Байланысты: ЧАЛГЫМБАЕВА АЙНУР 2-ПРАКТИКАЛЫК ЖҰМЫС ИНКЛЮЗИЯ
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны жеңіл деп айта алиаймын.
Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтікэкономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Инклюзивті білім беру әлемдік тәжірибеде әрбір адамның құқықтар, еркіндіктер және арождан теңдігінің ізгілікті құндылықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі берілген барлық, осындай балаларды оқытатындарға да, олармен бірге оқитындарға да, оларды отбасында тәрбиелеп отырғандарға да арналған игілік ретінде қабылданады және жүзеге асырылады. Халықаралық құжаттардың тізілімі мен атаулары білім алуға тең құқықтар идеясын жақтаушылардың барлық адамдарға, балалар мен ересектерді қоса, арналған мәдени игілік және әлеуметтік құқық ретінде күш-жігерін көруге мүмкіндік береді, ол білім беруге деген әлеуметтікмәдени тәсіл аясындағы білім беру инклюзиясының ғаламдық мәнмәтініне куә болады. — Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясат және практикалық іс-әрекеттер жөніндегі Саламан декларациясы (Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту туралы Бүкіл әлемдік конференциясы, Саламанка, Испания, 1994 ж.); — Жүзеге асырудың Дакар Рамкасы. Жаппай білім беру: ортақ міндеттемелердің орындалуы (Дакар, Сенегал, 2000 ж); — Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ, 2006 ж.). Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әр түрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіденбілім беру бағдарламасыныңәртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог- дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдар мен қарымқатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивтіоқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жасерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Инклюзивті оқытуды даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі ретінде бағалайды.Мұндай білім негізінде барлық адамдарға тең қарым-қатынас, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау, жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын іске асыру қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Балалардың бір-біріне түсінушілікпен қарап, тең дәрежеде қарым-қатынас жасауына тікелей ұстаздың ықпалын қажет етеді. Сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінезқұлқында және басқа да бұзылыстары бар балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсете аларлықтай педагог кадрлар даярлығын арттыру қажеттілігі де жасырын емес. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Мұны кез-келген педагог дәл ажырата аларлықтай біліммен қаруланған ба? Дәл қазіргі жағдайда педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген студент мектеп қабырғасында түрлі ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауға қабілетті ме? деген сауалдар көкейде қордаланып тұр. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде білім алған болашақ кәсіби маман сол саланың бакалавры біліктілігін алады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектепте қалыпты білім алушылармен жұмыс жасауға бейімделеді. Бірақ бұл ұстаздар түрлі ауытқуы бар балармен жұмыс жасауға машықтанбаған, қарым-қатынас типтерін меңгермеген. Сондықтан болашақ кәсіби маманның мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беретіндей инклюзивті білім берудің қарапайым түсініктерін қалыптастыру мақсатында барлық мамандық даярлау бағыттарындағы оқу жоспарларына «Инклюзивті білім» курсы енгізілуде. Бұл қуана құптарлық жай. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формалармен сабақтасады. Жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды бірлесіп оқуын ұйымдастырады. Әрбір педагог адам жанының инженері десек, бұл қадам кез-келген жағдаяттан, тығырықтан жол тауып шыға алатындай, инклюзивті білім негіздерімен қаруланған кәсіби маман даярлауға жол ашар еді. Әйтсе де қобалжу тудыратындығы да жасырын емес. Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының инклюзивті білім берудегі дайындық деңгейі қаншалықты? Мұндай қадамға біз дайынбыз ба? Инклюзивті білім беру мәселесі бастау алып кетті, енді тығырықтан шығар жол қайсы? Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық проблемаларын зерттеп, оларды шешуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту, бірлесе жұмыс жасау – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Оқу орындарында педагогикалық-психологиялық кеңес беретін орталықтар ашып, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог және т.б. мамандарды тартып, бірлесе жұмыс жасау қажет. Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында қайта даярлық курстарынан өткізген жөн. Инклюзивті білім саласына қатысты мәліметтерде жоғары оқу орындарында инклюзивті білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша жалпы жоғары оқу орындарына арналған типік оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-физикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы бойынша реттелетіндігі сөз болады. Демек, оқу бағдарламаларын да қайта қарау қажеттілігі туындайды. Инклюзивті білім беруге дайындық жасау барысында туындайтын екінші бір мәселе оқу орнының талапқа сай жабдықталуы. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны, бала бойындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған құрылғыларды қолдану қажеттілігін де ретін тауып шешкен жөн. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
№ 4 дәріске СОӨЖ тақырыбы
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша конспект
№ 4 дәріске СӨЖ тақырыбы
Ата аналар үшін әдістемелік ұсыныстар даярлау.
Еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі баланың тұрғылықты мекен жайына, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына қарамастан оған мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланы кешенді тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы тығыз ынтымақтастықта іске асады. Егер отбасы мен мектепке дейінгі ұйымда балаға қойылған талаптар келісілмесе, онда жақсы дағдылар мен қасиеттерді тәрбиелеу қиынға соғады. Қазақстандық ғалым-психологтар Ж.И. Намазбаева, Л.С. Пилипчук, С.Ж. Омирбекова, Л.О. Сарсенбаева, Т.М. Шалгимбаев, , К.М. Арымбаева және шетелдік ғалымдар А. И. Захаров, А. Н. Демидова, О.Л. Зверева, Е. П. Арнаутова және басқаларының арнайы психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулері отбасына мектепке дейінгі жастың барлық кезеңдерінде мамандар көмегінің қажеттігін дәлелдеді. Сонымен бірге баланың толыққанды дамуы үшін өзіндік ерекше қызметтерге ие мектепке дейінгі ұйым және отбасы бір-бірімен өзара тиімді ықпалдастықта болуы қажет. Бұл мәселенің өзектілігі – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен белсенді ықпалдастыққа баулу. Мақсаты – мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тартуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. Міндеттері: - мектепке дейінгі ұйым мен отбасының арасындағы ықпалдастықтың заманауи түрлері мен әдістерін қолдануда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету; - ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстыру; - ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту; - отбасылық тәрбиенің үлгілі тәжірибесін, жақсы отбасылық дәстүрлерді тарату. Әдістемелік ұсынымдардың құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс түрлері». Ата-аналармен заманауи жұмыс түрлерін қолдану мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналардың бірлескен еңбегімен балаларды әлеуметтік- мәдени нормаларға, мемлекеттің, қоғамның және отбасының дәстүрлеріне тартуға ықпал етеді. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Бүгінгі отбасы бала туылғаннан бастап шынайы себептерге байланысты балаларды тәрбиелеу мен дамытуда, түзету процесін ұйымдастыруда мәселелерінде кәсіби педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды қажет етеді. Ата-аналардың көпшілігі мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің маңыздылығын сезінеді, бірақ мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді түрде араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле бермейді. Осы тұста, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті негізгі үш бағытта шешіледі: 1. Отбасымен ықпалдастықты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымымен жұмыс, педагогтерді ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлері жүйесімен таныстыру. 2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды тәрбиелеу және оқыту саласымен хабардар болу деңгейін анықтау, білім беру қызметіндегі ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау. 3. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту. Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі ерекшеліктерді: - ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік қажеттіліктері; - балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі; - мектепке дейінгі ұйым жұмысының басым бағытын ескеру керек Мұның барлығы балабақша мен отбасында баланың дамуына бірыңғай тәсілдер құруға негіз болады. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың арасындағы ықпалдастықты тиімді іске асырудың негізгі жағдайлары баланың отбасын, оның жағдайын, мүмкіндіктерін зерделеу. Мектепке дейінгі ұйым бүгінгі күні үнемі дамуда, жүйелі икемделгіш, ата- аналардың әлеуметтік құрамының өзгерісін, олардың білімдегі қажеттіліктері мен тәрбиедегі сұраныстарын жылдам сезінетін болуы тиіс. Осыған байланысты балабақша мен отбасының арасындағы жұмыстың түрлері мен бағыттары өзгеріп отыруы қажет. Ата-аналармен жұмыста жобалық қызметке қатысу жақсы нәтижелер көрсетеді. Әдеттегідей, кез келген жоба отбасымен жұмыстың топтамасын қамтиды. Оған отбасымен жұмыстың барлық түрлерін (көрмелер ұйымдастыру, экскурсиялар, ата-аналар жиналыстарын, стендтерді безендіруді, бос уақытты тиімді өткізу және т.с.с.) жатқызуға болады. Осындай кешенді тәсілдер қолданғанда ата-аналар педагогтердің белсенді серіктестері бола отырып, міндеттердің табысты шешімін қамтамасыз етеді (1-қосымша). МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуетін күшейтуге бағытталған. Балабақша мен отбасы арасындағы педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы көбіне тәрбиешінің өз қызметінде қаншалықты ата-аналардың қызығушылығын тудыратын және заманауи мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу мен оқыту процесіне белсене қатысуға жағдай жасайтындай ата- аналармен жұмыс түрлерін қолдануына байланысты. Жұмыс тиімділігінің критерийлері: - жоспарланған барлық іс-шараларға ата-аналардың көп қатысуы; -ата-аналардың балалармен жұмыс кезінде ұсынылған материалдарды қолдануы; - отбасының оң бағасы мен мектепке дейінгі ұйыммен алдағы серіктестікке берілген жағымды пікірлер болып табылады. Балабақша мен отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың түрлері мен мазмұны алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірыңғай стандарты болмайды. Әдетте отбасымен жұмыстың екі түрі белгіленген: - ұжымдық (дәрістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары); - жеке (әңгімелесу, кеңестер, тапсырмалар, отбасын аралау). Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалар ата-аналарымен өзара ықпалдастығының дәстүрлі түрлері замануи инновациялық технологиялармен үйлестірілген. Ата-аналармен жұмыста ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады. Педагогтерде де, ата-аналарда да қатынастың дәстүрлі емес түрлері ерекше танымалдықпен қолданылады. Олар ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын балабақшаға аудартуға бағытталған. Ата-аналар өз балаларын басқа жаңа жағдайда көріп, жақсырақ біледі, педагогтермен жақын араласады. Жекелей және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары және көрнекі насихаттау өткізуден басқа «ауызша журналдар», педагогикалық қонақжай, мәселелер бойынша дискуссиялар, сұрақ-жауаптар кештері, КТК, «ток-шоу» сияқты түрлерін қолдану ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ерте және кіші топтардағы ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды белсендіру үшін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және күн тәртібінің сәттерінде бейнежазбаларды көруді және талқылауды ұсынуға болады. Ересек топтардың тәрбиешілеріне алдын ала белгіленген тақырып бойынша диспуттар ұйымдастыру, белсендірудің интерактивті әдістерін, сұқбаттасуды, талқыланатын мәселенің рейтингтік бағасын, талқылау үшін бірнеше түрлі көзқарастарды қолдану ұсынылады. Ата-аналармен өзара ынтымақтастық өнімділігін арттыруға, ата-аналар мен балалардың бірігуіне конкурстар өткізу де ерекше ықпал етеді. Спорттық іс-шаралар өткізуде барлық қатысушылардың дене дамуы мен денсаулықтарын нығайтумен қатар отбасының беріктігіне, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, эмпатия сезімін қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Мысалы, «Отбасылық старттар», «Денсаулық күндері», «Әкем, анам және мен» спроттық ойындарын, Отан қорғаушылар күніне арналған музыкалық- спорттық мереке. Тәрбиеші, ата-ана мен баланың жақын араласуы отбасында баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен жұмыстың дәстүрден тыс түрлері кеңінен қолданылады: - танымдық; - бос уақытты тиімді өткізу; - ақпараттық-талдау; - көрнекілік-ақпараттық. Өзара ықпалдастықтың танымдық түрлері ата-аналарды бала дамуының жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл топқа: жалпы ата-аналар жиналыстары; ата-аналар қатысуымен педагогикалық кеңес; ата-аналар конференциясы; отбасылық клуб; шағын жиналыстар; қайырымдылық күндері; ата-аналар мен балалардың бірге сенбіліктері жатады. Бос уақытты тиімді өткізу түрлері педагогтар мен ата-аналар, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас, эмоциялық байланыс орнатады. Бұл ең тартымды, қажетті де ең күрделі түрі. Өйткені, кез келген іс-шара ата- анаға өз баласының проблемаларын ішкі жағынан көруге, басқа балалармен салыстыруға, қарым-қатынастағы қиындықтарды байқауға, басқа балалар қалай жасайтынын көруге, яғни өз баласымен қатар ата-ана қоғамдастығымен байланысу тәжірибесін алуға мүмкіндік берілетінімен түсіндіріледі. Бірлескен іс-шараларды өткізу барысында ата-аналар бірлескен жұмыстан қанағат алып, сәйкес балабақшаның беделі артады. Бұл бағытта: мейрамдар мен ойын-сауықтар; ертеңгіліктер; туған күнді атап өту; концерттер, жарыстар; балалар жұмыстарының, отбасылық суреттер көрмесін; балабақшадан тыс біріккен экскурсиялар мен серуендер; қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға болады. Ақпараттық-талдау түрлері әр баланың отбасы туралы мәліметті жинау, өңдеу және қолдануға бағытталған (балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-ананың білім деңгейін анықтауға, құзыреттіліктерін жоғарылатудағы олардың қызығушылықтарына ықпал ететін сауалнамалар алу мен тестілеу консультациялық пункттер, брошюралар, ата-аналарға арналған құралдар ұсыныстарға арналған қорап және т.б.). Мектепке дейінгі ұйым ата-аналарымен жұмыста ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады. Білім беру процесінде АКТ қолдану – білім беру процесінің сапасын арттырумен қатар балабақша педагогі мен отбасы арасындағы қарым- қатынастың жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім беруді жаңғыртудың басым бағыттарының бірі Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі құралдар: - балабақша сайты; - ұялы байланыс; - электрондық консалтингтік қызмет (электронды пошта); - жеке веб-парақты қолдану; - «Дана бала» ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналы; - «Отбасы KZ» интернет-порталы кеңінен қолданылады. Сайттар балабақша қызметінің ашықтығы мен педгогтер мен ата-аналар үшін ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Сайтқа кіру барлық қолданушылар үшін ашық. Сайт беттерінде ата-аналар мектепке дейінгі ұйым жұмысының ерекшеліктерімен таныса алады, сайттың негізгі қызметі – мектепке дейінгі ұйым қызметі туралы ресми ақпаратты ұсыну. Ол үшін балабақша Жарғысын, әкімшілік, педагогтер туралы мәлімет, педагог- психолог, логопед, дефектолог жұмыс кестесін, шешілетін мақсат-міндеттер, тәрбие жұмысының жылдық жоспарын орналастыру ұсынылады. Мәтіндік ақпаратты көрнекілік материалдармен толықтырылады (фото, видео). (2- қосымша). Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша кәсіби кеңестер алуға, мектепке дейінгі білім берудегі соңғы жаңалықтарды білуге, нормативтік құжаттармен танысуға, өз аймағындағы мектепке дейінгі ұйым бойынша ақпарат алуға, балабақша мен мектепке дейінгі ұйым және сайт жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша өз ұсыныстарын, пікірлерін және тілектерін қалдыруға болады. Бүгінгі күні тәрбиешілер белсенді түрде WhatsApp қолданбасын қолданады, онда ата-аналар кез келген өзін алаңдататын сұрақты қойып немесе бір мәселелер туралы хабарлама жібереді, ертеңгіліктерден соң пікірлер мен суреттермен бөліседі. Педагогтер күн тәртібінің сәттерінен фрагменттерді жібереді. Сонымен қатар, электронды пошта мен жеке веб-парақ кеңінен қолданылуда. Электронды пошта арқылы педагог түрлі іс-шаралар өткізу туралы ақпарат жібереді. Электронды поштаны қолдану тиімділігі ата-аналарға ақпараттың ауқымды көлемін жіберіп, отбасымен тікелей өзара байланысты жүзеге асыруға болады. Интернет желісіндегі тәрбиешінің жеке веб-парағында көбіне балаларды тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша консультациялық материалдар: мамандардың кеңестері, тәрбиешінің ұсынымдары, электрондық газет және т.б. орналастырылады. «Отбасы KZ» Интернет-порталы балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселелері бойынша ағарту қызметтерін ұсынады. Интернет-портал ата-аналарға балаларды күту мен дамыту ерекшеліктерімен таныстыруға, зияткерлік, тілдік, психикалық және дене дамуындағы проблемаларға түсіністік қалыптастыруға, балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алып, өзара ықпалдастықтың арнайы дағдылары мен тәрбиелеу әдістерін үйретуге жәрдемдеседі. Ата-аналар кәсіби кеңес алумен қатар, үйде балаға не үйрету қажет екенін біліп, практикалық көмек алады. Ата-аналармен бірлескен әрекетте АКТ қолданудың артықшылықтары: - ақпаратты алуға уақытты аз жұмсау; - кез келген құжаттарды, фотоматериалдарды көрсету мүмкіндігі; - әрбір ата-анаға жеке тәсілді қамтамасыз етуі; - жеке жұмыстың мен топтық жұмыспен оңтайлы үйлесімділігі; - ақпарат көлемінің өсуі; - ата-аналармен сұхбаттасуды қамтамасыз ету (электронды пошта, форум); - ақпараттың шұғыл түрде алу; - ақпараттық ағымның кеңеюі; - электрондық газет, журналдарды жариялау. Педагогтер мен ата-аналар қатынасының көрнекілік-ақпараттық түрлері ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның жағдайы, мазмұны мен балаларды тәрбиелеу әдістерімен таныстыру мәселелерін шешеді, педагогтер қызметін бағалауға, үйдегі тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қайта қарауға, тәрбиеші қызметін шынайы түрде көруге мүмкіндік береді. Аталған түріне: - ата-аналарға арналған бұрыш (ата-аналарға арналған ережелер, күн тәртібі, түрлі мазмұндағы хабарландырулар); - балалар жұмыстарының көрмесі; - ақпараттық парақшалар және т.б.; - ата-аналарға арналған жадынамалар; - жылжымалы папкілер; - отбасылық тәрбие тәжірибесімен бөлісуге арналған ата-аналар газеті. Ата-аналармен жұмыс түрлерін қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде өзара қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Өз баласын үйден ерекше жағдайда көру мүмкіндігі ата-аналарға өздерінің тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін қайта қарауға ықпал етеді. Ата-ананың балабақша өміріне қатысуы педагогтың қалауы үшін емес, өзінің баласына маңызды екеніне ата-аналар біртіндеп көз жеткізеді. Сонымен, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ата-аналармен өзара әрекетті ықпалдастықта ұйымдастыруы бала тұлғасының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді. ҚОРЫТЫНДЫ Мектепке дейінгі білім беру саласының жүйелі мемлекеттік қолдау табуы және балалардың мектепке дейінгі оқу бағдарламаларымен 100% қамтуға кезеңмен көшу жағдайында мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушілер ата- аналары арасындағы өзара бірлескен әрекеттестікте ұйымдастыруда жаңашыл әдістерді табу ерекше рөл атқарады. Сондықтан, балабақша мен отбасы арасындағы байланыстың негізінде бала дамуында мектепке дейінгі ұйымның маңызды рөл атқаратыны туралы идеясы жатыр: бұл жерде бала алғашқы білім алады, басқа балалар мен үлкен кісілермен қарым-қатынас жасау дағдыларын иеленеді, өзінің жеке іс-әрекетін ұйымдастыруға үйренеді. Алайда, бала осы дағдыларды қаншалықты тиімді пайдаланады, ол отбасының мектепке дейінгі ұйымға қатынасына байланысты болады. Бала дамуындағы отбасылық тәрбие отбасы мен балабақшаның арасындағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығын айқындайды. Педагогтер мен ата-аналар арасындағы байланыстың жаңа түрлеріне жабық балабақша аясында көшу мүмкін емес: ол ата-аналарды балабақшаның білім беру процесіне қатыстыруды қамтитын бірінші кезектегі міндеттер қатарындағы ашық жүйе болуы тиіс. Сонымен, педагогтердің ата-аналармен байланысы – бұл бала тәрбиесі бойынша бірлескен қызметке бағытталған педагогтер мен ата-аналардың оңтайлы эмоциялық жағдайы. Балабақшаның отбасымен жұмыстың басым бағыттарының қатарына енген интерактивтік, ізденушілік, ойын технологияларының негізін құрайтын бірлескен әрекет түрлері дұрыс таңдалған жағдайда отбасы мен балабақшаның ықпалдастығы тіптен табысты болады. Ата-аналармен жұмыстың әртүрлі түрлерін пайдалану баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, мемлекет және қоғам, отбасылық құндылықтарға қатыстыруға ықпал етеді. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы; 2. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ; 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы; 4. Нургалиева Р.Н. Филосовский словарь – Алматы: Ана тілі - 423 стр. 5. Беспалова А.И., Исханова У.К : Семейное право – Алма-Ата, 1984; 6. Миклякова Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. Москва 2006г.; 7. Доронова Д.Н., Глушкова Г.В. Вместе с семьей. Москва 2005 г.; 8. Солодянкина О.В. Сотрудничество дошкольного учреждения с семьей. Москва 2004 г. 1-қосымша «Балабақша» өтпелі тақырыбына сәйкес жобалық әрекеті «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз» Жоба мақсаты: баланың шығармашылық әлеуетін дамыту және оның өздігінен іске асыруға жағдайлар жасау мәселелерінде мектепке дейінгі ұйым және отбасының қызметін біріктіру. Міндеттері: - әрбір баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату; - жоба қатысушылары үшін байқау шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы өзара түсіністік, эмоциялық өзара қолдау, шығармашылық атмосфера құру; - тәрбиеленушілер мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын қалыптастыру; - ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру; - жеке педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімдерін қолдау. Жоба қатысушылары: мектепке дейінгі ұйым педагогтері, балалар және олардың ата-аналары Жүзеге асыру мерзімі: үш ай Күтілетін нәтижелер: - балалар, ата-аналар және педагогтер арасында оңтайлы эмоциялық қарым- қатынас ортасын құру; - бірлескен байқауда балалар мен ата-аналардың креативтік қабілеттерін дамыту; - отбасында ересектер үшін де, балалар үшін де ортақ қызығушылықтың пайда болуы; - ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру; - бірлескен іс-шараларды өткізуде ата-аналардың қатысу үлесінің өсуі. Жұмыс кезеңдері І. Дайындық кезеңі Педагогикалық әрекет: - ата-аналардан сауалнама алу; - байқау шараларын жоспарлау және әзірлеу; - байқау сценарийін құру; - МДҰ алдыңғы өткізген байқауларынан фотокөрмелер рәсімдеу; - топтың ата-аналар бұрышында афиша орналастыру. Ата-аналармен байланыс: - сценарийлерді талқылау; - «Шығармашылық қабілеттерді дамыту» тақырыбында кеңес беру; - «Шебер қолдар» практикумы; - байқауларға арналған костюмдер, музыкалық аспаптар, декорациялар жасау бойынша шығармашылық шеберхана. Балалармен жұмыс: - көркем шығармаларды оқу; - тақпақтар мен мәтіндерді жаттау; - өлеңдер мен билерді үйрену; - иллюстрацияларды қарау; - байқау тақырыптарына сәйкес алдын ала жұмыс. ІІ. Қалыптастыру кезеңі Педагогикалық қызмет: - байқауға ұжымдық шақыру қағаздарын дайындау; - байқаулардың сәтті жүзеге асуына жағдайлар жасау; - МДҰ педагогтерімен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету; - байқау қатысушыларымен кездесулер ұйымдастыру. Ата-аналармен байланыс: - әділ қазы таңдау; - шараны ұйымдастыруға ата-аналардың қатысуы; - бейнеролик түсіру; - балалармен бірлескен практикалық қызмет. Балалармен жұмыс: - Мәнерлеп оқу сайысы; - «Жігіт султаны» байқауы; - «Біз епті және батыл» конкурсы; - «Топ аруы» конкурсы. ІІІ. Қорытынды кезеңі Педагогикалық қызмет: - практикалық материалдар жинау және өңдеу, алынған нәтижелер мен жоспарланған деректермен салыстыру; - жоба материалдарын жинақтау; - слайдтық презентациялар жасау. Ата-аналармен байланыс: - «байқау қозғалысы» қорытындысы бойынша ақпарат жинау (сауалнама алу, әңгімелесу, сұрастыру, пікірлер); - жобадағы жұмыс тиімділігін бағалау. Балалармен жұмыс: - балалар суреттері; - байқауларға қатысу қорытындысы бойынша фотоколлаж жасау; - МДҰ балаларына байқауға әзірленген нөмерлерді көрсету. «Дені саудың жаны сау » өтпелі тақырып негізінде жобалық әрекеті «БАЛАБАҚША, МЕН ЖӘНЕ ОТБАСЫ – ДЕНСАУЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ» Жоба мақсаты: денсаулық туралы түсініктерін қалыптастыру, балалар мен ата-аналардың спорт және дене тәрбиесімен айналысуға ынталандыру, салауатты өмір салтын отбасылық дәстүр ретінде насихаттау. Жоба міндеттері: - балалар мен ата-аналардың тақырып бойынша (мониторинг) хабардар болу деңгейін анықтау; - балалардың дұрыс тамақтану, мәдени-гигеналық дағдылар, қимыл белсенділігі туралы білімдерін кеңейту; - ата-аналармен тиімді өзара ықпалдастықты ұйымдастыру: балалар мен ата- аналардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, кеңестер, бірлескен іс- шаралар; - балалармен бірлескен қимыл әрекетінің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту; - оңтайлы-эмоциялық орта құру. Жоба қатысушылары мектепке дейінгі ұйым педагогтері, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары Жүзеге асыру мерзімі: үш апта Күтілетін нәтижелер: - балалар, ата-аналар және педагогтер арасында оңтайлы эмоциялық қатынас ортасын құру; - бірлескен байқау әрекетінде балалар мен ата-аналардың креативтік қабілеттерін дамыту; - отбасында ересектер үшін де, балалар үшін де ортақ қызығушылықтың пайда болуы; - ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру; - бірлескен іс-шараларды өткізуде ата-аналардың қатысу үлесінің өсуі. Жұмыс кезңдері І. Дайындық кезеңі - балалардың тақырып бойынша білімдерінің мониторингі және ата- аналардан сауалнама алу; - жобаның мақсат-міндеттерін анықтау; - топта заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жобалау; - тақырып бойынша әдістемелік, көркем әдебиеттерді және мультипликацияны таңдау; - шараларды дайындау. ІІ. Практикалық кезең - ата-аналарға арналған кеңестер, жадынамалар, ұсынымдар әзірлеу; - балалар мен ата-аналармен бірлескен іс-шаралар; - ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырмалар; - ойын, қарапайым еңбек, игровая, бейнелеу қызметі, құрастыру; - балалармен әңгімелесу; - қимыл (балалар және ата-аналармен бірлесіп) әрекеті; - көркем әдебиет оқу; - театрландырылған қойылымдар; - денсаулық бұрышын толықтыру.