4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті


Педагогиканың әдіснамалық негіздері



бет3/7
Дата29.09.2023
өлшемі95,3 Kb.
#111824
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті. Әдіснама тур-emirsaba.org

2.2 Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Қазіргі уақытта педагогикада «парадигма» термині кең тарала бастады, бірақ оның мағынасына түрлі түсініктемелер береді. Мысалы, «гуманистік парадигмаға» ауысу насихаттары айтылады, техникалық қоғам парадигмалары негізделеді және т.б.

«Парадигма» терминін (грек. «үлгі») 1962 жылы Томас Кун ғылымға енгізді. Парадигма – барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді анықтау және оларды шешудің моделін ұсынады. Парадигмалық көзқарас төрт онжылдық бойы шетелдік зерттеушілердің назарында болып отыр: Дж. Агасси, И. Лакатос, Дж. Холтон, П.П. Гайденко, Л.А. Маркова және т.б.


Қазіргі педагогика ғылымында жетекші төрт білім беру парадигмасын көрсетуге болады:
1. Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік).
Дәстүрлі парадигма жағдайында оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға терең, берік жан-жақты академиялық білімдер беру. Білімнің негізгі көзі оқытушы болып табылады. Білім алушы, білімге толтырылу қажет нысан ретінде қарастырылады. Оқытудың тұлғалық аспектілері танымдық қызығушылық пен танымдық қабілеттерді қалыптастырумен шектеледі. Сондықтан, тұлғаның дамуына емес (оны оқу әрекетінің «артық өнімі» ретінде қарастырады), оның ақпараттық қамсыздандырылуына назар аударылады.
Білімділік парадигманың бір түрі ретінде технократиялық немесе (прагматикалық) парадигманы қарастыруға болады. Оның жүйесіндегі оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға өмірі мен кәсіби әрекетінде тәжірибелік тұрғыда қажет болатындай, қазіргі техникамен дұрыс өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін білім беру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Негізгі қағида – оқытудағы политехникалық бағыттылық.
Сөйтіп, білімділік және технократиялық парадигмалар назардың орталығына білім беру үрдісінің субъектісі ретінде білім алушыны қоймайды. Білім алушы педагогикалық өзара әрекеттесудің объектісі ғана болып табылады. Білім беру үрдісін стандарттау қарастырылады, оның құрылымында оқыту технологиялары негізінен орташа деңгейлі білім алушыға бағдарланады.
Білім алушының оқу әрекетін басқарудың тікелей (императивті) стилі қолданылады. Аталған парадигмалардың қағидалары негізінде құрылған білім беру модельдеріне келесі ерекшеліктер тән: монологтық оқыту, білім беру үрдісі субъектілерінің бастамашылдығы мен шығармашылығының рөлін дұрыс бағаламау. Екі модель де сапалары алдын-ала белгіленген тұлғаны қалыптастыру және дайын түрінде оқыту тәсілдерінің мазмұнын беруге бағытталған.
Қазіргі уақытта отандық және бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі көптеген елдерде бұрынғы ескірген оқу-тәртіп моделінің орнына оқытудағы өзара әрекеттесуде ынтымақтастыққа негізделген білім алушыны тең дәрежелі серіктес ретінде қарастыратын гуманистік, тұлғалық-дамытушы модель келіп отыр.
Дәстүрлі парадигма ерекшеліктеріне тағы төмендегілерді жатқызуға болады:
Білім беру ойлауға негізделген таным ретінде ғана қарастырылады;
Оқыту мақсаты ретінде әлеуметтік тапсырысты сипаттайтын білім, іскерлік және дағдылар жүйесі анықталады;
Оқу материалы дидактикалық тұрғыда түрлендірілген ғылыми білімдер ретінде қарастырылады;
Оқу үрдісінің бүкіл ұйымдастырылуы бағдарлама мен оқулықтарда ғылыми білімнің жағдайын және оны меңгеру жолдарын көрсетіп сипаттауға бағытталған;
Тұлғалық даму сипаттамасы есепке алынбайды; оқыту тиімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде білім, іскерлік, дағдылар қарастырылады;
негізгі міндет ретінде логикалық ойлау іскерлігін емес, есте сақтауды дамыту деп есептеледі.
2. Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект-субъектілік) парадигма.
Басты мақсат – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани өсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, өзін-өзі іске асыруына және өзін-өзі жетілдіруіне қолдау жасау. Адам көп нәрсені білмеуі мүмкін, бірақ ең маңыздысы, оның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, шынайы рухани адамгершілікті адам ретінде қалыптасуы болып табылады; бұл парадигманың орталығында – өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар адам.
Аталған парадигманың ерекшеліктеріне тағы жатқызуға болады:
- Тұлғалық бағдарлы педагогиканың әдістерінің жүйе құраушы факторы білім алушының ерекше және қайталанбас тұлғасы (яғни оқыту және тәрбие әдістері білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай іріктеледі);
- Түрлі дидактикалық тұжырымдамалардың интеграциясы: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламаланған оқыту, оқытуды оңтайландыру (оптимизациялау) және т.б.;
- Тәжірибелік бағдарланған жүйелердің жақсы инструменталдық қамсыздандырылуы, олардың анықтылығы мен тұтастығы;
- Педагогтың білім алушыға қатынасы тұлға, өзінің дамуының дербес және шығармашыл субъектісі және сонымен қоса тәрбиелік әсер етудің субъектісі ретінде қалыптасқан;
- Мұғалім мен оқушылардыңсубъект-субъектілік қатынастары;
- Мұғалім мен оқушылар арасындағы тікелей өзара әрекеттесу форма, әдіс-тәсілдер мен құралдар арқылы материалды меңгеруге бағытталған;
- Әрбір білім алушыда дамуының өзіндік векторы, өз даму траекториясы бар, ол білім алушыдан оқытушыға қарай құрылады.
Дәстүрлі мен гуманистік парадигмаларды салыстырмалы түрде қарастырар болсақ, олардың ерекшеліктерін анық көруімізге болады (кесте 2).
2 - кесте - Білім берудің дәстүрлі және гуманистік парадигмаларының салыстырмалы сипаттамасы

Салыстырылатын көрсеткіштер


Білім беру парадигмасы


Дәстүрлі


(субъект - объектілік)

Гуманистік


(субъект - субъектілік)

1 Білім берудің негізгі миссиясы


Өскелең ұрпақты өмір мен еңбекке даярлау


Өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі іске асыру үшін жағдайлар жасау


2 Аксиологиялық негіз


Қоғам мен өндіріс қажеттіліктері


Тұлғаның қажеттіліктері мен мүдделері


3Білім беру мақсаттары


Сапалары алдын-ала белгіленген тұлғаны қалыптастыру


Тұлғаны өмірлік әрекеттің субъектісі мен мәдениет адамы ретінде дамыту


4 Білім, іскерлік және дағдылардың рөлі


Оқыту мақсаты


Дамыту құралы


5. Білім беру мазмұны


Оқушыға білім, іскерлік, дағдылардың дайын үлгілерін беру


Адамның өзін пәндік, әлеуметтік және рухани мәдениет әлеміне жатқызу арқылы өз бойынша әлем бейнесін құруы.


6. Білім алушы (оқушы) жағдайы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет