4, 15 дәріс конспектілері Дәріс тақырыбы: Екі фазалы асинхронды қозғалтқышты идентификациялау. Электромашиналық күшейткіштің негізгі параметрлері мен беріліс функциясы. Магниттік күшейткіштің негізгі параметрлері мен беріліс функциясы


Магниттік күшейткіштердің негізгі параметрлері мен беріліс функциялары



бет4/4
Дата02.06.2023
өлшемі0,88 Mb.
#98390
түріКонспект
1   2   3   4
Байланысты:
МИОУ 14,15-дәріс конспектілері (копия)

Магниттік күшейткіштердің негізгі параметрлері мен беріліс функциялары
Магниттік күшейткіштер автаматты басқару жүйелерінде кең қолданылады. Бұндай күшейткіштердің артықшылықтары болып -қуат бойынша үлкен күшейтуі, жұмысының кернеу мен жиіліктің өзгеруінен аз байланысы, кірісінде сигналдарды қосудың оңайлығы, басқару тізбегінен жұмыс тізбегінің электр оқшаулау мүмкіндігі, жоғары сенімділік табылады.
Магниттік күшейткіштің жетіспеушілігіне - аз кіріс кедергісі мен инерциалық жатады.
Магниттік күшейткішті, олар жоғарғы жиілікті (400-3000 Гц) жүйеден жабдықталған кезде қолдану қажет. Бұл жағдайда күшейткіштін габариттері мен инерциялығын азайтуға болады.
Магниттік күшейткіштердің сапасын төзімділік шамасы бойнша бағалайды:

(4.65)
мұндағы -қуат бойынша күшейту коэффициенті; - басқару тізбегіне байланысты магниттік күшейткіштің уақыт тұрақтылығы.
Ереже бойынша, төзімділігін көтеру максатымен, магниттік күшейткіштерді жүктеме тогы бойынша оң кері байланыспен орындайды.
4.12-суретінде сыртқы (а) және ішкі (б) оң кері байланысы бар және шығысында айнымалы ток бар біртактілі магниттік күшейткіштердің ауыспалы электр схемалары көрсетілген. Бірінші схемада кері байланыс, түзету көпірі арқылы жүктеме тізбегіне zн қосылған, арнайы орам wо.с көмегімен негізделген. wсм орамы күшейткіштің сипаттамасын ығыстыру қызметін атқарады. Бұл күшейцткіш басқару uУ сигналының полярлығына әсер етеді. Жұмыс wр.о орамдары, басқару орамындағы ЭҚК-ті компенсациялатындай етіп қосылған.
Күшейткіштің екінші схемасында оң кері байланыс диодтар қосылған жұмыс орамдары арқылы пайда болады. Бұл жағдайда күшейткіштің бірінші схемасынан айырмашылығы, жұмыс орамдары басқару орамдарына қатысты магнит ағынының тұрақты құраушыларын туғызады. Ішкі кері байланысы бар магниттік күшейткіштер ішкі қанығуы бар күшейткіш деп аталады (4.12-суретт).


4.12 -сурет. Шығысында айнымалы ток бар бір тактілі магнит күшейткіші

Келесі мәндерді енгіземіз: - басқару, ығысу, кері байланыс, жұмыс орамдарының орамалар саны; - басқару, ығысу, кері байланыс, жұмыс орамдарының кедергісі, Ом; Rc- басқару сигнал көзінің ішкі кедергісі,Ом; Rрег – ығысу орамындағы токті реттеу ұшін қажетті икемдеу кедергі, Ом; Rд – диодтың тік кедергісі,Ом; - жүктеме тізбегінің ПӘК-ті; - орамдардың және диодтардың кедергілерін ескеретін қосынды кедергі, Ом; -желі кернеуі, В; - басқару кернеуі, В; - ығысу кернеуі, В; f – желі жиілігі, Гц.


Активті жүктеме кезінде жұмыс істейтін оң кері байланысы бар магниттік күшейткіштің беріліс функциясын жуық шамада мына түрге келтіруге болады:
(4.66)
егер шығыс шамасы ретінде жүктеме кернеуін алсақ, онда :
(4.67)
(4.66) мен (4.67) формулаларында келесі мәндер қолданылған: - жүктеме тогының (а) және кернеудің (в) орта мәндері; - ток бойынша күшейту коэффициенті (кеpі байланыс ескерілген) (мұнда - кері байланыс коэффициенті; сыртқы кері байланысы бар күшейткіштер үшін ; ішкі кері байланысы бар күшейткіштер үшін ); - кернеу бойынша күшейту коэффициенті; - кешігу уақыты (сыртқы кері байланысы бар күшейткіштер үшін t3=0; ішкі кері байланысы бар күшейткіштер үшін t3=1/(2f), сек).
Магниттік күшейткіштің уақыт тұрақтылығы басқару орамының, ығысу орамының және кері байланыстын уақыт тұрақтыларының қосындысына тең [29]. Сыртқы оң кері байланысы бар және бірнеше басқару орамы бар магниттік күейткіш үшін:
(4.68)
Ішкі кері байланысы бар магниттік күшейткіште кері байланыс, әр жарты периодта кезектеп жұмыс істейтін жұмыс орамдардың ағыны арқылы негізделеді. Сондай күшейткіштер үшін уақыт тұрақтылығы:
(4.69)
Ішкі кері байланысы бар магниттік күшейткіштерде таза кешігу t3=1/(2f) болады. Өзектегі индукцияның өзгеру процесі басқару сигналдың әсерінен бірінші жарты периодта өтетіндіктен, ал жұмыс тізбегінде сигнал екінші жартыпериодта берілетіндіктен, таза кешігу пайда болады. кезінде t3 шамасын есепке алмайды.
Екі бір тактілі күшейткіштерден тұратын екі тактілі магниттік күшейткіштің көмегімен реверсивті шығыс алады.
І және ІІ сипаттамаларға ие екі біртактілі күшейткіштерді дифференциалды етіп қосқан кезде, реверсивті шығыс ІІІ сипаттаманың пайда болуы 4.13-суретінде көрсетілген.
Оң кері байланысы бар және шығысында ауыспалы тогы бар дефференциалды схема бойынша құрылған екітактілі магниттік күшейткіштердің мысалдары 4.14,а,ә-суретінде келтірілген. Бірінші күшейткіште кері байланыс - сыртқы, ал екінші күшейткіште - ішкі. (4.66) - (4.69) есептеу формулалары екі тактілі күшейткіштер үшін де әділетті.

4.13 -сурет. Магниттік күшейткіштердің шығыс сипаттамалары


4.14 -сурет. Шығысында айнымалы ток бар екітактілі магниттік күшейткіш
Екі тактілі магниттік күшейткіштерді көпірлік және трансформаторлық схемалары бойнша жасайды. Шығысында тұрақты ток алу үшін, шығыс тізбегіне түзеткіш құрылғы енгізу керек. Тұрақты токті екітактілі шығысы бар магниттік күшейткіштердің ПӘК-ті төмен болады. ПӘК-ті жоғарлату үшін күшейткіштердің арнайы схемаларын қолданады. Бірақта көмекші активті элементтерді қолданбаса, сондай күшейткіштердің ПӘК-ті 40-45 % аспайды.
Шығысында айнымалы ток бар магниттік күшейткішінде индуктивтік жүктеменің әсерін азайтуға болады. Ол үшін жүктемеге конденсаторды параллель қосу керек. Бүл кезде жүктеме желі жиілігімен резонанс жұмыс істейді. Магниттік күшейткішті бұл әдіспен қосу асинхронды қозғалтқышқа жұмыс істегенде қолданылады.
Индуктивтік жүктеме кезінде шығысында тұрақты ток болғанда оң кері байланысы бар магниттік күшейткіштерде кері байланыс коэффициенті өседі, ол күшейткіштің тұрақсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Бұл құбылысты жоққа шығару әдістері бар. Оларды қолданған кезде, шығысында тұрақты ток бар және индуктивтік жүктеме кезінде магниттік күшейткіштің беріліс функциясы:
(4.70)
мұндағы -жүктеме тізбегінің уақыт тұрақтылығы, сек ( -жүктеменің индуктивтілігі, Гн).
Қарастырылған күшейткіштермен бірге, автоматты басқару жүйелерінде инерциялығы аз қүшейткіштер қолданылады. Олар тезәрекеттік деп аталады. Оларда ішкі кері байланыс схемасы қолданылады. Ондай күшейткіштер тұрақты, және айнымалы кернеумен басқарылуы мүмкін. Тезәрекеттік магниттік күшейткіштің беріліс функциясы :
(4.71)
мұнда - кернеудін жарты периодын немесе бір периодын құрайтын кешігу уақыты; - бір жарты периодты схема үшін; -екі жарты периодты схема үшін.
Тезәрекеттік күшейткіштер реакциясының аз уақыты, қуат және кернеу бойынша күшейтуді азайту арқылы орындалады. Сондықтан осындай ондай күшейткіштерді қолдануға, шек қойылады. Тезәрекеттік күшейткіштерді шалаөткізгіш күшейткіштерімен бірге күшейтуші құрылғының шығыс каскады ретінде қолдану өте қолайлы. Магниттік күшейткіштер көбіне жиілігі (400-500 Гц) айнымалы токта жұмыс істейтін аз қуатты жүйелдерінде асинхронды қозғалтқыштарды басқару үшін қолданылады.
Негізгі әдебиет 4. [104-118].
Қосымша әдебиет 3. [17-35].
Бақылау сурақтары:

  1. Екі фазалы асинхронды қозғалтқышты идентификациялау.

  2. ЭМК идентификациялау.

  3. Кері байланысы бар ЭМК идентификациялау.

  4. Магнитті күшейткіштерді идентификациялау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет