- Дене шынықтырудың пайдасы туралы әңгімелесу;
- балалардың өздеріне ұнайтын жаттығуларды жасата отырып, спорттық ойындарды бірлесіп таңдатып, ойнату;
- серуен кезінде аулада қарапайым еңбек әрекеттерін бірлесіп жасату;
- ұлттық ойын «Бәйге» ойынын ойнату.
22.08
«Менің Қазақстаным!»
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығы, туған өлкенің көрікті жерлері мен табиғаты туралы әңгімелесу;
- «Елім менің» тақырыбында «Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны арқылы алдын-ала әзірленген ата-аналар мен балалардың оқыған өлеңдерінің видеоматериалдарын көрсету, сол материалдардың ішінен ұнағандарын бірлесіп таңдату.
23.08
«Алтын сақа»
- «Мен атамның көмекшісімен» тақырыбында әңгімелесу;
- «Жеті атасын білу тектіліктің белгісі» жеті атаны жатқа айтудан сайыс ұйымдастыру;
- «Ханталапай» ұлттық асық ойынын ойнату;
- асықтан жасалған «денсаулық жолымен» жүргізу;
- асықтар тізілген қолғаппен бір-біріне массаж жасату.
24.08
«Конституция күні»
- Адалдық, достық, тәртіп туралы әңгімелесу;
- аталған тақырыпта балаларға ойын жағдаяттарын құру және оны дұрыс шешуге итермелеу;
- байрақтың дайын бейнесін жұмсақ қағаз қиындыларымен безендіру;
«Айбары асқақ – Ата заң» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастыру.