4. Абайтану пәні бойынша дәріс тезистері 1-дәріс. Тақырыбы: Кіріспе



бет9/16
Дата26.11.2023
өлшемі66,85 Kb.
#128543
түріӨмірбаяны
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Абайтану дәрістер

Абайдың толық адам туралы ілімі

Толық адам танымы Абайдың шығыстық дүниетаным қайнар көзден тапқан рухани төл қазынасы. Толық адам, жақсы қайырымды адам, жетілген адам туралы ойлар – барша адамзатқа ортақ таным. Сөйтсе де бұл ілім Абайға Шағатай тіліндегі әдебиет пен шығыс ойшылдары арқылы жеткен. Философияның адамгершілік болмысы мен табиғаты, негіздері туралы саласы Абай шығармаларында жүйелі де ізерлі жырланған. М.Әуезов осы орайда ақын туралы: «Абай мораль философиясын барлық жайдан жоғары қояды» деген түйінді ойын тегін айтпаған. Абайдағы адамгершілік ілімі ретіндегі таным М.Әуезов зерттеулерінде «нравственная личность» деп аталса, М.Мырзахметұлы оны ақынның өз сөзімен «толық адам» деп атаған. Абай дін, тәрбие, адам жаратылысы, адамшылық туралы ойларында үнемі толық адам танымын сөз етіп, насихаттап отырады. Абайдағы толық адам танымының мән-мазмұны М.Әуезовтің мына ойынан айқын танылады: «Ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады». М.Әуезов ақын мұрасын танып, зерттеу барысында «Абай моральдік философияны барлық жайдан жоғары қояды» деп түйіндесе, ақындағы адамгершілік ілімін арнайы зерттеп, ақын мұрасы мен өмірлік ұстанымының өзегі, негізі болған адамгершілік тақырыбын ақынның өз сөзімен атаған «толық адам» ілімі аясында танып білуді ғылыми айналымға енгізген – М.Мырзахметұлы. «Толық адам» ілімінің мәні мен мазмұны қазақ әдебиеттану ғылымында М.Мырзахметұлының зерттеулері арқылы мәлім болып отыр.


«Толық адам» ілімі адамзат ойшылдарын әр заманда ойландырып, толғандырып келген тамырлы да іргелі таным. Иран оқымыстысы Мұртаза Мұтаххари(1919-1979) «Совершенный человек в исламе» деген кітабында толық адам танымының тарихы мен қоса, бұл танымның мән-мазмұнын да біршама таратып сөз еткен. Оның пікірінше, толық адам ілімінің негізін теософ ғалым араб Мұхин ал-дин ибн-Араби (1165-1240) қалаған. Ал Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы бұл ілімнің төркінін Алып Ер Тоңа туралы жырлардан тауып таратады. Оның ойынша, қазақ жерінде X-XI ғасырда Ж.Баласағұнның «Кұтадғу білік» дастанында негізделген жәуәнмәртлік ілімін Ж.Румиге жеткізіп, оның көзқарасын түбірінен өзгеріске түсірген Сырдариялық Шамс Табризи болған. Адамшылық негіздері туралы жәуәнмәртлік ілімі Әл-Фарабидің парасатты адам, кемелділік туралы танымы мен тиянақты қалыптасып, берідегі Абай шығармаларындағы толық адам танымына дейінгі даму жолынан өткен. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Ясауи, Абай шығармаларындағы адамгершілік ілімі инсанияттың кәмәләттығы мен бенделіктің кәмәләттығы бағыттары бойынша дамып келген. Ж. Баласағұн мен Абай негізінен инсанияттың кәмәрәттығы бағытын ұстанған. Абайдың адамгершілік ілімін танытатын толық адам ақындағы жәуәнмәртлік, иманигүл (үш сүю) арқылы өзегі мен мәніне жетеді. Толық адам адамзаттың болмыс бүтіндігін танытса, иманигүл (үш сүю) адамзатты асыл, абзал ететін адамгершіліктің ең түпкі негізін көрсетеді. Ақындағы адамгершілік асыл қасиеттерді іш тарта уағыздап, кеселдік қасиеттерден безіндіре әшкерелеуі де - толық адам аясындағы ақындық ой-әрекеттері. «Адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «адамшылығының кәмәләт таппағы», «бенделіктің кәмәләті», «толық инсаният», «инсанияттың кәмәләттығы», «кәмәләт-ғазамат» секілді ұғымдар Абайдағы адамгершілік туралы таным – толық адамды танытуға құрылған. Толық адам танымы камили инсан мен бенделіктің кәмәләт таппағы ұғымдарын ажырата ашумен де табысты болмақ. Ақын толық адам танымын насихаттауда жүрек пен жүректен шығар әділет, рақым, шапқат, мейірім қасиеттеріне айрықша көңіл бөледі. Ақындағы нұрлы ақыл да жүректен шығар әділет, рахым жолында жүріп қалыптасады. Оспан, Әбдірахман туралы өлеңдердің мазмұнындағы толық адам көрінісі де назар аударуды керек етеді. Абайдың толық адам ілімі өзінің жүйелі де заңды жолымен Шәкәрімнің ар ғылымы арқылы дами түсті. Абайдың толық адам ілімі мен Шәкәрімнің ар ғылымы қазақтың ғана емес, барша түркі халықтарының моральдік кодексінің іргетасын қалауға толық жарап жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет