№4 лабораториялық сабақтың тақырыбы: Микроорганизм клеткаларын тірі күйінде



Дата11.12.2023
өлшемі35,31 Kb.
#137814
түріСабақ
Байланысты:
№4 лабораториялық сабақтың тақырыбы Микроорганизм клеткаларын т-emirsaba.org


№4 лабораториялық сабақтың тақырыбы: Микроорганизм клеткаларын тірі күйінде


№ 4 лабораториялық сабақтың тақырыбы: Микроорганизм клеткаларын тірі күйінде


зерттеу
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: 1.Әәртүрлі микроорганизмдердің
морфологиясын, "жаншылған тамшы"препаратын дайындау әдісін біледі. 2.Тақырыпты
зерттеу барысында ол өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуге және атқарылған жұмыс
туралы есеп жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 3.Микроорганизмдер жасушаларын зерттеу
деректерін өңдеу дағдыларын көрсетеді.
Лабораториялық сабақтың мазмұны: Көптеген микробтар тірі күйінде қозғала алады.
Қозғалыстың жылдамдығы мен сипаттамасы өсіндінің жасына, қоршаған ортаның
жағдайларына және микробтардың түріне байланысты болады. Жас микроорганизмдердің
жылжымалылығы жақсы байқалса, ал ескілерінің бұл қасиеті әлсіздеген немесе тіптен
байқалмайды. Микроорганизмдердің жылжымалылығы олардың тіршілік әрекетінің,
өнімдерінің қоректік ортада көбейген уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола
тоқтатылады. Микробтардың түрін анықтау кезінде олардың жылжымалылығының бары
немесе жоғы еске алынады. Қозғалыс органдары – қыл аяқтар микроб жасушасының
бетінде әр түрлі позицияда орналасады. Қыл аяқтарының орналасуына байланысты
бактериялар төрт топқа бөлінеді: монотрихтер– бір ған қыл аяғы бар бактериялар (1),
лофотрихтер– таяқшаның бір ұшында бір шоқ қыл аяқтар орналасады (2),
амфитрихтер– екі полярлы орналасқан қыл аяқтары бар бактериялар (3,4), перитрихтер
қыл аяқтар бактерияның барлық денесінің бетінде орналасқан (5). Монотрихтер мен
лофотрихтер үдемелі қозғалыспен жылжиды. Амфитрихтер мен перитрихтер ретсіз
қозғалыста болады. Микробтардың қозғалуын анықтау үшін жас өсінділер алынады (12-24
сағаттық). Зерттеуді «аспа» және «қысылған» тамшылардың препараттарын дайындау
арқылы жүргізеді. «Аспа» тамшысын шұнқыршасы бар зат шынысында дайындайды.
Шұңқыршаның шетіне вазелинді жұқалап жағады. Микроорганизмдерді жамылғы
шынысының бетіне тамызады. Егер микроорганизмдер сұйық қоректік ортада өсірілген
болса, онда зерттеуге осындай өсіндінің бір тамшысы алынады. Ал егер тығыз ортада
өсірілсе, жамылғы шынысының бетіне әуелі физиологиялық ерітіндінің бір тамшысын,
сонан соң оған микроб өсіндісін тамызады. Зат шынысын 180°-қа аударып, жамылғы
шынысындағы тамшыны шұнқыршаны ортасына бағыттай отыра, төмен түсіреді. Сонан
соң зат шынысын бастапқы қалпына келтіреді. Мұндай препаратта тамшы жамылғы
шынысының ішкі бетінде асылып тұрады, басқаша айтқанда, тамшы герметикалық
жабылған дымқыл камерада ілініп тұрады. Бұл препаратмикробтардың жылжымалылығын
көп уақыт аралығында бақылауға мүмкіндік береді. Препарат шамалы қараңғыланған көз
шалымында (диафрагманы тарылтады) зерттеледі. Бұл блялмаған формалардың көрінісін
айқындата түседі. «Қысылған» тамшыны кәдімгі зат шынысының бетінде дайындайды.
Бұл үшін оның микробтардың бір тамшысын тамызып, жамылғы шынысымен жабады.
Дайын препарат жоғарыда аталғандай көз шалымында тексеріледі. Микробтардың
қозғалыс реакциялары (таксистері) химиялық заттармен (хемотаксис), молекулалық
оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр тоғымен (электротаксис), сумен
(гидротаксис) және т.б. бір жақты тітіркендіру әсерінен пайда болады. Оң таксисте
қоғалыс тітіркендіргіштерге бағытталады (жақындайды), теріс таксисте керісінше бағытта
байқалады. Микробтардың жылжымалылығын зерттегенде нағыз қозғалысты микробтар
бір орында тұрып, қоршаған ортаның молекулаларының әсерінен тербеліп тұрады немесе
сұйықтықтың ағысы бойынша жылжиды.
Қажетті құралдар мен жабдықтар: Стафилакоккалар, антрокоидтар және ішек
таяқшасы араластырылған физиологиялық ерітінді. Қоректік заты бар Петри аяқшасында
өскен ішек таяқшасы бактериясының колониялары, ішінде қоректік заттары бар
Azotobacter chroococcum, Bacillus anthracoides дайын, боялған Clostridium pectinoborum,
Clostridium pasteurianum және талшықты бактериялар (Proteus bulgaris) өсірілген



пробиркалар. Волютинді (Нейссер бойынша), спораны (Плешковтың жетілдірілген)


анықтау әдістеріне қажетті бояулар.
Жұмысты орындау реттілігі: Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық әйнек бетінде
құбыр суының бір тамшысын тамызады. Бұған ілмешекпен микроб культурасын салып,
араластырады да, жабын әйнекпен ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады. Бұл үшін
дистилденген суды пайдаланудың қажеті жоқ, өйткені онда микробтарға қажетті тұздар
болмайды да, даму барысында клеткалар пішіні өзгеріп кетіп, олардың қозғалу қабілеті
жойылып кетуі ықтимал. Шыны таяқшамен жабын әйнекті заттық әйнекке ептеп жабады.
Жабық әйнектің бір шетіне азғана метилен көгін немесе бейтарап реакциялы қызыл
бояуды тамызады. Бұнда бактериялар көк немесе қызыл түске боялады да, анық көрінеді.
Сөйтіп, олардың пішінін анықтауға болады. Оның үстіне осылай боялған микробтар ұзақ
уақыт тірі болатыны былай тұрсын, көбейгенде қабілеттілігі жойылмайды. Әйнек шетінен
шыққан суды сорғыш қағазбен сорғызып алады. Егерде иммерсиялы объективпен қараса,
жабын әйнек бетіне самырсын майын тамызады. Бұл әдіспен бактериялар қозғалысын
және ірі зең саңырауқұлақтары, ашытқылар сияқты объектілерді қараған қолайлы.
Сонымен бұл әдістің клетка ішіндегі қор заттарын қарағанда да көп көмегі бар. Осындай
әдіспен микробтарды тірілей зерттегенде концентрациясы 0,001- 0,0001% болатын метил
көгі және бейтарап қызыл бояуларды қолдану керек.
Жұғынды даярлау. Фиксацияланған препараттарды даярлау мынадай жұмыстардан
тұрады: заттық әйнекті әзірлеу, жұғындыны даярлау, кептіру, фиксациялау және бояу.
Фиксацияланатын препараттарға арналған заттық әйнек өте таза болуы тиіс. Ол үшін оны
екі хромды қышқыл калий мен күкірт қышқылының қоспасында екі сағаттай ұстап, одан
соң сумен жақсылап жуады да, бір пайызды сода ерітіндісінде 10-20 минут ұстайды. Одан
соң дистилденген сумен жуып, кептіреді. Кейде заттық әйнекті спирт немесе бензинмен
тазартады, содан соң спиртовка жалынында бірнеше рет қарып алады. Жұғындыны жасау
үшін микроб өсіп тұған сұйық қоректік ортадан, ілмешекпен бір тамшысын алып, заттық
әйнек бетіне жақсылап жаяды. Егерде микроб тығыз ортада өсірілген болса, заттық әйнек
бетіне бір тамшы залалсыздандырылған суды тамызып, оған зерттелетін материалдың
ілмешекпен бір түйірін салып, жақсылап араластырып, езеді. Сонда заттық әйнек бетінде
біркелкі етіп жайылған жұғынды алынады. Бұнда материалды алар алдынан және алып
жұғынды жасаған соң ілмешекті міндетті түрде спиртовка жалынында залалсыздандырып
алу керек. Жұғынды міндетті түрде кептірілуі тиіс. Әдетте оны бөлме температурасында
құрғатады. Препаратты шапшаң құрғату үшін жұғынды бетін жоғары қаратып заттық
әйнекті спиртовка жалынында, жалыннан аздап жоғарылау ұстап, баяу жылылықта
кептіруге болады. Кептірілген жұғындыны фиксациялайды. Бұндағы негізгі мақсат
микроорганизмдерді өлтіру, әйнек бетіне жақсылап жабыстыру. Жұғындының бояуды
қабылдағыштығын арттыру, фиксациялаудың ең қарапайымы - спиртовка жалынында
қыздыру. Бұнда жұғынды бар заттық әйнекті жәй ғана қыздыру қажет. Препарат қатты
қызатын болса, микробтар плазмасындағы белок ұйып қалып, оның құрылымы бұзылады.
Жұғынды кепкеннен соң оны бояуға кіріседі. Микробтарды бояуда кең таралғаны -
метилен көгі мен фуксин. Препаратты осы бояулар ерітіндісінде біраз уақыт ұстайды.
Егерде бояу үшін фуксин қолданылатын болса, онда препарат 2-3 , ал метилен көгі
қолданылса, 4-5 минут уақыт жеткілікті. Бұдан соң заттық әйнектегі жұғындыны түтік
суының ағынында су мөлдірленгенше жуады. Препаратты сүзгіш қағазбен жақсылап
кептіреді. Дайын препараттың бір шетіне бактериялар пішіні жазылған қағазды желімдеп
қояды.
Микробтар мөлшерін анықтауМикроскоп арқылы микроорганизмдер клеткасының
мөлшерін микрометрдің окуляры немесе винтті микрометрдің окуляры көмегімен
анықтайды. Микробтарды өлшеудің өлшемі халықаралық СИ жүйесі есебінде
микрометрді (мкм) қолданады. Ол миллиметрдің 1/1000 бөлігіне тең. Клетканы окуляр
және объекті микрометрлермен өлшейді. Өлшеу үшін тірі микробтарды қолданады, олай



болатын себебі фиксацияланған препаратта әр түрлі заттардың әсерінен олардың нақты


мөлшері өзгеріп кетуі ықтимал. Объекті микрометр бір миллиметрді 100 бөлікке бір
сызық бойына бөліп орналастырған заттық әйнек. Әрбір бөлік 10 мкм-ге тең (1 мм=1000
мкм, 1000:100=10 мкм). Объекті микрометр окуляр микрометрдің бір бөлігін анықтау
мақсатында қолданылады. Окуляр микрометрдің пішіні дөңгелекше келеді. Онда бір
сызық бойына жасалған шкаланың ұзындығы 5 мм, оның өзінде 50 бөлік бар. Бұл
микробтарды өлшеуге арналған. Бұны окуляр линзаларының аралығына бөліктері бар
жағын төмен қаратып орналастырады. Объекті микрометрді микроскоптың үстеліне
орналастырып,
фокусын
орнықтырып,
микрометр шкаласындағы
бөліктермен
сәйкестендіріп орналастырады. Иммерсиялық жүйемен жұмыс істегенде объекті
микрометріне самырсын майын тамызу керек.
Окуляр микрометрдің бір бөлігінің шамасын анықтау. Бұны мысал ретінде көрсетуге
болады. Объекті микрометрдің бес бөлігін окуляр микрометрдің отыз бөлігімен
беттестіріп сәйкестендіреді. Сонда окуляр микрометрдің бір бөлігінің мөлшері микроб
ұзыны үш бөлікке, ені бір бөлікке тең болғанда оның нақты шамасы: 3 х 1,66 = 4,98 мкм
және 1 х 1,66 = 1,66 мкм-ге тең. Сонда зерттеліп отырылған клетка мөлшері 4,98 х 1,66
мкм = 8,26 мкм-ге тең. Зерттеу нөтижесі күмәнсіз дұрыс болуы үшін кем дегенде 20-30
клеткаларды өлшеу керек. Таяқша тәрізді бактерияларды зерттегенде, олардың ұзыны мен
енін өлшейді, ал дөңгелек пішінділерінің тек диаметрін ғана өлшейді.
Микроорганизмдерді микроскоптан бірден санау әдісі. Микроорганизмдерді
микроскоппен бірден санаудың бірнеше тәсілдері бар. Солардың біріне клеткаларды
камерадағы сұйықта бірден санау жатады. Ал, Дрейер-Королев, Бриде және тағы
басқаларының әдісі бойынша кептірілген, фиксацияланған және боялған препараттарды
микроскоппен қарау.
Санау камерасында микробтарды есептеу. Камерада санау (Том, Горяев әдісі) үшін
үлкейткіші кішкене оптикалық жүйесі бар микроскоппен қарағанда шамасы ірі клеткалар
ғана тексеруге мүмкіндік береді. Ол әдіс, әсіресе ашытқыш саңырауқұлақтарды және ірі
бактерияларды есептеуге ыңғайлы. Том есептеу камерасы қалың заттық әйнектен тұрады.
Бұның ортасында ойып сызылған торы бар, ал сол тордың екі жағында алғашқыдан 0,1
мм-ге биіктеу басқа пластинка орналасқан. Зерттейтін сұйықтың бір тамшысы
тамызылғаннан кейін бүйір пластинканы жабын әйнегімен қымтап жабады. Жабын әйнек
пен торы бар пластинка арасындағы кеңістікте тереңдігі 0,1 мм-дей камера бар.
Камераның түбінде торы бар пластинка орналасқан, ол бірнеше үлкен шаршыларға, ал бір
бөлігі өзінше 16 кіші шаршыға бөлінген. Бұлардың ауданы 1/400 мм
2
-қа тең. Кіші
шаршының көлемі 1/4000 мм
3
, ал үлкен шаршынікі – 16/4000 = 1/250мм
2
. Клеткаларды
есептеу былай жүргізіледі: алдымен үлкен шаршының ішіндегі және көршілес орналасқан
шаршының жарым бөлігі оған таяу жатса, оның да ішіндегі клеткалардың бәрін қосып
санайды. Егер де клетканың жарымынан көп бөлігі басқа шаршыда орналасса, ондағы
клеткалар саналмайды. Ал, егер де клеткалардың _ аралық сызықтары оның тең жартысын
кесіп өтсе, онда шаршының көршілес екі жағындағы, мәселен, төменгі және сол
жағындағы бөліктердегі клеткаларды да қоса санайды. 10 үлкен шаршының, яғни 50 үлкен
шаршының әрбір тамшысындағы клеткаларды бес рет қайталай отырып, санап шығу
ұсынылады. 50 үлкен шаршының көлемі 1,5 мм
3
тең. Мысалы: 50 үлкен шаршыларда,
яғни 1/5 мм
3
клеткалар саны 530 клетка делік: сонда 1 мм
3
530 х 5 = 2650, ал 1 мл-де 2650
х 1000 = 2650.000 клетка болғаны. Қою жасалған суспензиядан клеткаларды санау қиын,
сондықтан оны сумен сұйылту керек: сұйылту мөлшері әрбір үлкен шаршыда 16
клеткадан келетіндей етіп жасалғаны дұрыс.
Микроорганизмдерді өсіру арқылы санау. Аэробты жағдайда зерттейтін материалды
Петри аяқшасына қоректі ортамен араластырып сеуіп, одан өскен колонияларды санау.
Егерде алынған тамшыда микробтар саны мүлде көп болса, онда оны сұйылтады. Бұл
жұмысты үшке бөліп жүргізуге болады:
1. Сұйылтуды даярлау.



2. Петри аяқшасына микробтарды себу.


3. Өскен колонияларды санау.
Сұйылтуды даярлау. Егерде зерттелетін материалда микробтар көп болады деп
болжанса, онда оны сұйылтадь. Сонда әр сұйылтудың 1 мл-де 10 шақты колониялар
болуы тиіс. Сұйылту үшін 9 мл залалсыздандырылған түтік суы бар пробиркаларды
даярлайды (залалсыздандырудан бұрын пробиркаға 10 мл су құйылса, одан кейін 9 мл
қалады). Осыдан залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл сұйықты алып, келесі ішінде 9
мл суы бар дайын пробиркаға құБұл сұйылту, яғни 10
-1
. Бұдан кейін басқа
залалсыздандырылған пипеткамен осы бірінші сұйылтудан 1 мл сұйықты алып, келесі
пробиркаға құяды. Сөйтіп екінші сұйылтуды, яғни ол 10
-2
. Келесі сұйылтуларды осы
көрсетілген тәсілмен жасайды. Сұйылту дәрежесі зерттелетін материалдағы
микроорганизмдердің санына байланысты. Егерде ол көп болса, онда сұйылту дәрежесі де
ұлғаяды.
Петри аяқшасына себу. Себу үшін бірнеше залалсыздандырылған Петри аяқшасын
алады. Әрбір аяқшаға есептеп, ішінде балқытылған қатты қоректік ортасы бар
пробирканы бір-бірден даярлап қояды (мысалы, ет-пептонды агар). Тәжірибе қайталамасы
екеу, яғни әрбір сұйылтуға екі аяқша, екі қоректік орта бар пробирка қажет. Енді
сұйылтудың бірнеше дәрежесінен үлгі алады. Ондағы мақсат – осы сұйылтудан қанша
микробтар колониясы өсіп шығатынын анықтау. Мәселен, әр сұйылтудың үшеуінің
әрқайсысынан бір-бір мл-ден тексерілетін сұйық алынады да, Петри аяқшасына
құйылады. Одан соң осы аяқшаға пробиркадағы дайын ортаны жақсылап шайқап,
араластырады. Бұл жұмыстардың барлығы залалсыздандырылған бөлмеде - бокста
шілтердің жалынында жүргізілуі тиіс. Егерде жұмыс әдеттегідей бөлмеде жүргізілсе, онда
Петри аяқшасын ашқанда, ондағы қоректік ортаға бөлме ауасымен бірге бөгде
микроорганизмдер енеді де, тәжірибенің дәлдігіне нұқсан келтіреді. Сонан соң қақпағын
жауып, үстел үстінде агар қатқанша ұстайды. Агар қатқан соң, Петри аяқшаларын
термостатқа қойып өсіреді. Қазіргі кезде микробиологтар оқулықтарда оқшауланған
микробтар шоғырын алу үшін қолданылатын ыдысты Петри табақшасы деп атап жүр. Ал,
бұл шындыққа сай емес. Микробиология практикасына алғаш рет табақшаларды
қолдануды орыс микробиологы Гейденрейх енгізген болатын.
Өскен колонияларды санау. Әдетте бактериялар колониясын үш, саңырауқұлақтар
мен ашытқыш саңырауқұлақтар колониясын 5-7, актиномицеттер колониясын 7-15
тәуліктен кейін санайды. Термостат температурасы мезофил жағдайға сай жасалады (30-
35°С). Өсіп шыққан колонияларды санау үшін Петри аяқшасында ең жақсы, санауға
ыңғайлы, жеңіл, колониялары анық көрінетін сұйылтуларын алады. Колониялар көп
болғанда Петридің дөңгелек аяқшасының, микробтар колониялары анық көрінетін сырт
жағынан сегіз сегмент жасап, сиямен сызады да, әрбір сегменттегі колониялар санын
сегізге көбейтіп, 1 мл сұйықтықта қанша колония барлығын анықтайды. Сонда 1 мл
тексеруге алынған сұйықта елу мың клетка бар екен.
Сабақты жүргізу. Таяқша және шар тәрізді микробтар қоспасынан, Петри
аяқшасындағы қатты қоректік ортада өсірілген таза культуралардан дайындалған және
боялған жұғындылар арқылы бактериялардың негізгі формаларының морфологиясымен
танысады.
Әрбір студент 3-4 заттық әйнекті жақсылап тазартып, онда бактериялардан жұғынды
дайындаулары тиіс. Бұнда негізінен микробтар пішініне, клетка шеттерінің құрылысына,
спора түзілуіне және цитоплазма ішінде кездесетін құрылымдарға көңіл аударулары тиіс.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау (қажеттілікке байланысты) ережесі:
Деңгейлік тапсырмалар (20-ұпайға дейін):
1.
Микроорганизмдерді микроскоптан бірден санау әдісін түсіндіріңіз
2.
Микроорганизмдердің көбею жолдарын атаңыз, түсіндірме беріңіз.



3.
Микроорганизмдерді өсіру арқылы санау жолын сипаттап, түсіндіріңіз


Тапсырмалар:
1.Жұғындылар даярлау: а)стафилакокк, антрокоид және ішек таяқшасы
бактерияларының қоспасын Грам әдісі бойынша бояу; б)ішек таяқшасы бактерияларын
фуксинмен бояу.
2.Шар тәрізді, таяқша тәрізді және ирек пішінді микробтардан даярланған
препараттың морфологиясын және тинкториалдық, яғни бояуға қатысы жөніндегі
қасиеттерін тексеру.
3. Azotobacter chroococcum-нің таза культурасынан жұғынды даярлап, бояу.
4.Bacillus anthracoides-тің таза культурасынан жұғынды жасап, оны бояу (Ожешко
әдісі бойынша).
5.Клостридиум тобына жататын бактериялардың (Clostridium pectinoborum және
Clostridium pasteurianum) дайын жұғындыларын микроскоппен қарап, тексеру, суретке
салу.
6.Микроскоппен көрген бактериялардың бейнесін суретке салу.
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын
ұпайлардың үлестері (30-ұпайға дейін):
1.Микроорганизмдердің генетикасы мен селекциясы.
2.Микроорганизмдерді дақылдау
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.А.Бұлашев, Ө.Таубаев, Ж.Сұраншиев, К. Мырзабаев. Өндірістік микробиология.
Оқу құралы. Астана, 2014.
2.Төлемісова Ж.К, Касенова Г.Т, Мұзапбаров Б. Өндірістік микробиология. Оқу-
әдістемелік құрал. Алматы, 2015.
Қосымша әдебиеттер:
1.А.Бұлашев, Ө.Таубаев. Ж.Сұраншиев, К. Мырзабаев. Өндірістік микробиология.
Оқу құралы. Астана 2014. (CD-ROM) Library.ayu.edu.kz.
2. О.В.Прунтова, О.Н.Сахно. Лабораторный практикум по промышленной
микробиологии. Владимир 2015. (CD-ROM). Library.ayu.edu.kz.
3.Царева В.Н. Микробиология, вирусология и иммунология. Москва 2016
4.Тлепов А.А. Микробиология: Учебное пособие для вузов. - Алматы: ИП "Отан",
2014. \ http://rmebrk. kz/ book/1161963
5.Байтурсинов К.К., Убайдуллаева А.К., Асанова Г.Н., Мустафаева А.А. Вопросы
програмированного контроля по микробиологии. / - Туркестан : Туран, 2018
6.Лесова Ж.Т., Макажанова Х.Х., Надирова С.А.
Тағам және биотехнологиялық
өндірістерінің
микробиологиялық
негіздері:
Оқулық.
-Алматы,
2013.\
http://rmebrk.kz/book/1020579
7.Сейтметова А.М.., Убайдуллаева А.К. Микробиология және вирусология.
Түркістан, 2015.
8.Оспанова Э.Н., Байтурсинов К.К., Мустафаева А.А., Асанова Г.Н., Кувандикова
Ф.М. Жалпы микробиология бойынша әдістемелік нұсқаулар жинағы. Түркістан – 2012.
WEB сайттар:
1. http//
www.micobiosystema.ru

2.http//


www.library.intra.ru-электрондық
кітапханалық қор
3.http//
www.NLRK.kz-IP-ұлттық
кітапханасы.



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет