4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет33/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Алдыңғы бөлік – тор түрінде орналасқан эпителий жасушаларынан тұрады. Жасуша тізбегі мен трабекулалар арасын борпылдақ талшықты дәнекер мен капиллярлар толтырып жатады. Әрбір трабекулалардың эндокриндік жасуша топтамалары болады: хромофильді және хромофобты
Хромафильды эндокриноцит – цитоплазмасында секреторлы түйіршітер бояуды жақсы сіңіреді. Өз кезегінде базофильді және оксифильді болып бөлінеді.
Базофильді эндокриноциттер бояумен жақсы боялады. Алдыңғы бөліктің 4-10 пайызын құрайды. 2 түрлі жасушалары бар:

  1. Гонадотропоциттер. Фоллитропин(жыныс жасушаларын түрлендіретін) және лютропин(аналық жасышада сары дененің пайда болуын, аналық жыныс безде интерстииальды жасуша гормонын болуге) гормондарын бөледі.

  2. Тиротропоциттер. Тиротропин гормонын бөледі. Бұл қалқанша бездің жұмысын реттейді.

Ацидофильді эндокриноциттер – алдыңғы бөліктің 30-35 пайызын құрайды. Пішіні дөңгелек, кейде сопақша. Дененің өсуін реттейтін соматропин және сүт безінің түзілуіне қатысатын пролактин гормонын түзеді.
Кортикотропты эндокриноциттер – аденогипофиздің көбінесе орталық бөлігінде орналасады, кортикотропты гормонды синтездейді.
Хромофобты эндокриноциттер – секреторлы түйіршіктерді нашар боялатын жасушалар. Аденогипофиздің 60 пайызын құрайды. Бұлар әртүрлі физиологиялық жағдайда арнайы қызметі әлі пісіп жетілмеген, немесе қызметін толық атқарып, секреторлы түйіршіктерден айырылған эндокриноциттер.
Аралық бөлік – жіңішке эпителиальды тізбек. Мұндағы жасушалар белок пен шырышты өңдейді. Меланотропин мен липотропин гормондары синтезделеді.
Туберальды бөлік – гипофиз аяқшасына жақын орналасқан куб тәрізді эпителиалды тізбек топтамасынан тұратын бөлік.
Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз – питуициттерден тұрады. Бұлардың пішіні өсінді немесе жіпше тәрізді. Гипофиздің артқы бөлігі вазопрессин мен окситоцинді жинайды, бұл гормондар гипофиздің алдыңғы бөліктеріне синтезделген.
Гипоталамустың нейро-секреторлы жасушаларының аксондарының терминальды ұшы гипофиздің артқы бөлігіндегі капилляр қабырғасымен байланысып, Херринг денешігін түзеді.
Гипоталамо-аденогипофизарлы қан тамыр жүйесі портальды гипофизарлы артериядан басталып, біріншілік капилляр торына айналып, портальды венаға жалғасады.
25. Эпифиз. Даму көздері, құрылысы, жасушалық құрамы
Эпифиз
Дамуы. Орталық ішкі секреция бездерінің біріне эпифиз де жатады. Ол эмбриональдық дамудың 5-6 аптасында аралық мидың ІІІ қарыншасының үстіңгі аймағынан пайда болады. Оның құрамына мидың ІІІ қарыншасының эпендимасынан дамыған субкомиссуральды мүше де кіреді. Ересек адамда мүшенің редукциясы байқалады, жалпы салмағы 0,2г. Толық дамып жетілуі баланың 7 жасында байқалады.
Құрылысы. Сыртынан ол жұқа дәнекер ұлпадан тұратын капсуламен қапталған. Капсуладан бездің ішіне кіре орналасқан трабекулалар (тосқауылдар) оны бөліктерге бөліп отырады .Пинеальды паренхимада екі түрлі жасушаларды ажыратады: өнім бөлуші пинеалоциттер және тіректік глиальдық жасушалар. Пинеалоциттер тіректік жасушаларға қарағанда үлкенірек, пішіндері көпқырлы өсінділі болады. Өсінділер көп тармақталып, глиоциттердің өсінділерімен байланыстар түзейді. Өсінділердің кеңейген бөліктері капиллярлармен байланысты болады. Кеңеймелердің ішінде осмиофильді түйіршіктер, митохондриялар, әртүрлі көлемді көпіршіктер анықталады. Пинеалоциттердің ішінде күңгірт және ашық түсті жасушаларды айырамыз. Ашық түсті пинеалоциттердің цитоплазмасы ашық түсті, гомогенді болып анықталады. Күңгірт пинеалоциттердің көлемдері ашық пинеалоциттерге қарағанда кішірек, цитоплазмасында ацидофильді, кейде базофильді қосындылары болады. Жасушалардың екеуінің де цитоплазмасында жақсы дамыған Гольджи кешені, лизосомалар, митохондриялар, түйіршіксіз эндоплазмалық тордың цистерналары тағы басқадай органеллалар орналасады.
Тіректік глиоциттер мүшенің барлық жерінде де анықталады, бірақ бөліктің шеткі аймақтарында көбірек шоғырланады. Глиоциттердің цитоплазмасында органеллалар аз, ядролары тығызданған. Олардың өсінділері бөлікаралық дәнекер тіндік тосқауылдарға қарай бағытталып, бөліктің шеткі жиекшесі түрінде ажыратылады. Ересек адамдарда строманың құрамында эпифизарлық конкрецияларды немесе ми құмын ажыратады. Құмдардың негізін фосфат және карбонат тұздары құрайды. Тұздар орналасқан аймақтарда пинеалоциттердің біразы атрофияланып, строманың үлесі жоғарылайды.
Эпифиз көптеген қызмет атқарады: жыныстық өсеюді тежейді, өйткені ол серотонинді бөледі, ал серотонин мелатонинге айналады. Мелатонин болса гипоталамустың гонадолиберинді бөлуін азайтады. Эпифизде антигонадотропин және калийдің деңгейін көтеретін гормондар да бөлінеді. Эпифизде барлығы 40 шақты гормон өндіріледі: тиролиберин, люлиберин, аргинин-вазотоцин т.б. Бұл өндірілген гормондар циклмен жүретін үрдістерді, циркадты ритмдерді реттеуге қатысады, яғни күн мен түнді ажырату арқылы эпифиз бұл мүшелердің жұмысын өзгертуді қамтамасыз етеді.
26.Қалқанбездің морфо- функциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы және құрылысы: Тіндік және жасушалық құрамы. Фоликула құрылымдық қызметтік бірлігі ретінде, фоликулааралық дәнекер тіні. Тироциттер және олардың гормондары. Секреторлық циклдің сатылары. Парафолликулярлық эндокриноциттер олардың құрылысы, орналасуы, қызметтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет