4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет25/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Тимустың қызметіне тоқталып кетсек: тимус жаңа айтып өткенімдей иммуногенездің орталық мүшесі болғандықтан, тимуста Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифферециалануы жүреді. Сонымен қатар тимуста Т-лимфоциттердің дифференциясына қажетті тимозин, тимопоэтин, инсулинге ұқсас өсу факторларымен бірге кальций алмасуына қатысатын гормондар түзіледі.
Тимус паренхиматозды бөлшектенген мүше. Сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Осы капсуладан көптеген перделер тарап тимус паренхимасын бөліктерге бөледі.Бөлінген әрбір бөліктердің негізін ретикуло-эпителиоциттер түзеді. Ретикуло-эпителиоциттердің пішіні өсінділі, тіректі, демеуші келетін жасушалар мен эпителиальді дендритті жасушалардан тұрады. Бірінші жасущалары капсуланың астында орналасса, екінші жасушалар ортасын ала орналасады. Тимуста бұл жасушалардан басқа, секреторлы және периваскулярлы эпителиоциттер болады. Бұл жасушалар гемокапиллярларға жақын гематотимустық барьерді түзуге қатысады. Тимустың әрбір бөлігі қыртысты және боз заттан(милы) тұрады. Қыртысты заты қоңырқай-күңгірт түсті ал, милық заты ашық түсті болып көрінеді.
Қыртысты заты- субскапулярлы немесе сыртқы және қыртыстың ең ортасына жақын жатқан аймағынан қалыптасқан. Осы қыртыстың капсула асты аймағына сүйек кемігінен келген Т-тимоциттер тіректік жасушалармен тығыз байланысып, Т-лимфобласттарға айналады. Ал Т-лимфобласттар тимозин, тимопоэтин гормондарының әсерінен пісіп жетілетін Т-лимфоциттерге айналады. Лимфоциттерге айналғаннан кейін жасуалық арнайы рецепторларға ие болады. Тимуста осындай лимфоциттердің жаңа түрлері 6-9 сағатта пайда болып отырады. Жалпы қыртысты затта пайда болған Т-лимфоциттер бірден қанға ағымына өтіп отырады. Қан ағымынан бұлар әрі қарай шеткі лимфопоэздік мүшелерге ,лимфа түйіндеріне, көкбауырға өтіп, пісіп жетіледі де, субкластарға (киллер ,хелпер, супрессорларға) айналады. Бірақ бір ескеретіні қан ағымына тек бөтен текті антигенге арнайы рецепторлары бар лимфоциттер ғана өтеді, ал қалғандары тимуста тіршілігін жояды.
Қыртысты заттағы жасушалар мен қан капиллярларының арасында гематотимустық тосқауыл (барьер) орналасады. Бұл барьердің құрамында: капилляр қабырғасындағы эндотелиоциттер мен перициттер; перикапиллярлы кеңістік; эндотелиоциттер бекінген базальді мембрана және ретикулоэпителиоциттер болады.Тосқауылдың бір ерекшелігі таңдамалы өткізу қасиетіне ие болып келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет