Тірек-қимыл жүйесінің гигиенасы.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гормоны көмектеседі.
Қаңқа сүйектерден және оларды байланыстыратын құрылымдардан тұрады. Адам ағзасында 200-ден астам сүйек бар, олар ерлерде дене салмағының 18%, әйелдерде 16% құрайды. Бұлшық еттер сәйкесінше ерлерде 36% және әйелдерде 42%, ал кейде ер спортшыларда 50% дейін болады. Адам ағзасында 400-ге жуық бұлшықет бар.
Қаңқа дененің құрылымдық негізін құрайтын және оның мөлшері мен формасын анықтайтын шешуші мәнге ие. Қаңқа сонымен қатар бұлшықеттің өзіне жабысатындықтан, ол пассивті қозғалыс мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, қаңқаның сүйектері кальций, фосфор және басқа элементтердің қоймасын білдіреді және минералды зат алмасуға қатысады. Көптеген сүйектерде қан жасушалары түзілетін қызыл сүйек кемігі бар. Қаңқаның кейбір бөліктері (бас сүйегі, қабырға торы, жамбас) тірек-тірек органдарының - мидың, өкпенің, жүректің және т.с.с.-ді сақтау және қорғау қызметін атқарады. Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі болып табылады. Бұлшықеттің тірек қызметіне дене қуыстарын қоршау кіреді, оны дене қуыстарын қоршап тұрған бұлшық еттер жүзеге асырады
Ревматоидтық артрит
Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.
Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:
Ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.
Инфекциялық агенттер.
Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді. Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.
Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан, буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит басталған кезінде ең алдымен өзінің » сүйікті » буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.
Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.
Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:
Әйелдердің жиілеу шалдығуы.
Инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.
Буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.
Қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.
Басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.
Буындардың қайтымсыз деформациялануы.
Буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.
Рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек
Қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.)
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис – жілік сүйектің ортасы).Кемік
Сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік майының
Каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. Ересек
Кадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар
Көбіне май клеткаларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |