4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
4.8. Таңдауды ұйымдастыру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін: Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болатынын біледі.
Оқушылардың көбі үшін: таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға болатынын біледі.
Кейбір оқушылар үшін: күнделікті өмірден алынған таңдау алгоритміне жататын мысалдар келтіреді.
|
Бағалау критерийлері
|
Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болатынын біледі.
Күнделікті өмірден алынған таңдау алгоритміне жататын мысалдар келтіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?
Заттар қандай параметрлермен сипатталады?
Заттардың параметрлеріне қарап таңдау үшін қоятын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?
Таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға қолданады деп ойлайсың ?
Таңдауды ұйымдастыру алгоритмі дегеніміз не?
Күнделікті өмірден таңдау алгоритміне жататын қандай мысалда келтіре аласың?
Сөздікті пайдаланып, таңдау алгоритмін ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?
|