4-күн тапсырмасы Берілген екі мәтінге салыстырмалы талдау жасаңыздар. Мәтінді кесте бойынша ретімен талдаңыздар



Дата28.04.2023
өлшемі26,8 Kb.
#87954
Байланысты:
4-ê?í òàïñûðìàñû Áåð³ëãåí åê³ ì?ò³íãå ñàëûñòûðìàëû òàëäàó æàñà?û


4-күн тапсырмасы

Берілген екі мәтінге салыстырмалы талдау жасаңыздар.
Мәтінді кесте бойынша ретімен талдаңыздар

1.Мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасау

тақырыбы,
Роботтар сайлау науқанының көрігін қыздырды

идеясы,


мақсаты,
мазмұны,
аудиториясы

2.Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасау

формасы,
жанры,
стилі,
түрі,
құрылымы

3.Мәтінге тілдік-эстетикалық тұрғыда талдау жүргізу

тілдік қолданыстар,
интонация,
сөз тіркестері,
сөйлем құрылымы,
абзацаралық байланыс


А мәтіні
Роботтар сайлау науқанының көрігін қыздырды
Алдағы келе жатқан халық қалаулыларын сайлау науқанына орай Алматының Арбатында ерекше акция өтті. Халықаралық ІТ университетінің студенттері жасаған роботтар қала тұрғындарын сайлауға шақырды.
Роботтарды құрастырған студенттер оларға «Шолпан» және «Арман» деген атау берген. Олар Арбат маңынан өтіп бара жатқандарды алдағы сайлау науқаны туралы құлақтандырды. Ал студенттер Segway-мен көше бойын аралап, сайлауға шақыру қағаздарын таратты. Роботтар алматылықтардың ерекше қызығушылығын тудырғанын айта кету керек. Олардың қасына жақын келіп, суретке түскісі келгендердің қатары көп болды.
Айтпақшы, роботтар таратқан шақыру қағаздарында тұрғындардың сайлау учаскелері туралы ақпарат алуына мүмкіндік беретін QR-код жапсырылған. Бұл туралы шараның ұйымдастырушысы, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының өкілі Диана Оспанова мәлімдеді. «Бүгін біз әкімдіктің қолдауымен алматылықтарды тағы бір мәрте таңғалдыруға шешім қабылдадық. Қаланың әр бөлігінде мобильдік топтар Segway-мен өтіп бара жатқандарға шақырту таратып жүр. Сонымен қатар бұл акцияға роботтар белсенді араласты. Көріп тұрғандарыңыздай, алматылықтар таңғалысып, күлімдеп біздің «Шолпан» мен «Арманнан» шақыртуларды алып жатыр. Айтпақшы, таратылып жатқан шақыртуларда арнайы QR-код бар. Смартфоны бар кез келген адам еш қиналмастан ЖСН арқылы өзінің сайлау учаскесі туралы толық мағлұмат беретін сайтқа кіре алады», – деді Д. Оспанова.
https://turkystan.kz/article/2646-robottar-sajlau-naukanynyn-corigin-kyzdyrdy/


Ә мәтіні
Жаңа технология тарихымызбен таныстырады
ҚР ұлттық мұражайында енгізілген «Online-ticket», «QR-код» және «Аudio-гид» жүйелерінің таныстырылымы өтті.
Еліміздегі заманауи жаңа технологиямен жабдықталған бірегей мұражай – ұлттық музей деп айтуға енді толық негіз бар. Бұған дейін мұражайға келушілер экскурсия жүргізушілерге тәуелді еді. Бүгінгі таңда кез келген азамат мұражайдағы аудио-гид қызметін пайдалана отырып, өз бетінше барлық экспонаттармен толық таныса алады. Аудио-гид үш тілде, яғни қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ақпарат береді. 
Сондай-ақ, мұражайдың әр жәдігерінің тұсында QR-кодтар орналастырылды. Бұл кодтарды планшет, смартфон, айфон секілді гаджеттердегі арнайы бағдарламамен сканерлеп, экспонаттар туралы толық мағлұмат алуға болады. Таңдаған үш тілдің (қазақ, ағылшын және орыс) бірінде жәдігер туралы ақпарат мобильдік құрылғының экранына шығады. 
Бұған қоса, ұлттық мұражай келушілерге қызметтің жаңа түрі – «Online-ticket» жүйесін енгізді. Қазақстанның кез келген аймағынан музей сайтына кіріп, онлайн тәсілімен билет сатып алуға болады. Бұл келушінің уақытын үнемдеп, қолайлы жағдай туғызады.
«Дамыған отыз елдің қатарына енуді көздеген мемлекетімізде әрбір мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс ұйымдастыруға талпыну қажет. Біз интернет арқылы онлайн режимде билет алу мәселесін ұйымдастырдық. Бұл жүйе астаналық драма театрында бар және бүгінде біздің мұражайға орнатылды. Мәдениет саласы экономика мен әлеуметтік өмірге көп әсер ететін ресурс болғандықтан ұлттық мұражайды жаңа заманауи технологиялармен жетілдіру арқылы тарихымыз бен құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек. Бұл тек елдік рухымызды оятып қана қоймай, еліміздің әлем аренасындағы абыройын арттырады», – деді ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай. 
Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА
http://e-history.kz/kz/publications/view/1266

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет