Өтілетін материал
ды актуалдау, өзектілігін, маңызын айту және дәлелдеп, себептер келтіру.
Жаңа білімдерді қалыптастыру (15-20 мин.).
Бекіту, жаттығу, игерудің
1-деңгейіндегі бағалау (15мин.)
Үй тапсырма-
сын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин.)
Алған білімдерін баянды ету және іскерлік пен шеберліктерін қалыптастыру сабағы
Өтілетін материалды игерудің 1-2 дәрежесінде қайталау, бағалау
(10-15мин).
Өздерінде бар білімдерін дамыту және жаңа іскерлікті қалыптастыру (10-15 мин.
2-3 деңгей).
Білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайларға пайдалану
(3-деңгей,
15 мин).
Үй жұмысын беру. Сабақты қорыту
Құрастырылған аралас сабақ
Өткенді қайталау, білімін бағалау
(10-15 мин).
Жаңа білімді қалыптастыру (10-15 мин).
Білімдерін бекіту және бағалау
(1-деңгейде,
5-7 мин).
Іскерліктерін дамыту
(3-10 мин). Үйге тапсырма беру, сабақты қорыту
(2-3 мин).
Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы
Өтілетін бөлім бойынша теориялық материалды қайталап және талдап қорыту
(15-20 мин).
Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану
(20-25 мин).
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру
(3-5 мин).
Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру
Бақылау жұмысы, зачет немесе физикалық диктант, тест және т.б. игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және бағалау мақсатында өтіледі.
Тақырыптық жоспарлауды бітіргеннен кейін, мұғалім жеке сабақтарды жоспарлауға кіріседі, яғни сабақ үстіндегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің едәуір өзіне тән элементтерінің логикалық байланысын көрсететін әр сабақтың құрылымын шығармашылық жолмен анықтайды. Жаңа материалды оқуға арналған сабақтың құрылымына мынадай негізгі элементтер жатуы мүмкін: оқушылардың алдына проблемаларды белсенді түрде беру, тақырыптарды кезеңмен қойып оқыту, оқытудың әртүрлі және едәуір әсерлі әдістерін пайдалану, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың білімдерін шығармашылық жолмен бекіту және бақылап отыру, үй тапсырмасының мазмұнын және орындау әдістерін тиянақты түрде түсіндіріп беру.
Күнделікті сабақ жоспарында көбінесе мыналарды көрсетеді: сабақтың мақсаты (білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік), проблемалық жағдайлар тудырудың әдістері, жаңа материалды баяндаудың негізгі кезеңдері мен әдістері, үй тапсырмасының көлемі, сабақты дайындап өткізудегі пайдаланылатын құрал-жабдықтардың және әдебиеттердің тізімі.
Күнделікті сабақ жоспарының жалпы үлгісі:
1. Айы, күні, жылы ..................Сынып .......... Сабақтың нөмірі...................
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтың мақсаты және міндеттері:
(оқушылардың және оқытушының)
4. Сабақ түрі.
5. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық тәжірибелер, схемалар, чертеждар, дидактикалық материалдар, техникалық құрал-жабдықтар, кино, диафильмдер, үлгілер, компьютерлік бағдарламалар.
6. Сабақтың құрылымдық схемасы: сабақтың дидактикалық құрылымы, әдістемелік құрылымы, оқыту әдістерін таңдау.
7. Конспект: сабақтың кезеңдері және олардың өзара ауысуы (әрбір кезеңнің мазмұнын ашу, уақытын көрсету, оқушылар мен оқытушының іс-әрекетін белгілеу).
8. Үй тапсырмасын белгілеу: оны қалай орындау қажеттігі жайлы нұсқау беру, дайындығы күшті оқушыларға қосымша тапсырма беру.
9. Сабақтың қорытындысы: істелінген жұмыстарға шолу, баға және оны талдау, өтілген сабақтың келесі сабаққа дамытушылығы.
