Экологиялық құқық жүйесі былайша құрылады: ол жекелеген нормалар, құқықтық институттар, кіші салалар арасында тығыз байланысты сақтайды. Экологиялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді. Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың объектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады. Жалпы бөлімде табиғатты қорғау мен пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық тетігі әзірленіп, талданады, содан соң оның жекелеген ережелері табиғаттың жекелеген объектілеріне қатысты ерекше бөлімде нақтыланады. Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткен жөн:
Жалпы бөлім: экологиялық құқық ұғымы, экологиялық құқық көздері, меншік құқығы және табиғат пен оның ресурстарына өзге
де мүліктік құқықтар, экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік.
Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген
объектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз "ерекше қорғалатын табиғи аумақгарды", "экологиялық апат аймақтарын" және "өндірістік және өзгеде шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды" жатқызамыз.