Сабақтың кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс- тар
|
Сабақтың басы
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал орнату.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|
Топтастыру
«Екілікке саналу» әдісі арқылы І, ІІ топтарға бірігеді.
«Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері
қағаз қиындыларын құрастырып,
І топ – сабақтың тақырыбын;
ІІ топ – сабақтың мақсаты мен
критерийлерін жариялайды.
|
Бағалау: Топтар бір- бірін
«Отшашу» әдісі
арқылы бағалайды.
|
Қағаз қиын- дылары.
|
|
(Ұ) Миға шабуыл әдісі
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Алгоритмдердің қандай түрлерін білесің?
Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.
Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдер көмегімен барлық есептерді программалау мүмкін бе? Себебін түсіндір.
Күнделікті тұрмыста орындайтын іс- әрекетімізге кедергі келтіретін шарттарға мысалдар келтір. Мысалы, егер таңертен күн жаңбырлы болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындай ма? Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай
құрастыруға болады?
|
|
7-сынып оқулығы.
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы
ақпараттарды оқуға бағытталады.
|
(Ұ) Сөздікпен жұмыс.
«Түртіп алу» әдісі
|
|
7-сынып оқулығы.
|
Сабақтың ортасы
|
(Т) Талдау Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық талқылау жұмысы жүргізіледі.
|
1-тапсырма Берілген a, b және c сандарының үлкенін табуға арналған
программа кодына
төмендегі сұрақтар
бойынша талдау жүргізіңдер:
Программа коды:
a=int (input () ) b=int (input () )
c=int (input () ) max=a
if max < b: max=b
if max < c: max=c
print (max)
|
|
7-сынып оқулығы.
|
|
І топ: Программада үш санның үлкенін табу үшін қандай алгоритмге сүйенеді?
ІІ топ: Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымы қандай? ІІІ топ: Программа кодын талдап, блоксхемасын құрастырыңдар.
|
Дескриптор:
Программада үш санның үлкенін табу үшін, қандай алгоритмге сүйенетінін айтады.
Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымын түсіндіреді.
Программа кодын талдап, блоксхемасын құрастырады. Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық
талқылау барысында тереңірек түсінеді.
|
Бағалау: Топтар бір- бірін
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) Жинақтау Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құраңдар.
Құрастырған тапсырмаларыңның
шешу жолын көрсетіңдер.
|
Дескриптор:
Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құрайды.
Құрастырған тапсырманың шешу жолын көрсетеді.
|
Бағалау: Жұптар бір- бірін
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
Дербес жұмыс
Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.
|
Дескриптор:
Шарт тексеру операторларын біледі.
Шарт тексеру операторларының программалаудағы
маңызын бағалайды.
|
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі
«Отшашу» әдісі арқылы
бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
Төменде берілген қорытындылау сұрақтарына жауап береді.
Тармақталған алгоритм қандай алгоритм?
Тармақталған алгоритмге күнделікті өзің орындайтын іс-әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?
Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білдің?
4. Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін түсіндір.
Мақсаты: Сабақты қорытындылау.
|
Бағалау: Мұғалім- нің қорытын- ды бағасы.
«Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асады.
|
Интер- активті тақта
|
Үй тапсырмасы
Кестеде берілген х және y айнымалыларының мәндеріне қарап, өрнек мәнінің ақиқат немесе жалған екенін анықта.
Берілгені Өрнек Нәтижесі
х = 74; y = 14 x == y
х = 0; y = 0 x != y
х = 590; y = 590 x > y
х = 243; y = 243 x < y
х = 740; y = 740 x >= y
х =29; y = 30 x <= y
Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.
|