Байланысты: 4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org
ҚАҢҚА БҰЛШЫҚ ЕТ ТІНДЕРІНІҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ.Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункциялық жағдайын қолдау физиологиялык регенерация арқылы қамтамасыз етіледі . Осы тұста талшықтың ескі және бұзылып жаткан кұрамдастары (миофи брилдері, митохондриялары) жаңа органеллаларға және саркоплазманың басқа құрылымдарына алмастырылады . Бұл процесс екі механизмдер аркылы жүзеге асырылады :
1 ) жасушаішілік регенерация - бұл жағдайда симпласттың жаңа миофиламенттері , мембраналық құрылымдары саркоплазма сының синтездік аппаратының ( ЭГТГ , Гольджи комплексі , бос рибосомдар ) активациясы есебінен түзіледі ;
2 ) жасушалық регенерация - миосателлито циттердің пролиферациясы мен миобласттарға дифференциялануы есебінен етеді . Жаңа миобласттар бұлшық ет талшығының миосимпласттық бөлігі құрамына қосылып , құрылымдарының табиғи шыгынын толықтырып тұрады. Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің репаративтік регенерациясыда жасушаішілік және жасушалық деңгейлерде ат қарылады және бірнеше фазалардан тұрады :
1 ) Зақымданған жерде қабыну реакциясының дамуы - мұнда миграция лаган макрофагтар мен нейтрофилдердің өлген тіндердің қалдықтарын фа гоцитозбен қаркыңды жойып , регенерациялық аймақты тазартуы ,
2 ) Реваскуляризация - тіндердің бұзылуы кезінде пайда болған ынталан дырғыш заттардың әсерінен қан тамырларының қалпына келуі ;
3 ) Жасушаішілік регенерация - бұлшық ет талшығының зақымданбаған бөліктерінде , физиологиялық регенерация кезіндегідей , жаңа миофибрилдер мен саркоплазманың басқа құрамдастарының қалыптасуы . Нәтижесінде , бұл шық ет талшығының зақымданған ұштары бір - біріне қарай өскен шыны сау ыт ( колба ) тәрізді қалыңдауларға - бұлшық ет бүршіктеріне ұқсайды .
4 ) Зақымданған бұлшық ет талшықтары белген заттардың жерінен жарақаттану аймагы жаныңда өміршең миосателлитоциттердің белсенді куйіне айналуы . Жасушалық репаративтік регенерациясының мұнан бы лайғы барысы қаңқа бұлшық ет тінінің эмбриондық миогенезінің сатыларына ұқсас : а ) ми областтық кезең - миосателлитоцит тер есебінен қарқынды бөлінетін миобласттардың пайда болуы ; ) миосим пласттық кезең - мнобласттардың бір - бірімен қосылып , миостимпласттар ды калыптастыруы ; в ) бұлшық ет түтікшелерінің - узарған миостимпласттардың кезеңі ; г ) кемелденген бұлшық ет талшықтар ының , яғни миофибрилдері ортанғы бөлігінде , ал ядролары - перифериясын да орналасқан кезеңі Қаңқа бұлшық ет тінінің репаративтік регенерациясына мына фактор лар оңды әсер етеді : а ) жарақаттану көлемінің аздыгы , зақымданған бұлшық ет талшықтарының шеттерін барынша жақындату , некрозға ұшыраған тінді толық кетіру ( әйтпесе зақымданған жерде дәнекертіңді тыртық дамиды ) ; б ) зақымданған аймақты микрохирургиялық әдістермен қанмен қамтамасыз ету және иннервациясын қалпына келтіру ( миосателлитоциттердің және мио бласттардың трофикасы мен дифференциялануын жақсартады ) , в ) бұлшық ет талшығының базальді мембранасының бүтіндігін қалпына келтіру ( дәнекер тіннің жайылып өсуіне кедергі жасайды , бұлшық ет түтікшелерінің өсуіне бағыт береді , регенерациялаушы бұлшық ет талшықтары үшін қолайлы микроорта жасайды ) . Соңғы жылдары канқа бұлшық ет тінінің зақымданған аймағына жасан ды жағдайда (осірілген миосателлитоциттерді имплантациялауға ( сіністіруге ) негізделген тіндік терапия әдістері зерттелуде .
http://emirsaba.org