат, 2002. — С. 205, 206.
21 Тынышпаев М. Предания о казахском хане Тауке и батыре его Алдыяре / История казахского народа: Учеб. пособие.
— Алматы: Санат, 2002. — С. 217–220.
Р.С.Каренов
Достарыңызбен бөлісу: |