4 дәріс. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы білім беру процесіндегі оқу. (2 сағ) Субординация принципі —



Дата15.12.2023
өлшемі23,12 Kb.
#139375

4 дәріс. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы - білім беру процесіндегі оқу. (2 сағ)
Субординация принципі — балалық әлемі — бұл үлкендер әлемінің бір бөлшегі, оның дербес емес қосалқы, бүтінге сай келмейтін және оған бағынышты бөлігі.
Монологизм принципі — балалық әлемі-оқушылар мен тәрбиеленушілер әлемі, үлкендер әлемі- мұғалімдер мен тәрбиешілер әлемі. өзара әрекеттесу мазмұны тек бір бағытта ғана беріледі-үлкендерден балаларға.
Үстемдік жүргізу принципі — үлкендер әлемі үнемі өз заңдарын балаларға жүргізіп отырған,балалар әлемі үлкендер әлеміне қарағанда үнемі қорғанышсыз болған.Ол ешқашан және ешқандай түрде оған әсер етпеген.
Басқару принципі — оқыту мен тәрбие берудің қажетті элементі ретінде қарастырылатын үлкендер әлемін бақылау, бұл бақылау балалар әлемін үлкендер әлемімен күштеп ассимиляциялауды қамтамасыз етеді.
Есею принципі — балалық әлемінің дамуы ылғи есею ретінде, яғни балалардың қозғалысы үлкендердің құрған жас ерекшелік баспалдақтары бойынша қарастырылған.
Инициация принципі — үлкендер әлемі мен балалар әлемінің арасындағы шекараның болуы және адамды бір әлемнен басқа әлемге ауыстыру.
Деформация принципі — балалық әлемі ылғи үлкендердің араласуымен бұзылады.
Бостандық принципі — үлкендер әлемі балалық әлемін қадағалаудың барлық түрлерін жоюы тиіс «өмір және денсаулық сақтаудан басқа), балалық әлеміне өз жолын таңдауын ұсынады.
Бірге даму принципі — балалар әлемінің дамуы бұл процесс үлкендер әлемінің дамуымен қатар жүреді,адам дамуының мақсаты-ішкі және сыртқы «меннің» үйлесімін табу.
Бірлік принципі — балалық әлемі мен үлкендер әлемі екі шектелген әлемдерден тұрмайды (ауысу шекаралары бар), олар адамдардың бірыңғай әлемін құрайды.
Қабылдау принципі — адам басқа адамдармен қандай болса сондай болып қабылдануы тиіс,оның үлкендік және балалық бағалануларға нормаларға қатысы жоқ.

Осындай өзін-өзі дамытушы тұлғаға педагогикалық және ата-аналық толық бағдарлану оны болашақта қиналушылыққа әкелуі мүмкін (А.В.Петровский бойынша, ол үшін референтті топқа «бейімделу және соңынан интеграциялау» мүмкіндігінің жоқтығы).Осы принциптердің барлығы шын мәнінде іске асатын принципті ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

2. Білім беру дәстүрлі түрде адамның өз өн бойына, өз бейнесіне ұқсасты құру ретінде анықталады. . «Білім беру» ұғымы өзінің бастамасын ежелгі орта ғасырлардан алады, ол «бейне», «Құдай бейнесі» ұғымдарымен байланысады. Адам Құдайға ұқсатылып жаратылған және бұл бейнені түсіну, оған жету, сол бейнені ұстану білім беру ретінде (қазір де православты христиандар дінінде) түсіндірілген. Адамның өзі құндылық болған Қайта өрлеу дәуірінен бастап білім беру адамның өзін-өзі дамыту мәдениетке тартылу оған ену басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарастырылады. Білім беру өз бейнесін, тұлғасын жасаудың құралы бола бастайды.Бұл жағдайда мәдениет бейнесі білім беруде қолданылатын мазмұнға, ұйымдастыру мен әдістерге түседі. К.Д.Ушинский негізгі әдіс –«сократтық әдіс», сұрақтар қою әдісі, әдістің бұл түрі оқушылырға ой қозғау барысында жауапты өздері табуға мүмкіндік береді.

Еуропада, ұлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған терминнің (образование дегенді білдіреді) «образ» деген түбірі жоқ, алайда білім беру процесіне қалыптастырушылардың өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып, ол мазмұны бойынша кең ұғым болып табылады. Сол себепті білім беру оның мәдени сәйкестілігіне байланысты қоғамның әлеуметтік- мәдени құндылықтарын интернационалдандыру ретінде оқыту мен тәрбие берудің өздерін қосады.Сонымен қатар оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы бұл процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білі беру де ажыратылмайды,- деп Л.Н.Толстой ерекше атап үткен.Білім бермей тәрбие беруге болмайды, ал кезкелген білімнің тәрбиеленуші әсері бар».

3. Білім беру мәдениетті ұдайы өндіру ретінде белгілі бір жүйе ретінде қалыптаса алмауы мүмкін болды, оның ішінде әр түрлі ұсақ жүйелер жіктелінеді (оқушының жас ерекшелігіне, оқудың мақсатына, шіркеуге, мемлекетке қатысына байланысты). Педагогикалық психология берілген проблемаларды арнайы қарастырмайды- бұл басқа ғылымдардың пәні, бірақ ол осы жүйенің ішінде, сол жүйеде қалыптасқан жағдайлар контекісінде оқушы (оқитын) мен оқушының әрекетін зерттейді. Сол себепті, оның ішінде әрекеттесетін субьектілердің өздерін яғни мұғалім (оқытушы) мен студентті қарастырмастан бұрын білім беру жүйесінің негізгі сипаттамаларын атап көрсеткен қажет. Білім беру әлеуметтік институт ретінде күрделі жүйе болып табылады. Ол күрделі элементтермен олардың арасындағы байланыстарды қамтиды: ұсақ жүйелер, басқару, ұйымдастыру, кадрлар т.б. Білім беру жүйесінің жүйе құрушы құрастырушысы болып білім берудің мақсаты яғни қоғам үзінің тарихи дамуының берілген сатысында қандай адамды талап етеді және қандай адамды күтетіні болып табылады. Білім беру жүйе ретінде үзіне Н.В.Кузмина бойынша педагогикалық жүйе ұғымын кіргізеді. Білім беру жүйе ретінде үш өлшемде қарастырылына алынады:

- қарастырудың әлеуметтік ауқымды, яғни әлемдегі белгілі бір елде, қоғамда , ұйымда, аймақта т.б. Сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғары сатысындағы т.б. Білім беру жүйесі қарастырылыды.

- білім берудің сатысы (мектепке дейінгі, бастауыш, орта толық емес және толық орта мектеп болып жіктелінеді. Әр түрлі деңгейлі жоғары: мамандандарды тереңдетіп дайындау, бакалаврят, магистратура, біліктілікті арттыру мекемелері, аспирантура, докторантура).

- білім беру бейімі: жалпы, арнайы, (математикалық , гуманитарлық, жаратылыстану ғылымы т.б.) кәсіптік, қосымша.



Білім берудегі қазіргі замандағы жүйелерінде нәтижені шығарылым бойынша бағалау көрініс алып отыр ,ол оқыту түріне байланыссыз белгілі біріздендірілген талаптарымен стандарттармен ұсынылған. Білім беру жүйелері соңғы 10 жылдықтарда өз әрекеттерін кантакттік оқыту түрінен қашықтан оқыту түріне ауысып , кеңістікте жүзеге асыруы кенінен етек алып отыр. Білім беру жүйе ретінде деңгейлілігімен, сатылылығымен сипатталады, оның негізінде басым күпшілік жағдайда жас ерекшелік үлшемдер алынды. Алайда барлық мемлекеттерде жеткілікті көлемде мектепке дейінгі білім беру, содан кейін үш сатылы мектептік ( бастауыш, орта және жоғары) оның түрлері: гимназия, лицей және жоғары білім беру: институттар, университеттер, академиялар бола алады.Әрбір сатының өзінде оқытудың ұйымдастырушы формалары бар: сабақ, лекция, семинар т.б. және бақылаудың ерекше формалары сауалнама, сынақ, емтихан т.б.
Білім беру жүйесі адамды оқыту және тәрбиелеуді көздеуші білім беру процесінде дамиды және қызмет атқарады.ХІХ ғасырдың аяғында П.Ф.Каптерев «білім беру процесі бір нәрсені біреуден басқаға беруді ғана білдірмейді, ол тек ұрпақтар арасындағы дәңекерші емес: оны мәдениетті бір ұрпақтан келесі ұрпаққа құйушы түтік ретінде елестету ынғайсыз деген.Білім беру процесі ретінде адамның саналы өмірінің аяғына дейін тоқтатылмайды ол мақсаты, мазмұны, формасы бойынша үздіксіз түрленіп отырады.Білім беруді процес ретінде қарастыру біріншіден оның екі жағын ажыратуды ұйғарады: оқыту және үйрету.Екіншіден оқытушының тарапынан білім беру процесі ерікті немесе еріксіз түрде оқыту мен тәрбие берудің бірлігін ұйғарады.үшіншіден тәрбиелеуші оқыту процесінің өзі, оқушының позитциясынан білімдер, практикалық дағдылар, таңымдық тапсырмалар, сонымен қатар оның жан-жақты дамуына әсер етуші тұлғалық және коммуникативтілік тренингтерді қамтиды.Білім беру процесінде адамның дамуы көпжағдайда оның қандай құралдары мен қандай мазмұнда жүзеге асырылатыны мен байланысты. Білім беру нәтиже ретінде екі тұрғыда қарастырылады.
Бұл нақты білім беру жүйесі ретінде алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын аяқтау үстіндегі адамның сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды.
білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беру жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды тұлғалық мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған осы мезгілде кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді.Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады.Ол жалпы және кәсіптік мазмұнды бола алады.
4. Жоғары білім беру психологиясы проблемаларының жетекші, зерттеушілерінің бірі А.А.Вербицкий білім беруде келесі беталыстарды ажыратады, олар қазіргі уақытта әр түрлі дәреже де өз көрінісін табуда және бұл көріністер ХХ ғасырдың аяғына дейін орын алмақшы.
Бірінші беталыс — білім берудің әрбір деңгейін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бүлігі ретінде ұғынуы. Бұл беталыс тек қана мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады, сонымен қатар ол студенттердің кәсіптік дайындығын көтеру міндетін шешуді ескере отырып, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ өндірістік қызметінің арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ескере отырып, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ өндірістік қызметінің арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады. Бұл, өз кезегінде студенттердің оқу іс-әрекеттерінде өндірістік жағдайларды модельдеу міндетін қойды, ол барып оқытудың жаңа түрі- белгілілік- контекстік оқытуды (А.А.Вербицкий бойынша) қалыптастырудың негізінде салынды.
Екінші беталыс— оқытуды индустрализациялау, яғни оны компьютерлендіру және онымен бірге жүретін оқытуды техноолгизациялау, ол қазіргі замандағы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс- жүзінде күшейтуге мүмкіндік береді.

Үшінші беталыс — басымды ақпараттық формалардан проблемалық элементтерді,ғылыми ізденісті, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен пайдалануды енгізу арқылы оқытудың белсенді әдістері мен түрлеріне көшу. Басқа сөзбен айтқанда, бұл А.А.Вербицкийдің салыстырмалы түрде айтқаны бойынша, «ұдайы өндіру мектебінен» «түсіну мектебіне», «ойлау мектебіне» көшу беталысы.


Түртінші беталыс — А.А.Вербицкий бойынша, «оқу- тәрюбие беру процесін ұйымдастырудың қатаң тәртіппен бақыланушы алгоритм- делінген әдістерінен және осы процесті дамытушы, белсендендіруші, жылдамтатушы, ойындық әдістеріне ауысудың психологиялық- дидактикалық шарттарын қарастырумен» байланыстырылынады.
Бесінші және алтыншы беталыс — оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуінің ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымдық, оқушылардың бірлескен әрекетті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде ерекше назар «оқытушының оқыту әрекетінен студенттің танымдық әрекетіне» ауысады.
20-жүзжылдықтың аяғында білім берудің жалпы жағдайындағы өзгерістердің беталыстары оны әлемде және Ресейде реформалаудың жалпы принциптерімен дәлме-дәл келді.Бұл принциптердің орта білім беруге сәйкес тұжырымдалғанына қарамастан білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне, барлық білім беруге таратылады. Бұл келесі негізгі принциптер:
1. қоғамның барлық тәрбиелеуші күштері, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;
2. адамгершіліктендіру — қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әрбір бала тұлғасына көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершіліктік және физикалық қасиеттері бар азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
3. жектеу және жекелеу, әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
4. демократтандыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігі, бастамашылығы мен шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылықтарынан туған өзара әрекеттесуі, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.Осы принциптердің жүзеге асыру білім беру жүйесінің өзінің бет бейнесінің, оның мазмұны мен ұйымдастырушылық формасының өзгеруін ұйғарады, ол ұлттық мектепті дамытуда аса толық көрініс тапты.

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:

Қазіргі замандағы білім берудегі негізгі беталыстар мен принциптер қандай?


Мәдениет пен білім беру бір-бірімен қалайша байланысты?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет