Тырнау, жазу, салу дегеннен



Дата06.01.2022
өлшемі17,69 Kb.
#15436
Байланысты:
Документ


Графика — (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен)

  1. Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.

  2. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

  3. Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі.

Графика өнері каллиграфияменжазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайдынұсқа, т.б. жатқызады.[1]

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литографиялиногравюраксилография), плакаттықсатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпенкөмірменборменқаламұшпентікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланысақпарат саласында (плакаттарпошта маркаларыэкслибристергазет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатурашарж, жалпы нобайкомпозициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварельгуашьпастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс ЕуропаныңЛеонардо да ВинчиМикеланджелоРембрандт, орыс халқының Орест КипренскийКарл БрюлловВасилий ПеровИлья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне БалқашТүркістанМаңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты

Инженерлік графика - инженер тәжірибесіграфикалық жұмыстарын орындау үшін қажетті ғылыми пәндердің кешені.

Машиналық графика - есептеу техникасыныңқұралдарымен мәтіндердің, суреттердін, сызбалардың бейнелерін енгізіп, өңдеу.[3]Сонымен қатар компьютерлік графика ұғымын қарастырады.



Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет