4 бет I тарау Жер туралы географиялық білімінің дамуы бет II тарау



бет2/15
Дата19.05.2023
өлшемі176 Kb.
#95173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
phpx6ky3q diktant-6-7-kl

III – бөлім. Жер – біздің ортақ үйіміз.................................

Түсініктеме
Ұсынылып отырған географиялық диктант жұмыстары оқушылардың білімдерін тексерудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың география пәнінен білімдерін тексере отырып, жүйелі білім алуға бағыттайды.
Географиялық диктант жұмыстарын тарауды, тақырыптарды бекітуде пайдаланған тиімді. Диктант сұрақтары оқушының қабылдауына жеңіл, түсінікті. Географиялық диктант жұмыстары оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс жасауға баулиды, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мұғалім диктанттың сұрақтарын нөмірі бойынша оқиды. Оқушы әрбір сұрақтың нөміріне сәйкес жауапты нөмірлеп, жазып отырады, сұрақты жазбайды немесе интерактивтік тақтаға сұрақтарды алдын- ала жазып қоюға болады. Соңынан тақтада алдын- ала жазылып қойылған диктанттың жауаптары ашылып, оқушылар өзін - өзі, немесе жолдасының жауабын тексеріп бағалайды.
Бұл жұмыс түрі аз уақыттың ішінде бір тарауды қамтитын жауап алуға, тарау көлемін сынып оқушылары қалай меңгере алғанын байқауға , жеке оқушының білім сапасын анықтауға жол ашады, әр оқушының жеке жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл жұмыс түрінде баланың алаңдап, бос отыруға мүмкіндігі жоқ, оның назары сұраққа дұрыс әрі тез жауап жазуға, уақытында толық үлгеруге ауады.
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалауда көбіне берілген тапсырманы оқушылардың өздері орындайды, сәтті шыққан тапсырмалар оларды қуантып, оқуға ынтасын арттырады, географиялық диктанттың сұрақтарына нақты жауап бере алады, оқушы өзін- өзі және жолдасының білімін тексеріп бағалап, біліміндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туады. Оқуға берілетін мерзім шектеліп отырса, нәтижелі жауап алуға болады. Тарау көлемі сұрақтар саны ескеріліп, жауап беру сапасы бойынша бағаланады.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың география пәнінен білімдерін жүйелейді, пәнге қызығушылықтарын арттырады, өз бетімен жұмыстануға баулиды.

Кіріспе
Жер туралы географиялық білімінің дамуы

1. Географияның ежелгі дамыған елдері.


2. «География ғылымының атасы».
3. Ұлы географиялық ашулар заманы.
4. XV ғ. алғашқы глобусты ойлап тапқан неміс картографы.
5. Америка жағалауларында тұңғыш жеткен, Орталық Американың аралдарын зерттеген теңіз саяхатшы.
6. Үндістанға баратын теңіз жолын ашқан португалдық теңіз саяхатшысы.
7. Жаңа дүние Американы ашқан итальяндық теңіз саяхатшысы.
8. 1577 жылы Отты жер аралын, Тынық және Атлант мұхиттарының арасын қосатын бұғазды ашқан.
9. Тұңғыш рет жер шарын айналып шыққан испандық теңіз саяхатшысы.
10. Аустралия, Жаңа Зеландия жағалауын зерттеген ағылшын теңіз саяхатшысы.
11. Солтүстік полюсті ашқан саяхатшы.
12. Оңтүстік полюсті ашқан норвег саяхатшыcы.
13. Антарктида материгін ашқан орыс саяхатшылары.
14. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы.
15. Орта Азиядағы Тянь- Шань тауларын зерттеген экспедицияны басқарған орыс саяхатшысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет