Сабақтың тақырыбы: Географиялық өлкетану ұғымы Сабақтың мақсаты: Сабақтың типі: Түсіндіру, жаңа сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі:Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа сабақ: Географиялық өлкетану ұғымы География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία— «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу») — жер беті табиғаты туралы, Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған.халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.
Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдар кешені.Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандары: геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер қабаты) және геожүйелерді (ландшафтты, табиғи аймақтарды, биогеоценозды т.б.) белгілі бір территорияның аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процестің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мысалы, мұхиттар мен құрлықтар географиясы, Қазақстан географиясы, дала географиясы, әлеуметтік география, тарихи география).
Географияның зерттеу нысаны - әр түрлі дәрежедегі географиялық орта компоненттерінің орналасуы мен өзара әрекеттесу заңдары мен заңдылықтары болып табылады. Зертеу нысанының күрделілігіне және кеңдігіне байланысты география пәні ортақ географиялық ғылымдар жүйесін құрайтын бірнеше мамандандырылған (салалық) ғылым түрлеріне бөлінеді.Олардың ішінде ерекше аталатындар: жаратылыстану география ғылымдары физикалық география, жердің географикалық қабықтарын тану ғылымы, тoпырақтану,климатология, гляциология, гидрология, океанология, палеография және қоғамдық географиялық ғылымдар (әлеуметтік-экономикалық география, тарихи география). Кейде географиялық картографияны да жеке ғылым ретінде бөліп айтады.
Географиялық зерттеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау.