4. 1- үлестірме материалы Зерттеу əдісі-бақылау «Бақылау» сөзінің мағынасы


Сабаққа тартылуда келесілерді қамтуға болады



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.03.2023
өлшемі283,17 Kb.
#77839
1   2   3   4   5
Байланысты:
4.1-үлестірме материалы Зерттеу әдісі

Сабаққа тартылуда келесілерді қамтуға болады: 
а) байқауды белгілі бір шеңбермен шектеңіз: зерттелетін процесті бақылаушы қандай 
қасиеттерде, көріністерде, қатынастарда қабылдайтындығын көрсетуді; 
б) бақыланатын нəрсені сипаттау үшін белгілі бір тілді таңдауды; 
в) байқау деректерін жазуға арналған нысанды қамтуды; (форму фиксации) 
г) зерттеліп жатқан құбылыстың теориялық «көрінісі» туралы эмпирикалық мəліметтерді 
алу процесіне енгізуді жүйелеу жəне бақылауды. 

Таңдалған байқау бірліктері зерттеу мақсатына сəйкес келуі керек жəне қабылданған 
теориялық ұстанымнан байқау нəтижелерін түсіндіруге мүмкіндік береді. 
 
Бақылау санатының жүйесі: байқаудың бағыты (фокусы): кім немесе не 
байқалады? 
Зерттеу сабағын өткізген кезде ол сабақты өткізіп тұрған мұғалім əріптестерінен 
қысылып, ыңғайсыздануы мүмкін. Осы ретте мұғалімдердің барлығы бұл сабаққа өз білімі мен 
дағдыларын жетілдірудің құралы ретінде, Сабақты зерттеу үдерісінің бұл сатысына тəжірибе 
жинақтаудың жағымды жолы ретінде қарағаны абзал.
Назар аударыңыздар! 
Сабақта қадағаланатын басты нəрсе – оқушының сабақ барысындағы 
белсенділігі, іс-əрекеті жəне оның не үйренгендігі! Ол мұғалімнің оқыту 
тəсілдерін қадағалауға бағытталмаған! 


Әріптестерін өз сабағын бақылауға шақыру – мұғалім үшін үйреншікті нəрсе емес. 
Сондықтан зерттеу тобының сабақты бірлесіп жоспарлауы зерттеу сабағын өткізетін мұғалімге 
зор демеу болмақ. 
Зерттеу сабағын өткізген кезде сабақта қадағаланатын оқушыларды немесе оқушылар 
тобын белгілеп алу маңызды. Бұл сабақ барысында оқушылардың ойлау дағдылары 
қаншалықты дамып, олардың нені үйренгенін аңғарып, оған түсініктеме беруге жеңілірек 
болады.
Зерттеу сабағын қадағалай отырып мұғалімдер бұның өзінің оқыту стиліне өзгеріс енгізіп, 
өзінің тəжірибесін жетілдіру үшін пайдалы екенін аңғаруы мүмкін. Сабақты қадағалау 
дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдер оқушылардың басында жүріп жататын ойлау үдерісін 
түсіне бастайды, бұл мұғалімдерді өздерінің оқыту тəжірибесі туралы ойлануға жетелейді. 
Зерттеу сабағын жүргізетін мұғалім бірлесіп құрылған сабақ жоспарын бұлжытпай 
орындауы мүмкін немесе ол жоспарды өз ыңғайына лайықтай алады. Мұғалім оқушыларға 
сабақты қадағалауға келген мұғалімдермен таныстыра немесе мұғалімдердің сабақты 
қадағалайтынын ескерте алады. Алайда, сабақ барысында ол зерттеу сабағын қадағалайтын 
мұғалімдермен қарым-қатынас жасамауға тиіс.
Зерттеу сабағын өткізу кезінде назарға ұстайтын мəселелер: 
1. 
Зерттеу сабағын қадағалаушылар мен зерттеу сабағын өткізетін мұғалімнің 
қадағаланатын оқушыларды, олардың деңгейін мүмкіндігінше жақсы білетініне көз жеткізу. 
Шешім қабылдауда жеңіл болу үшін мұғалімдер зерттеу сабағы барысында қадағалау 
парақтарына ескертпелерін жазып отыру қажет. Ең маңыздысы – сабақты зерттеу тобының 
сабақтың соңында оқушылардың нені істей алуы керек екендігін нақты белгілеп, жəне де мұның 
дəлелдерін олар қалай жəне неден көре алатынын анық білуі керек.
2. 
Зерттеу сабағының жоспарын барлығы бірлесіп əзірлегендіктен, бұл жоспар ортақ 
меншік болып табылады. Бұл дегеніміз сабақты қадағалаушы мұғалімдер мұғалімге емес, 
оқушыға, атап айтқанда қадағалауға алынған оқушыларға басты назар аудару керек деген сөз. 
3. 
Қадағалаушы мұғалімдер қадағалауды бастағанда назарға алынған оқушылардан 
бастап, кейін жалпы картинаны ұғу үшін жалпы сыныпқа назар аудара алады. Олар назарға 
алынған оқушылардың сабақтың əртүрлі кезеңдерінде берген жауаптарын жазып алып, бұл 
жауаптың осы кезеңде күтілген жауапқа қаншалықты ұқсас немесе одан қаншалықты 
айырмашылығы бар екенін салыстыруға тырысады. Сонымен қатар, мұғалімдер елеулі оқиға, 
өзгеріс байқаса, солардың барлығын бақылау парағына жазып отыруға тиіс. Мысалы, 
қадағалауға алынған барлық балалар бір мəселені бірдей түсінбейді. Сондай-ақ бұл оқиғаның 
уақытын көрсетіп отырған дұрыс. 
Атап айтқанда, сабақты қадағалаушылар бақылауға алынған оқушылардың 
жоспарланғанмен салыстырғанда қаншалықты алға ілгерілегенінің жəне жоспарланған сабақ 
мақсаттарына қаншалықты қол жеткізілгенінің дəлелдерін іздейді. Сонымен қатар, мұғалімдер 
сабақтан кейінгі талдауға өзек бола алатын кейбір ойларды түртіп алуы мүмкін: 
• 
Келесі сабақта қадағалаудағы оқушылардың бойында, топта немесе сыныпта нені 
қадағалау қажет болады? 
• 
Сабақтан кейінгі сұхбат барысында оқушыларға қандай сұрақ қоюға болады? 
Сабақты қадағалаушылардың назарына: 
• 
Сабақ барысында мүмкіндігінше аз сөйлеу. 
• 
Сабақтың көңіл-күйін, оның ағынын жəне қорытындысын байқау үшін сыныпта болу, 
сыртқа шықпау. 
• 
Оқушыларға тақтада немесе басқа да жерде жазылған, ілінген жазбалар мен 
материалды, көрсетіліп жатқан іс-əрекетті көруге кедергі жасамау. 


• 
Оқушылармен қарым-қатынасты азайту. Оқушыға бірдеңені үйретуден немесе көмек 
көрсетуден аулақ болу. Барынша байыппен жəне оқушының ойлау барысын түсіну үшін 
жасалған болса, кей жағдайда жол беруге болады. 
Сабақ барысында өз функциясын лайықты түрде орындау үшін қадағалаушы мұғалімдер 
өздерінің не істейтіндерін алдын ала белгілеп ала алады. Айталық, мұғалімдер сабақ барысында 
нақты бір зерттеу сұрағына жауап алуды мақсат етіп, сол үшін арнайы қадағалау парағын 
қолдана алады. 
Зерттеу сабағын қадағалау барысында қадағалаушы мұғалімдерге төмендегі мəселелерді 
ескеріп, жазып алу ұсынылады: 
• 
қадағалау барысында келген ойлар; 
• 
сыныпта орын алған маңызды мəселелер; 
• 
оқушы қойған сұрақтардың түрі; 
• 
мұғалім қойған сұрақтардың түрі; 
• 
оқушылардың жоғары деңгейде ойланатынының мысалдары; 
• 
сабақта орын алған келеңсіздіктер; 
• 
сыныптасына жүгінген немесе сыныптасының пікіріне сүйенген оқушылар саны; 
• 
оқушылардың сабаққа белсенді атсалысқандығының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет