4 жоббм кмм тәрбие сағаты Тақырыбы: Денсаулық негізгі



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі18,74 Kb.
#19659
түріСабақ
1   2
Мұғалім:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

•IV кезең «Жағдаяттарды шешу» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топқа бір жағдаят беріледі, Соның шешу жолын айтасыздар.


І топ:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып – қызыл, үп – үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара берді….
– Ал, сендер не істер едіңдер?
ІІ топ:
Әлия мен Сәуле сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Сәуле ағасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Әлия бұл ойға келіспеді.
– Сендер қалай ойлайсыңдар?

V кезең: «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар». Әрбір топ тыйым сөздердің мағынасын айту


1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3. Ас үстінен аттама. (Астан үлкен емессің)
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.
6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.
7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8. Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10. Дастарханнан аттауға болмайды.
11. Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
Мұғалім:
– Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.

VI кезең «Ойлан, тап!» деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақтардың шешімін табу керек.


– Іске сәт!
Жұмбақтарды шешу.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)

VII кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу.


Ет етке, сорпа бетке.
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Тәні саудың жаны сау.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Ауру азығымен.

Дидактикалық ойын: « Егер де…- не болар еді?»


– Егер де күн болмаса не болар еді?
– Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
– Егер де су болмаса не болар еді?
– Шөптер құрғайды, шөлдейміз.
– Егер де ауа болмаса не болар еді?
– Дем ала алмаймыз.
«Де Бонның алты қалпағы”
Берілген қалпақтардың біреуін таңдап және сұрақтарға жауап беруге болады

Сайысты қорытындылау


Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген.
Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.
Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазыларға береміз
Тәрбие сағатымыз осыменен аяқталды.Сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет