№4-дәріс
Тақырыбы: Болашақ бүгіннен басталады.
Мақсаты: Құндылық, адамгершілік, адами қасиеттің бағасы, өмір сүру жолдары мен болашаққа дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: Құндылық, адамзат бастаулары, отаншылдық, адамгершілік сапалар, адами қасиеттер, намыс, әділдік т. б.
Дәріс жоспары:
1. Адамгершілік өмір бастауы.
2. Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану. Абай тағылымдары.
3. Қазақ ағартушыларының ой-өсиеттері мен тұжырымдамалары.
1. Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым- қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады. Адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру- кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына келесі анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.
Адамгершіліктің көрніс табуы әрбір тұлғада әртүрлі. Себебі әр тұлға өзіне әртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын таңдайды. Соған бағыттап өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады (Г.А. Брандт, А.М. Лобок).
2. Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің , өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы Рессей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Ресей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:
1) Атамекен, атакәсіп, атамұра ;
2) Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.
3) Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;
4) Сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.
Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының , халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның 20 жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани - адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қортындысынан көруге болады.
“Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері, басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы - деп көрсетеді профессор С.Қалиев Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, сияқты ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды. Оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді.
Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым - қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани - адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады -деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени- этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. ” Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді.
Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетінигіліктеріне:
- сезім;
- сана,
- ой;
Тыныштық қуаты - жүректе,келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде.
Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде;
Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу;
Биік қүндылыгы:
жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптікикемділік; бостандық; бірігу идеясы; азаттық; даналық; ақыл, өнер, бедел ;
таза өмірдің бастауы, адамгершілікті өрбітетін бұл адам бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбекқорлық, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады.
Ал осы адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адамбойындагы негізгі қасиеттер: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпыстық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық т.б. бөліп көрсетеді.
Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығын әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл- парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады
Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады...» әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.
3. Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімінің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық - саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш. Уалихановтың моральдық идеяларының негізі - қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі “жабайы” мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына:
- “намыс”,
- “әділдік”,
- “парыз” т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.
Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист- ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді.
Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда болады. Оған адамзат “Мені” қалыптасуының екі сатысы ықпал етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, “Біз” феноменінен көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы [9]. Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды.
Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын -жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық, теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым- қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш-жігері мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан.
Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілуге өзін-өзі тануға шақырады.
Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |