4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептеу тәртібі



бет31/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

1. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептеу тәртібі.

2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру.

3. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.

Қазақстанның нарықтық қатынастарының қалыптасуы мен тығыз ұштасуы жағдайларында дүниежүзілік экономикаға ықпал етудің экономикалық әдістеріне негізделген шешімдер қабылдау талап етіледі. Мысалы, табиғат пайдаланудың тұрақты экологиялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экономиканың ықпалын азайту арқылы ресурстық-экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін табиғат пайдаланудың экономикалык тетіктерін жетіддіру жолымен барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.

Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады.

Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі. Осы көзқарасты сондай-ақ Б. В. Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: "Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады". Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен анықталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс. Экономикалық тетік ұғымына келетін болсақ, М. М. Бринчук былай деп есептейді: "Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың занда көзделген экономикалық шараларды қамтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады". Сондай-ақ, инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды енгізу, неғұрлым тиімді аз қолданылатын технологияны дамыту мен енгізу. В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің құрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыпты қызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін қатынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу; қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу; Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшін ақы төлеу; қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру; экологиялық сақтандыру; қоршаған ортаны экономикалық бағалау және оның ластауынан келтірілген нұқсанды өтеу; экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Экономикалық шаралар мен оның әдістері салалық табиғи ресурстар актілерінде де көзделген. Мысалы, ҚР-ның 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 104-бабына сәйкес орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын жоспарлау; мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыру; орман ресурстарын және ормандардың пайдалы касиеттерін ақылы түрде пайдалану; ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану; Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңірлерді ұлғайтуды ынталандыру; мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушілердің және орман пайдаланушылардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. ҚР-ның Су кодексінің 132-бабына сәйкес экономикалық реттеудің негізгі түрлері: су пайдаланушыдан Казақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу; су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтауға қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерін енгізу және игеруі, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да тиімді шараларды жүзеге асыруы кезінде оларға кредиттік және өзге де жеңілдіктер беру; қоғамдық қорлар құру және оларды су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау үшін пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде экономикалық шаралар рөлін сипаттаған кезде мынаны атап көрсету керек: табиғат қорғау қызметін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері бір-біріне баламалы болып табылмайды. Керісінше, олар бір-бірін толықтырады және табиғат қорғау қызметімен басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін қолдануды оларды оңтайлы ұштастыру бағытында реттеудің маңызы зор. Петров В.В. сондай-ақ былай деп пайымдайды: "қазіргі кезеңде экологиялық қатынастарды реттеудің негізгі белгісі экономикалық ынталандыру арқылы қоршаған табиғи ортаны қорғауда әкімшілік-құқықтық құралдарды ұштастыра жүргізуде болады". Экономикалық тетіктің ынталандырушылық қызметі олардың атына қойылған экономикалық заңның талаптарын табиғат пайдалаушылардың ынталылығы жағдайын жасауда болып табылады. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру қоршаған ортаны және ынталандыру сипатындағы өзге де шараларды тиімді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға — табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет