Байланысты: 4. Ареалды рылымы мен типтері. Ареалдар шекарасы
Эндемиктер жəне эндемизм. Əртүрлі түрлерге, туыстарға, қатарларға, тұқымдастарға, кез келген таксонға жататын эндемиктер тек осы аймаққа ғана тəн ағзалар. Олардың ареалдары тек белгілі бір аймақ шегінде ғана мекен етеді. Мəселен, Аустралия, Амазонка жəне т.б. эндемиктері. Кейбір эндемиктердің қандай да бір мекендеу орнында нүктелі ареалы болуы мүмкін.
Эндемизмнің қалыптасуы екі жүйеге бөлінеді. Біріншісі, реликтілі эндемизм, оны кей жағдайларда консервативті деп те атайды. Реликтілі эндемизм үшін таксон қолайлы, ал ареал кең ауқымды болған геологиялық көне уақыттан бері сақталады. Демек, реликтілі таксон ареалының аумағы аз, ал таксонның өзі түр аумағының шектеулілігінен реликті болып отыр. Реликт бір ауданда ғана кездесетін жағдайларда ол реликтілі эндемизм болып табылады. Мəселен, Солтүстік Америкадағы секвойя, Оңтүстік Америка жағалауы маңындағы саусақты балық, т.б. Реликтіден өзге, жас эндемизм (неоэндемизм) түрдің қалыптасуымен байланысты дамиды. Бұрын болмаған жаңа түрдің популяциясы туындаған жағдайда шектеулі ареалды қамтиды. Жас түр əлі эндемик, бірақ кейінірек, егер ол кең таралса, өзінің эндемизмін жоғалтуы мүмкін.
Реликтілердің де, эндемиктердің де шектеулі ареалдары болады. Олардың арасындағы айырмашылықтар реликтердің қазіргі түрлерімен жəне оның мекендеу ортасымен байланысын үзеді, ал жас эндемиктер оны жоғалтпайды. Егер эндемизм жас болмаса, «реликт» жəне «эндемик» түсініктері арасында айырмашылық болмас еді.
Қалыптасу тəсіліне тəуелсіз, эндемик əрқашан оқшауланған сипат алады, əйтпесе жас эндемиктердің кең таралу мүмкіндіктері бар. Тіпті консервативті эндемиктердің өзі қолайлы жағдайда мекендеген аумақтарынан шығып кетуі мүмкін. Сондықтан оқшаулану эндемизмнің мекен етуі мен түрдің сақталуының міндетті шарты. Оқшаулану ұзақ сақталған сайын, флора мен фаунадағы эндемизм үлесі, таксон пайызы жоғары, биотаның əртүрлілігі де ерекше. Фауна эндемиктеріне Жаңа Зеландиядағы тұмсықбасты жорғалаушылардан шыққан гаттерияны, лиопельмид тұқымдасынан шыққан тегісаяқты құрбақаларды, саусақ қанатты балықты жəне т.б. жатқызуға болады.