4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында



бет11/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әралуан өмірлік қажеттерін канағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады: адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бұл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет