4. Ареалдың құрылымы мен типтері. Ареалдар шекарасы



бет3/4
Дата28.02.2023
өлшемі32,03 Kb.
#70540
1   2   3   4
Байланысты:
432812517339 №4 Лекция Ареалдың құрылымы мен типтері

Реликтілер жəне реликтілі ареалдар. Реликтілер – бұл басқа ландшафты-климаттық жағдай болған бағзы кезеңдерден сақталған түрлер (туыс, қатар, тұқымдас). Əрбір түр экологиялық шыдамды болғандықтан, өзгерген жағдайда реликт барлық жерлерде емес, осы түрдің таралу кезіне жақын жағдайлар сақталған паналау жерлерінде (рефугиумдарда) тіршілік ететіндігін ұғынуымыз керек.
Реликтілік критерийдің: олар түрдің сиректігі (жалпы таксон- ның) жəне табиғи себептер бойынша қысқару деңгейінде жатқан оның ареалының шектеулілігі сияқты екі түрі бар. Мəселен, Оңтүстік-Шығыс Қытайдағы гингко тұқымдасынан шыққан голо тұқымды екіқалақты гингко (Gingko biloba), АҚШ-тың батыс жағалауындағы таксодия тұқымдасынан шыққан секвойя (Seguia), темір ағашы (Parrotia), 1938 жылы ОАР жанынан Үнді мұхитының Комор аралдары жанынан 1952 жылы табылған целакант түрлілер қатарына жататын, саусақ қанатты латимерия балығы (Latimeria chalumnia). Бұл ағзалардың бұрынғы кең таралған түрлері палеонтологиялық материалдармен дəлелденген. Палеотологтардың пікіріне сəйкес, олар палеозойдан мезозойға дейін өте кең таралған, одан кейін жойылған деп саналады.
Реликтілі ареалдарды тек қана реликтілер ғана қалыптастырмайды. Мысалы, Днепр, Днестр жəне Буг өзенінің төменгі сағаларында (плейстоценде оңтүстіктен жəне батысқа қарай) қосаяқтың (Allactaga jaculus) нүктелі таралуы, Альпідегі ақ қоян (Lepus timidus) жəне тундра шілінің (Perdix), Санкт-Петербургте тапал қайыңның (Betula nana) таралуы жатады. Жалпы, жануар реликтілерінің нүктелі ареалдары болмайды, бірақ реликтіліктің барлық қалған белгілері (таксон сиректігі мен қысқарған ареал) болады.
Қазіргі мекендеу ортасы мен таралу ареалының қысқаруына байланысты реликтінің үйлесімсіздігі. Көптеген реликтілер мен реликті ареалдар осындай ретте шартты түрде қабылданады. Мəселен, грек жаңғағы (Juglans) ареалы соңғы 25 млн-дай жыл ішінде үздіксіз қысқару күйінде, бірақ грек жаңғағы ағашы сирек емес.
Реликтілер генезисі əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, құрылымдық реликтілерді бөледі: ареал қауымдастықтың өзгерген құрылымының аумағын алады. Мысалы, алғаш гүлділерден шыққан мүктəріздес тасшыгүл (Androsace bryomorpha) Батыс Памирде нүктелі ареалы бар, ол тек ылғалды құздарда өсетін, бірақ бүгінде Гиссар шыңында жəне Ауғанстанның Гиндукуш тауларының оңтүстігіндегі тасшыгүлдермен туыстығын сақтайды. Бұл айқын құрылымдық реликт: бұрын тасшыгүлдің бастапқы түрінің кең құрылымы өскен, содан кейін құрылымның өзі альпілік орогенездің белсенді кезеңінде таулармен оқшауланған жəне жойылып кеткен. Ал мүктəріздес тасшыгүл реликт түрінде қалып қойған. Қырымдағы Станкевич қарағайы, Оралдағы Сукачев балқарағайы, Солтүстік Африка жəне Пиреней түбектерінің оңтүстігінде тіршілік ететін макака-маймылдары (Macacus inuus) немесе неогенездегі кең кеңістікте таралған Жапониядағы макака-маймылдары (Macacus specioides) осыған ұқсас. Ортаның бір жағдайына бейімделген геоморфологиялық реликтілер жер бедерінің, теңіз деңгейінің өзгеруіне байланысты басқа жағдайларға тап болады. Мысалы, байкал итбалығы (Phoca sibirica) итбалықтың арктикалық түр- лерін ің негізгі ареалдарынан ажырап қалады. Бұл плейстоценнің барынша мұздануы кезеңінде (шамамен, 0,5 млн жыл бұрын) Таймыр тауынан ығысқан мұздық Енисейді уақытша қалқалап, орасан зор тоғанды қалыптастырғанда болған, онда арктикалық итбалықтар бірінің популяциясы қалған. Бүгінде байкал итбалығы Байкалдан Ангара мен Енисей өзендері арқылы Арктикаға Сібір өзендерінің жылдам ағысынан өте алмайды. Бұл каспий итбалығының геоморфологиялық реликтісіне немесе туыстары 1500-2000 м биіктікте өмір сүретін Памирдің 4300 м биіктігінде мекендейтін Қандыағаш ұшқатына да тəн. Бұл таудың қалыптасу нəтижесінде популяцияның түрі өзгеріп, тіршілік етеді.
Көбіне климаттық реликтілер жиі кездеседі. Олар басқа климаттық жағдайларда тіршілік еткен, ал өзгергенде рефугиумда қалып қойған. Саусақты балық, гаттерия, екіқалақты гингко жəне көптеген реликтілер осыған дəлел.
Сонымен қатар жалған реликтілер де қарастырылады. Оларды реликт-көшпенділер деп атайды: түрдің өзі реликті, бірақ басқа мекендерде тіршілік етеді. Мəселен, жанартаулық немесе құмды аралда, жалаңаштанған су түбінде жəне т.б.
Реликт жасы туралы көп мəселелер болғандықтан, қандай бір абсолютті мерзім секілді реликтілердің салыстырмалы жасын өрсету қабылданған. Реликтілер арасында кең танымалы – кайнозойлық реликтілер (соңғы 65 млн-дай жыл). Олар үштік (палеоген-неогендік) жəне мұздық (яғни, төрттік: соңғы 1,2 млндай жыл) деп бөлінеді. Үштік реликтілерге төрттік кезеңдегі рефугиумдарда – мекен ету орындарында сақталған түрлер жатады. Бұл – Солтүстік Америкадағы секвойя (бұрын аумақты ареал болған), Қиыр Шығыстағы Оморий шыршасы (біруақытта Саян шыршасының туысы) мен Солтүстік Америкадағы Ситхин шыршасы (палеогенде бүтін ареал болған) жəне басқалары. Мұздық реликтілерінің плейстоценде пайда болған бөлек ареалдары бар: Орта Азия тауларындағы саумалдықтың кейбір түрлері, Кавказдағы бореалды текті қарағайлар (онда флораның 21% бореальды түрлер құрайды, бірақ барлығы міндетті түрде реликтілер емес) жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет