№4 билет 1.Ұнтақ және жіктелуі Ұнтақтар – iшке және сыртқа қолданылатын, бiр немесе бiрнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиетi бар қатты дәрiлiк түр.
Ұнтақтар - Pulveres
Ұнтақтар -ішке және сыртка колданылатын, бір немесе
бірнеше ұсақталған заттардан тұратын және себілгіш
касиеті бар қатты дәрілік қалып.
Артықшылықтары:
дозалану дәлдігі - бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін дәрілік препараттарды босатуға мүмкіндік береді;
беттік көлемнің үлкендігіне байланысты, ұнтақтардың фармакологиялық белсенділігі жоғары;
қолдануға ыңғайлы, яғни, балаларға қолдануға мүмкіндік береді;
ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға болады;
технологиясының қарапайымдылығы;
сактау мерзімі ұзақ;
тасымалдау ыңғайлылығы.
Кемшіліктері
ұнтақтар кұрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;
ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану колайсыз;
ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялы болса, көгеруге бейім болады;
ұшқыш заттардың буларын ұнтактар өз бойына сіңіріп, иісі өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және дайын дәрілік қалыптың сактау ережелерін қатаң орындау қажет.
Ұнтақтардың жіктелуі
Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:
Қолдану тәсілі бойынша:
а) ішке қолдануға арналған ұнтактар б) сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар
Құрамы бойынша:
а) қарапайым (жәй) ұнтақтар (олардың кұрамына бір зат кіреді)
б) күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады)
Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша:
а) дозаларға бөлінген ұнтақтар
б) дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар
Ұнтақтар технологиясының сатылары
ұнтақтау;
елеу;
араластыру;
дозалау (мөлшерлеу);
орамдау және безендіру;
сапасын бағалау.
2.Пластырлердің түрдері Пластырлер – дене температурасында жұмсарғаннан кейiн терiге жабысып қалатын қабiлетi бар сырт тәнге қолданылатын дәрiлік түр. Олар терiден оңай ажырап, iз қалдырмайды. Бұл бүкiл дүние жүзiнiң Фармакопеяларына кiрген өте ескi дәрiлік түрлердiң бiрi. Қазiргi кезде пластырлердiң номенклатурасы және қолданылуы өте жан-жақты.
Пластырлердiң құрамына шайырлар, парафин, балауыз, жоғарғы май қышқылдарының тұздары (қорғасын сабыны), тоң майлар, каучук, шайырлы қышқылдардың тұздары, ланолин, вазелин, церезин, ұшқыш ерiткiштер (эфир, этанол) және әртүрлi дәрiлiк заттар кiредi. Осы заттарды үйлестiрiп қолдану пластырлерге тиiстi құрылымдық-механикалық қасиеттер бередi, бiрте-бiрте жұмсару, терiге жабысу және терапевтiк әсер ету қабілетiн қамтамасыз етедi.
Пластырлер қағаз немесе мата бетiне массаның жұқа қабаты жағылған түрде немесе бөлшектенген плиткалар, таяқшалар, цилиндрлер, флакондарға құйылған сұйықтықтар түрiнде шығарылады.
Пластырлер әр түрлi белгiлерi бойынша жiктеледi.
Агрегатты күйi бойынша қатты және сұйық болып бөлiнедi.
Қатты пластырлер – бөлме температурасында тығыз, жағылмайтын, дене температурасында жұмсарып, жабысып қалатын пластырлер.
Сұйық пластырлер (терi желiмдерi) – ерiткiш ұшып кеткеннен соң терiде пленка қалдыратын сұйықтықтар.
Дисперстiк дәрежесi бойынша пластырлер балқымалар, ерiтiндiлер, суспензиялар, эмульсиялар немесе аралас жүйелер болуы мүмкiн.
Медициналық қолдануы бойынша пластырлер эпидерматикалық, эндерматикалық және диадерматикалық болып бөлiнедi.
Эпидерматикалық пластырлер жабысқақ болады және олардың құрамында дәрiлiк заттар болмайды. Олар байлау материалы ретiнде, байлауыштарды бекiтуге, жаралардың шеттерiн жақындастыруға, терiнің кемшiлiктерiн жасыру, оны сыртқы ортаның жаралаушы әсерiнен қорғау, кейбiр терi ауруларын емдеу үшiн қолданылады. Эпидерматикалық пластырлердi жабыстырғанда газ, ылғал, жылу алмасудың тоқтауы әсерiнен пластырь астындағы терi жұмсарып, осы жердегi қан айналымы күшейедi, таралу процестерi жақсарады.
Эндерматикалық пластырлердiң құрамына дәрiлiк заттар кiредi және олар жапсырылған жердегi тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Диадерматикалық пластырлердің құрамына терi арқылы өтіп кететiн және тереңде жатқан тканьдерге әсер ететiн немесе резорбтивтi әсер тигiзетiн дәрiлiк заттар кiредi.