Минуттық желдету = тыныс алу жиілігі × тыныс алу көлемі
МV = ТЖ × TV 6 литр = 12 × 0,5
Тыныс алу жиілігі (ТЖ) - бір минуттағы тыныс алу (вдох) саны.
Орташа мәні минутына рет тыныс алу.
Тыныс алу көлемі (ТV) – әрбір қалыпты тыныс алу кезінде жұтылған ауа мөлшері.
Орташа мәні: 0,5 литр (500 мл).
Минуттық желдету (вентиляция немесе өкпелік желдету, 1 минуттағы өкпедегі ауа ағыны, тыныс алудың минуттық көлемі)
(МV) – бір минутта өкпеге түсіп жатқан ауа мөлшері.
Орташа мәні минутына - 6 литр.
Есеп
Есеп
№1. Тынысалудың көлемі (ТК), тынысалудың минуттық көлемі дегеніміз не?
Тыныс шығарғандағы ауа құрамында 18% оттегі (тыныс алғандағыдан 3% кем). Егер оқушы минутына 18 рет тыныс алатын болса, әр кезде 500 см3 ауа сіңіреді. Оқушының бір сабақта
(40 минут) сіңіретін оттегі мөлшерін есепте.
Шешуі:
Қалыпты жағдайда бір рет тынысалғанда өкпеге 400—500 мл ауа енеді. Ауаның бұл көлемі тынысалу көлемі (ТК) деп аталады.
Тынысалудың минуттық көлемі бір минутттағы тынысалу кезіндегі сіңірілген ауа көлемімен анықталады.
1 минуттағы тынысалуда сіңірілетін мөлшерін табамыз:
500 см3 * 18 (тынысалу қозғалысы) = 9000 см3
1оқушының 1минутта сіңіретін оттегі мөлшерін пропорция құру арқылы анықтау:
9000 см3 - 100 %
Х см3 - 5%
Х = 9000 *3: 100 = 270см3
Бір сабақта оқушының тұтынатын оттегі мөлшерін анықтаймыз:
270см3* 40 = 10800см3 =10,8 л
Жауабы: сабақта(40минутта) оқушы шамамен 10,8 литр оттегін сіңіреді.
Өкпенің көлемдері
Қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
Кері байланыс ақпарат өзінің ойлағанына қарама қарсы болса теріс (-) таңбасы қойылады. ақпарат жаңа болса оң (+) таңбасы қойылады. ақпарат түсініксіз болса (?) белгісі қойылады.