№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата02.01.2017
өлшемі4,99 Mb.
#977
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Тестінің тҥрлері 
Толықтыруды  қажет  ететін  тестілер.  Мәтінде,  сызуда,  формуланың 
жазылуында  керекті  сӛздерді,  белгіні,  таңбаны  қоятын  ашық  орын  қалдырады. 
Мысалы: 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
65 
Мұнай мен газ ... жыныстарда кездеседі. 
Еске  салушы  тестілер.  Тест  сұрағына  жауап  –  қандайда  бір  факті,  заң 
мағынасы,  ережелер  болады.  Мұнда  нақты  қойылған  сұраққа  бір  жақты  жауапты 
білуі тексеріледі. Мысалы: 
Жердің  құрамы  мен  құрылысын  ондағы  тіршіліктің  туып,  ӛркендеуін 
зерттейтін ғылым ... деп аталады. 
Балама  жауаптары  бар  тест.  Қандайда  бір  шешімнің  дұрыс  немесе  бұрыс 
екенін  табу  керек.  Жауап  бергенде  (+)  немесе  (-)  белгілері,  «иә»,  «жоқ»,  «дұрыс», 
«дұрыс емес» сӛздері жазылады. Мысалы: 
Ұңғымаларды құрлықта да, теңізде де бұрғылайды. 
Жауабы: «иә». 
Таңдамалы  тест.  Бірнеше    жауаптардың    ішінен  дұрыс    біреуі  таңдалады. 
Жауаптары саны үшеуден кем болмауы тиіс. Мысалы: 
Сұйық каустобиолиттер қатарына жататын табиғи шикізат. 
А) су   
 
Ә) газ   
 
Б) мұнай 
 Сәйкестілік  тестісі  (салыстыру).  Тапсырмалар  екі  бағанадағы  бір-бірімен 
мағынасы,  мазмұны  бойынша  ӛзара  байласқан  фактілерді  мәліметтерді  табуға 
құралған. Мысалы: 
1. Мақат кені ашылды 
 
 
а) 1922 жылы 
2. «Ембімұнайгаз» кені ашылды 
 
ә) 1915 жылы 
3. Доссордағы №3 скважинадан 
мұнай бұрқағы атқылады 
 
 
б) 1966 жылы 
4. «Қазақойл» ұлттық компаниясы 
құрылды 
 
 
 
 
в) 1911 жылы 
Реттік  бір  ізділікке  берілген  тест.  Кӛлем,  атау  және  басқа  кӛрсеткіштік 
сипаттағы  мәліметтерді  тек  бір  ғана  тәртіппен,  қандай  да  бір  заңға,  ережеге 
байланысты бір ізділікпен орналастыру. Мысалы: 
Мұнай скважиналарының топталуы 
1. Тіректік 
2. Параметрлік 
3. Құрылымдық 
4. Іздеу 
5. Барлама 
6. Пайдалану 
7. Арнайы 
Қҧрама  тестілер.  Құрылымы  бойынша  онда  тестінің  әр  түріндегі  сұрақтар 
болуы  мүмкін.  Бұл  тестінің  тапсырмалары  мәтін  немесе  кесте,  формула,  график, 
сызу,  сызбалар  жиыны  түрінде  берілуі  мүмкін.  Деңгейі  бойынша  бұл  тест  аса 
сиымды, әрі ӛзгермелі болады. 
Тестілеу түрлері. 
1. Студенттердің білімінің ағымдық және жедел тест-бақылауы; 
2. Студенттердің білімінің аралық тест-бақылауы; 
3. Студенттердің білімінің қорытынды тест-бақылауы; 
4. Тренингтік тестілеу. 
Мамандарды  дайындау  деңгейінің  біліктілік  талаптарына  сәйкестігін 
анықтау.  Мысалы:  мен  ӛз  тәжірибемде  «Скважинаны  аяқтау»,  «Мұнай  және  газ 
скважиналарын  бұрғылау  технологиясы»  пәндерінен  жаңа  сабақты  қорытындылау 
үшін компьютерлік «easy Quizzy» бағдарламасын үнемі пайдаланамын. 
Бұл  бағдарламаға  тақырыпқа  байланысты  100  сұрақты  салып  қоямын. 
Сұрақтардың  орны  ауысып  тұрады,  бір  сұрақ  екінші  рет  қайталанбайды.  Соңында 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
66 
дұрыс және бұрыс жауаптары кӛрсетіліп, студенттің қанша балл жинағанын анықтап 
береді. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі. 
Сол бағдарламаның жүріс үлгісі тӛменде кӛрсетілген. 
 
 
Сурет 1 – «easy Quizzy» тестілеу жұмысының басталуы 
 
 
Сурет 2 – Тестілеу сұрақтары 
 
Ағымдық  және  жедел  тестілеуді  –  оқытушы  семинар  сабақтарында 
студенттің  одан  әрі  оқуға  дайындығының  негізгі  деңгейін  анықтау  үшін 
пайдаланады,  оқу  бағдарламасының  белгілі  бір  бӛлімдері,  семинар  тақырыптары 
бойынша білімді меңгеру сапасын тексеру үшін немесе 5-6 тапсырма беріліп, соңғы 
2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктері тексеріледі. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
67 
Мен ӛз тәжірибемде «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен 
технологиясы»  пәнінен  Шеврон  компаниясы  мен  Орталық  Азияның  Еуразия 
Қорының  қолдауымен  ұйымдастырылған  «Қазақстан  Республикасында  мұнай  және 
газ  саласында  кәсіби-техникалық  білім  беруді  жетілдіру»  жобасының  аясында 
«Мұнай  және  газға  пайдалану  және  барлау  скважиналарын  бұрғылау»  бойынша 
«Бұрғылаушы кӛмекшісі модульді оқыту бағдарламасы» бойынша оқып, сертификат 
алдым. 
 
 
Сурет 3 – Сұрақтардың дұрыс жауап саны 
 
 
Сурет 4 – Дұрыс емес сұрақтарға нақты тоқталуы 
 
Осы 
колледждің 
«Мұнай» 
мамандығының 
студенттеріне 
арналған 
бағдарламада  пән  бойынша  14  модульдік  тарау  бар.  Әрбір  тарау  тест  жұмысымен 
қорытындыланады, яғни оқылған тақырыптарға байланысты қазақ тобына қазақша, 
орыс  тобына  орысша  тест  сұрақтарын  салып  қоямын.  Сол  бойынша  студенттердің 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
68 
білімі және меңгеру сапасы анықталады. Тест соңында қанша пайызға студент жауап 
берді, сол бойынша бағаланады. Дұрыс жауаптың пайызы 75 болуы керек. 
Тестің бағдарламасы тӛменде кӛрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 5 – Тестілеу бағдарламасы және тарауларға байланысты модуль 
саны 
 
 
Сурет 6 – Тестілеу жұмысының алғашқы мәліметі 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
69 
 
Сурет 7 – Тестілеу қорытындысы 
 
Аралық  тестілеу  модульдің,  семестрдің  соңында  пән  бойынша,  аралық 
бақылау үшін жүргізіледі. 
Аралық тестілеудің мақсаты – студенттің кәсіптік білім бағдарламасы бойынша 
білімі  мен  дағды  (біліктілік  деңгейі)  аймағын  меңгеру  дәрежесін  анықтау  болып 
табылады. Мысалы, ӛз тәжірибемде «Мұнай» мамандығының 3-4 курс студенттеріне 
«Бұрғылау  машиналары  мен  механизмдері»  пәнінен  ӛзім  құрастырып,  қолданып 
жүрген тест «Гидравликалық түптік қозғалтқыштар» тарауына арналған. 
1. Тұрбабұрғы қандай бӛлшектерден тұрады? 
а) айналатын, қозғалмайтын  
ә) қозғалатын, айналмайтын 
б) шпиндельді, шпиндельсіз  
в) айналатын, айналмайтын 
2.  Валдың  тӛменгі  жағының  ішкі  бетінде  және  екі  жақ  шетінде  ертінді  ӛтетін 
тесік немен жабдықталған? 
а) муфтамен   
ә) бұрандамен 
б) болтпен   
в) гайкамен 
3. Тұрбабұрғы ішіне келген сұйықтық оның барлық қалақшалары арқылы ӛтіп 
қайда барады? 
а) құбырға 
ә) скважина түбіне   
б) қашауға  в) құбыр сыртына 
4. Ӛзектас алғыштың жоғарғы бӛлігінің формасы қандай? 
а) конус тәрізді 
ә) шеңбер тәрізді 
б) найза тәріздес 
в) ұшбұрышты 
5.  Құбырдың  іші  ӛзектасқа  толған  кезде,  құбырдың  тӛменгі  жағында 
орналасқан қандай құрал ашылады? 
а) ӛзектас алғыш 
ә) құбыр ұстағыш  б) турбоқашау 
в) жұлып алғыш 
6.  Тұрбобұрғыға  шарнир  арқылы  бекітілген,  найза  тәріздес  тістерімен 
жабдықталған қандай құрал орнатылған? 
а) Жұлып алғыш   ә) қашау ұстағыш   б) ӛзектас алғыш  в) ӛзектас ұстағыш 
7. Ӛзектас алатын ортасы дӛңгелек тесік болып келетін, алмаздық немесе тӛрт 
шарошкалы қашаулар қалай аталады? 
а) Бұрғылау головкалары 
ә) бұрғылау снарядтары б) бұрғылау қашаулары  
в) бұрғылау тізбегі 
8. Турбинаның сатысының саны нешеге жетеді? 
а) 300-320 
 
ә) 300-350 
 
б) 300-350 
 
в) 350-400 
9.  А  тәріздес  турбобұрғының  диаметрі  240,195,164  мм,  ал  сатысының  саны 
қанша болып келеді? 
а) 230-240 
 
ә) 190-230 
 
б) 190-180 
 
в) 200-250 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
70 
10. Турбоқашау не үшін керек? 
а) Ӛзектас алу үшін   
ә) кӛлбеу бұрғылау үшін     б) Жерді қазу үшін 
в) Сынған құбырды шығару үшін 
11.  Турбинаның  айналу  жылдамдығы,  жіберілетін  сұйық  мӛлшеріне  тура 
пропорционал 
а) п
1
/п
2
=Q
1
/Q
2   
б) 
 
Р
1

2
= (Q
1
/Q
2)

 
в) М
1

2
=(Q
1
/Q
 2)
2
 
12.  Т12  МК  қысқартылған  турбиналы  бұрғының  сатыларының  саны  қаншаға 
ӛзгере алады? 
а) 30 
 
б) 40   
в) 50 
13. Турбинаны бұраушы момент, жіберілетін сұйық мӛлшері қатынастарының 
квадраттарына тең: 
а) Р
1

2
=(Q
1
/Q
2)

 
б) М
1

2
=(Q
1
/Q
2)
2
 
 
в) Н
1

2
=(Q
1
/Q
2)

Қорытынды  тестілеу  –  студенттің  қалдық  білімін  бақылау;  студенттің 
аттестациялық  сынаққа  дайындық  деңгейін  тексеру  мақсатында  жүргізіледі. 
Қорытынды  тестілеудің  нәтижелері  құжатталады  және  мемлекеттік  аттестациялық 
сынаққа жіберілуінің қажетті шарты болып табылады. 
Тренингтік  тестілеу  –  студенттердің  ӛзіндік  жұмысының  бір  түрі  болып 
табылады, оқытушы тақырыпты, есептердің түрлерін ӛз бетімен меңгеру үшін оқыту 
технологиясы ретінде қолданады. 
Тест  тапсырмаларын  күрделілігі  жағынан  үш  деңгейде  құрастыруға  болады 
(тӛменгі күрделілік, орташа, күрделі). 
Әрине  білім,  іскерлік  дағдылардың  меңгерілгенін  тест  арқылы  толықтай 
анықтау  мүмкін  емес.  Мамандық  бойынша  тәрбие  жұмыстарымның  жоспарына 
енгізілген студенттер мен олардың ата-аналарының арасында тренинг сабақ ӛткіздім. 
Мысалы:  ӛз  жауабына  мысалдар  келтіру,  ӛз  ойын  жүйелі,  дәлелді  етіп  айту  тест 
арқылы  анықталмайды.  Сондықтан  тест  әдісі  басқа  тексеру  формалары  және 
әдістерімен ұштасу керек. 
Мен  «Мұнай  және  газ  кен  орындарын  пайдалану»  маманлығы  студенттерінің 
топ жетекшісімін. Тренингтік тестілеуді де пікір талас түрінде алдым. 
Пікірталас: 
1) Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады? 
2)  Ата-аналарың  отбасында  сендер  жақсы  мамандық  таңдауда  үлкен  азамат 
болып ӛсу үшін ӛздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін? 
3)  Алдағы  уақытта  қандай  маман  иесі  болатыныңды,  қандай  бағытты,  қандай 
оқу орнында оқитыныңды және де ӛзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің 
бе? Осы туралы ойладың ба? 
4) Ӛзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа 
қандай мамандықтар қажет? 
Осы сияқты сұрақтар арқылы ӛткіздім. 
Сонымен  қатар  суретті  және  графикті  тест  түрлерінде  ӛз  тәжірибемде 
қолданамын. Мысалы: 
1. Студенттерге «Бұрғылау машиналары мен механизмдері» пәнінен бұрғылау 
жабдықтарының  орналасу  сызбасын  беремін,  сурет  арқылы  студент  қандай  блокта 
қандай  жабдық  орналасқанын,  атқаратын  функциясын  анықтайды  немесе  сурет 
арқылы  арқылы  қондырғының  жоғарғы  жағынан  қарағандағы  эскизін  сызу  және 
тӛмендегі  элементтерін  кӛрсету,  сонымен  қатар  «Бұрғылау  қондырғысының» 
атқаратын міндетіне тоқталу. 
2.  «Мұнай  және  газ  скважиналарын  бұрғылау  техникасы  мен  технологиясы» 
пәнінен  ГИВ-6  (Гидравликалық  индикаторлық  салмақ)  аспабының  ішіндегі  мұнара 
басында  24  сағат  бойы  атқарылатын  жұмыстарды  студенттер  диаграмма  арқылы 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
71 
оқып  және  тест  құрастырады.  Жазып  кӛрсетеді.  Диаграмма  24  сағатқа  арналған. 
Әрбір бӛлік бір сағатқа бӛлінген. Бір бӛлік 15 минуттан тӛрт бӛлімге бӛлінген. 
Мысалы: 1. Скважинада қанша уақыт қазу жұмысы жүргізілді? 
А) 4 сағат 30 минут   
Ә) 3 сағат 45 минут 
Б) 4 сағат 25 минут   
В) 3 сағат 55 минут 
2. Скважинадағы бұрғылау аспабының салмағы 
А) 70-60 
 
Ә) 60-50 
 
Б) 80-60 
 
В) 50-40 
3. Скважинадағы инструменттерді жоғары шығаруға қанша уақыт кетті? 
А) 5 сағат 
 
Ә) 4 сағат 
 
Б) 6 сағат 
 
В) 8 сағат 
 
 
Сурет 10 а – Кен орнының индикаторлық диаграммасы 
 
 
Сурет 10 ә – Кен орнының индикаторлық диаграммасы 
 
Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе отырып, білім тәсілін таңдау 
ӛте қиын және ӛз ойым берілген тапсырма қызықты және әр түрлі формада берілсе, 
соғұрлым  студенттің  ойында  ұзағырақ  сақталады  деп  есептеймін.  Ең  негізгі 
студенттердің  жаңа  тақырыпты  меңгеру  деңгейін  анықтау  арқылы  жіберілген 
қателіктері есебінен мұғалімнің жұмысының жинақталуы. 
Осындай  әр  түрлі  әдістегі  тест  түрлерін  қолдана  отырып,  2013-2014  оқу 
жылының  соңында  күндізгі  және  сырттай  бӛлімнің  мұнай  тобының  студенттері 
квалификациялық  біліктілік  сапасын  тексеру  кезінде  жақсы  үлгерім  сапасын 
кӛрсетуі жасалған жұмыс нәтижесі деп есептеймін. 
Тӛмендегі  диаграммада  «Мұнай»  мамандығы  күндізгі  бӛлімі  студенттерінің 
білім сапасы кӛрсетілген. 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
72 
 
 
Нәтижесінде «Тесті пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы шығармашылық 
жұмысымда пайдалану арқылы ӛз тәжірибемде жеткен жетістігім: 
- Студенттің пәнге деген ынтасы мен қызығушылығы артады; 
- Студенттің ӛз-ӛзіне сенімі қалыптасады; 
- Білімді ӛз беттерімен алу жолдарын үйретеді; 
- Тез шешім жасау әрекеттілігі дамиды; 
- Іздену қаблеттілігі артады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
қазан
қараша
желтоқсан
қантар
ақпан
наурыз
сәуір

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
73 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҤЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҦМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҦМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР 
 
ДЖАНИЗАКОВА Тлектес Туркестановна, 
«Шҧғыла» балабақшасы МКҚК әдіскері, Сенек селосы, 
Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы   
 
 
 
БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНДА ҦЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ҦРПАҚ 
ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Ұстаз іздене жүріп, жұмысқа шабыттанса – жігерленеді. 
 Ізденіп жасаған әр істің, ӛзіндік нәтижесі болады. 
Педагог маман жұмысты қызыға сүйіп жасай отырып, 
ӛзінің білімін шыңдайды. 
Ертеңгі  елдің  иесі  бола  алатын,  дүниетанымы  жан-жақты  қалыптасқан 
ұлағатты ұрпақты тәрбиелеуде кешегінің сабағын болашаққа бағыт етіп алу – бүгінгі 
күн талабы. Ендеше мектепке дейінгі білім беру негізінде балаларға ұлттық тәрбие 
бесігін  баланың  бойына  балабақша  табалдырығынан  сіңіру,  ұлттық  тәрбие 
саласындағы балабақшаның әрбір тәрбиешісінің міндеті болмақ. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дүниетанымын  қалыптастыруда  ұлттық 
бағытты  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  іріктеп  алып,  оқу-тәрбие  үрдісінде 
қолданудың  маңызы  зор.  Дүниетанымның  іргетасы  тӛл  мәдениетті  терең  білуден 
басталады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен 
құбылыстарды  танып,  сыры  мен  қырына  үңіле  түседі.  Осы  жастағы  балалардың 
дүниетанымын  қалыптастыруда  қазақ  балалар  фольклорының,  салт-дәстүрлердің, 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
74 
ұлттық ойындардың және ұлттық жәдігерлердің, ұлттық болмыстың, ұлттық әдептің
ұлттық ӛлке табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше. 
Балабақшада  балалар  күнделікті  оқу-тәрбие  жұмыстарында  алған  білімдерін, 
ұлттық  бағытта  толықтырып  отырады.  Әрбір  педагог  маман  ӛз  тәжірибесін 
ұштастыра,  үйлестіре  отырып,  белгіленген  ашық  іс-әрекетті  тек  қана  қазақ 
этнопедагогикасымен қамтылған сабақтар ұйымдастыра жұмыстар жасайды. 
Әр  сабақта  баланың  кӛңіл-күйін  ескере,  сабаққа  деген  белсенділігін  арттыра, 
тілдерін  дамыта,  дүниетанымын  қалыптастыра,  білімдерін  кеңейте  түсе 
ұйымдастырылып, сабақ қорытынды нәтижесіне мән бере жүргізіледі. 
 
Ұлтымның ұлылығын ұлықтадым, 
Тәрбиенің биік ұстар ғұрыптарын. 
Баланың ӛн бойына жылу шашып, 
Ӛсіремін  нағыз  қазақ  қылып  бәрін,  -  дегендей,  балабақша  жағдайындағы 
ұлттық тәрбиенің орны ерекше. 
Ұлттың  тәрбиесін  7  атадан  бері  қарай  мирас  етіп,  биікке  кӛтеріп,  ұрпақтан-
ұрпаққа  жеткізу  –  біздің  парызымыз.  Ата-бабамыз  «Жеті  атасын  білмеген  жетесіз» 
деп  бала  есін  біле  бастағаннан  жеті  атасының  аттарын  үйреткен.  Сондықтан  мен 
жұмысымды 7 қанат ақордамен сабақтағым келіп тұр. 
«Ұлттық  педагогиканы»  шаңыраққа  орналастыра  отырып,  уықтарына  7  атаны 
қондырдым.  Баба,  ата,  әке,  бала,  немере,  шӛбере,  туажаттан  бері  келе  жатқан  ұлт 
аманатын  бӛбектер  бойына  сіңіру  барысында  «Шұғыла»  балабақшасында,  тату 
ұжымда жұмыстар балалармен жалғасын тауып келеді. 
Киіз  үйдің  құрылымы  балалардың  қорғаныш  кепілі  –  шеңбер  тәріздес,  яғни 
балаға таныс «шаттық шеңберіміз» болса, алты қанат отаудың әр керегесіне баланың 
бақшадағы  шамасына  қарай  ұлттық  тәрбие  түрлерін  топтастырдым.  Олардың 
алғашқысы  бірінші  кереге  –  Бесік  тәрбиесі  болса,  бұл  бағытта  қолға  алып  отырған 
тәрбие бастауы – «Бесік жыры». 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
75 
Жұбату  –  алдарқату  ӛлеңдері,  арнау  –  тілек  ӛлеңдері,  тақпақтар, 
қызықтамақтар, ӛтірік ӛлеңдер, маусымдық жырларды балалар бойына үйрете сіңіру 
мақсатында  ұйымдастырылады.  Балабақша  табалдырығын  алғаш  аттап  келген 
балалармен  тәрбиешінің  жүргізетін  жұмысы  –  жылаған  баланы  тыныштандырып, 
кӛңілін  басқа  жаққа  аудару  мақсатында  жұбату  –  алдарқату  ӛлеңдері  айтылады. 
Саусақ ойындарын ойната барлық балалармен бес саусақтың аттарын атап, ретімен 
жұмып,  ретімен  ашу  бала  ұғымын  жүйелеудегі  алғашқы  қадам  саусақ  ойындары 
болып табылады. 
Балаларды  түскі  демалысы  кезінде  оларды  алғашқы  күннен-ақ  «Әлди-әлди  ақ 
бӛпем,  ақ  бесікке  жат  бӛпем»,  -  деп  әнмен  ұйқы  құшағына  енгіземін.  Әрине, 
балалардың  жүрегіне  ана  жүрегінен  шыққан  әннің  ойып  орын  алып,  бала  бойын 
балбырататыны  анық.  Барлық  тәрбиешілер  осы  бағытты  басты  тәрбиелік  ұстаным 
деп сезінеді. Ӛзім де тәрбиеші ретінде осы бағытты ұстанамын. 
 
Осы  бағытта  «Аққу»  тобымен  ӛткізген  «Ұлт  тәрбиесі  –  жас  ұрпаққа»  атты 
тәрбие  сағатым  туралы  осы  сәтте  айта  кеткім  келіп  отыр.  Онда  «Шілдехана»,  «Ат 
қою»,  «Тыштырма»,  «Бесікке  салу»,  «7  киім  жабу»,  «Ит  аяққа  салу»,  «Қырқынан 
шығару»,  «Тұсау  кесу»,  «Тілашар»,  т.б.  ырым-жоралғыларды  бала  бойына  сіңіру 
мақсатында,  оларды  жете  кӛтеру  арқылы  таныта  дамыту  мақсатында  балалармен 
ойын-кӛрініс ретінде ӛткізген болатынмын. 
Екінші  керегеде  ұлттық  әуен,  домбырамен  ойнатылатын  саз,  әуен,  ӛсиет 
сӛздер, қаламақтар, санамақтар, балалар айтысы, әуендік ӛнері әндері, күй, би ӛнері 
ұлттық  аспаптармен  таныстыру  мен  топтастыру  арқылы  жүргізілген  жұмысымның 
бастауы таңертеңгілік жаттығулар қасиетті қара домбырадан тӛгілген. 
Сабақ 
барысы 
Құрманғазының 
күйі 
«Адаймен», 
«Сарыарқамен», 
«Балбырауынмен»,  сондай-ақ  «Қаражорға»  биімен  ӛрнектелді.  Бұның  нәтижесі 
балабақшамызда  ӛткізілген  аудандық  әдістемелік  семинарда  ӛзім  ашық  оқу  іс-
әрекетімнің  тақырыбын  «Қаражорға  әуенімен  таңғы  шынығу»  деп  алып,  ӛткізген 
болатынмын. Ӛткізген оқу іс-әрекетім жақсы нәтиже кӛрсетті. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
76 
Кез  келген  саз  әуеннен  гӛрі,  домбыра  шанағынан  тӛгілген  күйдің  тәрбиелік 
мәні зор. Ал тамақтану мезгілінде Еңсеповтың «Балалық шақ» күйі жай орындалып 
жатады, ол әуеннің бала деніне берер қуаты да мол балмақ. 
Қазақ балалар фольклорының барлық түрлері – балалар айтысы, ӛтірік ӛлеңдер, 
тәжікелесулерді  балалар  түрлі  шаралар  кезінде  бала  мен  қыз  айтысы  ретінде 
айтысып,  тіл  байлықтарын  байыта,  сӛздік  қорларын  молайту  үшін  қолданылады. 
Күндізгі  серуен  кезінде  балалар  арнау  –  тілек  ӛлеңдер  арқылы  ауа  райы 
құбылыстарымен,  жан-жануарлармен  тілдесіп,  ұғынуға  тырысады.  Күнге,  бұлтқа, 
жауған  жаңбырға  арнап  арнау  –  тілек  ӛлеңдерін  кӛтеріңкі  кӛңіл-күймен  айтып, 
табиғат құбылыстарын ӛздеріне жақын сезіне түседі. 
Мектеп  жасындағы  балалар  ӛзінің  эмоциясын,  арман-мақсатын,  қалауын 
ӛлеңмен білдіруге тырысады. Балабақшада сирек кездесетін диалог түрін қолға алу 
мақсатында  балалардың  бос  уақытында  10-15  минуттық  шара  ӛткізіледі. 
«Құрамақтар»  мен  «Сұрамақтар»  балалар  қос-қостан  шығып,  кезектесіп,  бір-біріне 
сұрамақты айтып, сюжетті рӛлді кӛрсетеді. 
Сұрамақтардың бір ерекшелігі – табиғат құбылыстарымен, жан-жануарлармен 
адам ретінде кездесуі болып табылады. 
Үшінші  керегеге  тұрмыстық  салт-дәстүрлер,  ұлттық  бұйымдар,  әшекейлер, 
ұлттық жәдігерлерді кӛріп отырсыздар. Ер тоқым, қамшы, домбыра, торсық, ұлттық 
киімдер, бесік, бау-басқұр, бесік, құрақ кӛрпе, сандық, шәй сандық, шашақ, түскиіз, 
жүкаяқ, кілем, текемет, алаша, сырмақ, кебеже, қобдиша. 
Бала есін білгесін, елін сүюді де үйренуі тиіс. Қасиет тұнған, арда туған әрбір 
бӛлшегін  қастерлету  –  менің  парызым,  біздің  парызымыз.  Осыған  орай, 
балабақшамызда  «Киіз үй» бұрышы жасақталған. Онда осы жәдігерлердің барлығы 
сақталған. Оны әрбір тәрбиеші ӛз қолымен жасап, үлкен еңбекпен жасақталды. Бұл – 
тәрбиешілермен бірге жасаған үлкен жұмысымыздың жемісі. 
Балабақшамызда  аптаның  жұма  күні  «Ұлтым  –  ұраным»  атты  10  минуттық 
танымдық  сабақ  ӛткізіледі.  Әр  тәрбиешіге  жүктелген  бұл  міндет  үлкен 
жауапкершілікпен  атқарылуда.  Ӛзім  осы  жүйе  бойынша  балаларға  киіз  үй 
бұрышындағы  ұлттық  жәдігерлерді  жеке-жеке  таныстырып  отырамын.  Бұл  тәрбие 
жұмысы кезінде балалардың тіл  байлығын молайту үшін тақпақ, ӛлең шумақтарын 
жаттатып, сергіту сәті жәдігерге байланысты ұйымдастырылады. 
Тӛртінші  керегеде  ертегі,  аңыздар,  ырым-тыйым  сӛздер,  жұмбақтар,  мақал-
мәтел,  жаңылтпаш  арқылы  тәрбие  бағыты  жасақталған.  Күнделікті  тілдерін 
жаттықтыру,  сӛз  қорларын  молайту,  татулыққа,  достыққа,  адалдыққа  тәрбиелейтін 
бұл  бағыт  –  тәрбиешілердің  алдына  қойған  ең  басты  мақсаты.  Балалармен  тәрбие 
сағаттарын ӛткізген кезде осы бағытты үздіксіз пайдаланып отыру – міндетіміз. 
Аптасына баланың жасына қарай 1 жаңылтпаш, 1 мақал, 1 жұмбақ жаттатамыз. 
Келесі аптада 1 тыйым сӛз, 1 ырым сӛздерін жаттату міндеттелген. Ал осы бағытта 
тәрбиешілермен  психолог-маман  ӛткізген  «Сәлем  –  сӛздің  анасы»  атты  тренингте 
осы  үрдісті  пайдалану  керек  болатын.  Бұнда  «Балапан»  тобының  тәрбиешісі  А. 
Сүйеуова үздік нәтиже кӛрсетіп, жеңіске жеткен болатын. 
Апталықтарға  байланысты  мерекелер  кезінде  балалармен  тақырыптық  шара 
ұйымдастырылады.  Балалар  айтысы,  бала  мен  қыз  айтысы,  үлкен  дайындық 
жұмыстарымен  қызу  жүргізіліп,  жоғары  деңгейінде  ӛткізіліп,  балалар  әртүрлі 
дәрежелі дипломдармен марапатталады. 
Жыл  бойы  ертегіні,  сахналық  қойылымдары,  кӛріністерді,  рӛлді  сомдау 
балалар  арасында  уақытылы  жоспарлы  ӛткізіледі.  Балабақша  педагогтарының 
ұйымдастыруымен  саусақ  театры,  ертегі  қойылымы,  кӛлеңкелі  театр,  театрланған 
кӛріністер кӛрсетіліп, балалардың кӛңілдері кӛтеріліп, қуанышқа бӛленеді. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
77 
Бесінші  керегеге  орналастырған  «Ұлттық  ойындар»  бағыты  бәрімізге  белгілі 
барлық балабақшаларда ӛткізілетін «Арқан тарту», «Теңге алу», «Орамал тастамақ», 
«Қол  күрес»,  «Ат  жарысы»,  «Аударыспақ»,  «Жаяу  кӛкпар»,  «Алтыбақан»,  «Асық 
ату»,  «Бес  тас»,  «Хан  талапай»,  «Ат  жарысы»,  «Нәби»,  қимыл-әрекет  ойындары: 
«Күн  мен  түн»,  «Күзетші»,  «Қамалды  қорғау»,  «Орныңды  тап»  ойындарын  кӛп 
ойнатамын.  «Ойнай  білмеген  –  ойлай  білмейді»  демекші,  балаларды  ойнатып, 
олардың ойларын ӛсіремін. 
 
Бұның  нәтижесі  балабақшамызда  алғаш  ӛткізілген  аудандық  семинарда  ӛзім 
ашық  оқу  іс-әрекетімнің  тақырыбын  «Ұлттық  ойын  –  ұлт  қазынасы»  деп  алып 
ӛткізген болатынмын. Ӛткізген оқу іс-әрекетім «ӛте жақсы» деп бағаланды. Ұлттық 
ойындарды сайыстарда, сергіту кезінде, серуенде, ата- аналармен де, жарыстарда да 
үнемі қолданып отырамын. 
Осымен  қатар  балаларға  ежелден  келе  жатқан  ұлттық  ойынымыздың  бір  түрі 
«Тоғызқұмалақ»  ойыны  жӛнінде  жалпы  мағлұмат  беріп,  түсіндірме  жұмыстарын 
жүргіземін.  Ол  қазақтың  ұлттық  спорттық  ойындарының  бірі  екенін  атап  айтып, 
түсіндіріп  ӛтемін.  Ия,  ол  –  ұлттық  мерекелерді  тойлау  кезінде  кӛп  қолданылатын 
ойын.  Бүгінгі  таңда  олимпиада  ойындарына  енгізіліп,  додалы  жарыс  түрінде 
ӛткізілуде.  Жеңімпаздарға  жүлделі  орындар  беріліп,  олар  бағалы  сыйлықтармен 
марапатталуда. 
Алтыншы  кереге  –  салт-дәстүр  бағытында  ӛлшем  бірлік  түрлері.  Қос  уыс  – 
қолдың  саусақтарын  бірге  жымыстыра  бүккендегі  ӛлшем,  бір  уыс  –  саусақтарын 
жымдастырғанда  бүккендегі  ӛлшем,  шӛкім  –  ұсақ  затты  үш  саусақтың  ұшымен 
қосып  алғандағы  ӛлшем,  шым-шым  –  ұсақ  затты  бас  бармақ  және  сұқ  саусақпен 
қысып алғандағы ӛлшем, жұдырық – бес саусақты қысып ұстағандағы ӛлшем, қарыс 
– бас саусақпен шынашақтың бойымен ӛлшенетін ӛлшем, құлаш – екі қолды жайып, 
ашып ӛлшейтін ӛлшем, адым – алшақтап аттаған қос аяқ ӛлшемі, аттам – бір аяқпен 
аттаған ӛлшем, т.б. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
78 
Балалар  суреттерге  қарап,  ауыр  және  жеңіл  заттарды  ӛздері  топтастырады. 
Балалар  сұйық  және сусымалы заттарды ыдыстардың кӛмегімен ӛлшейді. Мысалы: 
Ақжан, 3 шӛкім тары әкел. Тоғжан, сен шелекке 5 уыс бидай сал. Айназ, 4 шым-шым 
тұз ал. 
Қазақша  отыру  түрлері.  Қазақ  қоғамында  қалыптасқан  этикалық-эстетикалық 
нормаларға сәйкес кӛптеген ережелер қалыптасқан. Әр адам ӛзінің отыратын орнын 
білу  тиіс  болған  және  отырудың  белгілі  бір  қағидаларын  сақтаған.  Әдетте  отыру 
үшін  адамдардың  жолы  мен  жасы  ескерілген.  Молдас  құрып  отыру  –  жамбасын 
жерге  тигізе  отырып,  тізесінен  бүгілген  екі  аяғын  айқастыра  астына  басып  отыру. 
Жүгініп отыру – екі аяғына жүгіне отыру. Жүрелеп отыру – екі аяғын тізесіне бүгіп, 
жанбасын екі аяғының балтырына тигізе отыру. Тізерлеп отыру – тізесінен бүгілген 
аяғын  астына  тӛсене  отыру.  Ыңғайлырақ  болуы  үшін  бір  тізесін  жоғары  кӛтере, 
табанымен жер тірей отыруы да мүмкін. Жамбастап  отыру – жерге жамбасын тигізе 
отыру.  Бір  жамбастап  отыру  –  бір  жамбасын  жерге  тигізе,  қолтығының  астына 
жастық  жастана  қырынан  отыру.  Жату  түрлері:  етпетінен  жату,  қырымен  жату, 
шалқайып жату, жантайып жату т.б. 
Қазақтың  отырып,  жату  түрлері  баланың  бойына  жасынан  әдептілік  пен 
инабаттылық,  имандылық  айнасын  ұялатуға  бағытталған  тәрбие  басы.  Қазақи 
болмысын бойына сіңіре, ұлттық болмысты жоғалтпай, ұлттық салт-дәстүрше тәлім-
тәрбиемен  сусындаған  бала  болашақта  ӛз  еліне,  жеріне,  ұлтына  жаны  ашитын 
патриот  болып  ӛседі.  Балалар  ержетіп,  бойжеткен  кездерін  де  балабақшада  алған 
тәлім-тәрбие бойларында сіңіп, ӛз болмысына қарай отырып, тұруды біліп ӛседі. 
Жетінші  керегеде  ұлттық  тағамдар  туралы  сыр  шертіледі.  Қазақтың  ұлттық 
дастархандағы  ұлттық  тамақтарының  негізгі  түрлері  ет  тағамдары,  сүт  тағамдары, 
ұннан  жасалған  тағамдар,  дәннен  жасалған  тағамдар.  Сүт  тағамдарына  тӛрт  түлік 
малдың  сүтінен  дайындалған  тағамдар  жатады.  Қымыз  –  ұлттық  тағамдардың 
ішіндегі ең қадірлі дәм. Оны бие сүтінен ашытады. Сиыр, қой-ешкі сүттерінен айран, 
құрт-ірімшік, май, қаймақ, қатық т.б, ақтағамдар дайындалады. 
Ұннан  әр  түрлі  нандар  (күлше,  жұқа  нан,  таба  нан),  шелпек,  быламық, 
бауырсақ,  құймақ,  дән  тағамдары  –  бидай,  арпа,  тары,  жүгеріден  –  талқан,  бидай 
кӛже, тары кӛже жасаған. Шұбат – түйе сүтінен жасалатын шипалы сусын. 
Бұл  бағытта  мақтана  айтар  болсам,  балалардың  тамақтануына  ұлттық 
тамақтары  аптаның  бейсенбі  күні  «Ұлттық  тағам  күні»  болып  бекітілген.  Айдың  4 
аптасына  шұбат,  ірімшік,  балқаймақ,  қазақша  ет,  айран,  құрт,  сиыр  сүтінен  таза 
табиғи сүт ӛнімдерін береміз. Бала мал ӛнімдерін пайдалана отырып, олардың қалай, 
қайдан алынатынын, жасалу жолын да біле отырады. 
Наурыз  мерекесі  кезінде  ұлттық  тағам  кӛп  қолданылады.  Баланы  балабақша 
жағдайында  халықтық  педагогика  негізінде  тәрбиелегенде,  баланың  балабақшаға 
күнделікті келген кезінен бастап, ұлттық салт-дәстүрді, халықтық ӛнерді, халық ауыз 
әдебиетін, тыйым сӛздерді,  ұлттық  ойындар мен ұлттық  тағамдарды бала санасына 
жүректен  шыққан  жылы  сӛздермен  жеткізіп  отырамын.  Осы  бағытта  жылдар  бойы 
балабақшамызда  жүргізілген  жұмыстарын  зерттеу  мақсатында  балабақша 
бүлдіршіндерінің  және  ӛзімнің  жеке  жетістіктерімді,  ӛткізген  оқу  іс-әрекет  пен 
шараларымды  мониторингтік  кӛрсеткіш  бойынша  бақылаған  кезде  жылдан-жылға 
балалардың сапасы ӛскені анықталған  болатын. 
Жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесіне  сүйене  отырып,  қазақ 
этнопедагогикасы  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дүниетанымын 
қалыптастыруға  септігін  тигізетін  құнды  мұраларымызды  алып,  оқу-тәрбие  ісіне 
қолдану  арқылы  нәтиже  кӛрсеткіштерін  анықтадық.  Қазақ  этнопедагогикасын  әр 
сабақтарға қолдану негізінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру, табиғат пен 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
79 
қоғамның  негізгі  сырларын  танып,  білуге  ұмтылдыра  білдік.  Балаларды 
халқымыздың  асыл  мұраларына  деген  қызығушылықтарын  арттыру,  қастерлей 
білуге  үйрете  тәрбиелеп,  ӛзінің  туған  елін,  туған  жерін,  ұлттық  құндылықтарын  
қадірлеп, қастерлеуге балабақшадан тәрбиелеген жӛн. 
Бала  түрлі  іс-қимыл  кездерінде  кӛп  нәрсені  бойына  сіңіреді.  Мәселен, 
балабақшада балалар ойнай жүріп, кӛп нәрсені үйренеді, біледі. Ойнай жүріп, ойын 
шыңдайды.  Ойын  мен  еңбектің  бір-біріне  ұқсас  сипаттары  кӛп,  сондықтан  педагог 
ғалымдар:  «Жақсы ойын  – жақсы жұмыс сияқты»,  - деген түйін жасайды. Баланың 
ойында  ойнап  жүрген  кезде  де,  белгілі  ӛз  жас  ерекшелігіне  сай  белгілі  дәрежеде 
жауапкершілікті  талап  ете  отырып,  жауапкершілікпен  ойнауға  дағдылана 
талаптанады. 
Балалар  тақпақтар,  сұрамақтар,  қызықтамақтар,  айтыс  ӛнері,  жырлар,  тілек 
ӛлеңдер арқылы жыл  мезгілдерін ерекшеліктеріне қарай ажырата біліп, табиғаттың 
ӛзіне  тән  қасиеттерін  түсіну,  ойын-ӛлеңдер,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер, 
тәжікелесулер,  балалар  айтысы,  ойынға  шақыру,  қаламақтар,  санамақтар  арқылы 
әзіл-қалжыңды түсіне білуге, заттар мен іс-әрекет арасындағы байланысты ұғынуға 
болатынын түсінеді. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  берілген  білім  мен  тәрбие  балабақша 
қабырғасында жалпы мағлұматтар бойынша беріліп, ұғым негізінде қаланады. Соған 
орай  ӛзімнің  іс-тәжірибемде  жүргізілген  ұлттық  бағыттағы  жұмысымның 
зерттеулері  жақсы  кӛрсеткішпен  қорытындыланып,  бұл  бағыттағы  жұмыстар 
жалғасуда.  Ізденіс  бағыттары  бойынша  балабақшадағы  балалармен  жүргізілген 
жұмыстар ӛз нәтижесін жылдар сайын жақсы кӛрсеткішпен кӛрсете береріне сенімім 
мол. 
Ұлттық  бағыттағы  жұмысымыз  алда  да  жүргізіле  береді.  Жұмысымыздың 
жемістерін кӛре беретінімізге сенемін. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет