№4 ЖОББМ КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Денсаулық негізгі- дұрыс тамақтану
Семей,2020ж
Денсаулық негізгі- дұрыс тамақтану
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Дамытушылық – Ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік – Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Түрі: сайыс сабақ
Құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, оқулық.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын, ой қозғау, сөзжұмбақ шешу.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу.
Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу (оқушылар шеңбер құрайды)
– Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп, қолымыздан ұстап бір – бірімізге жақсы лебіз білдірейік.
(Жақсы баға алайық, көңіл күйлеріміз жақсы болсын, деңсаулығымыз мықты болсын, өмірде бақытты болайық,…)
– Бір – бірімізге не тілейміз?
– Сәттілік тілейміз.
Әр оқушы ұнаған түсті таңдап алып, орындарына отырады.(қызыл, сары)
Орындарымызға отырамыз.
– Бүгін балалар, сабақ сайыс түрінде өтеді. Сайыста біз әр түрлі, қызықты тапсырмаларды орындаймыз. Бүгінгі сайыстың кезеңдері мынадай.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру (дәрумендер өздерін таныстырады)
2. «Кім шапшаң?» (сұрақ – жауап)
3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
4. «Жағдаяттарды шешу»
5. «Тауып, көр!» (Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар)
6. «Ойлан, тап!» (денсаулыққа қатысты жұмбақтар шешу)
7. «Жалғасын тап» (мақал – мәтелдер)
І. Кіріспе бөлім.
Мұғалім:
– Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі сабақ сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Ендеше бүгінгі сайысымызды бастайық. Сайысымыздың бірінші кезеңінде әр топ өздерін таныстырады
І кезең
І топ: «А дәрумені»
ІІ топ: «С дәрумені»
Мұғалім:
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.
Бүгінгі сабақта осылар туралы толығырақ білетін боламыз.
ІІ кезең «Кім шапшаң?»деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа сұрақтар беріледі. Сол сұраққа жауап бересіздер.
1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
3. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?
4. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?
«Ыстық орындық» ойын ойнату (тақырып бойынша өткен сөздерді қайталау)
Мұғалім: Артық болмас, білгенің…
Бірнеше жыл бұрын Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т/б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа мынадай тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма – І топқа: дұрыс тамақтану ережелері
ІІ топқа: тиімді тамақтану туралы (Ауызша айтып беру)
2 тапсырма – І топқа: адам ағзасындағы пайдалы тағамдар
ІІ топқа: адам ағзасындағы зиянды тағамдар туралы (Жобаны қорғап шығу)
– Барлық топқа сәттілік!
Достарыңызбен бөлісу: |