2. Физиканы оқыту үрдісінде мұғалім оқыту әдістерімен қатар, оны дұрыс ұйымдастырып, нәтижелі өткізудің әр түрлі формаларын пайдаланады. Оқыту әдістері мен оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары бір-бірімен өзара байланысты. Көп жағдайда, белгілі тақырыпқа сәйкес таңдап алынған оқыту әдістері өтілетін сабақтардың құрылымын көрсетумен бірге (жаңа материалды түсіндіру, қайталау сабағы) олардың өткізілу формаларын (лабораториялық сабақ, семинар, конференция) анықтайды.Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқыту үрдісінің формалары оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты.
Мектепте физиканы оқытудың жүйесі сабақтан, бейне дәрістен, оқу-өндірістік дәрістен, оқу-өндірістік экскурсиядан, оқушылардың өз бетінше есеп шығаруынан немесе тақырыпты пысықтауынан, оқу конференциясы мен семинардан, физикалық практикумнан, оқушы –жастардың өзіндік жұмыстарынан тұрады. Олардың ішіндегі физиканы оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формаларының бәрі кейде сыныпта, кейде сыныптан тыс жерде өткізілуі мүмкін. Мысалы, экскурсия – өндіріс объектісінде, оқу конференциялары мен кино-телевизиялық дәрістер клубта не көрме залдарында, кітаппен жұмыстар мен бақылаулар табиғат аясында, үйде, кітапханада өткізу тиімді. Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі заман талбына сай үздіксіз, ұдайы жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік ойын, өнертапқыштық сабақ, жарыс сабағы, аукцион, сабақта «жедел жәрдем» көрсету; сонымен қатар оқушылардың оқу әрекетінің белсенділігін көтеру мақсатында театрланған сабақ, пресс-конференция сабағы, физикалық лото және теннис сабақтары, «экспресс-баға», лекция-парадокс қолданылады.
Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Оқыту формасы ретінде сабақтың бірнеше ерекшеліктері бар: сыныптағы оқушылардың жасы бірдей және олардың саны тұрақты; сабақ кестесі өзгермейді; сабақ мұғалімнің басшылығымен өтіледі; сабақта әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктері мол; оқытудың сабақтық жүйесі оқу материалын оқушылардың меңгеруіне жақсы жағдай туғызады; материалды жеке бөліктерге бөлшектеп түсіндіруге қолайлы; әр сабақта әр басқа пән өтіліп, оны әр түрлі мұғалімнің оқытуы оқушыларды жалықтырмайды; сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерді қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті арттырылады. Басқа сабақтар сияқты физика сабақтарына да белгілі дидақтикалық принциптердің талаптары қойылады: оқу материалын баяндаудың ғылымилығы мен жүйелілігі; оқу материалының оқушыға түсінікті, меңгере алатындай болуы; оқытудың көрнекілігі; оқу материалын меңгеруде оқушылардың саналылығы мен белсенділігі; оқушылардың білімдерінің беріктілілігі; Оқытудың өмірмен байланыстылығы.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай мынадай бірнеше түрлері болады: 1) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; 2) лабораториялық сабақ; 3)есеп шығару сабағы; 4) қайталау және қорытындылау сабағы; 5) оқушылардыңбіліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы; 6) оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы; 7) бақылау жұмыстарын алу немесе білімдерін тексеру сабағы; 8) барлық мақсат біріктіріліп қойылған кешенді сабақ.
Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы,көбінесе формуланы қорытып шығаруда, теңдеулерді түрлендіруде, физикалық заңдар мен теорияларды түсіндіргенде, құбылыстар мен процестердің арасындағы өзара байланыстылықты анықтауда өткізіледі. Мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынадай элементтерден тұрады: 1)кіріспе түсінік немесе жаттығу; 2)проблемалық ситуация туғызып, оны шешуді ұйымдастыру; 3)бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен не өлшеулер мен бақылаулар арқылызерттеу; 4) алынған нәтижелерді талдау; 5) жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру; 6)үйге тапсырма беру.
Өзіндік ерекшелік қиыншылығы көп сабақ – оқушылардың жалпы еңбектік оқу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, не дамыту сабақтары. Оқушылардың практикалық біліктіліктер мен дағдыларын қалыптастыру сабақтарының құрылымдық элементтері мынадай жүйеде құрылады: 1) жұмыстың мақсатын анықтау; 2) оны орындаудың ережесімен таныстырып, теориялық тұрғыдан дәлелдеу; 3) жұмыстың нұсқасын мұғалімнің көрсетуі; 4) өлшеу, жаттығу, бақылау жүргізу; 5) қорытынды әңгіме өткізіп, жұмыс нәтижесін талдау; 6) үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау және қорытындылау сабақтары. Мұндай сабақтың құрылымдық элементтері мыналар: 1) бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме; 2) оқушылардың шығарған есептері мен орындаған жаттығу-өлшеулеріне түсінік беру, қысқаша талдау жасау; 3) оқушылардың рефераттарын немес баяндамаларын тыңдау және талдау; 4) диа-кинофильм немесе телевизиялық хабарды көрсету; 5) мұғалімнің қорытындылауы; 6) тапсырма беру.
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары- тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Олар жеке оқушыдан немесе сынып бойынша фронталь сұрау, есеп шығарттыру; реферат-баяндама жасау, сын жұмысын алу, алған білімдерін практикада қолдану. Ондай сабақтың құрылымы: 1) мұғалімнің нұсқаулық кіріспе әңгімесі; 2) оқушылардың сын жұмысты немесе жеке тапсырманы орындауы, не сұраққа жауап беруі; 3) сабақты мұғалімнің қорытындылауы болып келеді.
Физика сабағының кез келген түрі мынадай 5 кезеңге бөлінеді: 1) ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин); 2) үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин); 3) жаңа тақырыпты түсіндіру (20-30 мин); 4)жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3-5мин); 5)үйге тапсырма беру (1-3 мин).
Оқушылардың өздігінен білім алып, өз бетінше шығарамашылық түрде ойлануын дамытып, олардың оқуға деген ынта-жігері мен белсенділігін күшейтуді талап етеді. Осы мақсатта конференция- сабақ, семинар-сабақ сияқты заман талабына сай сабақтың формалары мектеп практикасына ендіріліп келеді. Сыныпта өтілетін осындай оқу конференциясы мен семинарлар оқушылардың өздерінің өз бетінше ізденіп, қосымша әдебиеттерді оқып, әр түрлі бақылаулар жасап, өлшеп, зерттеп, талдап, өзінше қорытынды жасауға, өз пікірін баяндай білуге, басқалардың ойларына сын көзбен қарауды үйретеді.
Конференция және семинар түріндегі сабақтар жоғары сыныптарда жылына 3-4 рет өткізілуі мүмкін. Конференция сабақта білімді оқушылар өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады. Мұғалім оқушыларға баяндамаларды бөліп беріп, оған тиісті әдебиеттерді көрсетіп, кеңес береді, конференцияны ұйымдастырады. Баяндамаларды талқылаттырады және қорытындылап, баяндамашыларға баға қояды.
Оқу конференциясын негізінен физика-техникалық жаңалықтардың тарихы, физикалық құрылғылар мен техникалық қондырғылардың жұмыс принциптері, физикалық заңдардың өндірісте қолданылуы сияқты мәселелерге арналған тиімді. Конференция өткізу жоспарын (баяндамашылардың тізімін, әдебиеттерді көрсетіп) 10-15 күні бұрын физика кабинетіне іліп қою керек. Конференцияда баяндамашылар демонстрациялық эксперимент, схема, кино-диафильмдер көрсеткен жөн.
Тарау бойынша өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білімдерін жүйелеу және практикада қолдана білу ептіліктерін дамыту мақсатында семинар-сабақ өткізіледі. Семинар – сабақ әңгімелесу, есеп шығару тәсілдерін талдау, реферат жазу, көрнекі құралдар мен қолдан приборлар жасау, кейбір демонстрациялық тәжірибелерді оқушылардың көрсетуі, оларды талдап, сұрақтарға қалауы бойынша жауап беру түрінде өткізген тиімді.