4. ДӘрістер тезистері


Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі



бет12/14
Дата15.04.2023
өлшемі247,5 Kb.
#82871
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лекция матер инклюзия

Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі

Сурдопедагогика – ( лат. «surdus» -саңырау деген мағынаны білдіреді) арнайы педагогиканың бір құрамы , естуінде ауытқуы бар балаларды және ересектерді оқыту мен тәрбиелеу білім жүйесін ұйымдастыру туралы ғылым.


Есту анализаторының қалыпты қызмет етуі баланың жалпы дамуына ерекше маңызы бар. Есту қабілетінің жағдайы баланың сөйлеу тіліне және психикасына әсер етеді. Есту анализаторының бұзылысында ең бірінші сөйлеу тіліндегі ауытқулар болса, екіншілік кемістік таным әрекетінің төмендеуі. Сурдопедагогиканың міндеттері:

  • Естуінде ауытқуы баор балаларды оқуға , білім алуға, дамуға ынталандыру;

  • Естімейтін және нашар еститін тұлғалардың ойлауын дамыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;

  • Педагогикалық жағдайда оқу әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті икемділікпен дағдыларды қалыптастыру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту , таным процесстерін белсендіру;

  • Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып кәсіби еңбек ету үшін қажетті білім , икемділік пен дағдыларды қалыптастыру.

  • Естуінде ауытқуы бар балаларыдың жалпы және тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;

  • Естуіндегі кемістіктің түрі мен құрамын анықтау , оның деңгейлерін ажырату арқылы қажетті түзетушілік қолдаудың көлемін белгілеу.

Қазіргі сурдопедагогикада естуінде ауытқуы бар балаларды ерте жастан анықтап , түзетушілік көмекпен қамтамасыз ету және үздіксіз білім беру жетекші бағыт.
Естуінде ауытқуы бар балаларға ерте жастан педагогикалық көмек көрсету , олардың екіншілік кемістіктерін алдын алып, жалпы білім беру мекемелерге беру жағдайын жасайды (Н.Д.Шматко, Т.В. Пелымская және т.б.) .
Перзентханаларда аудиологикалық скриниг өткізу арқылы «қатер» тобындағы балаларды анықтауға болады. Кейінгі «қатер» тобындағы баланы сурдологиялық орталықта сурдолог арнайы терең аудиологиялық тексеру жүргізеді. Сол әрекеттің нәтижесінде баланың диагнозы анықталады және қажетті шаралар бекітіледі ( кохлеар операциясы, дыбысты жақсы қабылдау үшін операция, протездеу т.б.). ҚР естуінде ауытқуы бар тұлғаларға сурдологиялық көмек көрсету жағдайлары қарастырылып , ережелер әзірленген.
Естімейтін және нашар еститін балалар арнайы бала-бақшаларда және жалпы бала-бақшалардағы арнайы топтарда және қалыпты балалармен бірге қосылып тәрбие алуда. Мектеп жасына дейінгі естуінде ауытқуы бар балалар арнайы бала-бақшаларға 1,5-2 жастан қабылданады, тәрбиелеу процесі 5-6 жылға созылады. Бұл бала-бақша құрамында күрделі кемістігі бар балалар үшін арнайы топтар ашылуы мүмкін. Арнайы бала-бақшалар диагностикалық , тәрбиелік-білім беру және түзету-дамытушы міндеттер жүзеге асады. Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы балалардың жас , психофизиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып қалыпты құрбыларына дәйекті құбылыстарды жалпы жан-жақты меңгеруін қамтамасыз етуін көздейді. Ерекше қалдық естуін дамыту үшін қазіргі дыбысты күшейткіш аппаратураны кеңінен пайдалану (жеке , топтық , жалпы сыныптар). Оқу бағдарламасындағы қоршаған орта туралы мәлеметтерді меңгеру үшін 3 тәсіл бірлесе жүреді: әрекет ету , бейнелеу, сөйлеу (ауызша, жазбаша, дактиль арқылы). Бағдарламаның өзгеше тарауы – «естіп қабылдауын дамыту мен дыбыс айтуға үйрету ».
Мектеп жасындағы балалар арнайы мектептерде (естімейтіндер бөлек , нашар еститіндер бөлек) , жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда , қалыпты балалармен бір сыныпта оқытылады. Дәстүрлі тараған тәжірибе ол арнайы мектептерде оқыту . білімнің мазмұны балалардың даму мүмкіндіктеріне негізделген білім беретін оқу бағдарламасында бекітіледі. Естімейтін балаларды оқытуда екі педагогкалық жүйе жүзеге асады, олар: билингвистикалық оқыту және сөйлеу тіліне негізделген оқыту жүйесі, қарым-қатынастық (коммуникативтік) .
Билингвистикалық оқыту жүйесі өткен ғасырдың 80 жылдары дамыған, оның мәні естімейтін тұлғаларды оқытуда сөйлеу тілімен бірге жест тілін пайдалану (Г.Л. Зайцева). Екінші жүйе естімейтіндерді оқытуда сөйлеу тіліне үйретуді жетекші деп есептейді (С.А. Зыков). Коммуникациялық оқыту жүйесінің негізгі ережелері:

  • Естімейтін балалардың сөйлеу тілін заттық-тәжірибелік әрекет арқылы қалыптастыру;

  • Сөйлеу тілін дамыту үшін арнайы сөйлесуді қажет ететін ортаны дайындау. Бұл жерде дыбыс күшейткіш аппаратураны тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды.

Барлық арнайы түзету ұйымдарда оқыту процесі оқу жоспары , сабақ кестесімен реттеледі.




13

Көруінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру
Тифлопедагогика – (грек сөзінен «typhlos» -соқыр дегенді білдіреді), арнайы педагогиканың пәндік саласы , көруінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым.
Арнайы педагогика көрмейтін және нашар көрушілікті психофизиологиялық кемістік ретінде қарастырады. Ол көру қабілеті шектеулі немесе мүлдем жоқ болғандығымен сипатталады , жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының барлық процесіне әсер етеді . Көруіндегі кемістігі бар тұлғалардың іс-әрекетінде , қарым-қатынасында және психофизиологиялық дамуында өзіндік ерекшеліктер туындайды, олар: қимыл-қозғалыс дамуындағы кемістік , кеңістікті бағдарлау , ұғымдар мен түсінікті қалыптастырудағы ақаулар, әлеуметтік қарым-қатынас , қоғамға араласу , еңбекке бейімдеу саласындағы өзіндік ерекшеліктер.
Көру қабілетінің зақымдалуына байланысты бұл топтағы тұлғалар 2 топқа бөлінеді:
1)көрмейтіндер;
2) нашар көретіндер.
Көруінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқыту көру анализаторындағы кемістіктің пайда болу уақытына тәуелді. Көруінде ауытқуы бар балалардың ата-аналары мамандардан уақытымен қажетті кеңес алып тұруы керек.
Ересек тұлғалар жасаған іс-әрекеттер барлығын сөзбен бейнелеп жеткізу керек. Ең маңыздысы көрмейтін және нашар көретін балалардың мүмкіндіктеріне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Көрмеушілік пен нашар көрушіліктің салдарынан бала бойында жағымсыз әлеуметтік қиындықтар пайда болады. Көруінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқыту ата-аналардан бала дамуын , ерекшеліктерін , көру анализаторындағы кемістіктің салдарын , қоршаған ортада қарым-қатынас жасау тәсілдері мен үйрету жолдарын білуді талап етеді.
Мектепке дейінгі көруінде ауытқуы бар балаларды тәрбиелеп оқытатын мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдарға көрмейтін , нашар көретін және көзінде қылыйлықпен , амблиопиясы бар 2-7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Бұл арнайы білім беру ұйымдардың (арнайы бала бақшалар) негізгі міндеті балаларды тәрбиелеу , емдеу, мүмкіндікке қарай көру қызметін қалпына келтіру, оңалту және ең негізгі мектепте білім алуға даярлау.
Тифлопедагогтар жұмысының мазмұны жалпы бала бақшалардың бағдарламалар негізінде әзірлеген арнайы бағдарламаға сәйкес жүреді. Жалпы білім беру жұмысынан басқа дамудағы кемістікті түзету үздіксіз жүргізілуі тиіс. Әсіресе кеңістікті бағдарлау мен өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру әрекетіне көп назар аудару қажет. Балалар көру қабілетінің гигиенасы мен көзәйнектерді пайдалануға үйренеді. Көру қызметін дамытумен қатар есту мен сипап сезуді жетілдіру жүреді.
Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер жалпы мемлекеттік арнайы білім беру жүйесіне кіреді. Бұл мектептердің міндеті ағзадағы зақымдалған немесе дамымай қалған қызметтерді қалпына келтіру, түзеу және орнын толықтыру , теңестіру. Бұл жұмысты атқару үшін Л.С.Выготскийдің кемтар баланың және қалыпты баланың даму заңдылықтарының ортақтығы туралы теориясы өте маңызды.
Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер келесідей қызметтер орындайды: оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамыту , санитариялық және гигиеналық , емдік-сауықтыру , әлеуметтік бейімдеу және кәсіби бағдар беру. Бұл шаралар кешенді дамуы көрмейтін және нашар көретін балаларды қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға жол ашады.
Арнайы мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің түзету және дамытушылық бағыты көру анализатордың зақымдалу салдарынан пайда болған таным процестерінің жетіспеушіліктерін түзетуге, сонымен қатар тұлғалық қалыптасуына мүмкіндіктерді іздестіруге көмектеседі. (М.И. Земцова, Ю.А. Кулагин, А.Г.Литвак, Л.И.Солнцева).
Арнайы мектептерде оқушылар білімнің 3 деңгейін меңгере алады: 1 деңгей-бастауыш, 2 деңгей-негізгі бөлім, 3 деңгей – орта толық білім.
Білімнің мазмұны жалпы білім беретін бағдарламалардың негізінде әзірленеді, тек түзету-толықтыру жұмысымен ерекшеленеді. Арнайы білім беретін бағдарлама бойынша көру қабілетін түзету үшін арнайы оптикалық құрал жабдықтарды пайдалану қажеттілігі белгіленген , нақты тифлоаспаптар , рельефті-графикалық құралдар (көрмейтіндер үшін ) , жазықтық (нашар көретіндер үшін).
Көруінде ауытқуы бар балалар арнайы білім алу үшін жағдайлар (ерекше жарық, тифлотехникалық құралдар, арнайы оқулықтар, арнайы мамандар тарапынан көмек) қамтамасыз етілген жағдайда жалпы мектептерде арнайы түзету сабақтары өтуі тиіс: ырғақты дамыту, емдік дене шынықтыру, сөйлеу тіліндегі кемістікті түзету, әлеуметтік- тұрмыстық және кеңістікті бағдарлау, көру арқылы қабылдауын дамыту.
Арнайы мектептерде ерекше орынды емдік сауықтыру, оңалту жұмыстары алады. Бұл жұмысты атқаруда арнайы мектеп қызметкерлері , оқушылар мен ата-аналары арнайы клиникалық орталықтарда кеңес алады.
Көруінде ауытқуы бар тұлғаларға кәсіби бағдар беру жұмыстары медициналық рұқсат беру және шектеу қою ережелерге сүйенеді. Мектеп оқушылары өз мүмкіндіктерін нақты таңдаған мамандығына сәйкестігін ажырата алмайды, сол себепті мектеп құрамында арнайы факультатив , үйірмелер болу мамандықты таңдауға көмектеседі.
Көруінде ауытқуы бар тұлғалардың көпшілігі түрлі өндірістік мекемелерде жұмыс жасайды, нақты механика , құрастыру, радиотехника сияқты салаларда. Көрмейтін тұлғалар қатарында жоғары және орта білім беру мекемелердің оқытушылары , қоғам қайраткерлері де кездеседі. Соңғы жылдары массаж жасау мамандығы жиі таңдалып жатыр.






14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет