Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
-қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
-осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан.
№ 569 жарлық
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан № 637
26.10.2017 – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы № 569 Жарлыққа қол қойды
19.02.2018 – № 637 Жарлықпен қазіргі пайдаланып жүрген әліпби бекітілді