4. Кребс циклі ферменттері



Дата13.05.2023
өлшемі13,87 Kb.
#92778

1. Нәруыздардың жалпы заряды О-ге тең болатын ортаның рН мәні «изоэлектрлік нүкте» деп аталып, рІ түрінде белгіленеді. Изоэлектрлік нүктеде нәруыздардың оң және теріс зарядтары саны бірдей, сондықтан нәруыздар бұл күйі изоэлектрлік күй деп аталады.


3. Нәруыздардың суда ерігіштігі жоғарыда көрсетілген барлық қасиеттеріне тәуелді, яғни пішініне, молекулалық массасына, зарядына, нәруыз беткейінегі полюсті және полюссіз фунционалды топтардың қатынасына тәуелді. Сонымен қатар нәруыздар ерігіштігі ерітінді құрамына тәуелді, яғни ерітіндіде еріген басқа заттардың болуына тәуелді. Мысалы, көптеген нәруыздар, дистелденген суға қарағанда әлсіз тұзды ерітіндіде оңай ериді. Бірақ, бейтарап тұздар концентрациясы жоғары болғанда, көптеген нәруыздар тұнбаға түседі. Ерітіндідегі денатурациялаушы агенттерде нәруыздар ерігіштігін төмендетеді.


4. Кребс циклі ферменттері


1.цитратсинтаза - оксалоацетат пен ацетил-CоА-ның конденсациялануы. Реакция АТФ-тің гидролизденуінен бөлінген энергияны пайдаланып, цитратсинтазаның катализдеуімен цитрат түзіп өтеді.
2.аконитаза - цитраттың аконитаза ферменті әсерінен изомерленіп изоцитраттың түзілуі. Құрамында гемдік емес темірі болатын, стереоспецификалық фермент аконитаза -ОН тобын көрші көміртегіне ауыстырады.
3.изоцитратдегидрогеназа - изоцитраттың тотыҒып декарбоксильденіп және дегидрленіп, изоцитратдегидрогеназа катализдеуімен a-кетоглутараттың түзілуі. Реакцияда ИДГ кофакторы NAD+ екі протонды қосып алып NADН2-ге айналады. Бұл реакциядағы түзілген СО2 цитрат синтезіне жұмсалады.
4.а-кетоглутаратдегидрогеназа - a-кетоглутараттың декарбоксилденіп және дегидрленіп, a-кетоглутаратдегидрогеназа катализдеуімен, сукцинил-CоА түзіледі. Реакция барысында СО2 және тотықсызданған NADН2 бөлінеді.
5.сукцинилтиокиназа - байланыстың үзілуінен түзілген энергиядан ГДФ фосфорланып ГТФ түзіледі.Бұл субстраттық фосфорлану реакциясы да болып табылады. Сукцинил-CоА-ның сукцинатқа айналуы.
6.сукцинатдегидрогеназа - сукцинаттың фумаратқа дегидрленіп айналуы.Реакцияда FAD екі протонды қабылдап FADН2-ге айналады.
7.фумараза - фумаразаның катализдерімен малаттың түзілуі
8.малатдегидрогеназа – малаттың дегидрленіп оксалоацетатқа айналуы. Реакцияда үшінші тотықсызданған NADН2 түзіледі.
3,4,8- NAD+ 6-FAD

Тыныс алу ферменттері.


НАД , ФАД- аралық тасымалдаушылар
Комплекстің бірінші ферменті – НАДН+ дегидрогеназа. Оның коферменті ФМН (В2 ). Донор мен протоны болып - НАДН және убихинон жүреді.
Комплекстің үшінші ферменті – Убихинон дегидрогеназа. Оның коферменті цитохромС және цитохромВ. Донор мен протоны ретінде – убихинон және 2цитохром темір (Fe3+) болады.
Комплекстің төртінші ферменті - Цитохромокгидразалар. Коферменттері цх а, цх а3. Донор мен протондары – цитохромС (Fe2+) жене оттек.

9. Аммиак - улы косылыс. Онын концентрациясынын аздап қана жоғарылауы организмге жане ен бастысы ОЖЖ жагымсыз әсер етеді. Мысалы, аммиак концентрациясынын мида 0,6 ммоль жоғарылауы аяк-колдын тартылуына әкеледі. Гипераммониемия симптомдарына тремор, тілдін байлануы кұсу, бас айналу, талма естен тануды жаткызады. Ауыр жағдайларда естен тану, өлім каупін туғызады. Аммиактын ми мен букіл организмге улы серінін механизмі онын бірнеше кызметтік жүйелерге әсер етумен байланысты. Аммиак концентрациясынын артуы каннын рН сілтілік ортаға карай ығыстырады (алка-лоз туады). Бұл, өз кезегінде, гемоглобиннін оттекпен байланысу қабілетін күшейтеді, ол ұлпалар гипоксиясын, СО, жиналуын және гипоэнергетикалык куйді тугызады, нати-жесінде бас миы катты зардап шегеді. Аммиактын жогары концентрациясы жүйке ұлпасында глутаматтан глутаминнін синтезін белсендіреді (глутаминсинтетаза катысуымен)


10. Гликоген — глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларында қорға жиналатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дән (түйіршік) түрінде жинақталады. Организмдегі глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты
арнайы ферменттердің әсерінен гликоген глюкозаға ыдырап, қанға өтеді.
1. Глюкоза + АТФ = Глю-6 фосфат + АДФ (фермент – гексакинеза)
2. Глю-6 фосфат= глю-1 фосфат (фермент-фосфоглюкомутаза)
3. Глю-1 фосфат + УДФ = УДФ-глю + Н4Р2О7 (фермент-УДФ-глютиро фос)
4. УДФ-глю + гликоген = УДФ + гликоген (фермент-гликогенсинтаза)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет