Байланысты: Органикалы осылыстар §1 Органикалы заттар ерекшеліктері мен х
Органикалық қосылыстар
§1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы
Органикалық заттардың құрамына кіретін негізгі элемент – көміртек. Сондықтан А.М.Бутлеров органикалық химияны көміртек қосылыстарының химиясы деген екен.
Алайда, бейорганикалық химия көміртек оксидтері (CO, CO2) және оның тұздары (карбонаттар), көгерткіш(HCN) және роданды сутек қышқылдары (HCNS) және олардың тұздары қарастырса, органикалық химия – көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы. Органикалық заттар (≈ 10 млн), бейорганикалық заттарға (≈ 600 мың) қарағанда әлдеқайда көп. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
1) балқу және қайнау температуралары төмен;
2) температура әсерінен оңай ыдырайды;
3) органикалық заттар жанады, жану өнімдерінде CO2, H2O болады;
4) органикалық заттар арасындағы реакциялар баяу жүреді, өйткені реакцияларға түсуші заттардағы химиялық байланыс – ковалентті;
5) органикалық заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін заттар шығымы төмен.
Органикалық заттар құрамына кіретін элемент көміртек басқа элемент атомдарымен байланысып қана қоймай, олар өзара да байланыс түзуінен түзу, тармақты, тұйық тізбекті қосылыстар береді. Органикалық химияда жаңа түсініктер және құбылыстармен танысамыз: органикалық радикал, функционалдық топ, изомерия, гомология, атомдар мен атомдар топтарының өзара әсері.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жан-жануарлар және өсімдіктердің тіршілік ету үдерістері тікелей органикалық заттар және олардың араларындағы реакцияларға байланысты. Органикалық заттардың табиғи көздері: мұнай, табиғи газ, тас көмір, жанғыш шымтезек (сланцы), торф, ағаш және ауылшаруашылық өндірісінің өнімдері мен қалдықтары.
Органикалық химия кейінгі кезде жақсы дамып келе жатқан сала. Ғылыми-техникалық прогресс нәижесінде мұнай және газ өндіру және оның өнімдерін өңдеу ісі жолға қойылуына байланысты қазіргі кезде машина, ұшақ, транспорт құрылысы, ауыл шаруашылығы және медицинаны органикалық химиясыз елестетуге болмайды. Органикалық заттар халық шаруашылығының бар салаларында қолданыс табуда: лак-бояу, фармацевтика, тамақ өнеркәсібінде жылу, тері өңдеу, тоқыма өнеркәсібінде т.т. Құрылыс индустриясында пластмассалар, полимерлі цементтер, полимерлі бетондар, желімдер мен нығыздатқыш (герметик), кремний органикалық және беттік белсенді заттар тағы басқа өнімдер кеңінен қолданылады.