4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Қоршаған ортаны қорғау министрлігі



бет20/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және табиғат қорғау заңын, экологиялық талаптардың нормативтерін сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;



2) мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды, өзінің құзыреті шектерінде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;

3) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайлаңдыру және табиғат пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу;

4) қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;



5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және оған қатысу;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат пен ағарту ісін тарату жүйесін дамыту.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қоршаған ортаны қорғау министрлігі өзінің өкілеттігі шектерінде мына қызметтерді жүзеге асырады:



1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастырады;

2) шаруашылық және өзге де қызметтерге экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды өзінің құзыреті шегінде бекітеді немесе келіседі, қоршаған ортаны ластайтын шығарындылар мен тастандыларға, өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталарды белгілейді;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлеріне, қоршаған ортаға зиянды заттардың тастандылары мен шығарындыларына лицензиялар береді;

4) қоршаған орта қызметін және табиғат пайдалануды басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

5) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмысты жүргізеді, сондай-ақ қоршаған ортаның мемлекеттік Мониторингінің және табиғат ресурстарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады, өндірістік үлгі ережежлерін бекітеді және өндірістік Мониторингінің бағдарламаларын келіседі;

6 ) республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшісі болады, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырады.

Экологиялық нұсқамаларды жүзеге асыру және заңдық шараларды қолдану үшін қоршаған ортаны қорғау министрлігі мейлінше кең ауқымды өкілеттіктерге ие болған. Олардың мынадай құқығы бар: өзінің құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензияларды келісуге; өзінің құзыреті шегінде табиғат пайдалануға, оны ішінде қоршаған ортаға ластайтын шығарындылар мен тастандыларға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмуге және сақтауға рұқсат беруге; меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне зертханалық-талдау бақылауын жүзеге асыруға; табиғат қорғау заңын сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге және заң тәртібінде ұйымның, құрылыстар мен объектілердің жұмысын шектеу мен тоқтата тұру, оларды пайдалануға беруге тыйым салу, экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке шектеу қою туралы нұсқама шығаруға немесе осы қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге; белгіленген тәртіпте министрлік қызметі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; заңмен көзделген өзге де құқықгы жүзеге асыруға құқығы бар.



Атқарушы билік органдарының жүйесінде аудандар мен қалалардың әкімдіктері ерекше орын алады. Бұл органдар экология саласындағы басқаруды жүзеге асыру кезінде мейлінше пәрменді болуға тиіс. Өздерінің аумағында олар шаруашылық және мәдени-тұрмыстық қызметке басшылық жасайды; табиғат қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылау; табиғатты қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді, экологиялық сараптама, табиғат қорғау объектілерін салу мен қайта салу; экологиялық сараптама теріс қорытынды шығарған объектілерді салуға және қайта салуға тыйым салу туралы қорытынды дайындау; экологиялық заңдар өрескел бұзылған реттерде шаруашылық қызметті немесе объектілер салуды тоқтата тұру; табиғат ескерткіштерін табиғат объектілері деп жариялау туралы шешім қабылдау жатады. Өнеркәсіптің, канализациялық, тұрмыстық ластанулардан қаланың су көздерінің тазалығын қорғау маңызды проблема болып табылады. Сондықтан мұнда барлық бас саға үңғымаларына тексеру жүргізу және оларды пайдалану режимі жоспарланады, қаланы жер асты суларының ластану деңгейін зерттеу, қалалық канализациялық тазарту құрылыстарын қайта салу жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу жоспарланады.

Қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын кдтерлі ахуалдар туралы ескерту. Қоршаған орта мониторингінің мұндай анықгамасы Казақстан Репсубликасының 1997 жьшғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңында берілген, онда қор-шаған ортаның мониторингі туралы ереже жеке тарауда бөліп көрсетілген (6-тарау, 24, 25-баптар). Қоршаған ортаның мониторингі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасында 1972 жылдан, Ауа райын-байқау мемлекеттік комитеті жанындағы Табиғи ортаның ластануы деңгейін байқаулардың Мемлекеттік қызметі құрылған кезде басталған болатын, Экологиялық мониторингтің мазмұнына ол кезде бірқатар бағыттар жатқан еді:

  1. атмосфералық ауа мен атмосфералық жауын-шашынның
    мониторингі;

  2. жер үсті суларының мониторингі;

  3. топырақтың пестицидермен ластануының мониторингі;

  4. ортаның мониторингі;

5) табиғат ортасының радиоактивтік ластануының мониторингі.
Қазіргі кезде қоршаған ортаның және табиғи ресурстар

мониторингіне "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес:

  1. қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне, оларға
    антропогендік ықпал жасау көздерін байкду (және де аталған байқаулар белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі);

  2. қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйін және
    оларға антропогендік ықпал жасау көздерін бағалау;

3) қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың және оларға
антропогендік ықпал жасау көздерін болжау жатады.

Экология саласындағы басқарудың қазіргі тәжірибесі меншіктің мемлекеттік емес нысаны объектілерінің болуын ескереді. Сондықтан қолданыстағы заңда мемлекеттік экологиялық мониторинг және өндірістік экологиялық мониторинг болып бөлінеді. Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін мониторингтің тұрақты және жылжымалы стансаларының жүйесі арқылы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүзеге асырады. Өндірістік мониторинг заңды тұлғалардың — табиғат пайдаланушылардың — қоршаған ортаның мониторингін жүргізу қоршаған ортада жүзеге асыратын олардың шаруашылық қызметінің ықпалы туралы есеп пен есептілігі. Қоршаған ортаны қадағалау құралдары, олар қолданатын әдістеме экологиялық мемлекеттік органдар талаптарына сәйкес келуге тиіс. Өндірістік және экологиялық мониторингтің деректері мезгіл-мезгіл Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет