4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет19/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
Посткапиллярлы венулалар - диаметрі -8-30 мкм болады.Бірнеше капиллярлардың бірігуі нәтижесінде пайда болады, құрылысы бойынша капиллярдың венозды бөлімін еске түсіреді.Бірақ та қабырғасында перициттері көп болады.
Жинақтаушы венулалар – диаметрі - 30-50 мкм. Бұл посткапиллярлы венулалардың бірігуі нәтижесінде түзіледі.Құрамында ет жасушалары бар және сыртқы қабықшасы айқын байқалады.
Бұлшықетті венулалар – диаметрі- 50-100 мкм. Ортаңғы қабатында 1-2 қабат тегіс миоциттері бар. Бұл венулаларда басқаларға қарағанда жақсы дамыған сыртқы қабықшасы бар.
Артериолды-венулярлы анастомоздар АВА-бұл артериялық қанды капилярлық торлардан айналып өтіп ,веналарға апаратын тамырлар жүйесі.Негізі бұл барлық мүшелерде кездеседі.Диамерті-30-500 мкм-ге дейін созылады, ал ұзындығы 4 мм дейін жетеді.Қан айналымы өте тез болады.Мысалы капиллярда 1 мл 6 сағатта жылжыса,ал АВА-да осындай мөлшердегі қан 2 сағатта жылжиды.АВА 1 минутта 12 рет жиырылуға мүмкіндігі бар.АВА анастомоздардың 2 тобы бар: нағыз ABA -шунттар,яғни бойымен таза артериальдық қан өтеді; атиптік ABA-жартылай шунттар, бойымен аралас қан өтеді.
Нағыз АВА. Сыртқы пішіні әртүрлі болуы мүмкін — қысқа, түзу салалы, ілмегі тармақталған тамырлар.Құрылысы бойынша екі топқа жіктеледі: қарапайым және күрделі. Күрделі АВА арнайы жиырылғыш құрлымдармен жабдықталған.Нағыз анастомоздардың бірінші тобында бір тамырдың екіншісіне өтуі артериоланың ортаңғы қабығы біткен жерінің шекарасына сәйкес келеді. Ал,қан ағымын реттеу арнайы жиырылғыш құрылымсыз артериоланың өзінің ортаңғы қабығының миоциттері арқылы жүзеге асады.
Келесі кезекте екінші топтың анастомоздары.Олар ұзыннан ұзақ орналасқан эндотелий асты қабатындағы арнайы жиырылғыш валиктер бар түрі.Қарапайым АВА эпителиойдты түрінің ортаңғы қабығында ішкі және сыртқы циркурярлы орналасқан миоциттетррі веналықтамырдың ұшына жақындаған кезде ашық түсті Е-жасушаларына ауысып кетеді.Оның эпителиойдты типтегі күрделі шумақты АВА-дан ерекшелігі, қанды тасымалдаушы артериола 2-3 тармақтарға бөлінеді және бұл тармақтардығ барлығы дерлік бір ғана дәнекер тінді қабықпен қоршалады.Мұндай анастомоздар тері дермасында ,гиподермада кездеседі.
Атипиптік АВА – артериола мен венуланың қысқа,бірақ жуан, диамтері шамамен - 30мкм болтын, капилляр арқылы байланысқан қосылысты айтамыз. Сондықтан венозды қанайналымға өтетін қан таза артериальді емес, аралас қан болады.
АВА әсіресе осылардың ішінде шумақты типтілері жақсы иннервацияланады.Артерия-венулалық жүйелердің капиллярсыз жалғасуы қанның қысымын реттеуде маңызы өте зор.Яғни,бұл жалғаулар венозды қан ағысына жағдай жасай отырып,венозды қанның артериолануында рөл атқарады.Егер ағзадағы қан айналымы бұзылғанда және потологиялық процестердің орнын толтыру реакцияларында АВА-ның артқаратын қызметі өте зор.

14. Жүрек. Жүректің жалпы морфофункциялық құрылысы. Эмбриональді дамуы және шығу көздері. Жүрек қабырғасының тіндік құрамы және құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы.
Жалпы жүрек-қантамырлар жүйесі дегеніміз- қанды ағзаларға жеткізу мен үлестіру , қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттеу әрі қан толуды реттей отырып т.б. маңызды қыметтерді орындайды. Егер жүрек-қантамырлар жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметінің бұзылыстары байқалса, адамда күрделі потологиялар пайда болады.Мысалаы, миокард инфарктісі,жүрек ақауы, атеросклероз, гипертоникалық ауру. Ал,бұларды, алдын алу үшін жүректің құрылыс-қызметін білу маңызды болып табылады.
Жүрек, cor-өзінің ырғақты жиырылуы нәтижесінде қанды қозғалысқа келтіріп отыратын қуысты,бұлшықетті мүше.Жүрек біздің моторымыз.Яғни,организмді қозғалысқа келтіріп отырады.Ал, қозғалысқа келмесе организм өзінің жұмысын толықтай тоқтатады.
Келесі функциясы –қанды айдайтын насос.Артериялық қан қысымын сақтайды АҚҚ;эндокринді қызметі НУФ-гормондарды синтездейтін натрийуретикалық факторды бөледі;информациялық қызметі-яғни ,зат алмасу процесінің өзгеруімен АҚҚ-параметрінің өзгеріп отыруынан хабар береді.
Жүректің бұлшықет тіні ерекше жасушалар– кардиомициттерден тұрады. Кез келген қабатты ағза секілді, жүрек қабырғасы да қабықшалардан тұрады: ішкі қабықша немесе эндокард, ортаңғы қабықша немесе миокард, сыртқы қабықша немесе эпикард.
Жүректің алғашқы бастамасы ұрықтық дамудың 3-ші аптаның басында пайда болады.Ұрықтың бас бөлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл жасушалар мезодерманың висцеральді жапырақшаның астында орналасқан. Кейінрек бұл жасушалар весциральді жапырақшамен бірге қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады. Одан кейін пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард дамиды. Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральді жапырақшаларының аймағы миоэпикардиальді пластинкалар деп аталады. Пластинкалар 2-ге бөлініп кетеді:ішкісі –миокардтың бастамасы, сыртқысы-эпикардтың бастамасы.Миокард бастамасының жасушалары кардиомиобласттар бөлінеді де ,Т-жүйелері пайда болады.Келесі кезекте ұрықтың дамуының шамамен 2-ші айында жүректің өткізгіш жүйесі қалыптаса бастайды да ,ол 5-ші айда толық дамып аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет