4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні



бет11/14
Дата04.04.2023
өлшемі63,18 Kb.
#78954
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Активті әдіс – бұл білім алушылар мен оқытушы сабақ барысында өзара әрекетте болатын және білім алушылар тек пассивті тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары болып табылатын өзара әрекеттесу формасы. Мұнда оқытушы мен білім алушылардың құқықтары бірдей.
Интерактивті – бұл өзара әрекеттесу, біреумен әңгіме, диалог режимінде болу дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, активті әдіске қарағанда интерактивті әдіс оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесуіне ғана емес, сонымен бірге білім алушылардың бір-бірімен өзара белсенді әрекетте болуына бағдарланған.
Сонымен, интерактивті оқыту деп адамдардың өзара қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу психологиясына негізделген оқытуды айтады. Оқытушы қызметінің орталығында индивид ретіндегі жеке оқушыға ғана емес, бір мәселені талқылай отырып, өзара таласатын, бір-бірімен келісімге келетін, бір-бірін ынталандыратын және белсенділендіретін өзара әрекеттегі оқушылар тобы болуы тиіс. Интерактивті әдістерді қолданғанда интеллектуалды белсенділікке жарыс, бәсекелестік рухы бәрінен де күшті әсер етеді, ол адамдар шындықты ұжым болып іздегенде байқалады. Сонымен бірге жұқтыру (еліктіру емес, дәл жұқтыру) сияқты пcихологиялық феномен әсер етеді, басқа біреудің айтқан кез-келген ойы соған ұқсас немесе қарама-қайшы ойды тудыруы мүмкін.
Мұндай сабақ барысында оқытушының пассивты сабақтарға қарағанда өте белсенді болуы талап етіледі. Оқытушының білім алушылардың пікірталасына қатысу формасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ еш уақытта өз ойын оларға насихаттамау керек. Ең дұрысы оқытушы продуктивті ойлауды, шындықты шығармашылықпен іздеуді талап ететін проблемалық сұрақтарды қоя отырып олардың пікірталасын басқару арқылы қатысу. Оқытушы өзінің көзқарастарын тек білім алушылардың айтқандарынан қорытынды шығару және қате пікірлерді аргументтермен жоққа шығару ретінде айтады. Оның көзқарастары білім алушылардың пікірлерімен сәйкес келуі мүмкін, өйткені олар оқытушының жетектеуші сұрақтарының нәтижесінде пайда болады. Мұндай мысалдармен теориялық сұрақтарды талқылаудың тек мазмұндық, интеллектуалды-танымдық жақтарын бағыттап қана қоймай, сонымен бірге бірлескен іс-әрекетті конструкциялауға болады, ол білім алушылардың оқу іс-әрекетін оқу-тәрбие іс-әрекетіне айналдыра отырып білім алушының жеке тұлғалық позициясына әсер етеді.
Сонымен, оқытудың интерактивті әдісінде білім алушылардың бірлескен іс-әрекеті, оқытушының пікірталасқа олармен тең дәрежеде қатысуының арқасында, нақты шығармашылық іс-әрекеттегі жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынасының моделіне айналады.
Оқыту процесін ұйымдастыруда белсенді оқытудың мынадай принциптерін жүзеге асыру керек.
Жекелендіру – жекелендіру ретінде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеретін және бәрін жалпылама бағаламай, әркімнің өз қабілеттерін барынша ашып көрсетуге мүмкіндік беретін мамандарды көп деңгейде дайындау жүйесін құру түсініледі. Оқытуды жекелендіру:
- мазмұны бойынша, онда білім алушы алатын білімінің бағытын түзетуге мүмкіндігі болады;
- оқу материалының көлемі бойынша, бұл білім алушыларға пәнді танымдық, ғылыми немесе қолданбалы мақсаттарда тереңірек игеруге мүмкіндік береді;
- меңгеру уақыты бойынша, тыңдаушылардың темпераменті мен қабілеттеріне байланысты оқу материалының белгілі бір көлемін меңгеруге бөлінген уақыт шегінде өзгерістер болады.
Икемділік – дайындық вариативтілігінің үйлесімділігі. Дайындық варианттары еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып оқыту барысында өзгеруі тиіс. Келісім-шарт жасау кезінде жұмыс берушінің бітірушіге қойылатын талаптары анықталып, теориялық оқыту формаларына, практика мазмұны мен фомаларына түзетулер енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет