ТАҚЫРЫБЫ: Энергия алмасуы. Көмірсулар, липидтердің және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауы.Үш карбон қышқылдарының циклі ҮКЦ.
МАҚСАТЫ:
Энергия алмасуы және оның сатылары туралы түсінік беру. Көмірсулар, липидтер және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауы мен үш карбон қышқылдарының циклі ҮКЦ арасындағы байланысты қарастыру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Энергия алмасуы туралы түсінік.
Энергия алмасуының сатылары.
Көмірсулар, липидтердің және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауы.
Үш карбон қышқылдарының циклі (Кребс циклі).
Энергия алмасуы туралы түсінік.
Күн энергиясы кеңістікке әр түрлі ұзындықтағы электр магниттік толқындар түрінде таралады.
Көмірсулар мен тағы басқа қоректік заттарды О2 қатысуымен тотықтыру арқылы алады. Сонымен қатар бөлінген энергияның (52-60%) жылу түрінде бөлінеді, ал қалғаны АТФ түрінде ағзада пайдаланылады.
Сонымен ағзаға қажетті энергия тағаммен түседі. Энергия алмасуының биологиялық маңызы органикалық заттардағы энергияны шығарып, оны цитоплазмалық компоненттердің синтезіне және басқа да үрдістерге пайдалану.
Сонымен ағзаға қажетті энергия тағаммен түседі. Энергия алмасуының биологиялық маңызы органикалық заттардағы энергияны шығарып, оны цитоплазмалық компоненттердің синтезіне және басқа да үрдістерге пайдалану.
1 сатысы – негізгі қоректік заттардың арнайы жолдармен ыдырауы. Бұл сатысы мысалы, көмірсулар ас қорыту жолдарында моносахаридтергедейін ыдырайды, қанға ас қорыту жолдарында жүреді және субстраттардың барлық энергиясының шамамен 1% бөлінеді.