4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті


Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру әдістемесі және оны жүргізу



бет6/7
Дата29.09.2023
өлшемі95,3 Kb.
#111824
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті. Әдіснама тур-emirsaba.org

Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру әдістемесі және оны жүргізу

Педагогика саласындағы зерттеу бұл білім берудің жаңа заңдылықтарын, оның құрылымы және механизмдері, мазмұндық принциптері және технологиясын ашуға бағытталған ғылыми зерттеу процесімен оның зерттеу нәтижесі. Педагогикалық зерттеулер фактілер мен құбылыстарды болжайды және түсіндіреді. Педагогикалық зерттулерді бағыты бойынша фундаментальды, қолданбалы, разработкалар деп бөлуге болады. Төмендегі 6 суретте зерттеу жұмыстарының жіктелуі берілген:

Сурет 6. Педагогикалық зерттеулердің жіктелуі (Смирнов бойынша)
Кез келген педагогикалық зерттеулер жалпығы ортақ әдіснамалық көрсеткіштерді анықтауды қажет етеді. Оған зерттеудің мәселесі, тақырыбы, зерттеу пәні мен объектісі, мақсаты, міндеттері, болжам мен қорғалуға ұсынылыған жағдайлар кіреді.

Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және процедуралық.Әдіснамалық бөлімде тақырыптың өзектілігін негіздеу,объектісі мен пәніні анықтау, зертеудің мақсаты, міндеттері, негізігі ұғымдары анықтау, зерттеу объектісін алдын – ала жүйелі талдау және жұмыс болжамын әзірлеу.


Өзектілігін негіздеу өзіне оқыту мен тәрбиенің теориясы мен тәжірибесін ары қарай дамытуда проблеманы шешудің уақытылы екендігін және қажеттілігін көрсетуді қамтиды. Өзекті зерттеулер сол кездегі маңызды мәселелердің шешімін табады, қоғамның педагогикалық ғылымға берген әлеуметтік тапсырысын бейнелейді. Өзектілік критерийі динамикалық, қозғалмалы, уақытқа тәуелді болады. Жалпы алғанда өзектілік ғылыми идеяларға деген сұраныс пен осы ғылымның бере алатындай ұсыныстардың арасындағы қайшылықты бейнелейді.
Зерттеу тақырыбын анықтайтын басты негіз - ол тез шешуді қажет ететін әлеуметтік проблемаларды бейнелейтін, әлеуметтік тапсырыс.
Ғылыми проблема ғылыми құралдар негізінде шешілу керек қарама-қайшылықтарды бейнелейді. Осы проблеманы шешу зерттеудің мақсаты болып табылады.
Проблеманы құрастыру зерттеудің объектісін таңдауды қамтамасыз етеді. Ол педагогикалық процесс, педагогикалық қатынас немесе педагогикалық шынайылықтың саласы болуы мүмкін. Объект – ол таным процесі бағытталған шынайылық.
Зерттеу пәні – сол саланың бір бөлігі. Ол объектінің зерттеуге тиісті қасиеттері, сипаттамалары, жақтары, ерекшеліктері.
Гипотеза – бұл тексеруді қажет ететін теориялық негізделген болжамдар.
Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер:
  • зерттеу көкейкестілігі


  • жаңалығы


  • теориялық, практикалық маңыздылығы.


Процедуралық бөлімде зертеудің стратегиялық жоспары ашылып сипатталады, жоспар және алғашқы мәліметтерді негізгі жинау процедурасы және талдау жазылады.


Зерттеу жұмысының құрылымы мыналардан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша, әдебиеттер тізімі. Кіріспе бөлімде мәселенің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттелу дәрежесі, пәні, объектісі, зерттелу кезеңдері, зерттеу көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық маңызы, құрылымы жазылады. Негізгі бөлімде ғылыми жұмыстың негізгі мазмұны баяндалады. Қорытынд бөлімде зерттеу жұмысының ең негізгі ойлары сарапталып, қорытынды жасалады. Қосымша бөлімінде жұмыстың мазмұнына сәйкес кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. беріледі.
В.А. Сластениннің көрсетуі бойынша зерттеу жұмысы өзара байланысқан бірнеше кезеңдерден тұрады: эмпирикалық, гипотетикалық, экспериментальді – теориялық, прогностикалық кезеңдер.
Эмпирикалық кезеңде зерттеу жұмысының объектісі туралы функционалды түсінік қалыптасады, білім беру тәжірибесі және ғылыми білім мен құбылыстың мәніні түсінуі қажеттілігі арасындағы қарама - қайшылықты танып білу іске асады, ғылыми мәселені құрастырылады. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі зерттеу жұмысының болжамын құрастыру болып табылады.
Гипотетикалық кезең объект туралы фактілік елестету мен оның мәнін түсіну арасындағы қарама – қайшылықты шешуге бағытталады. Бұл кезең зерттеуді эмпирикалық деңгейден теоретикалық кезеңге өтуге мүмкіндік жасайды.
Теориялық кезең функциональді және гипотикалық елестету арасындағы қарама – қайшылықты шешуге бағытталады. Зерттеу мәселісі туралы жүйелі елестетуді жүзеге асыруға болады.
Теорияны құрастыру зерттеу жұмысының прогностикалық кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде объект туралы жинақталған нәтижені жаң жағдайларда оның даму мүмкіндіктерін болжауды талап етеді.
Ал зерттеуші Смирнов болса ғылыми – педагогикалық зерттеудің құрылымы мен кезеңдерін төмендегідей ұсынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет