2. Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға білім беру жүйесі
Қазіргі сурдопедагогикада естуінде ауытқуы бар балаларды ерте жастан анықтап, түзетушілік көмекпен қамтамасыз ету және үздіксіз білім беру жетекші бағыт.
Естуінде ауытқуы бар балаларға ерте жастан педагогикалық көмек көрсету, олардың екіншілік кемсітіктерін алдын алып, жалпы білім беру мекемелерге беру жағдайын жасайды (Шматко Н.Д., Пелымская Т.В. т.б.)
Перзентханаларда аудилогиялық скрининг өткізу арқылы “қатер” тобындағы балаларды анықтауға болады. Кейін “қатер” тобындағы баланы сурдологиялық орталықта сурдолог арнайы терең аудиологиялық тексеру жүргізеді, Сол әрекеттің нәтижесінде баланың диагнозы анықталады және қажетті шаралар бекітілеті ( кохлеар операциясы, дыбысты жақсы қабылдау үшін операция, протездеу, т.б.). ҚР естуінде ауытқуы бар тұлғаларға сурдологиялық көмек көрсету жағдайлары қарастырылып, ережелері әзірленген.
Естімейтін және нашар еститін балалар арнайы бала бақшаларда және жалпы бала бақшалардағы арнайы топтарда және қалыпты балалар мен бірге қосылып тәрбие алуда. Мектеп жасына дейінгі естуінде ауытқуы бар балалар арнайы бала бақшаларға 1,5 – 2 жастан қабылданады, тәрбиелеу процесі бес алты жылға созылады. Бұл бала бақша құрамында күрделі кемістігі бар балалар үшін арнайы топтар ашылуы мүмкін. Арнайы бала бақшада диагностикалық, тәрбиелік-білім беру және түзету-дамытушы міндеттер жүзеге асады.
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып қалыпты құрбыларына дәйекті құбылыстарды жалпы жан жақты меңгеруін қамтамасыз етуді көздейді.
Мектеп жасындағы балалар арнайы мектептерде (естімейтіндер бөлек нашар естийтіндер бөлек), жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда, қалыпты балалармен бір сыныпта оқытылады. Дәстүрлі тараған тәжірибе ол арнайы мектептерде оқыту. Білімнің мазмұны балалардың даму мүмкіндітеріне негізделген білім беретін оқу бағдарламасында бекітіледі.
Естімейтін балаларды оқытуда екі педагогикалық жүйе жүзеге асады, олар: билингвистикалық оқыту және сөйлеу тіліне негізделеген оқыту жүйесі, қарым-қатынастыстық (коммуникациялық).
Билингвистикалық оқыту жүйесі өткен ғасырдың 80-ші жж. дамыған, оның мәні – естімейтін тұлғаларды оқытуда сөйлеу тілімен бірге жест тілін бірге пайдалану (Г.Л.Зайцева). Екінші жүйе естімейтіндерді оқытуда сөйлеу тіліне үйретуді жетекші деп есептейді (С.А. Зыков). Коммуникациялық оқыту жүйесінің негізгі ережелері:
естімейтін балалардың сөйлеу тілің заттық-тәжірибелік әрекет арқылы қалыптастыру;
сөйлеу тілін дамыту үшін арнайы сөйлесуді қажет ететің ортаны дайындау. Бұл жерде дыбыс күшейткіш аппаратураны тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды.
|