Екінші даму кезеңі, 1944–1951 жылдары ұлттық тəуелсіздік үшін жүргізілген үгіт-насихат
нəтижесіз болмады. Оның дəлелі, əділетсіз қоғамға қарсылық кейінгі буыннан қолдау тапқанын:
«1944 жылдың тамыз-қазан айларында өмірге əлі келмеген «Елін сүйген ерлер партиясы» (ЕСЕП)
партиясының белсенділері ретінде «Советтік Қарағанды» газетінің қызметкері Бейсембай
Жақсылықов, облыстық драма театрында істейтін Зейнолла Əбілдин, Жамбыл Рүстемов,
«Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Жаппар Өмірбеков
Қарағанды облыстық ішкі істер (НКВД), мемлекеттік қауіпсіздік (КГБ) басқармалары тарапынан
тұтқындалады», — деп көрсетіледі [12; 411]. Автор Əбдіжаппар Əбдəкімұлы айтқандай, өмірге əлі
келмеген емес, ұлттық қауіпсіздік құжаттарынан жəне ЕСЕП партиясының құрылу кезеңінде:
«институтта Бүркітпен жақсы достардың бірі Жаппар Өмірбеков» — деген жолдардан көргеніміздей,
ЕСЕП партиясының даму кезеңі екенін көреміз. Осы айтылғандарға қосымша, жеке қордағы ҚазКСР
Орталық Атқару Халық Комиссарияты Қарағанды облысы, Тельман ауданының халық бөлімінің,
Токаревка ауылында 25.09.1944 жылы № 404 анықтамасы құжатында: «Өмірбеков Ж. 15.08.1942–
28.03.1943 жылдар аралығында Ақтөбе орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, 28.03.1943 жылдан
Елтай орта мектебінің директоры, 20.08.1944 жылы жұмысынан басқа жұмысқа ауысуына
байланысты босатылды», — деп нақтылайды. Анықтама айтылған жағдайдың кету себебі, жасөспірім
емес жиырма төрт жасқа аяқ басып, ақыл тоқтатқан жас жігіт директорлық қызметінен өзінің көп
ұзамай істеп жүрген істерінің əшкереленетінін біліп өз еркімен қызметінен кетуі де мүмкін. Осылай
қорытынды жасауымызға, Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта, мамандардың тапшылығы айқын
сезіліп тұрған кезде директорлық қызметтен босату сол мезгілде мүмкін емес болатын. Қазақ КСР
Жоғарғы Соты 24 желтоқсан 1956 жылғы шығыс нөмері — 22/ очзо н анықтамасы құжатында:
«Омирбеков Жаппар Ералиевич 04.06.1945 жылы ұлттық Ішкі істер комитетінің қарамағындағы
Ерекше мəслихаттың (Особое совещание, қысқаша — ОСО) Қаулысымен сотталған. ҚазКСР
Жоғарғы Соты Қылмысты істер жөніндегі Коллегиясының 20 желтоқсан 1956 жылы əрекетінде
Ə.Б.Жағыпар
78
Вестник Карагандинского университета
қылмыс құрамы болмағандықтан, қозғалған іс қысқарады», — деп қорытындыланған. 14.04.1993
жəне 30.11.2000 жылғы толықтырулармен «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Жаппар Өмірбекұлының құқы қалпына келтірілді [13].
Қалған бірге ұсталған азаматтардың тағдыр тəлкегін: Ерекше мəслихаттың Қаулысымен
Б.Жақсылықов пен З.Əбілдин РСФСР Қылмыстық кодексі 58-ші бабының 10 жəне 11-ші
тармақтарына сəйкес жазаланған. Жазаларын Колыманың Верховянск деген ең суық нүктесінен 120
шақырымда орналасқан Худан Кен барлау басқармасында 50–70 градустық аязға төтеп беріп он жыл
өмірлерін еңбек пен түзеу лагерлерінде өткізген», — дейді [12; 411]. Тоталитарлық жүйе құрсауынан
ұлттық көзқараспен шыққысы келген ойлы азаматтарды отап отырды.
1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якуниндердің
«Қазақстан тарихы мəселелерін марксистік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаласының
жариялануы кезекті қуғын-сүргіннің басталуына себеп болды. «ЕСЕП» партиясының мүшелері
Алматыда жүрген кездерінде де бастаған істерін тастамай жалғастыруда болады. Аса сақтықпен
жастардағы ұлттық рухты дамытуы жайлы: «...Ысқақов пен Теміров Ұлы Отан соғысы біткеннен
кейін заңға қарсы қарым-қатынастарын қалпына келтіріп, 1950 жылы Алматы педагогикалық
институтының студенттері Қалиев, Азанбаев жəне Аманқұловтарды өз топтарына тартқан», — деп
түйінделген [8]. Ұлтжанды азамат Бүркіт Ысқақов өзінің «ЕСЕП» партиясы мүшелерімен ақылдаса
келе, Е.Бекмахановты қолдап, Кенесары қозғалысын отаршылдыққа қарсы бағытталған күрес екенін
дəлелдеп жауап хатты «Правда» газетінің өзіне жазуға келіседі. Сол кездегі үш адамның бірі МҚҚ-
нің астыртын жансыз адамдары болатын. Сондықтан Бүркіт Ысқақов 1951 жылдың 18 қаңтарында
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің жауапты хатшысы қызметінде, жұмыста отырған
жерінен қауіпсіздік қызметінің адамдары тұтқындайды. Бостандықта қалған «ЕСЕП» партиясы
мүшелерін Махмет Теміров, Нарешев Айтбай, Нарешев Рамазан, Қалиев Жакен, Азанбаев Мұстахим,
Аманқұлов Адырбектерді бірінен кейін бірін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тұтқындайды [8].
Тергеу алты айға созылып, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер Жөніндегі Коллегиясының
1951 жылғы 14–15 маусымдағы үкімі бойынша РСФСР Қылмысты істер кодексінің 58–10, 58–11-
баптарының 2-тармағымен айыпталып, Бүркіт Ысқақов, Махмет Теміров, Нарешев Айтбай 25 жыл
мерзімге бас бостандығынан айыруға кесіліп, оған қосымша 5 жылға азаматтық құқығынан
айырылады. Нарешев Рамазан, Қалиев Жакен, Азанбаев Мұстахим 10 жыл мерзімге бас
бостандығынан айыруға кесіліп, оған қосымша 4 жылға азаматтық құқығынан айырылады.
Аманқұлов Адырбек 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға кесіліп, оған қосымша 3 жылға
азаматтық құқығынан айырылады [8]. Махмет Теміров пен Нарешев Айтбайды Сиблагқа — Иркутск
облысына айдауға жіберсе, қалған бесеуін Бүркіт Ысқақов, Нарешев Рамазан, Қалиев Жакен,
Азанбаев Мұстахим, Аманқұлов Адырбектерді 1948 жылы Жезқазған өңірінде, басқармасы Кеңгір
елді мекенінде құрылған «Степлаг» лагерінде тұтқында өмірлері өтті [10; 88]. Осы жылдары
«Үкіметке қарсы үгіт жүргізгендер», «Отанына опасыздық жасағандар» деп аталатын 58 баптың 10–
11 тармағы бойынша немесе «үштіктің» бұйрығымен азапталған тұлғаларымыз қаншама еді. 1956
жылдың атақты, аты шулы ХХ съезд жеке басқа табынуды əшкерелеуі, Коммунистік партияның
саясатына оң өзгерістер енгізді, ұлт зиялыларына оң əсерін тигізді. КСРО Жоғарғы Соты Қылмысты
істер жөніндегі Коллегиясының 1956 жылғы 17 қарашадағы Қаулысы бойынша Бүркіт Ысқақов
бастаған «ЕСЕП» партиясы мүшелері толық ақталып, партиялықтары қалпына келтірілді. 14.04.1993
жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
бойынша «ЕСЕП» партиясы мүшелері құқықтары қалпына келтірілген [8].
Үшінші шарықтау кезеңі, 1960–1964 жылдары «ЕСЕП» партиясының идеясы жанданып,
жоғары оқу орындарында кеңестік өкіметке қарсы үндеулер мен ұран-парақшалар шыға бастады.
Осы жылдардағы қарсылық туралы, мұрағат құжаты № 12-іс айыптау қорытындысының
деректерінде, ұйымдастырушылары Зейнолла Игіліков пен Кəмел Жүнісов. Олар 1961 жылдың
қаңтарында кездесіп, өздерінің антикеңестік ойларымен бөліседі, олардың ішінде жүргізіліп отырған
саясатты, орыс коммунистерінің бел алуы, қазақ тілі мен мəдениетінің жоғалуы жəне т.б. 1961
жылдың наурызында өздерінің ойларын жазбаша түрде жоғары оқу орындарындағы жастарға
жеткізуді көздеген. 1961 жылдың сəуір айының екінші жартысында Игіліков жазып, Жүнісов құптап,
«Жас қазақ» атымен редакциялаған. 1961 жылдың 22 сəуірінде Шет аудандық тұтынушылар
одағында хатшы Рымкеш Нұртазинамен жақындықтарын пайдалану арқылы 14 данамен жазу
машинкасында жоғарыдағы құжатты көбейткен. 1 Мамырда 10 парақты Ақшатау кентіндегі
поштамен Қазақстанның түрлі жоғары оқу орнындарына жіберген. Өздері тұратын Ақсу-Аюлыны
Алаш арыстар идеясы — ЕСЕП партиясын құру
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014
79
біліп қоймас үшін, із адастыру үшін жасаған. Бұл хаттармен Орал жəне Қызылорданың мұғалімдік
институттарында, Алматының шаруашылық жəне Киров атындағы Қазақ ұлттық институттарында
жоғары оқу орындарының студенттерінің көп бөлігі танысқан. Бірақ 1962 жылдың 10 желтоқсанында
Зейнолла Игіліковты, ал 1962 жылдың 17 желтоқсанында Кəмел Жүнісовты тұтқындайды. № 12 —
қылмыстық істің айыпталушылары З.Игіліков жəне К.Жүнісов Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 56-
бабының 1-тармағы мен 58-бабы бойынша тағылған айыпқа байланысты өздерінің кінəлəрін толық
мойындады. Айыптау қорытындысы Қарағанды қаласында 8 наурыз 1963 жыл дайындалды.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облыстық басқармасындағы тергеу бөлімінің аға
тергеушісі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық басқармасының бастығымен
келісілген», қысқаша нұсқасы осындай [14; 160–161]. ЕСЕП партиясының шарықтау кезеңіндегі
хаттарды жоғары оқу орнындарына таратуынан барлық қазақ елін қамтуға тырысқанын көреміз.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен өз Ата заңы бола тұра, ұйықтап жатқан қазақ елін
жаппай ояту мақсатын сеземіз. Іске байланысты 1963 жылы 18–19 наурызда ашық түрде Қазақ КСР
атымен, Қарағанды облыстық соты үкім шығарып, бұйырады: «К.Жүнісов жəне З.Игіліков Қазақ КСР
Қылмыстық кодексінің 56-бабының 1-тармағы мен 58-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан
айырылады. Еңбек пен түзеу лагерінде күшейтілген тəртіпте Игіліков Зейнолла, жалпы тəртіпте
Жүнісов Кəмел болуы тиіс», — деп бекітіледі. Потьма еңбекпен түзеу лагерінде жазаларын өткереді.
Зейнолла Игілікұлы Потьма еңбекпен түзеу лагерінің № 11 лагерлік бөлімшесінен 1965 жылы 10
желтоқсанда босатылады. ҚР Бас Прокуратурасы 07.05.1993 жылғы № 13/396–93 бұйрығымен
Жезқазған облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы совхозының тұрғыны Зейнолла Игілікұлының құқы
қалпына келтіріледі [14; 162]. Кəмел Жүністегі Тəуелсіздік алғаннан кейін ғана қудалаудан құтылып,
құқы қалпына келтірілген [15].
Зейнолла Игілікұлы мен Кəмел Жүністегінің «Жас қазақ» атымен редакциялаған хаттарының
əсері Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының да студенттерінің арасынан қолдау тапты. Оған
мысал ретінде, Қарағанды педагогикалық институты, тарих-филология факультеті, қатысушылар
физика-математика факультеті мен нақты ғылымдар факультеттерінің комсомол активтерімен 8
мамыр 1964 жылы өткен жабық комсомол жиналысында қаралған күннің мəселесі студент-
комсололдар Омарбеков Мақсым, Сауғабаев Кəрім, Əдікəрімов Совет, Спаин Аманжолдардың жеке
істері қаралады. Істі қарау барысында Кəрім Сауғабаевқа: «Жүнісовтың соты болған кезде сіз неге
өзгелерден ерекше көп «Тоқтат енді» деп неге айқайға бастың. Бұл жағдайды сотпен
келіскеушілігіңді қалай түсіндіресің?», — деген сұрақтар қойылған. Аманжол Спаинға сөз кезегі
берілгенде 1961 жылы бірінші курста оқып жүрген кезде Ақбастаудан хат келгенін айтады. Осы екі
мысалды талдағанда ЕСЕП партиясының жастарға жүргізген үгіт-насихатының жемісі жəне жоғары
оқу орындарында оқып жүрген жастардың санасына ұлттық рухты себуі нəтижелі болды. Істің
шешімі Мақсым Омарбеков пен Кəрім Сауғабаевты БЛКЖ Одағынан (ВЛКСМ) жəне оқудан
шығарылды. 4 курс студенті Əбдікəрімов Советті БЛКЖ Одағынан шығару жəне Спаин Аманжолға
жеке ісіне кіргізумен қатаң түрде ескерту берілді. Студенттер Омарбеков Мақсым, Сауғабаев Кəрім
соңғы бітіретін курстан 1964 жылы оқудан қуылған, өйткені Елін сүйген ерлер партиясының идеясын
жандандырған «Жас қазақ» ұйымын құрған деген айып тағылады [16].
Төртінші тарихи сабақтастық кезеңі — Тəуелсіздікке қол жеткізу. ЕСЕП (Елін сүйген ерлер
партиясы) партиясында болған азаматтардың фотосуретері мен құжаттары Қарағанды облыстық
тарихи-өлкетану мұражай экспозициясында ашылған «ХХ ғасырдың 30–50-жылдарындағы Қазақ
зиялыларының тағдыры» залына қойылған. Осы ойымызды Махмет Темірұлының сөзімен
сабақтастырсақ: «Бірақ еркіндік, дербестік жолындағы ұлы қозғалыс қазақ халқының, хандары мен
билерінің, батырлары мен бағландарының ел қорғаған жорықтары мен шайқастарынан, ұлт-азаттық
күрестерден, Алаш идеясынан, содан туындаған «ЕСЕП», Мəскеудегі «Жас тұлпар», Керекудегі «Жас
ұлан», Хасен Қожа-Ахмет құрмақ болған «Жас қазақ» секілді ұйымдардан, Желтоқсан көтерілісінен
тұрмай ма?» [7; 6]. Осы мақаламен айтпақ ойымыз, «ЕСЕП» партиясы сол кезде тəуелсіздігімізді
алып бермесе де, қауіпсіздік қызметінен басқа ешқай жерде тіркелмесе де, халық жүрегінен орын
алды. Ол тəуелсіздікке жетеміз деген қайсар сенімді одан əрі бекітіп, үзілмеген тарихи сабақтастық
арқылы Желтоқсан көтерілісімен ұштасты. Ал, Желтоқсан көтерілісі 70 жыл дүркіреген алып
Кеңестер Одағын таратуға алғы шарт жасады.
Мақаламызда айтылған жағдайларды саралай келіп, тəуелсіз елімізде өзекті «Алаштану»
мəселесінің шешу жолын қарастырғанда біржақты көзқараспен шындыққа жете алмайсың, объективті
бағасын бере алмайсың жəне оның түйінін қарқата алмайсың. Кеңестік кезеңді ұлт тарихында алар
Ə.Б.Жағыпар
80
Вестник Карагандинского университета
орнын Ханкелді Əбжанов: «Большевиктік идея толқынында кеңестік негіздегі қазақ мемлекеті
дүниеге келді, аумақтық тұтастыққа қол жеткіздік, республиканың экономикалық, əлеуметтік, мəдени
келбеті шырайланды, халықтың интеллектуалдық əлеуеті жаңаша қалыптасты. Ең бастысы —
тəуелсіздіктің алғышарттары ХХ ғасыр басында емес, ХХ ғасыр аяғында, яғни социализм
қойнауында, пісіп-жетілді. Демек, кеңестік дəуірді жөн-жосықсыз қаралай берудің реті жоқ, сынның
шын болғаны жөн», — деп өзінің ойын түйіндеп: «Бірақ тоталитаризмнің қазақ халқы кешірмейтін,
ұмытуға жатпайтын, ұрпақтан ұрпаққа аманаттайтын екі қылмысы да бар. Бірі — 1917 жылғы
қазанда билікке келгеннен 1991 жылы тарқағанша СОКП үздіксіз жүргізген кеңестік саяси қуғын-
сүргін, екіншісі — əр жылдардағы, əсіресе 1931–1932 жылдардағы ашаршылық. Ғылымда тарихпен
тəрбиелеу деген қағида бар тəрбиелеумен қоса тарих таразылай да, жазалай да біледі», — деген
сөзінен шығатын қорытынды, кеңестік жүйенің билікке келуімен қатар келген қуғын-сүргінді əр
жылдардағы шарықтау кезеңдеріне байланысты бөліп қарастыруды қажет ететінін жəне тарихтан
тағылым алсақ, болашаққа нық сеніммен қадам басатынымызды көреміз [14; 13–21]. Социализмнің
кемелденген шыңына жетеміз деген коммунистік партия мен жеке басқа табынушылықты ҚР
Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Өтіп бара жатқан ғасырдың тоталитарлық жүйелеріндей жаппай
бақылаудың жегіқұрт жүйесін өткен заманның ешқандай перғауыны да, қатыгез əміршісі де жасай
алмаған болар», — деп тарих тағылымына бойлата ойлатады [17; 249]. Тоталитарлық жүйе тұсында
ұлттық сана, дін мен діл, əлеуметтік құрылым, əлеуметтік түзілім, адамзат қауымдастығының мораль
мен этникалық құндылықтары аяусыз ойрандалды. Қазақ халқының сан ғасырлық үзілмей ұрпақтар
сабақтастығы арқылы жеткен дəстүрлі билік, рухани мəдениеті, халық ауыз əдебиеті үлгілері, жазба
əдебиеті мен шығыс ғұламалары еңбектері жəне т.б. феодалдық мешеулік, «еуропацентристік»
көзқарас тұрғысынан сипатталып біржақты баға беріліп, мəдениеті болмаған «жабайыларға»
өркениеттің жетістіктерін əкелеміз деген желеумен ұрандатты.
Алаштану — бұл өзіңді тану, өзіңді тану барысында тарихтан тағылым алып, елі мен жерін
қорғаған батыр бабалардан тəлім алу. Алаш ұранды азаматтардың ерлік істері мен елдік қасиеттерін
бойға сіңіріп, тəуелсіз Қазақ елін көркейтіп, қарыштап дамуына өз үлесін қосу. Алаштану мəселесі
тəуелсіздігіміздің тарихы болғандықтан, əр азамат өз жағдайына қарай көмек қолын созса, күрмеуі
шешілмей тұрған мəселеге септігі тиер еді.
Төлепберген Болатбек алаштану тақырыбының шешу жолдарына келгенде: «Алаштану
мəселесінде кəсіби тарихшылардың жазған еңбектерін қарап шығу мақсатымен кітапханалардағы
аталған тақырыптағы кітаптарды іздестірдік. Өкінішке орай, Ұлттық кітапханадан қолданыс аясында
ұзақ жылдардан бері жүріп сарғайып, тозығы əбден жеткен алаштанушы, тарихшы-ғалым
ағаларымыз, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Кеңес
Нұрпейісовтың 1995 жылы «Ататек» баспасынан шыққан «Алаш һəм Алашорда» кітабы жəне тарих
ғылымдарының докторы, профессор Мəмбет Қойгелдиевтің 1995 жылы «Санат» баспасынан шыққан
«Алаш қозғалысы» кітаптарынан басқа аталған тақырыпта жазылған еңбектерді кездестіре алмадық.
Тіпті, бұл тың тақырыпқа жаңадан жазылып жатқан дүниелер болмаса, аталған екі кітапты көп
данамен қайта бастырып шықса да игілікті іс болар еді ғой», — дейді [4; 13–14]. Демек, алаштың
бағытындағы ғылыми ізденістерді заман талабына сай жаңғырту, оны санаға сіңдіру мемлекетіміздің
негізгі қызметі болып қалмақ.
Саяси қуғын сүргін құрбандарын жыл бойы естен шығармауымыз, тарихта болған
ақтаңдақтарымызды қайта қайталамас үшін кейінгі жас ұрпаққа сабақ болу керек. Өйткені тарихи
тұлғалардан сабақ алмай, тарихи тұлғалардың ерен істерін мұрат тұтпай мемлекет басқаруда жəне
саясатта үлкен дəрежеге жету мүмкін емес.
Тарихи сананы қайта қалпына келтіру — бұл тек қана өкімет пен атқарушы биліктің ғана емес,
Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтар атсалысуы керек. Осы істе «Мəдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы жəне қазіргі кезеңде жүзеге асырылып жатқан «Халық тарих толқынында»
бағдарламасы игі ықпал жасады. Бұған қоса, «Білім жəне мəдениет» телеарнасында тарих, өлкетану
мəселелеріне қатысты жақсы бағдарламалар бар жəне осыған қоса «Алаш» тақырыбына арнайы
бағдарлама ұйымдастырылып, ол бағдарламада тарихи сананы ұлы бабаларымыздың Алаш ұранды
арыстар идеясы жəне ұлттық рухымен толықтыруымыз қажет жəне керек. Жаһандану заманында
ғаламторға сүйенген жастарымыз өсіп келе жатыр, сондықтан да ғаламтордағы ұлттық идеяны
насихаттайтын əр түрлі порталдарға мемлекеттік көмек көрсетіліп, олардың ісінің одан ары
дамытуларына мүмкіндік берілуі қажет. Ұлттық идея хақында, ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев:
«Ұлттық идея идеология жəдігөйлерінің ашқан жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің
Алаш арыстар идеясы — ЕСЕП партиясын құру
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014
81
ұлттық міндеттерін түсінуінің жемісі болып табылады», — дейді [17; 237]. Ағымдағы жылы елімізде
Алаш қозғалысы мен қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алаш Орданың 96 жылдығын жəне Алаш
арыстарының атаулы күндері аталып өтілді. Осы мақсатта жасалынған жұмыстарды сараптасақ,
істелінген істер саусақпен санарлық. Бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы белгіленген күндерге
арнап қана мақалалар бермей, əр санында тарихымызды тереңінен зерттелген мақалалармен қамтыса.
Осы айтылғандарды іске асыра білсек, Мəңгілік Қазақ елі тəуелсіздігі баянды болып қалады.
Əдебиеттер тізімі
1 Айбын. Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: Қазақ энцикл. бас ред., 2011. — 725-б.
2 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: Көмекші оқу құралы. — Алматы: Санат, 1995. — 368 б.
3 Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст. Ғ.Əнес, С.Смағұлова. — Алматы: Арыс, 2009. — 28,29-б.
4 Төлепберген Б. Мəңгі жас Алаш идеясы: Публицистикалық зерттеулер мен мақалалар. — Алматы: Алматы баспа үйі,
2008. — 304 б.
5 Əбжанов Х. Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы // Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ
зиялылары: Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: Гласир, 2008 —
5-б.
6 Құдышев О. Азап шеккен азаматтар // Орталық Қазақстан. — 1989. — 12 ақп.
7 Ержұман С. Алаш идеясы жəне «ЕСЕП» партиясы // Егемен Қазақстан. — 2011. — 23 ақп.
8 ҚР ҰҚК № 600 іс қорытындысы. — Алматы, 1998. — 11 ақп.
9 Жағыпар Əділеттің Махмет Темірұлымен сұхбаты // Көбетей. — 2011. — 7 мамыр (жеке мұрағаттан).
10 Темірұлы М. Арман мен азап: Естелік. — Алматы: Санат, 1998. — 160 б.
11 Жағыпар Ə.Б. Бүркіт Ысқақов — «ЕСЕП» партиясының негізін қалаушы // «Тұғырлы тəуелсіздік — ғұмырлы ұрпақ
кепілі» атты респ. ғыл.-тəж. конф. материалдары. — Жезқазған, 2011. — 86, 87-б.
12 Əбдəкімұлы Ə. Қазақстан тарихы (ерте дəуірден бүгінге дейін): Оқу құралы. Өңд. толық. 2 бас. — Алматы:
«Қазақстан» ЖШС баспа үйі, 2005. — 608 б.
13 Жағыпар Əділеттің Наргүл Жаппарқызымен сұхбаты. — Алматы, 2012. — 14 шілде (жеке мұрағаттан).
14 Жағыпар Ə.Б. Зейнолла Игілікұлы — ЕСЕП партиясы негізін жалғастырушы // ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы
Қазақстандағы саяси-əлеуметтік ахуал: ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихы: Мақалалар жин. — Астана: «Алсем-Астана»
баспасы, 2012. — 240 б.
15 Жағыпар Əділеттің Кəмел Жүністегімен сұхбаты. — Ақсу Аюлы, 2012. — 3 ақп. (жеке мұрағаттан).
16 ҚОММ. — Қ. 538п. — Тіз. 1. — Іс. 18. — П. 66–82.
17 Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 296 б.
А.Б.Жагыпар
Идея лидеров Алаш — создание партии ЕСЕП
В статье рассмотрена политическая и духовная деятельность национальных лидеров Алаш, боровшихся
за независимость страны в контексте исторической преемственности. Отмечено, что в 40-е годы ХХ в. в
советское время в Караганде была образована партия «ЕСЕП», (Елін сүйген ерлер партиясы) —
партия героев, любящих Родину. Автором подчеркнуто, что идеи национальной интеллегенции Алаш
возрождались в Восточном Казахстане в таких партиях, как «Союз защитников казахского народа», в
Москве — «Жас тұлпар», в Павлодаре — «Жас ұлан», партия Хасен Кожа-Ахмета «Жас қазақ».
Доказано, что все эти идеи, партии, декабрьские восстания были стремлением к обретению
независимости нашего народа.
A.B.Zhagypar
The idea Alash — party ESEP
This article examines the political and spiritual activities of the national leaders of Alash who fought for the
independence of the country. The party ESEP (The party of people who love the motherland) was formed in
40
th
of the XX century in Karaganda during the Soviet time. The idea of the national intellectuals of Alash re-
vives in the East of Kazakhstan in such parties like «Union of defenders of the Kazakh people», «Zhas
tulpar» in Moscow, «Zhas Ulan» in Pavlodar, «Zhas Kazakh» party of Khassan Kozha –Akhmet. All of these
ideas of the party and uprisings in December were strive to get independence of our nation.
Ə.Б.Жағыпар
82
Вестник Карагандинского университета
References
1 Aibyn. Encyclopedia. Bas red. B.O.Zhakyp, Almaty: Kazakh encyclopediacy, 2011, p. 725.
2 Koigeldiev М. Alash movement (Auxiliary textbook), Almaty: Sanat, 1995, 368 p.
3 Alash. Alashorda. Encyclopedia / Kurast.: G.Anes, S.Smagulova, Almaty: Arys, 2009, p. 28, 29.
4 Tolepbergen B. Forever young — Idea of Alash: Publistic research works and articles, Almaty: Almaty baspa uiy, 2008,
304 p.
5 Abzhanov H. Evolution of the national idea in the movement of Akash // Kazakh intelligentsias in the beginning of the XX
century: Materials of the Scientific practical conference dedicated to the 90
th
anniversary of the Alash movement. — Karagandy:
Glassir, 2008, p. 5.
6 Kudyshev О. Ortalyk Kazakhstan, 1989, Feb., 12.
7 Erzhuman S. Egemen Kazakhstan, 2011, Feb., 23.
8 KR UKK № 600 is koritindisi, Almaty, 1998, Feb., 11.
9 Zhagypar Adilettin Makhmet Temirulymen sukhbaty // Kobetei, 2011, 7 may (zheke muragattan).
10 Temiruly М. Arman men azap. Estelik, Almaty: Sanat, 1998, p. 160.
11 Zhagypar A.B. Burkit Yskakov is a founder of the «ESEP» party «Powerful Independence is a sign of an eternal state» mate-
rials of Scientific practical conference, Zhazkazgan, 2011, p. 86, 87.
12 Abdakimuly A. The history of Kazakhstan (from the ancient times up today). Textbook. The second edition, Almaty: ZhShS
«Kazakhstan» baspa uiy, 2005, 608 p.
13 Zhagypar Adilettin Zhappar Omirbek kyzy Nargulmen sukhbaty, Almaty, 2012, Yuly, 14 (zheke muragattan).
14 Zhagypar A.B. Zeinolla Igilekuly is a continuator of the party ESEP — «Political and social state of Kazakhstan in the 30
th
of the ХХ century: famine and the repression history. Collection of articles, Astana: Alsem-Astana, 2012, 240 p.
15 Zhagypar Adilettin Kamel Zhunistegimen sukhbaty // Aksu Aiuly, 2012, Feb., 3 (zheke muragattan).
16 KOMM K. 538 p., Tiz. 1, Is. 18, p. 66–82.
17
Nazarbayev N.A. In the flow of history, Almaty: Atamura, 1999, 296 p.
ƏОЖ 94 «14/15» (574)
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: rkarenov@inbox.ru)
Достарыңызбен бөлісу: |