2.Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесі
Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалар арнайы бала бақшаларда және жалпы бала бақшалардағы арнайы топтарда түзетушілік педагогикалық, логопедиялық көмек алады. Бұл бала бақшалардың негізгі міндеттер -
тілі кемістіктерін түзету;
жалпы мектепте білім алуға дайындау;
сөйлеу тілінде ауыр кемістігі бар балаларды арнайы мектепте білім алуға дайындау.
Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған бала бақшалардың тәжірибесі жүргізілетін әрекеттің жоғары нәтижсін көрсетеді, мысалы, тәрбиеленушілердің 80 пайызы жалпы мектепте білім алуын жалғастырады.
Келесі мекеме ол логопедтік пунктер – логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргезетін білім беру ұйымы. Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп бріледі. Бұл ұйымның қызметі “Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде” көрсетілген (“Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бкіту туралы” ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 ж. 03.09. № 712 бұйрығына 2 қосымшасында).
Бұл топтағы балалар кейбір ереше жағдайларда емханаларда дәрігерлік көмекті қажет етеді (операция, оңалту мен сауықтыру). Ал негізгі мекеме - ол сөйлеу тілінде ауытқушылақтар бар балаларға арналған мектептер жүйесі.
Мұғалім - логопед болып дефектологиялық білімі ("логопедия" мамандығы, қайта даярлық курсынан өткен жағдайдағы "олигофренопедагог" пен "сурдопедагог"), "логопедия" мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен "орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі", "бастауыш сыныптарының мұғалімі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
|