4. ДӘрістер тезистері


Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру



бет13/14
Дата07.09.2023
өлшемі247,5 Kb.
#106366
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лекция матер инклюзия

Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру
Тірек-қимыл-қозғалысындағы (ТҚҚ) жарақаттар және туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар 5-7% балаларда байқалады. Тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқулардың түрлері:

  1. Жүйке жүйесінің аурулары: балалық церебральді сал ауруы (БЦС), полиемиелит.

  2. ТҚҚ ауытқуларының туа біткент дерті: омыртқа дамуындағы кемістік (сколиоз) , аяқ-қолдың толық жетілмеуі , тка жаңбас сүйегінің шығып кетуі , қол саусақтарының кемтар дамуы.

  3. ТҚҚ-нің жарақаттануынан болған аураулар мен кемістіктер: бас мидың және аяқ –қолдың жарақаттануы : полиартрит; қаңқа ауруы (туберкулез, сүйектегі ісік, остеомиелит); қаңқаның жүйелі ауруы(рахит).

ТҚҚ кемістігі бар балалардың жетекші тірек-қимылындағы қызметінің толық жетілмеуі , бұзылуы , маңызды ерекшелігі болып табылады. Олардың негізгі тобын орталық церебральді сал ауруымен ауыратын балалар (89 %)құрайды, ол балалар қимылындағы кемістік психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтармен үйлеседі. Сондықтан да бұл топтағы балалардың көбісі емдік –әлеуметтік көмекті логопедияялық түзетуді және психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет етеді.
Балалық сал ауруынан зардап шеккен балаларға түзетушілік қолдаудың негізгі бағыттары –емдік , психологиялық , педагогикалық , логопедиялық және әлеуметтік көмек көрсету. Соның ішінде ерте жастан әлеуметтік бейімдеу мен жалпы және кәсіби білім алуды қамтамасыз ету аса маңызды. Балалармен жүргізілетін жұмыстың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты , кешенді болуы тиіс. Мамандардың бәрі өз әрекеттерін басқа мамандармен бір келісімге келе жүргізеді.
Балалық сал ауруды оңалтудың шаралары дәрігерлік емдеу, түрлі сипап емдеу, емдік дене шынықтыру, ортопедиялық көмек пен физиотерапиялық емді қамтиды.
Балалаық сал ауруы бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

  1. Түзету-педагогикалық көмек көрсетудің кешенді сипаты. Бұл жағдай тірек-қимыл , сөйлеу тіліндегі , психикалық кемістіктердің динамикасын үнемі қадағалау , өзгерістерді есепке алып отыруды білдіреді.

  2. Ағзадағы сақталған жүйе , мүшелерге сүйене отырып , ерте жастан дамытушылық ықпалды жүзеге асыру. Бұл жерде балалық сал ауруларын ерте жастан анықтау өзекті жұмыс бағыты. Көбінесе балалық сал ауруын анықтағаныныа қарамастан түзетушілік көмек тек 3-4 жастан кейін басталады. Әрине түзетушілік көмектің кеш басталуына байланысты, бала дамуында екіншілік кемістіктер пайда болады да , түзету мен дамыту күрделенеді.

  3. Түзету жұмысын жетекші әрекетке тәуелді ұйымдастыру. Балалық сал ауруы бар балалардың психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар көп жағдайда әрекетсіз қалу салдарынан пайда болады. Сол себепті түзету-педагогикалық жұмыста баланың жасына сай жетекші әрекетті белсендіру тиімді құрал болып табылады. 1 жасқа дейіннгі баланың жетекші әрекеті – ересектермен эмоциялық қарым-қатынасы , 1-3 жасқа дейін – заттық әрекет , 3-7 жасындағы (мектеп жасына дейінгі) балаларда – ойын әрекеті , мектеп жасында – оқу әрекеті.

  4. Психикалық және сөйлеу тілінің дамуын динамикалық тұрғыдан бақылау.

  5. Баланың ата-анасымен және де қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болуы.

Бұл балаларды отбасында тәрбиелеу , дамыту үшін қажетті жағдайды үйінде жасау өте нәтижелі. Ата-анасы баланы күн тәртібіне үйретеді, өзіне қызмет көрсету дағдыларына тәрбиелейді. Жасаған әрекеттің нәтижесін көрген бала болашақ жетістіктерге ұмтылады.
Сал ауруы бар балалармен ерте және мектепке дейінгі жаста түзету-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары:

  1. Қоршаған ортамен қарым-қатынаста болу арқылы эмоция , сөйлеу тілін , заттық әрекетін дамыту;

  2. Сенсорикалық қызметтерін белсендіру (көру, есту, кинестетикалық қабылдау). Кеңістік пен уақыт түсініктерін қалыптастыру, кемістіктерін түзету;

  3. Ақыл –ой әрекетінің алғышарттарын дамыту (зейін,ес ,қиял);

  4. Математикалық түсініктерді қалыптастыру;

  5. Білек пен қол саусақтарының қызмет ету мүмкіндіктерін, көру-моторикалық үйлестікті дамыту; жазуға дайындау;

  6. Өзіне қызмет көрсету мен гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.

Түзету педагогикалық көмек көрсетуде логопедтік жұмыстың өзектілігі.
Ерте жастағы сал ауруы бар баалалар емханаларда , оңалту орталықтарында кешенді көмек алады. Мектеп жасына дейінгі аталмыш балалар бала-бақшаларда тәрбиеленеді. Ал мектеп жасындағы балалар үшін арнайы мектептер қызмет етеді. Бұл арнайы мектептерде оқыту мен тәрбиелеу мақсатын алға қоя, емдік , түзетушілік, еңбекке баулу мен кәсіби еңбекке даярлау жұмысы кешенді түрде жүзеге асады. Кемістігі ауыр өзі жүре алмайтын балалар үйлерінде оқытылады. Ал сал ауруымен бірге олигофренияның дебильдік деңгейіндегі балалар арнайы мектептегі арнайы сыныпта немесе көмекші мектепте білім алады.
Арнайы мектепте еңбекке баулу жұмысына көп назар бөлінеді, түрлі шеберханаларда оқушылар тігін , слесарь , ағаш шебері т.б. мамандықтарды меңгереді.
Түлектер кәсіби білімін колледж, училище, сияқты кәсіби орта білім беретін немесе жоғары оқу орындарында жалғастырады.




15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет