4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет8/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

4.Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы.
Бас миы жұлын секілді орталық жүйке жүйесіне жатады.Ол 5 бөліктен тұрады.
-Үлкен ми сыңары
-Аралық ми(көру төмпешігі,эпиталамус,гипоталамус,төмпешік асты)
-Ортаңғы ми
-Сопақша ми
-Артқы ми(мишық,ми көпірі)
Сопақша ми,көпір,ортаңғы,аралық ми,мидың артқы базальді бөлігі-бас миының бағанасы жатады.Ми бағанасы жұлын сияқты шеткі мүшелермен сезімтал және қозғалтқыш нерв талшықтары арқылы байланысады. Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде 1375 г,әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см,көлденеңі-14 см,көлемі-1220 куб см болады.Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.
Ми эмбриогенезінің бастауы ұрықтың арқа бөлімінде жүйке пластинкасы— эктотермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Ми эмбриогенезі одан кейінгі мына сатылардан өтеді:1. Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің алдыңғы бөлігі үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми (прозенцефалон), ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми (ромбэнцефалон).
2. Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 бөлікке бөлінеді: ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық ми (диэнцефалон). Ромб тәрізді ми артқы миға және миелэнцефалонға бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі.
3. Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл мезгілде ақырғы мидың тез өсуі және дифференциялануы басталады, қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі.
4. Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-20 апталарында жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне айналады, негізгі бөлімдердің;иірімдер мен жалдардың түзілуі жүреді. Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының қарқынды миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың құрылысының қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады.
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.
Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады.
Мидың ақ және сұр затына келер болсақ, жұлындағы сияқты мида да ақ және сұр заттар болады.Бірақта ақ зат ішінде,ал сұр зат сыртын қаптап тұрады.Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі.Олар миды жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады.Сұр заттың құрамындағы мультиполярлы нейрондары атқаратын қызметі бойынша қозғалтқыш,сезімтал,ассоциотивтік ядролар тобын түзеді. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді. Сопақша мидың орталық аймағында бас мидың ең маңызды координациялық аппараты болып табылатын торлы түзіліс орналасады.Бұл түзіліс жұлыннан басталып сопақша ми,көпір,ортаңғы ми,көру төмпешігінің орталық бөліміне дейін созылады.Оның құрамында әртүрлі мультипоолярлы нейрондар болады. Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту,тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады. Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық нерв жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет