№3(75)/2014 Серия история. Философия


Посткеңестік Қазақстандағы хиджаб дискурстары



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата15.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#9295
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

Посткеңестік Қазақстандағы хиджаб дискурстары:  
тарихи жəне қазіргі аспектілері 
Мақала  өзімен  хиджабтың  батыстық  зерттеулер  мен  ислам  феминисттерінің  жұмыстарынан  орын 
тапқан  компаративтік  талдауды  жəне  мұндай  түсіндірулердің  қазіргі  Қазақстандағы  хиджабтың 
посткеңестік  дискурсына  қалайша  қолданылуын  айқындайды.  Соңғы  жылдары  Қазақстанда  əйел 
денесін  тұтастай  жауып  тұрудан  ашық  «араб  стиліне»  дейінгі  хиджабты  киюдің  алуан  түрлілігі 
байқалады. Сонымен қатар Батыс жəне Оңтүстік Қазақстанда орын алған экстремистік шабуылдардан 
кейін  хиджаб  билік  дискурсы  үшін  дəстүрлі  ислам  идеясымен  байланыстырылмайтын  болған.  Бұл 
мақаланың негізгі зерттеу сұрақтары келесі: хиджабтың батыстық жəне исламдық нарративтеріндегі 
қандай түсіндірулер Қазақстанға қолданыла алады? Хиджаб дискурсы посткеңестік Қазақстанда қалай 
құрылымдалады? Көпшілігі мұсылман аталатын орта азиялық еліндегі хиджабтың «атеизм дəуірінен» 
кейінгі  мағынасы  қандай?  Қазіргі  уақытта  Қазақстандағы  хиджабқа  қатысты  секулярлы  жəне  діни 
дискурстардың арасында қандай қатынас бар? Секулярлы көпшілік үшін жəне жас мұсылмандар үшін 
хиджаб нені білдіре алады? Хиджаб туралы жас мұсылмандар, əйелдер мен ер кісілер не деуде? Бұл 
зерттеу өзін мұсылманбыз деп анықтайтын екі ер кісі мен екі əйелдің сұхбаттарына негізделген.
 
 
 
 

Discourses of hijab in post-Soviet Kazakhstan ... 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
73 
Н.А.Мингишева  
Дискурсы хиджаба в постсоветском Казахстане:  
исторические и современные аспекты 
В  статье  представлен  компаративный  анализ  интерпретаций  хиджаба  в  западных  иссследованиях  и 
работах  исламских  феминисток  и  того,  каким  образом  данные  интерпретации  приложимы  к  постсо-
ветскому дискурсу хиджаба в современном Казахстане. Отмечено, что в последние годы в Казахстане 
наблюдается разнообразие в ношении хиджаба — от полного покрытия женского тела до открытого 
«арабского стиля». Одновременно доказано, что после экстремистских атак в Западном и Южном Ка-
захстане  хиджаб  перестает  ассоциироваться  с  идеей  традиционного  ислама  для  властного  дискурса. 
Определены  основные  исследовательские  вопросы  в  данной  работе:  Какие  интерпретации  хиджаба 
в западном  и  исламском  нарративе  приложимы  к  Казахстану?  Как  дискурс  хиджаба  конструируется 
в постсоветском  Казахстане?  Каково  значение  хиджаба  после  «эры  атеизма»  в  центральноазиатской 
стране с мусульманским большинством? Каковы отношения между секулярным и религиозным дис-
курсами в отношении хиджаба в Казахстане в настоящее время? Что может означать хиджаб для се-
кулярного  большинства  и  для  молодых  мусульман?  Что  говорят  молодые  мусульмане,  женщины  и 
мужчины о хиджабе? Данное исследование основано на интервью двух мужчин и двух женщин, иден-
тифицирующих себя мусульманами. 
 
 
 
 
ƏОЖ 94 (574) «19» 
Ə.Б.Жағыпар 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті  (E-mail: karakesek334@mail.ru) 
Алаш арыстары идеясы — ЕСЕП партиясын құру 
Мақалада  Алаш  ұранды  ұлт  қайраткерлерінің  тəуелсіздік  мұратында  атқарған  саяси  жəне  рухани 
еңбектерінің  тарихи  сабақтастық  тұрғысынан  тарихи  санада  жаңарып  жаңғыруының  жолдары  ХХ 
ғасырдың 40-жылдары кеңестік кезеңде Қарағанды қаласында құрылған ЕСЕП — Елін сүйген ерлер 
партиясы негізінде қарастырылды. ЕСЕП өз кезегінде қалыптасу, даму, шарықтау кезеңдерін өткеріп, 
тарихи  сабақтастық  арқылы  Алаш  ұлт  зиялыларының  идеясынан  туындаған  Қарағандыда  «Елін 
сүйген  ерлер  партиясы»,  Батыс  Қазақстанда  «Қазақ  халқын  қорғаушылар  одағы»,  Мəскеудегі  «Жас 
тұлпар», Керекудегі «Жас ұлан», Хасен Қожа-Ахмет құрмақ болған «Жас қазақ» секілді ұйымдармен 
жаңғырып жəне соңғы Желтоқсан көтерілісімен — Тəуелсіздікке қол жеткізу екендігі дəлелденді. 
Кілт сөздер: Алаш партиясы, Алашорда, Алаш азаматы, Алаш идеясы, Елін сүйген ерлер партиясы, 
алаштану, Мəңгілік ел. 
 
Кез  келген  өркениетті  ел  өз  тарихының  тамырын  тереңнен  іздестіреді.  Тарихының  бастауын 
ежелгі  дəуірлерден  тартқан  мемлекет  мызғымас  саяси-идеологиялық  сана  қалыптастыра 
алатындықтан,  онда  ұлттық  құндылықтар  негізінде  қоғамдық  келісім  жəне  демократиялық  өрлеу, 
нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтанда ұлттың келешегі мен болашағы үшін өткенге 
бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес. 
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздігін  жариялағаннан  кейін  қазақ  халқының  бұрын  «ақтаңдақ» 
болып  келген  тарихы  қайта  жазылып,  сан  алуан  мəселелер  заман  талабына  сай  өзінің  ғылыми 
бағасын беру үрдісі жүргізіліп жатыр. Əсіресе Қазақстанның ортағасырлық, жаңа жəне қазіргі заман 
тарихында  орын  алған  көптеген  мəселелер  қайтадан  қарастырылып,  іргелі  еңбектердің  зерттеу 
нысанына алынды. 
Қазақстан егемендігін алғанына, ел тəуелсіз болғанына 23 жыл толды. Осыдан жиырма үш жыл 
бұрын  туған  балалар — апталдай  бозбала  мен  бойжеткен.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары 
мен  азаматшалары  «тəуелсіздік»  сөзінің  парқына  үңіліп,  таным-түйсігімен  сезіне  алып  жүр  ме? 
«Тəуелсіздікке  біз  қалай  жеттік,  оған  жету  жолында  нендей  əрекеттер,  іс-қимылдар  жəне  кімдер 
құрбан  болды?»  деген  өзекті  сұрақ  туындайды.  Сондықтанда  Қазақстан  Республикасында  қазіргі 
таңдағы  ең  өзекті  мəселе  бақытымыз  баянды,  тəуелсіздігіміз  ғұмырлы  болуына  орай,  тарихтан 

Ə.Б.Жағыпар 
74 
Вестник Карагандинского университета 
тағылым  алған,  ұлттық  руханият  қайнарынан  қанып  ішкен  жас  буын-жас  ұрпақты  тəрбиелеу 
мəңгілігіміздің  мəңгілік  мəселесі  болып  табылады.  Бұл  ретте  тарих  тағылымын  санада  жаңғырта 
отырып, ұрпақтар сабақтастығын қалпына келтіру үрдісі өзекті сипатқа ие. Ұрпақтар сабақтастығы ең 
бірінші  кезекте  кешегі  «Алаш»  ұранды  ұлт  зиялыларының  қазақ  мемлекеттігін  қалпына  келтірудегі 
тарихи ерен еңбегін бүгінгі отандық тəлім-тəрбие өзегіне айналдыру деп білеміз. Бізге отаншыл терең 
білімді  зияткер  жастар  керек.  Ал,  олардың  бойтұмар  етіп  ұстанар  тұлғалары  Алаш  ұранды  арыстар 
идеясы болса, туған отанымыз — Қазақстанның рухани жəне экономикалық өркендеуі жаңа сапалы 
өреге  шығарына  сенімдіміз.  Біздер  үлгі-өнеге  алатын  алдыңғы  толқын  ағалардың  кешегі 
тоталитарлық жүйе қысымындағы азаматтық ерліктері, елдік жолындағы қызметтері өшпес өнеге. 
Мақаламыздың басында қойған сұрағымызға жауап қарастырсақ: «Тəуелсіздік — мемлекеттің өз 
саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тəуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің əлемдік 
қауымдастық  мойындаған  аумағының  болуы,  сол  аумақты  басқаратын  мемлекеттік  биліктің  болуы, 
елдікті  нақыштаған  əнұран,  тудың  жəне  елтаңбаның  болуын  атауға  болады.  Саяси  тəуелсіздікті 
экономикалық  тəуелсіздікпен  ұштастырмайынша,  толыққанды  тəуелсіздікке  жол  жоқ», — деген 
анықтамадан  шығатын  қорытынды  адам  баласы  бостандықта,  ешкімге  кіріптар  болмай,  өз 
несібесімен,  өзіне  қолайлы  жағдаятын  жасап  өмір  сүру [1].  Ежелгі  дəуірдегі  Тұмар  ханшайым, 
Шырақ  батыр, атақты  Атилладан  бастау  алатын азаттық  жолы  əр  ғасырда  өзінше  түрленіп  отырды. 
Тəуелсіздікке жету жолында қаншама бабаларымыз құрбан, егеменді ел боламыз деп жандарын қиды. 
Азаттық  аңсаған,  армандап  өткен  арыстарымыздың  саны  шексіз.  Тарихтан  бізге  мəлім,  Əбілқайыр 
ханның  елшілігі 1731 жылы  Ресей  империясының  патшайымы  Анна  Иоановнаға  бодан  болуға 
келіскені. Осы тарихи құжаттан бастап, ешқашан біреудің кіріптары болып көрмеген қазақ халқына 
бодандықтың қыл бұрауы мойнына тағылды. Өміріміз жақсылық пен жамандықтан құралғандықтан, 
əр  істің  де  екі  жағы  болады. XVIII ғасырда  қазақ  халқының  басына  түскен  нəубəт  кезеңдеріне 
қысқаша  жолу  жасасақ,  оңтүстік-шығыста  «арыстанша  ақырған»  жоңғарлар,  шығыста  «аюша 
ырылдаған»  Қытай,  оңтүстікте  «қасқырша  ұлыған»  Азия  хандықтары,  солтүстікте  «жолбарысша 
атылғалы»  тұрған  Орыс  империясы  жан-жақтан  қысым  көрсетті.  Халық  қамын  əріден  ойлаған 
Əбілқайыр  хан  бастаған  Кіші  жүз  сұлтандары  мен  жайсаңдары  бодан  болу  арқылы  қазақ  халқын 
аман-есен  оттан  арашалап  алып  қалу  мақсатын  ұстанды.  Бірақ  бодандықтың  қамыты  мықты 
байланып, 300 жылға  жуық  уақыттан  кейін  күрмеуі  шешілді.  Егемен,  тəуелсіз  ел  боламыз  деп, 300 
жылға  жуық  аралықтың  ішінде  əр  жылда,  əр  жерде  толассыз,  тоқтамай  ашық  та,  жасырын  да, 
отаршылдыққа  бағытталған  көтерілістер  болды.  Өйткені  бұл  заңдылық  еді,  қазақ  халқының  түп 
тамырына қарасақ, ен далада еркін өскен, бодан болып көрмеген. XVIII ғасырдың өзінде бодандыққа 
қарсылықты  қазақтың  ұлы  Абылай  ханымыздың  қайтсе  де  елді  аман  алып  қалу  саясатынан  жəне 
ғасыр аяғындағы батырымыз Сырым Датұлы көтерілісінен көреміз. XIX ғасырда батырларымыз бен 
бағландарымыз  бодандыққа  қарсы  атқа  мінді.  Бəрін  айту  мүмкін  емес,  қазақтың  соңғы  ханы 
Кенесары  хан,  Исатай  мен  Махамбет  батырларымыз  жəне  ғасыр  ортасына  қарай  қарт  Жанқожа 
батырларымыз қарсы көтерілді. XX ғасырда əлем өзгеріп, заманға сай адамдарда өзгерді. Ғасыр басы 
əлемде  қанды  қырғын  соғыспен  басталды. «Екі  түйе  сүйкенсе,  ортасында  шыбын  өледі»  демекші, 
соғыс əсері қазақ халқына да тиді. Майдан даласындағы тыл жұмысына бұратана халықтан 19–43 жас 
арасындағы  ер  азамат  алына  бастады.  Құнарлы  жерінен,  шұрайлы  көлінен  айырылған  қазақ,  енді 
азаматтарынан тірідей айырылуға көнбей, отаршылдыққа қарсы əр жерде көтерілістер басталды. Ірі 
орталықтары  Торғай  мен  Жетісу  болып,  басшылары  қазақ  батырлары  Əбдіғаппар  Жанбосынов  пен 
Амангелді  Имановтар  болды.  Заманына  сай  мұздай  қаруланған  Ресей  империясының  əскері 
көтерілісті басып, халықты қырғынға ұшыратты. Осы кезеңде қарудың күшін ғылым мен білім орнын 
алмастырған  қазақ  зиялылар  шоғыры  тарих  сахнасына  шықты.  Əлемдік  империалистік 
мемлекеттердің қулық ойларын алыстан түсінген, зиялы қауым өкілдері қазақ халқын оқу оқып, білім 
іздеуге,  өнер  үйренуге  бір  сөзбен — көкірегі  ояу,  көзі  ашық  болуға  шақырды.  Ұлт  зиялылары
 
мұсылманшыл түркі жəдитшілдігімен толық сабақтастық таба білді. Ойларын іске асыру үшін, жеке 
партия  жəне  оның  өз  органы — газет,  журналы  болды.  Əр  партияның  мүшелері,  ұлт  зиялылары 
пікірлері əр түрлі болғанымен, бəрінің алдына қойған көксеген ой — арманы мен мақсаты біреу-ақ — 
егеменді  ел  болып,  тəуелсіздікке  жету.  Солардың  ішінен  айрықша  көзге  түскені  Алаш  партиясы 
болды. «Алаш»  партиясы 1917 жылы 21–26 шілдеде  Орынбор  қаласында  Жалпықазақтың  съезінде 
құрылды [2; 999]. «Алаш  мұрасы»  сериясын  жарыққа  шығарушы  авторлар  ұжымы  «Алаш» 
терминіне: «Алаш (ежелгі  түрік  сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне  заманда, түркі 
халықтары  бөліне  қоймаған  қауым  кезінде  дүниеге  келген  ұғым.  Орта  ғасырлық  жəне  одан  ерте 

Алаш арыстар идеясы — ЕСЕП партиясын құру 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
75 
кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпалардың ортақ 
атауы. «Алаш» сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш» 
деген  қазақ  халқы ұлттық  тəуелсіздік  жолындағы  күресінде  ежелгі  «Алаш» ұғымына  қайта  оралып, 
оны  бостандық  пен  бірліктің  ұраны  етіп  алды.  Соның  дəлелі  ретінде  «Алаш  қозғалысы», 
«Алашорда», «Алаш»  деген  ұғымдарды  атауға  болады. «Алаш  азаматы»  деу  қазақ  халқының  ауыз 
бірлігіне,  елдің,  жердің  тұтастығына  мегзейді», — деген  анықтама  береді [3]. Ата-баба  арманы 
үзілмей жеткен Алаш ұранды ел тұтқаларының дала даналарының елдік идеясын ХХ ғасыр басында 
Алаш  қайраткерлері  дамытты.  Оның  да  өзіндік  заңдылықтары  бар, «Мəңгілік  ел»  идеясы  қазақтың 
киелі  жері  Алтайда  көтерілді.  Алаштанудың  негізін  қалаушылардың  бірі,  ғалым  Мəмбет  Қойгелді: 
«Алаш идеясы бұл қазақ халқының күнделікті тыныс-тіршілігінен бастау алады», деп ой түйіп, Алаш 
идеясының  қайнарын: «Алаш  идеясы  бұл  белгілі  бір  топтың  еркімен  өмірге  келе  салған  жасанды, 
сондықтан  да  өткінші  құбылыс  емес.  Ол  ұлтпен  бірге  өмір  сүретін,  ұлт  өмірінен  тамыр  алған 
құндылықтар жиынтығы, яғни ол қазақ ұлтының түрлі тарихи кезеңдерде өмірлік мүддесін білдіріп 
отыратын  манифест  бағдарлама.  Алаш  идеясын  өмірден  біржола  ығыстырып  тастауға  көп  күш 
жұмсаған  кеңестік  билік  өмірден  кете  салысымен  Алаш  идеясының  қайта  жаңғырып,  жаңадан  күш 
алуы  оның  өміршеңдік  сипатын  анықтайды»  деген  жолдардан  тарихи  сабақтастықтың  үзілмегенін 
көреміз [4; 4]. Төлепберген  Болатбек  Алаш  идеясын  ХХ ғ.  басында  ту  етіп  ұстағандар  мен 
жалғастырушылар  хақында: «Мұқым  Алашқа  ұран  болған  Алаш  идеясы — ақыл  тоқтатқан  аға 
буынның бастауымен ерте есейген жас ұрпақтың жалғастыруымен тағылымы бүгінге сабақ боларлық 
салмақты да жасампаз идея», — деп ой қорытады [4; 13, 14]. 
Алаш  партиясының  заңды  мұрагері,  Қазақтың  тұңғыш  ұлттық  мемлекеті 1917 жылы 
желтоқсанның 5–13 күндері  аралығында  Орынбор  қаласында  жалпықазақтың  ІІ  Съезі  Алашорда 
ұлттық  үкіметі  құрылып,  жабық  дауыс  беру  нəтижесінде  Əлихан  Бөкейхан — Ұлт  Кеңесінің 
Төрағасы болып сайланды [2; 329–333]. Осы Алаш партиясы жайында Ханкелді Əбжанов: «Торлаған 
тұманнан  жол  таппай  тұрған  халқын  өрге  сүйреген  күш  Алаш  қозғалысы  еді.  Саяси  мəдениеті 
əлемдік  деңгейге  көтерілген,  кəсіби  даярлығы  заманының  сұранысына  сай,  адамгершілік-имандық 
қасиеттері  ұлы  даланың  сан  ғасырлық  құндылықтарымен  суғарылған  Ə.Бөкейхан,  А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов,  М.Тынышбаев,  Ж.Ақпаев,  М.Шоқай,  Б.Қаратаев  сынды  дүлдүлдер  бастапқыда  осынау 
қозғалыстың  тұлғалық-интеллектуалдық  əлеуетін  сомдаса,  іле-шала  Х.Досмұхамедов,  М.Жұмабаев, 
С.Сейфуллин,  Т.Рысқұлов,  С.Сəдуақасов,  М.Əуезов,  Ж.Аймауытов,  С.Лапин,  тағы  басқалар 
əрлендірді.  Қ.Кемеңгерұлының 20-шы  жылдар  басында  Ə.Бөкейханды  білімімен  Еуропаның 
таңдамалы  оқымыстыларына  тең  түсіп  құрдас  болған  деуінде  тарихи  шындық  бар.  Əлекеңдер  мен 
Ахаңдардың  сарқытын  ішкен  М.Əуезов,  көзін  көрген  С.Сейфуллин  кейінде  бірі  əлем  əдебиеті 
классиктері қатарынан орын алса, екіншісі қазақ əдебиетіндегі социалистік реализм тəсілінің негізін 
қалаушы ретінде тарихқа енді. Біз бұл жерде саяси жəне таптық ұстанымдары əр қилы азаматтарды 
бір қауымға бекер топтастырып отырған жоқпыз. Əңгіме олардың бəрі ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты үшін 
білімі  мен  білігін,  күш-қуатын  жұмсағанында,  тіпті  құрбандыққа  барғанында», — дейді [5]. Осы 
ойдан  түйетініміз,  алып  орыс  империализміне  халқымызға  тəн  батырлық  пен  ерлікке  сай,  қазақ 
ұлтына деген шексіз махаббаттың арқасында қасқайып қарсы шықты. Алаш зиялыларының алдыңғы 
жəне  кейінгі  буынының  ойлаған  ойы,  іске  асырамын  деген  армандары  үзілмей  жеткен  тарихи 
сабақтастық арқылы Қарағандыда «Елін сүйген ерлер партиясы», Батыс Қазақстанда «Қазақ халқын 
қорғаушылар одағы», Мəскеудегі «Жас тұлпар», Керекудегі «Жас ұлан», Хасен Қожа-Ахмет құрмақ 
болған «Жас қазақ» секілді ұйымдармен жаңғырып жəне соңғы Желтоқсан көтерілісінің қылмысымен 
асқақтады. 
Алаш  идеясы  үшін  күресті  кеңестік  билік  жағдайында  жалғастырған  қоғамдық  ұйымдар  мен 
жеке  азаматтардың  қызметі  арқасында  Тəуелсіздікке  жетудің  жолдары  жатыр.  Қазақстан 
Республикасының  мұрағат  құжаттарын  сараласақ,  ХХ ғ. 30-жылдардың  аяғы  мен  ХХ ғ. 90-жыл-
дардың  аралығында  жастардың,  соның  ішінде  жоғары  оқу  орындарының  студенттері  мен  мектеп 
оқушыларының  Алаш  идеясын  ту  етіп  көтеру  ниеттерін көреміз. Іс-қимылдарын  ресми  тіркелмеген 
саяси-қоғамдық  ұйымдар  мен  топ  жəне  партиялар  құрып  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  талаптанған. 
Негізін  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  зиялыларының  шығармаларымен  танысу  арқылы  өз  бойларына 
дарытқан.  Кеңестік  қатал  жүйе  тұсында  оқылуға  тыйым  салынған  ұлт  зиялы  қауымның 
шығармаларымен  жүздесу  сəттерін  сыйлаған  ұлт  болашағын  ойлаған  оқытушылар  қуғын-сүргіннің 
шет  жағасын  білсе  де  жасырын  түрде  бағыт-бағдарлардың  беріп  отырғанын  көруімізге  болады. 
Сөзіміз  дəйекті  болуы  үшін,  бір  ғана  Қарағанды  өңірінде  ХХ ғ. 40-жылдардың  басында 

Ə.Б.Жағыпар 
76 
Вестник Карагандинского университета 
Қарағандыдағы  екі  жылдық  мұғалімдер  инсититутына  түскен  студенттердің  «ЕСЕП — Елін  сүйген 
ерлер  партиясын»  мысал  етіп  алсақ  та  жетеді.  Дана  халқымыз: «Ұстазы  жақсының — ұстамы 
жақсы», —  деп  бекер  айтпаған.  Өзінің  ізденімпаздығы  жəне  ұстазының  жеке  кітап  қорынан  Алаш 
көсемдерінің бұрын көрмеген, оқымаған кітаптарымен танысты. Ол кітаптар Ахмет Байтұрсыновтың 
«Маса», «Қырық  мысал»,  Міржақып  Дулатовтың  «Оян,  қазақ»  жəне  Сəбит  Мұқановтың  «ХХ 
ғасырдағы  қазақ  əдебиеті», 1-бөлім, «Ұлтшылдық  дəуірі» («Қазақстан»  баспасы, 1932, Қызылорда) 
латын əрпімен шыққан кітабы. Аталған кітаптарды, оқуға тыйым салынған оқулықтарды студентерге 
тараттың деген жала Айтбай Нəрешовтың алдынан шығып, азап шеккен азаматтар қатарына қосылды 
[6; 4]. Осы  кітаптарды  оқып  шыққаннан  кейін  халықтың  нағыз  досы  Алаш  партиясы  екеніне  толық 
сенгендері  жайында  Махмет  Темірұлы: «Алдағы  уақытта  сол  Алаш  азаматтарының  жолын  қуып, 
туған  еліміздің  азаттығы,  бостандығы  үшін  күресуге  бел  будық», — дейді [7; 6]. Осыдан  шығатын 
қорытынды,  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  жəне  онан  кейінгі  уақыт  аралығында  тарихтың 
бұрқанған  от-дауылдарында  жеңін — жастық,  етегін  төсек  етіп,  тіршілік  етіп  келе  жатқан  халық 
деген жарықтық тумасында бостандыққа құштар, еркіндікке ғашық. «Еңкейгенге — еңкей, ол əкеңнің 
құлы емес, шалқайғанға — шалқай, ол құдайдың ұлы емес», — дейтін қазақ халқының даналығында 
да  көшпелі  жұрттың  көп  ғасырлық  тəжірбиесінен  туындаған  əлсізді  жəбірлемейтін  күштіге  көнгісі 
келмейтін кекесінді ойы тұнып жатқан жоқ па? 
1937–1938  жылдары  жаппай  ұлт  зиялыларын  репресияға  ұшыратқаннан  кейін,  бір  партиялық 
жүйемен  қабаттаса,  ұлттық  тəуелсіздікті  армандаған,  ЕСЕП  партиясының  болғандығын  ҚР  ҰҚК 
құжаттарында: «...Искаков и Темиров в период учебы в Нуринской средней школе, а затем в 1940–
1942  годах  в  Карагандинском  учительском  институте  создали  антисоветскую  националистическую 
орзанизацию «ЕСЕП» (партия героев, любяших Родину), которая своей задачей ставила отторжение 
Казахстана  и  республики  Средней  Азии  от  Советского  Союза  и  создания  на  их  территории 
буржуазного  государства;  проводили  среди  казахской  молодежи  антисоветскую  агитацию,  читали 
контрреволюционную литературу», — деп көрсетіледі [8]. Осы құжаттарды саралап, ЕСЕП партиясы 
тарихын төрт кезеңде бөліп қарастырғанды жөн деп білеміз: 
1) қалыптасу кезеңі — 1940–1942 жылдары; 
2) даму кезеңі — 1944–1951 жылдары; 
3) шарықтау кезеңі — 1960–1964 жылдары; 
4) тарихи сабақтастық кезеңі — тəуелсіздікке қол жеткізу. 
Бірінші,  қалыптасу  кезеңі, 1940–1942 жылдары  қайнар  көзін  Алаш  идеясынан  алған, 
Қарағанды облысы Нұра ауданының Казгородок (қазіргі Кертінді) ауылындағы орта мектепті бітіріп 
келген  бір  топ  оқушы  Қарағандыдағы  екі  жылдық  Мұғалімдер  инсититутына  түскен  студенттерден 
басталады [6; 6]. Бүркіт Ысқақов ел өмірінің ащы шындықтарын көзімен көріп, көкірегімен ой түйіп 
жүрген 17 жасар жасөспірім, осы институтта қазақ əдебиетінің аға оқытушысы А.Нəрешевтен тəлім 
алуы ой өрісінің жетіліп толығуына əкелді. Айтбай Нəрешов басшылығымен құрылған «Жас қалам» 
үйірмесіне  Бүркіт  Ысқақов  көмекші  болды.  Үйірмеде  жүрген  кезінде  Алаш  қайраткерлерінің,  оның 
ішінде  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Маса», «Қырық  мысал», Міржақып Дулатовтың  «Оян, қазақ» жəне 
Сəбит  Мұқановтың  «ХХ  ғасырдағы  қазақ  əдебиеті», 1-бөлім, «Ұлтшылдық  дəуірі» («Қазақстан» 
баспасы, 1932, Қызылорда)  латын  əрпімен  шыққан  кітаптарын  үйірмеге  əкеп  бірге  талдайтын. 
Мысалға, Ахмет Байтұрсынұлының: 
Қазағым елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып. 
Талауда малың, 
Қамауда жаның, 
Аш көзіңді, оянып! 
Қанған жоқ па əлі ұйқың, 
Ұйықтайтын бар не сиқың?! —  
деген өлеңдерді оқып халықтың нағыз досы Алаш партиясы сияқты өз еліне қызмет ететін партияның 
керек екенін түйсінеді. Саналы да арлы жастардың көкейлерінде «біз келешекте не істеуіміз керек?» 
деген сұрақ мазалайды. Оған жауапты Мағжан Жұмабаевтың: 
Кене мен Абылайдың жолын қумай. 
Жапанда жайылудың мəні қалай?! —  

Алаш арыстар идеясы — ЕСЕП партиясын құру 
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014 
77 
деген  өлең  жолдарынан  табады.  Өздерінің  келешекте  қазақ  халқының  азаттығы,  тəуелсіздігі  үшін 
күрескен Абылай мен Кене хандардың жолын қууға бел байласады [9]. Суырып салма ақындығы мен 
қайсарлығын мына естеліктен көреміз: «Тарих сабағының мұғалімі Қабзəкір Байтасов студенттерден 
карта алдында сабақ сұрайды. Кезек Бүркітке келеді, мұғалім оған күлімдеп: «Сен, шын ақын болсаң, 
осы  картаға  қарап  тұрып,  көп  ойланбастан  бір  ауыз  өлең  шығарып  жіберші», — дейді.  Сонда  ол 
қомданған  бүркітше  ширыға  түсті  де,  көп  ойланбастан: «Уа,  Азия,  ұлысың,  Ұлылығың  құрысын. 
Құрысын  демей  не  дейін,  Еуропаның  құлысың», — дегенде  мұғалім  де,  тыңдап  отырған  біздер  де 
Бүркіттің ақындық алғырлығына өте риза болып, сүйсініп қалдық», — дейді [10; 34]. 
ЕСЕП  партиясының  белді  мүшесі  Махмет  Темірұлы: «1941 жылдың  бас  кезінде  «ЕСЕП» 
партиясы  дүниеге  келді», — дейді [10; 36]. Бүркіт  Ысқақов  (негізін  қалаушы),  Махмет  Теміров 
(орынбасары),  Елеш  Бимағанбетов,  Дəкен  Шалабеков,  Аманжол  Дүйсенбаев,  Əшім  Сүлейменов, 
Жанайдар Əубəкіров — бұлар институтта оқып жүрген студенттер. Ауылдағы пікірлес достары жəне 
партия  мүшелері:  Рақыш  Бұйрабеков,  Кəмəли  Рахметов,  Қажыкен  Тінтаев,  Аққошқар  Мұқанов, 
Байдалы Боқаев, Ақаш Мұқанов, Балапан Сəкібаев, Орынбай Сауқанов, Сайдалы Кенжебаев (Мақуов 
кейіннен).  Тарих  факультетінің  студенттері  де  пікірлес  болған,  олар  Нұркенов  Ахметжан,  Сейітов 
Қайлеш,  Аманбаев  Мұқаш,  Əубəкіров  Хайридден.  Институтта  Бүркітпен  жақсы  достардың  бірі 
Жаппар  Өмірбеков  жəне  ерекше  тілектестері  Оңайбек  Құдышұлы,  Орынбай  Айтмағанбетов. 
Құптаушылар  сол  кездегі  жалғыз  Жамбыл  атындағы  қазақ  мектебі  оқушылары  да  болды. Мектепке 
барып  Алаш  ақындарының  өлеңдерін  оқып,  жырмен  сусындандыратын  оқушыларды.  Мақсаты — 
тəуелсіз  ел  болу,  міндеті — жастарды  ұлттық  рухта  тəрбиелеу.  Мақсатқа  жету  үшін,  міндетін  іске 
асыру  үшін  өз  бағдарламасы  мен  заңдарын  құрды.  Бағдарламасын  қорытындылап  айтар  болсақ: 
«отарлық  бұғаудан  босану;  азаттық  алу  үшін  күресу;  саяси  жағдайды  алдын  ала  бағамдай  білген, 
коммунизмге  зор  қауіптің  төніп  келе  жатқанын,  КСРО  талқандалса  қолайлы  жағдайды  пайдалану; 
жастардың  ұлттық  ой-санасын  ояту;  туған  халқының  мүддесі  мен  намысы  үшін  жан  аямай  күресу; 
келешекте  көздегендері  халықтық  мемлекет;  Қазақстанда  тұратын,  туып  өскен,  туған  жерін  сүйетін 
халыққа арқа сүйейді; отарлық бұғаудағы халықтармен одақтасу; түбі бір түркі елімен ынтымақтасу; 
дін  Исламды  ұстанған  халықтармен  бірігуге  талпыну;  коммунистік  жүйе  құрсауындағы  елдерді 
қолдауға шақыру; «ЕСЕП» партиясының төңірегіне жиналыңдар. Туған жер, туған халқың үшін жан 
пида!» [11]. Қазақ жастарының санасына осы айтылғандарды сіңдіруге, біріншіден, əкімшіл-əміршіл 
жүйе  кедергі  жасаса,  екіншіден,  империалистік  мемлекеттердің  əлемді  бөлісу  саясатынан  тұтанған 
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы «ЕСЕП»-тің кең таралуына мүмкіндік бермеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет