5 «А» класс,г. Аксай, Бурлинский район
№4 (212) 03.03.2015 ж.
8
Ардагерлерге тағзым
Мәңгі
қарыздармыз
Биыл жеңіске жетпіс жыл толады. Зұлым соғыстың
аяқталғанына біраз жыл болса да оның жарасы еш
жазылған жоқ. Ол ұмытылмас қасірет. Отан үшін от кешкен
жауынгерлердің бәрі де батыр. Бәрі де біздің жүректе.
Өмір көші алға жылжыған сайын ардагерлеріміз азайып
барады. Қазақ елінің батырларын бүгінгі ұрпақ ұмытпақ
емес. Майдан үшін еңбек еткен тыл ардагерлерінің де ерен
еңбегін ұмытпауымыз керек.
Ерліктерің еш ұмытылмайды майдангерлер. Біз сіздерге
мәңгі қарыздармыз.
Дина СЕРІКҚАЛИЕВА
А.Байтұрсынов атындағы
№10 ЖОББМ-нің 4 «д» сынып оқушысы
Ұлы Отан соғысынан аман оралған
ардагерлердің бірі – менің атам Байгелов
Көкеш Назарұлы. Ол 1941 жылы тамыз
айында әскерге шақырылады.Бастапқы
әскери дайындықты өтеді.Содан соң,
1-ші Украин фронтының 177-ші атқыштар
полкі құрамында жауға қарсы шайқасады.
Кескілескен ұрыстардың бірінде қатты жарақат
алған атамыз ауыр жарақат алып госиталға
жөнелтіледі. Алайда көп кешікпей сапқа
қайта тұрып, Днепр үшін болған ұрыста тағы
да жарақат алады. Өзінің ауыр жарақатына
қарамастан,Көкеш
атамыз
емханадан
шығып,1943 жылы 206- шы қосымша
полкінде өз қызметін жалғастырады.
1945 жылы 26 тамызда соғыстан кейін,
бес жыл Германияда Лейпциг қаласында
қызмет етеді. 1950 жылы медальдарын
сыңғырлатып туған жеріне үйге оралады. Сол
жылы - Байгелова Ақмиіз әжемізбен шағырақ
көтеріп, бейбіт өмірдің еңбегіне араласады.
Ақмиіз әжеміз адал жар,аяулы ана,мейірімді
әже бола білді.Қазіргі кезде артына қалған
бесұрпағынан жеті жиен,бір шөбере және
тоғыз жиеншарлары ата – әжеміздің ізін
жалғастыруда.
Көкеш
атамыз
өте
сабырлы,ақылды,адамгершілігі мол адам
болған еді.Көмек сұрап келген адамның
ешқашанда бетін қақпаған.Әрдайым қолынан
келгенше көмектесті.Адамдармен тез тіл
табысып, тату өмір сүрді.Балаларына ардақты
әке, зайыбына адал жар болды. Соғыстан
кейін талай жыл ауылда еңбек еткен атамыз
2041 жылы өмірден озады. Қайтыс болмастан
апта күн бұрын бәріміздің басымызды қосып
ауырып отырса да рия көңілмен домбырасын
сұрап ерекше бір күйге бөлеп еді,-деп еске
алады ұрпақтары бүгінде. Батырлық атақ
үшін емес, кейінгі біздей бақытты ұрпақ үшін
елін жаудан қорғаған ардагерлерді аялап,
құрмет көрсету келер ұрпақ парызы.
Әлия БӘЛӘЛОВА
Чапаев жалпы ЖОББМ-нің
8- сынып оқушысы
Теректі ауданы, Долиный ауылы
Менің майдангер атам
«Соғыс» сөзі қандай қорқынышты, осы сөзді естігенде, денем түршігіп,
бойымды қорқыныш пен үрей билейді. Ал «Жеңіс» сөзі ше? Жоқ, бұл сөз
жүрекке жақын, жанға жылы. Естігенде, кеудеңе шаттық орнап, бойыңды
қуаныш кернейді.
Ұлы Отан соғысы –адам баласының қасиетке жатпайтын өзімшілдігі,
озбырлығынан басталды. Қанша адам жақындарынан айрылды? Соғыс
жылдары қаншама адам туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде
жерленді. Қанша жас қыршын кетті. Бұл соғысқа біздің қазақстандықтар да
қатысты. Солардың ішінде менің атам – Сакен Қабдешов де болған.
Атам 1922 жылы дүниеге келген. Бес жасында әкесін «халық жауы»
деп, ату жазасына кескен. Жасынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленеді.
1940 жылы әскери борышын өтеуге барған жылдары соғыс оты тұтанды.
Осы уақытта өзі сұранып Ленинград, Сталинград қалаларын жаудан азат
етуге қатысқан. Майдан даласында үш рет жарақат алып, соның салдарынан
госпиталға түседі. Туған жеріне 1947 жылы оралады. Соғыстағы ерліктері үшін
«Қызыл жұлдыз» ордені, «Отан соғысы үшін» І дәрежелі орден, «Ленинградты
қорғаны үшін», «Ерлігі үшін» медалдары, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске
-20,30,40,50,60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.Атам
елге оралған соң аудандық мәдениет бөлімінде киномеханик болып жұмыс
жасады. Өмірінің соңына дейін адал еңбекпен өмір сүріп, снаряд жарықшағы
зардабынан 1987 жылы дүние салды.
Жеңіске жету үшін көрсеткен әрбір ісі мен ерлігі – мен үшін өнеге.
Ұлы Жеңіс күні - бәріне ортақ мұра, сондықтан Жеңістің 70 жылдығына орай
атамды еске алу - менің парызым деп білемін. Мен атамды мақтан тұтамын.
Расул АМАНЖОЛОВ
Аққозы ЖОББМБ-ның 5- сынып оқушысы, Қаратөбе ауданы
Великой Победе
Посвящается
«Мы должны развивать у всех граждан
Казахстана чувства патриотизма и любви к своей стране…
Мы должны построить общество, где ценятся честь,
достоинство и репутация каждого,
присутствует высокая мораль этические стандарты
и духовные ценности.., где уважают ветеранов и
людей,
защищающих Родину»
Н.А. Назарбаев
Главное событие 2015 года – 70 юбилей
Великой Победы. Тема войны и мира, патриотизма
гражданского долга красной нитью проходит через
всю деятельность школьной библиотеки.
Был сорок первый? Был.
Но только был.
А есть вечно, будет только
Сорок пятый!..,- такими странами был
организована книжная выставка о героях Великой
Отечественной войны «Ұлы Женіске 70- жыл»
Чем дальше события тех далеких дней, тем
сложнее нам, донести библиотекарям, донести до
сознания предельно информированного современного
молодого читателя весь смысл героизма советского
народ, весь драматизм той страшной войны… И
поэтому мы, постоянно совершенствуем формы
и методы привлечения внимания учащихся к
литературе, делаем их более зрелищными, более
креативными что, на наш взгляд, соответствует
ожиданиям наших читателей.
Прошли десятилетия с тех пор, как отгремели
последние залпы Великой Отечественной войны,
но память людская хранит подвиги, совершавшихся
день за днем все долгие годы войны.
Священная Земля – вечная свидетельница
бессмертного подвига воинов, отстоявших честь
и независимость. Люди совершали подвиги в
Ленинграде, на каждой дуге, под Москвой, на Волге,
на священной Сталинградской земле.
В 1942 году 12 августа Западно- Казахстанской
области именно в Урде, Жанибеке были сброшены
вражеские бомбы. Были сняты фильмы об этом
о защитниках написаны романы, повести, очерки,
огромное количество стихов и песен.
Время войны – время, спрессованное по
преимуществу, год его приравнивался к десятилетию
мирной жизни. Закономерно, что и поэзия,
глубоко взаимная то время, - это время поэзии
особой насыщенности особой спрессованности,
спрессованности
не
столько
специфически
банального, сколько сколько человечного – и в смысле
деяния, и в смысле раздумий и переживаний.
Г.МУКАНОВА
Библиотекарь СОШ№1
Поселок Жанибек,Жанибекский район
«МЕНІң ӨЛКЕМДЕГІ
БАТЫР АТА»
Түстегі қосымша сабақ аяқталғаннан кейін мектеп
алдына шығып отырдым. Күн бұлттанып, жаңбыр
тамшылары сырт-сырт сіркірейді. Ауа тазаланып,
шөптердің иісі бұрқырап, бетіме салқын леп соғып тұр.
Айналамда көзге көрінер ешкім жоқ. Тек қолдарына
қару асынған, біреуі басына шлем киген, көзқарасы мұңлы, көңілсіз күйдегі
екі белгісіз солдаттың ескерткіші тұр. Бір-біріне иық тіресіп, қаруын біреуі екі
қолымен көтеріп тұрса, екіншісі бір қолына ұстап тұр. Тас мүсінді ескерткіштегі
жауынгерлердің жүзі суық. Өткен күннің естелігін еске салады. Сұрапыл
соғыстың зұлмат жылдардың жұрт есінде ұмытылмауын тілегендей.
Міне, биыл Ұлы Отан соғысының аяқталып, ұлы жеңіске 70 жыл толады.
Тарихқа үңіліп, еске түсірсек, Қазақстаннан майдан даласына бір миллион
196 мың 164 адам аттанған. Қазақ халқы тек әскери
ғана емес, сонымен қатар, киім –кешек, қару-
жарақ, азық-түлікпен және қаржылай- 486 миллион
сом көмек көрсетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл
дегендей, әділеттілік жолында күрескен халықтар
достық пен бірліктің арқасында соғыстың өртін
сөндірді.
Сол зұлмат соғысқа қатысқан жандардың бірі -
Михаил ата 1918 жылы Ақжайық ауданының Бітік
ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан
соғысы басталғанда Михаил ата ысылған жауынгер
болатын.Сондықтан ол қанды шайқастың алғашқы
күндерінен –ақ өжеттік пен ержүректіліктің үлгісін
көрсетті. Барлаушылар бөлімшесінің командирі
Михаил Абдоловтың есімі осылайша жауынгерлер
арасында кеңінен танылды. Майдан даласында жеті рет жараланса да,
жауға деген өшпенділігі мұқалған емес.Әсіресе, 74-атқыштар дивизиясының
құрамында Дунай өзенінен өтерде көрсеткен ерлігі оның есімін тарихта мәңгі
қалдырды. 1994 жылдың 7 қарашасына қараған түнде Михаил Абдолов
бастаған барлаушылар тобы екі балықшы қайығымен Дунайды кесіп өтіп,
жау тылына тұтқиылдан соққы берді. Сол түнде барлаушылар немістердің
қару – жарақ қоймасын жарып, жау офицерін тұтқындады. Қайтар жолда
қарсыластарының төрт самолетін жойып жіберді. Осы ерлігі үшін аға
сержант Михаил Абдоловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, бұрынғы
жауынгерлік наградалары –Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің қатарына
Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз қадалды.
Бүгінде Венгрия елінде Батыр есімі берілген мектеп, Мәдениет үйі, көше
бар. Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылында Михаил Абдолов атындағы мектеп
және ескерткіші бар. Жеңістен кейін аман–есен еліне оралып еңбек етті. Жасы
келгеннен кейін, зейнеткерлікке шығып отбасымен бірге бақытты тұрмыс
кешті. Көптің көзі, қазақ қаракөздерінің болашағы мен бақыты үшін күрескен
атамыз о дүниелік болса да біз оны біз мақтан етеміз және ұмытпаймыз.
Лаура ҒҰБАШЕВА
Бітік ОЖББМБ-ның 7-класс оқушысы
Ақжайық ауданы,Қабыршақты ауылдық округі
Менің әжем осындай!
Бұл күнде маған ең қымбат адамның бірі –
үлкен әжем , яғни ол менің атамның анасы.Әжем 1936
жылы Куйбышев облысы Черниговска ауданының
Первомай ауылында дүниеге келіпті. Балалық шағы
Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа – тұс келген.
Жеңіс үшін еңбек еткен аяулы әжеміз бүгінде қл-
қыздарынан өрбіген
21 немере мен жиен, төрт шөбересінің қызығын
қызықтап отыр.
Әжемнің жасы 80 – ге таяса да,әлі тың. Он
саусағынан өнер тамған шебер. Қашан көрсем де,
қолынан қайшысы мен инесі, ұршығы түспейді. Киіз
басу, құрақ құрау, көрпе жасау - әжемнің сүйікті ісі.
Қазірдің өзінде табаға нан пісіріп, құрт – май жасап,
талқан тартып отырады. Әжем үйде болғанда
үйімізден қонақ арылмайды. Отбасында бәріміз бас
қосқанда үлкен мерекеге айналады. Сондай да әжем
өз басынан өткен қызықтары мен қиындықтарын
айтады.Әр уақытта ақылын айтып, үлкенді сыйлауға
үйретіп отырады. Осындай әжем болғанына
мақтанамын.
Рахат ГҰМАРОВ
Кеңсуат ЖОББМ-нің 7-сынып
оқушысы Кеңсуат ауылы Ақжайық ауданы
Худалей Валерия
СОШ №5, 7 «А» класс, г. Аксай,
Бурлинский район
АТАМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қаншы үйде сөніп қалды оттар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісі
тойланғанына 70 жыл толмақ. Ұлы отанға қауіп
төнгенде шыбын жанын құрбан қылып майданға
аттанғандардың ішінде менің де атам бар екен.
Менің атам, Халелов Әлімжан Ералыұлы 1920 жылы
14 маусымда, Бөкей Орда ауданы Бисен ауылында
дүниеге келген. Сол ауылдағы төрт жылдық мектепті
бітіргеннен кейін есепшілік оқуды бітіреді. Туған
ауылында жұмыс атқарып жүрген кезінде соғыс
басталады.
1941 жылы атам өзі сұранып, соғысқа
аттанған. Ол автоматшы болған екен. 1945 жылы
атам елге аман-сау оралады. Содан зейнет жасына
шыққанға дейін еңбектен қол үзген жоқ. Атам 1993
жылы қайтыс болыпты.
Мен атам туралы мәліметті әкемнен және
көрші атайдың айтуынан естіп-білдім. Атам өте
қарапайым және сауатты адам болыпты. Атамды
көрмесем де Ұлы Жеңістің тарихында қалған атамның
ерлігін мақтан тұтамын.Олар біз сияқты жас ұрпаққа
Отанды сүюдің және оны қорғаудың жарқын үлгісін
көрсетті. Жеңісті жақындатқан асыл аталарымыз әлі
де аман жүрсе екен.
Камила ТҰРСЫНОВА
Круглоозерный ЖОББМ-нің
8 «а»-сынып оқушысы
Жеңісті жақындатқан менің атам
№4 (212) 03.03.2015 ж.
9
«Мұқағали -поэзия
Хантәңірі»
Мұқағали –ғасыр ақыны
Орал қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты Зашаған кентіндегі №5 кітапханада
қазақ поэзиясының Хаңтәңірі атанған, адалдықты сүйіп өткен, әдебиеттің қақ төрінен
орын алған Мұқағали ақынымызға арналған поэзия кеші өткізілді. Шараға №20
мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ф.Ниязғалиева, мектептің 5,7,8
сынып оқушылары қатысты.
Бүгін менің туған күнім, ой бәле-ай, Мына халық неге жатыр тойламай? -
дегізбей оқырмандар М.Мақатаевтың жырларымен сусындап, артына қалдырған
мәңгі өшпес мұрасын оқып, шаттанды.
Өнер аспанында бір жұлдыз жанып, бір жұлдыз көмескіленіп ғайып болып жатқанда, Мұқағали жұлдызының
жарқырай түскенін, оның поэзияға деген шексіз адалдығынан «Менің анкетам» өлеңі арқылы №20 мектептің
8-сынып оқушысы Б.Демесинов жеткізсе, ақынның «Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» өлеңін Л. Болатова мәнерлеп
оқып берді. Бас қосуда Мұқағали Мақатаевтың өз даусымен айтылған «Қарлығашым келдің бе?» өлеңі таспадан
тыңдалды. Жыр жұлдызының туған жер, Отанды сүю тақырыбына көсіле қалам тартқан жырлары «Сен менің
еліме бар», «Жиі енеді», «Үш бақытым»,«Несіне асығады» өлеңдері мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынна
үзіндіні 5,7,8 сыныптың о0ушылары М.Тұяқова, М.Маратова, Ж. Лұқпанов жүрекке жеткізе оқып берді.
Мұқағали ақынымыздың көптеген өлеңдеріне әндер жазылғаны белгілі.Солардың бірқатары «Есіңе мені
алғайсың», «Бақыт деген»,«Қайран Қарасазым» әндері таспа арқылы оқырмандарға жеткізілді. «Аурухана
бөлмесіндегі оқиға» өлеңін диалог түрінде А.Саханов,Ә.Майданова, «Емханада», «Дәрігерге» атты жырларын А.
Бекетов пен Е. Ғалымов тебірене жеткізді. «Мұқағали – ғасыр ақыны» кітап көрмесіне шолу жасалып, ұсынылды
және өмірдеректерінен дайындалған слайд көрсетіліп, поэзия кеші «Саржайлау»әнін шырқаумен аяқталды.
Г.ГАБДУШЕВА
№5 қалалық кітапхананың кітапханашысы
Қазақтың төл әдебиетінде алатын орны ерекше, халқымыздың аяулы
ұлы, ақиық ақын Мұқағалидың туған күніне орай мектебімізде «Мұқағали
-поэзия Хантәңірі» атты сайыс өтті. Мектеп кітапханашысы А.Бекбаулова
мен ҚББП Н.Муратованың ұйымдастыруымен сайысқа бастауыш сынып
оқушылары қатысты. Ақын туындыларын мәнерлеп оқуда ерекше көзге
түскен, оның өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіріп орындаған
және ақын өмірі мен туындыларын таныстыруды жоба түрінде қорғаған,
ақынға арнап өз өлеңін оқыған 2-сынып оқушылары С.Махамбет, Т.Сағын,
3-сынып оқушылары Л.Ұзақбаева, Д.Есенаманова, 4-сынып оқушылары
А.Сағын, Б.Максутов, «Көркем сөз оқу шебері», «Ең жас дауыс мәнері»,
«Жас Мұқағали танушы», «Ең жас ақын» аталымдарына ие болды.
Н. МҰРАТОВА
ЖОББ Совхоз МБ-нің қосымша білім беру педагогы
Тасқала ауданы
Асыл сөздің алдаспаны
Аралтөбе модельді ауылдық кітапханасында талантты жерлес ақынымыз
Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына орай, мектеп оқушылары қатысуымен «Асыл
сөздің алдаспаны» атты шара өтті. Оқырмандарға қазақтың қадірлі ақындарының
бірі, әрі бірегейі Қадыр Мырза- Әлінің өнегелі өмірін жас ұрпақ жадында жаңғырту
мақсатында өткен шарада кітапханашылар Г.Кұбаева мен Г.Ережепова ақынның
өмірбаянымен еңбектерін хабардар етті.
Аудандық Қадыр оқуларының 1 – орын иегері мектеп бала- бақша кешенінің
тәрбиеленушісі Жаннұр Берікұлы «Қара », «Балапандар мен бөбектер», «Кім нені
жақсы көреді». 1 –сынып оқушысы СағынтайҚадым «Ана тілі», «Мат», «Досым
екеуміз», 4 –сынып оқушысы Қайсар Ерғалиев «Сый», Қонысбай Темірлан «Қалтырауық», 5 – сынып оқушысы Айнара Берік
«Бәрі де ана бір өзінен басталады», 8 – сынып оқушысы Бекжан Файзов «Күз келбеті» атты өлеңдерін жатқа оқыды.
Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Асыл әжем», «Жездеке», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Жалқаубек»
әндері орындалды. Кешке ауыл әкімі З. Ерғазиева мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мырзағалиев Арыс
ақын туралы өздерінің ой – пікірін , лебіздерін білдірді.Кеш соңында «Тағылымы терең абыз ақын» атты кітап көрмеге
кітапханашы Г. Ережепова шолу жасады.
Гүлден ПАТИХОЛЛАҚЫЗЫ.
Аралтөбе модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Сырым ауданы
Аққулар ұйықтағанда
Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне
араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер,
адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық,
соғыс тауқыметі тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта
зерек оймен кестеленген. Мектепте драмалық үйірме мүшелері
ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Аққулар
ұйықтағанда» поэмасы бойынша поэтикалық қойылым қойды.
Алдымен ақынның өмірі шығармашылығы туралы Айтқали Маржан
мен Калекешова Анар көптеген ақпараттарын слайд арқылы көрсетті.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным - сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр ететін,ананың балаға
деген шексіз махаббатын көрсететін ғажап туындыларының бірі.
Жас ұрпақтың бойына ізгілік нұры,табиғат сұлулығы мен ана махаббатын дәріптейтін қойылым көптің
көңілінен шықты.Бірінші бөлімде жетімкөл маңын кестелі жыр шумақтарымен әр оқушы үлкен шеберлікпен
орындады.Көрерменге аққу сұлулығын кестелі өлең жолдарымен әдемі жеткізе білді. Екінші бөлімде ана мен
әке ,жылқышы,қариялардың рөлдерін сомдады.Ана рөлінде Ақгүл Талғатова, әке рөлінде Тілеген Тыныштыбай
,жылқышы болып Еркебұлан Ғалымжан көрермен ойынан шыға білді.
Жетімкөл маңындағы Аққудың әдемі сұлулығы пен тыныштығын,шарасыз ананың бейнесін жыр өрнектерімен
Айдарбек Жайдарлым,Гүлдаурен Сабырғали,Аружан Арон сынды оқушылар әсерлі орындады.Алдағы уақытта осы
драламық үйірме мүшелері өз актерлік шеберліктерін әлі талай биік
белестерден көрінетініне сенімім мол.Мектеп сахнасында шыңдала
түсетін әр оқушының оқу мәнері мен актерлік қабілеті болашақ өнер
иесі болмасына кім кепіл. Өз сыныптастарыма таудай талаптарыңыз
бен өнер өлкесінде тек алда бола біліңіздер дегім келеді.
Диана ТӨЛЕУІШ
М.Қаналиев атындағы
Алғабас орта мектеп- балабақша кешенінің
8-сынып оқушысы,Сырым ауданы
Жырлайды жүрек
Ақтамберді болып ақтарылып, Абай болып терең күрсінген, Жамбыл
болып жырлаған, Мағжан болып мұңайған,Қасым болып от кешіп, Төлегендей
сағынышқа енген қазақ өлеңінің төрінде Мұқағали ақынның алатын орны ала бөтен.
Қарасаз атты қараша ауылда туып өсіп, Хантәңірінің етегінен түлеп ұшқан мұзбалақ
ақынның жырлары бүгінде әр қазақтың көкірегінде сайрап тұр.Ол-өлең өлкесіне
ерекше үмімен келіп қарапайым да, шымыр
өлеңдерімен жадымызда мәңгі қалып қойды.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсеөлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Ақын өзі жырлағандай,ақын өзі өлгенімен ,
артында қалған мұраларын бүгінгі жас ұрпақ
насихаттауда.Мұқағали Мақатаевтың туған
күніне орай Бұлдырты жалпы білім беретін
орта мектебінде 9а сынып оқушыларының
ұйымдастыруымен мектебімізде «Жырлайды
жүрек» атты поэзиялық әдеби кеш өткізілді.
Оқушылар кеш барысында ақынның өмір шығармашылығымен танысып, бейне
таспадан ақын дауысын тыңдады.Ақынның балалық шағын суреттейтін шағын
көрініс қойылып, ақын бейнесін сомдауда сыныптағы оқушылар таланттылығы мен
шығармашылығымен танылып көрермендер ықыласына бөленді.
Кешті қорытындылау мақсатында қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімдері
Қыдырғалиева Қырмызы Уалиахметқызы және Мырза Гүлзия Досқалиқызы
оқушыларға алғыстарын білдірді. Оқушылар «Жырлайды жүрек» атты әдеби -
сазды кешті ақын сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтады.
Г. КОБЕШОВА
Бұлдырты ЖОББМ-нің 9 «а» сыныбының жетекшісі
Сырым ауданы
Берер тәлімі мол кеш
Мектебімізде ақын атамыз Мұқағалидың шығармашылығына
арналған дәстүрлі «Мұқағали оқулары» өтті. Биылғы кеш «Өзіңсіз
поэзия пайғамбары» деп аталды. Сайыстың бағдарламасы бәріміз үшін
де таныс. Көрерменнің көп жиналғанын көріп, сайыскерлерде қуаныш
сезімімен қатар қорқыныш сезімі де пайда болды. Бұл кеште мені
де, мұғалімдерді де таңғалдырған 5 – сынып оқушылары болды. Кеше
ғана бастауыш сыныпты аяқтап, ортаңғы буынға аяқ басқан Дильназ,
Гүлсана, Аягөз, Индира – бәрі де үлкен аға – апаларымен сайысқа түсуге
сақадай сай. Олардың поэзияға деген қызығушылықтары жанып тұрған
көз жанарларынан анық байқалады.
Сайыста ақынның шығармалары жатқа оқылып, поэмалары да
көрермендердің зор ықыласына ие болды. Кезең-кезеңімен өткен кеште
сайыскерлердің ақынға арналған туындылары оқылды, «ақын әлеміне
шолу» да жасалып, сұрақ – жауап алынды. Ән кезеңінде өзімізді үлкен
әншілердің концертінде отырғандай сезіндік: «Есіңе мені алғайсың»,
«Сенің көзің», «Мен деп ойла» , «Саржайлау», «Наурыз - думан» әндері
бізді ән әлемінің бесігінде тербеді. Осы жерде сайыскерлерді мәнерлеп
өлең оқуға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Бағдагүл Қаратайқызы мен Райхан Мақсотқызына, ән айтуға баулыған
мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Тілекқабыл ағай мен ауылдық клубтың
меңгерушісі Қасым ағайға деген алғысымыз шексіз.
Сайыс та аяқталды. Қазылар алқасының шешімін тағатсыздана
күтіп отырмыз. Биылғы бас жүлде кімнің қанжығасында кетер екен
деген сұрақ барлығымыздың да көкейімізде тұрғаны анық. Жүлдегерлер
анықталғанша мектептің көркемөнерпаздары микрофонды қолдан -
қолға тигізбей ән салып, көрермендерді әнге бөледі. Көптен күткен
сайыстың қорытындысы да шықты – ау. ІІІ орын – 5 –сынып оқушысы
Балажанова Дильназ, ІІ орын – 8 – сынып оқушысы Базарбаева Айымгүл,
І орын – 5 – сынып оқушысы Максутова Гүлсана, бас жүлде – 10 – сынып
оқушысы Зекешов Әлиханның қанжығасына байланды. Айналамның
барлығы у- шу. Бір – бірін құттықтаған оқушылар, ата – аналар. Бәрінің
жүзі қуаныш нұрын шашып тұр.
Сырттарынан қарап, бүгінгі
сайыста ПОЭЗИЯ жеңіске жетті
деп қуандым. Лайым, арамызда
поэзияға қызығушылығы артқан
оқырмандар көп болғай деп
тіледім, осы сәт.
Достарыңызбен бөлісу: